Темірқазықтан айырылған ел болмас

Саят БАЙМҰРАТҰЛЫ,
тарихшы,
Астана қаласы

Еуразияның кіндік ортасындағы ұлан-ғайыр Ұлы дала төсінде көшпенділер өркениетін дүниеге келтірген халқымыздың дүниетанымы, сол даланың таңғажайып табиғатымен үндес сұлулығымен де, даналығымен де қайран қалдырады. 

Жетпіс жыл бойы атеизмнің құр-сауында болған қазақ халқы тәуелсіз-дік алысымен өз тегін, тілі мен ділін, дінін іздей бастады. Америкалық фу-туролог Самюэль Хантингтон: «ХХІ ға-сыр діннің жаңғыру дәуірі болмақшы, - деп айтқандай, – Жер бетіндегі бар-лық адам баласы, Батыс Еуропаны атамағанда, дінге оралып жатыр. Олар дінге үміт, жұбаныш, ақыл және де ұлттық негізін іздеу мақсатымен келуде. Жиль Кеппельдің айтуынша, «Құдай реваншы» әлемдік деңгейде өтуде». Жоғарыда С.Хантингтонның айтып отырған мәселесі Қазақстанды да айналып өтпеді.
Көшпенділер арасында Темірқа-зық пен Жетіқарақшы жұлдыздарына байланысты мынандай аңыз бар. Те-мірқазықты бір ақбоз ат айналып жү-реді екен. Ал Жетіқарақшы сол ақбоз атты ұрлап кеткісі келеді. Аңыздың ай-тарына сенсек, ақбоз ат ұрланған уа-қытта қиямет-қайым, яғни ақыр заман орнайды-мыс. Бүгінгі күні ақбоз ат деп қазақ халқын алар болсақ, жетіқарақ-шымыз – сырттағы бізге жат түрлі идеологиялар. Темірқазығымыз тура-лы мақала барысында кеңінен таныс-тыруға тырысармын...
Рухани өзегінен ажырап, әлсіре-ген, руханиятқа аш елдің «асқазаны-на» жымысқы пиғылын ішіне бүккен түрлі идеологиялар ілімдерін төге бастады. Атынан адам жаңылатын түрлі діни ағымдармен, оның ішінде христиандық секталарды айтпағанда, ислам атын жамылған ағымдар көп-теп келіп, ел ішіне өз дүниетанымда-рын сіңіруге әрекет жасап жатыр. Ал көне өркениеттің мұрагері, даныш-пан аталардың қазіргі ұрпағы дәр-менсіз біздің халқымыз «жылтыра-ғанның бәрі алтын емес» деген қа-зақтың аталы сөзіне зейін қояр емес. «Жылтырағы» сол – «ислам» атауы еді, сондықтан ел жат пейіл, арамза мүддемен келген діни ислами ағым-дарды талғамай сіміре бастады. Бұл жайында Қазақстан тарих ғылымы-ның қалыптасуына еңбек сіңірген академик М.Қозыбаев: «Бұл күні қазақ дініне ықпал жасаушы фак-торлар көбейді. Ол араб факторы, ол парсы факторы, ол Индия факторы, ол қытай факторы, түрік факторы», - дейді. Осы жерде: «Бұл аталмыш факторлар қайдан пайда болды?» «Ол факторлар бізді аранға жығып кетпей ме?» деген сұрақтар туындай-ды. Ол заңды да.
Ғасыр бойы атеизмнің көзге көрін-бес «темір құрсауда» тұншыққан он бес мемлекеттің барлығы өз тәуел-сіздігін алып, ендігі жерде қақпалары дүние жүзіне айқара ашылды. Еге-мендіктің байрағын көтергеннен ке-йін, жетпіс жыл бойы діннен ажырап қалған қазақ қоғамы рухани аштық-тан, ішкі сұраныстан өзінің ұлттық негізін, тегін іздеуге кірісті. Халық өз тамырын қайдан іздеді? Ішкі рухани аштығын немен толтыруға тырысты? Оған жауабымыз, тамырын – тарих-тан іздесе, рухани аштығын басатын – дін деп білді. Осы кезде сыртта бақы-лап отырған түрлі идеологиялық күш-тер қасиетті қазақ топырағына келіп, дінді қалай ұстау керек екенін үйрете бастады. Сан ғасыр бойы жалғасып келген қазақ руханиятының негізі жетпіс жыл ішінде жұтап, жұрдай бол-ғандықтан, қазақ елі, кімге сенерін білмей көш бастаған бұзықтардың соңынан кете барды. «Құран арабша, Мұхаммед пайғамбар араб, дін араб-та» деп араб мемлекеттерінде оқып, қазақтың дүниетанымына жат наси-хаттар жүргізе бастаса, біреулері «түбі бір