Жақында редакциямызға Айдархан Ахментаев деген азамат ха-барласып, осыдан 80 жыл бұрын түсі-рілген көне суреттен нағашы атасы Сәукей Сағидуллинді танығанын жет-кізді. Тіпті дәл осы суреттің өте сапа-лы сақталған бір данасы да бар екен. Редакциямызға арнайы келіп, атасы-нан қалған көне альбомды ақтарып көрсеткен Айдарханнан Сәукей Сағидоллаұлы туралы кеңірек білдік.
Сәукей Сағидуллин 1903 жылы қазіргі Жалпақтал өңірінде дүниеге келген екен. Ата-анасы ерте кетіп, екі ағасы 1916 жылы майдан жұмысына алынғанда, құйттай қарындастары-ның күнкөрісі он үш жасар Сәукейдің иығына түсіпті. Жетімдіктен ерте же-тілген Сәукей 1916-1925 жылдар ара-лығында Фурманов өңіріндегі атақты орыс байлары Овчинниковтердің қолында жалшылықта болған екен.
1925 жылы ағайындары Қазталов ауданының Мирон ауылсоветіне кө-шіп, «Жаңа таң» артелін құрғанда, Сәукей де сол колхоздың басқарма мүшесі болып, 1930 жылға дейін сон-да болады. 1930 жылы алғыр жас Сламихин педтехникумына жолда-нып, партия қызметіне араласа бас-тайды. 1933 жылы Сәукей педтехни-кумның өзге де студенттерімен бірге Орал педагогикалық институтына ауы-сып, жаратылыстану факультетін тә-мамдайды. Сөйтіп, институт жанында-ғы дайындық курсында сабақ береді.
Сәукей Сағидуллин – Ұлы Отан со-ғысының ардагері. 1942 жылы майдан-ға алынып, 1943 жылы ауыр жара-ланған, «Қызыл Жұлдыз», І дәрежелі «Отан соғысы» ордендерінің иегері.
Кейіпкеріміз жарақатынан айық-қан соң Орал облыстық партия коми-тетінде нұсқаушы, Фурманов аудан-дық партия комитетінде парткабинет меңгерушісі болған. Орал қаласын-дағы №11 мектеп-интернатын көп жыл басқарған. Өмірінің соңғы жа-ғында, 1965 жылы зейнет демалысы-на шыққанша өзі оқыған А. Пушкин атындағы ОПИ-дің педагогика кафе-драсында аға оқытушы болыпты.
– Атамыз ұзақ өмір сүрді, бар өмі-рін ұрпақ тәрбиесіне арнады. Ол кісі-нің ұзақ жыл ізденіп, жинақтап жаз-ған «Ертелікті ескерткіш» кітабының қолжазбасы бар. 1970-1976 жылдары жазылған, 200 бетке жуық бұл еңбек қазақ халқының тарихы, рулық құра-мы, ру-тайпа шежірелері туралы көп-теген деректі қамтыған. Осы кезге дейін еш жерде жарияланбаған бұл еңбекті баспадан шығаруға қол ұшын беретін жан табылар ма екен? Зама-нында елге қылаусыз қызмет еткен осындай тұлғалардың суретін жария-лап, іздеу салғандарыңыз үшін жур-нал редакциясына алғысымыз шек-сіз! - дейді Сәукей Сағидуллиннің жиен немересі Айдархан Ахментаев.
Сәукей Сағидуллиннің «Ертелікті ес-керткіш» қолжазба кітабының көшірмесі «DANAkaz» журналында. Алдағы сандарымызда кітаптың қызықты тұстарын жариялайтын боламыз.