Бұл жөнінде Орда қаласынан шық-қан «Ұран» газетінің 1918 жылғы 28 наурыздағы №30 санында мынадай хабарландыру басылған екен:
«Ғұмар Қараштың «Тұрымтай» атты жаңа жазылған жыр кітабы ба-сылып жатыр. 15-нші марттан «Сары-арқа», «Қазақ», «Ұран» басқармала-рында һәм шығарушының өзінде са-тыла бастайды. Топ адресі: Уфа Д.Вьдомоство, Кир.отд. г. Карашеву. Бағасы 90 тиын, поштамен 1 сом. Жүздеп алдырушыларға сомынан 20 тиын кемітіледі».
26 өлеңнен тұратын, бас-аяғы 40 шақты беттен құралған бұл кітаптағы шығармалардан Ғұмар атамыздың ұлтшыл көзқарасы, ел басына түскен ауыр кезеңдегі алмағайып көңілі анық көрінеді. Ақынды кейін «алаш-ордашыл» деп қаралауға негіз болған «Күн туды», «Неден қорқам?», «Көреміз бе?» атты өлеңдері дәл осы жинақта басылған еді. 1921 жылы қаскүнемдердің қолынан қаза тапқан ақынның есімі де, еңбектері де ке-ңестік цензураның құрсауында қал-ды. Тек тәуелсіздік жылдары ғана ақынның артында қалған мұрасын түгендеуге мүмкіндік туды.
Жақында Батыс Қазақстан облы-сы, Қазталов ауданына қарасты Көк-терек ауылының тұрғыны Теміржан Қажығалиев ақсақал бізге ғасырға жуық сақталған осы «Тұрымтай» кіта-бын тарту етті. Мұқабасы жоғалып, кей жері қиылып, жыртылғанымен, дәл сол 1918 жылы баспадан шыққан түпнұсқаның өзі! Құнына баға жетпес бұл кітап Теміржан ағайдың отбасын-да 1950 жылдардан бері сақтаулы екен.
– Менің әкем Шәмшиден Қажығалиев 1898 жылы туған, ескіше хат танитын, көзі ашық адам еді. 1950 жылдары сол кездегі Фурманов ау-дандық газетінің редакторы болған Қияс Өтенов деген азамат әкеме осы кітапты беріп, төте жазудан кирилл әліпбиіне аударып беруін өтініпті. Со-дан біздің шаңырақта қалған, - деп еске алады Теміржан ағай.
Әрине, совет үкіметі кезеңінде «халық жауларының», «ұлтшыл ақынның» кітабын сақтау – сау басқа сақина тілегенмен бірдей қауіпті шаруа еді. Соған қарамастан құнды дүниені сақтап, кейінгіге жеткізген қарапайым ауыл ақсақалдарына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