түркіміз, дін түріктерде» деп түріктерден тәлім алды. Бірақ көп кешікпей-ақ олардың айтқан уағыз-насихаты қазақтың дүниетанымына қарсы екендігі, сол себепті ішкі сұра-нысын қанағаттандырмайтындығы біліне бастады. Бұл Қазақстан үшін рухани дағдарыс жайын тарихшы ға-лым, дінтанушы Назира Нұртазина: «Дағдарысқа ұшыраған дәстүрге әдетте сыртқы фактордың, басқа мәдени, рухани, саяси күштердің әсері күрт өседі (айталық, өз тарихы-мызға жақындасақ, арабтар, Шыңғыс хан, орыстар). Сыртқы мәдени шабуылдың табандылығына төтеп беру үшін жергілікті мәдениет қатты қиналады, қоғамның ішінде талас-тартыс, идеялық ізденіс басталады, бұрынғы хаос одан әрі күшейеді,» - дейді. Біз қазір тура ғалымның айт-қан рухани «хаос» кезеңінде отыр-мыз. Қазір идеялық ізденістердің көптігі соншалық – халық кімге сене-рін білмей, дағдаруда.
Сайын далада көшпелі өмір сүр-ген бабаларымыз ислам діні келмей тұрып-ақ көктегі бір тәңірге табынып, Дала өркениетінің негізін қалаған. Ислам дінін қабылдағаннан соң бар-лық салт-дәстүрлердің негізіне Құран мен хадистің мағынасын салып, мешітін жүрегіне орнатып, әлемге әл-Фараби, М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А.Иүгники, Қ.Яссауи сынды сансыз әулиені сыйлаған осы қазақ топыра-ғы. Ендеше, сондай ғұламаларды ту-дырған ел қалайша дінді дұрыс ұс-танбаған болып шығады?!
Серікбол Қондыбайдың «Арғы қазақ мифологиясы» атты еңбегінде «Қай халықтың болмасын, қандай да бір өзіндік рухани орталығы (кіндігі) болады немесе болуы тиісті. Халық-тың өмір сүруі де осындай рухани орталықтың күш қуатына тікелей тәуелді, егер әлгіндей кіндіктің күш-қуаты пәрменді болса, халықтың да өзін-өзі сақтап қалу қабілеті, қиын-шылақтар мен сыртқы ықпалға қарсы иммунитеті де жоғары болады, ал егер рухани кіндік әлсіресе, халық та әлсірейді, жойылса, рухани орталық-сыз, рухани бағдарсыз қалған халық бірте-бірте өз сипатынан айырыла отырып жойылып кетеді не басқаға сіңіп кетеді, - дейді. Ол «рухани орта-лық» деген сөзді және «төретам» сөзімен алмастырады. Ал енді қазақ халқының басты төретамы, яғни те-мірқазығы не болып табылады деген сұраққа, С.Қондыбай: «Түркістандағы Йассауи кесенесінің, сол кесенедегі тай қазанның қазақтар (және мұсыл-ман түркілер) үшін рухани орталық болғандығын айтар едік» деп жауап береді.
Рухани орталыққа, яғни темірқа-зыққа байланысты ойын жалғастыра отырып, ол: «Қасиетті, киелі деп есептелген немесе ежелгі арутамдар (святилище) орналасқан алқап, тау, орман, тоғай, өсіп тұрған жеке ағаш немесе топ ағаш, құдық, бұлақ, үңгір, әулиелі бейіт, әулиенің мүрдесі, мешіт немесе кез келген діни ғимарат, ғи-бадатхана, т. б. жатады,» - дейді. Біз бұл оймен толық келісеміз. Яғни әр халықтың, тіпті әр заттың біріктіретін элементі, күші болады, ал қазақ хал-қында ол орында ең бірінші Әзірет Сұлтан алады. Маңғыстау өңірі үшін Бекет ата мазары болса, Орал айма-ғында Жұмағазы әулие, яғни «Дәдем ата» бейіті, Нарындағы Боғда тауы мен кіші Нарындағы Тастөбе майда-ны, Орталық Қазақстанда Ұлытау. Бұл аталған темірқазықтардан айырыл-ған уақытта ұлт ретінде жойыламыз, шабуыл жасалса, ұлттық діңгегімізге шабуыл жасағаны, мемлекеттігіміз мен елдігімізге шабуыл жасалғаны деп қабылдауымыз қажет. Ол жа-йында Елбасымыз Н.Назарбаев та «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай деп жазады: «Йассауидың ұстазы Арыстанбабтың Отырардағы кесенесі мен Қожа Ахмет Йассауидің Түркістандағы кесенелері – қазақтың ұлттық руханиятының аса маңызды орталықтары, - дей келе, – Сондық-тан осынау тамаша ескерткішті қал-пына келтіріп, бас біріктірер ортақ кіндікке бүкіл ұлттың назарын ауда-рып отырғанымыз дұрыс,» - дейді. Осы жерде Құнанбай қажының мына асыл сөздері ойға келеді:
