Кореядан үйренетін нәрсе көп

Отаныңнан шалғайда, алыстағы Оңтүстік Корея елінен өзіміздің кіндік қанымыз тамған Оралдан келген ағамды кездестірем деп ойламап едім. Күтпеген жерден Сеул қаласында өзімнің жерлесімді көріп, қатты қуандым. Таныса келе Ерлан Мақсотұлының мамандығы дәрігер екенін, Қазақстаннан Оңтүстік Кореяға «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәжірибе жетілдіру үшін келгенін білдік. Кореяда жүрген қазақ дәрігерімен болған әңгіме-сұхбатты «DANAkaz» журналының оқырмандарымен бөлісіп отырмын.

– Ерлан аға, өзіңізді толығырақ таныстырып өтсеңіз? Қызметіңіз, Оң-түстік Корей еліне келу мақсатыңыз қандай?
– Мен Мұқанов Ерлан Мақсотұлы, туған жерім – Батыс Қазақстан облы-сының Сырым ауданы. Ақтөбе меди-циналық академиясын бітірген соң Батыс Қазақстан облыстық аурухана-сында дәрігер анестезиолог-реани-матолог болдым. Кейін «Медицина-лық орталығы» ЖШС-ға ауыстым, ол жерде бас дәрігердің емдеу ісі жөнін-дегі орынбасары және анестезиолог қызметін қоса атқарамын.
Корей еліне келуіме мемлекеттік «Болашақ» бағдарлама көмектесті. Бағдарлама шарты бойынша конкур-стан өтіп, міне, үш айлық мерзімге Оң-түстік Кореяға тағлымдамаға жіберіл-дім. Ең басты мақсатым – медицина-дағы соңғы озық әдіс-технологиялар-ды меңгеріп, сол арқылы Қазақстан-дағы анестезиологиялық-реанимато-логия емдеу ісін жақсарту саласына өз үлесімді қосқым келеді.

– Тағлымдама қалай басталды? Сынақ ісі қай оқу орнының емхана-сында жүруде?
– Иә, бәрі ойдағыдай. Аджу уни-верситетінің медициналық орталы-ғында жедел жәрдем, травматология және жансақтау бөлімдерінде тағ-лымдамадан өтіп жатырмын.

– Кореядағы алғашқы әсерле-ріңіз қандай? Бұл елдің емханалық құрал-жабдықтары ұнады ма? Кореяда бүгінде рак ауруларын лазердің көмегімен емдеп жатыр. Сіз лазер құралдарымен операция жасап көрдіңіз бе?
– Иә, айтса айтқандай, Оңтүстік Кореяның медицина жүйесі қазіргі заманғы биік деңгейге көтерілген екен. Аурухана-емхана жүйесі осы кезеңге сай, озық технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Өзіңіз айтқандай, кеспей хирургиялық ем жасау – лапороскопия және эндоско-пия тәсілдермен емдеу кең таралған. Айта кету керек, қазір Қазақстанда да осы айтылған технологиялар жүзеге асырылып жатыр ғой. Елімізде бұл тәсілді жетік меңгерген мамандар қа-тары да жылдан-жылға артып келеді. Ал Оңтүстік Кореяда мені ерекше қы-зықтырған – робот (da Vinci) жүйесі-мен ем жасау.

– Оңтүстік Корей елі – медицина жүйесінің дамуы бойынша әлемде екінші орында тұрған мемлекет. Мұндай нәтижеге қалай жетті деп ойлайсыз?
– Менің ойымша, Оңтүстік Корея-да медициналық сақтандыру жүйесі жақсы жолға қойылған. Жүйе бір ор-талықтан басқарылады, халықтың әл-ауқаты, тұрмыс-тіршілігіне байланыс-ты оңтайлы жасалған. Сонымен бірге Оңтүстік Корея азаматтарының сана-сының биіктігі үлкен орын алады.

– Қазақстан мен Кореядағы ден-саулық сақтау саласын салыстыруға бола ма? Артықшылығы, кемшілігі неде деп ойлайсыз?
– Әрине, әр елдің ерекшелігі бар. Оңтүстік Кореяда денсаулық сақтау са-ласы соңғы 20 жылдан бері міндетті медициналық сақтандыру жүйесімен жұмыс істеп келеді екен. Елдегі эко-номикалық жағдайдың күрт өсуі ден-саулық сақтау саласының дамуына және міндетті сақтандыру жүйесінің қалыптасуына оң ықпалын тигізген.

– Ерлан аға, бұйырса, алда қан-дай жоспарыңыз бар?
– Қазіргі жоспарым – осы Корея-дан алған білімім мен тәжірибемді еліме пайдалы іске, Қазақстан аза-маттарының денсаулығын нығайтуға бағыттаймын.

– Сәуір айының басында Оңтүс-тік Кореяда жүрген қазақстандықтар Ұлы Наурыз мейрамын тойлап өтті. Қазақстан Елшілігі, Кореядағы қазақ студенттері ұйымдастырған шараға Сіз де қатыстыңыз. Шыныңызды айтыңызшы, Сеулдегі Наурыз тойы ұнады ма?
– Осындай елден жырақта жүр-генде, өз еліміздің ұлттық мерекесі – Наурыз тойына қатысамын деген ой үш ұйықтасам түсіме кірмеген еді. Осындай тамаша мейрамды өткізуге атсалысқан Қазақстан Республикасы-ның Кореядағы Елшілігіне, барша жас-тарға және Сізге көп-көп алғысымды білдіремін. Өте ұнады!
Мені, әсіресе, қуантқан және таң- ғалдырған нәрсе – Наурыз тойына өзіміздің Қазақстан студенттерінен басқа Корея жастары да белсене ара-ласып, ән айтып, би билеп, қазақтың даналық сөздері мен ұлттық дәстүрін насихаттағаны болды. Менің ойым-ша, бұл – осы Кореяда жүрген қазақ азаматтарының, жастардың үлкен бе-делі арқасында деп білдім.

– Корей халқы Сізге ұнады ма? Қандай әсердесіз?
– Оңтүстік Кореяға келгеніме көп болған жоқ қой. Дегенмен, алғашқы әсерім – жергілікті халық өте бейбіт, еңбекқор, адал екен. Мен осылай деп ойлаймын.

– Оңтүстік Корей елінде тұрып жатқан қандастарыңызға қандай тілек жолдайсыз?
– Осы елде тұрып жатқан отан-дастарыма тілейтінім – елімізден жы-рақта жүрсе де, өзінің ана тілін, салт-дәстүрін ұмытпай, әрқашан өзінің Отаны үшін қолдан келген жақсылық-тарын жасап жүрсе, игі іс болар еді.

– Ерлан аға, жұмысыңызға тек сәттілік тілейміз! Медицина саласын-да талай-талай тың белесті бағынды-ратыңызға сенеміз. Толағай табыстар-ға жете беріңіз! Уақыт тауып, сұхбат-тасқаныңызға рақмет!

Сұхбатты жүргізген «ДAНA kaz»
тарихи-танымдық журналының
Кореядагы тілшісі Галина ӘЛІМОВА,
Сеул, Оңтүстік Корея

Қаралым саны 2013

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463