Құм жиналып тас болады,
Іліктірер ылай болса.
Құл жиналып бас болады,
Біріктірер Құдай болса, - дейді.
Қазақ халқын біріктіретін күші өзінің ата-бабасынан мұра болып қа-лаған рухани орталықтары, басқаша айтқанда темірқазығы, яғни рухания-ты. Темірқазығымыз – ұлтты бірікті-руші, ұлтты сақтаушы этностың «жа-ны». Бұл «жан» туралы, дәлірек айт-сақ ұлттың рухы туралы Самюэль Хантингтон «Кто мы?» деген еңбегін-де мынадай тамаша анықтама бере-ді: «Душа существует в святых, богах и демонах. У нации, как, например, у американцев, может существовать кредо, но душа нации – это не кредо, это нечто иное, и она определяется общей историей, традицией, культу-рой, общими героями и злодеями, победами и поражениями, вопло-щенными в «мистических аккордах памяти» дейді. (Рух әулиелерде, Құдайда және тылсым қара күштерде болады. Ұлтта, мысалы американ-дықтарда кредо болуы мүмкін, бірақ ұлттың жаны – кредо емес. Ол басқа нәрсе, ол ортақ тарих, дәстүр, мәде-ниет, ортақ батыр мен ортақ жау, жадтың мистикалық түкпірінде пайда болған ортақ жеңістер мен жеңіліс-тер») Қорыта келгенде, ұлттың рухы дегеніміз – ол ұлттың ортақ тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті, батырлары мен жауыздары, жеңістері мен жеңілістері екен.
Адамның ішінде де өзінің темір-қазығы болады. Қазақ халқы үшін іш-кі темірқазық – «қазақ» сөзі мен ішкі дүниесінде ойнап тұратын қара дом-быраның қоңыр үні, ұлттық рухымен дарыған, жусанның иісімен, бозжор-ғаның сұлу желісін көргенде тамса-нып, сардаланың сағыныш саз-сама-лымен санамызға сіңген осындай ортақ нәрселер қай түкпірде жүрсек те ұмытылмайды. Бұл сезім әр қазақ-тың бойында сақталып тұрғанда, мейлі ол Қазақстан территориясында я шетелде жүрсе де өз ұлтынан бөлін-бейді. Яғни өзін қазақ ұлты мен түрік өркениетінің бір бөлшегі ретінде се-зіну қасиеті жоғалмайынша, халқы-мыз ешқашан жойылмайды. Бірақ сыртқы темірқазықтан айырылып, ішкі темірқазық сақтап қалғанның өзінде толыққанды ұлт ретінде се-зінуден айырылатынымызды ескер-ген жөн.
Сан ғасыр бойы қалыптасқан ұлт-тық дүниетанымымыздың тамырына балта шапқысы келіп жүрген түрлі топтардың бар екендігі рас. Ондай топтар біздің ұлтымызға үлкен қауіп туғызып отырғаны анық. Сондықтан халқымыз ақ пен қараны айыруы қажет. Оларға қарсы тұрудың жолын академик Ақжан әл-Машани атамыз айтып кеткен: шығыс рухы мен дана-лығын бойына жинаған Абай мен Шәкәрім даналарымыздың бізге жет-кен мұраларын ел арасында кеңінен насихаттау. «Жақсы әкенің аты жаман балаға қырық жыл азық» дейді қазақ халқы. Ата-баба мұрасын сақтап қал-сақ, ол бізге қырық жыл емес, қиямет-ке дейін азық болары кәміл! Оны да Ақжан атамыз: «...рухани жолда ислам ғалымдарының адамдық, имандылық жолы ғана ғаламды сақтап қалады деген қорытынды туады. Әл-Фараби мен Абай жолы – тура жол. Тура өл-шеуіш осында». Қайта оралған баққа бекем болсақ, алқалы жерде сөзден, ордалы жерде орыннан құр қалмасы-мыз, әлемнің алдыңғы қатарлы мем-лекеттер арасынан ойып орын аларымыз анық.

Қаралым саны 1505

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463