Алакөз батырдың ажалы

1738 жыл. Сары ала күздің бастал-ған кезі. Әбілқайыр хан айналаға нө-кер-шабармандарын жіберіп, Кіші жүздің небір дөкей билерін, стар-шындарын, ел қорғаған батырларын, аузы дуалы шешендерін шақыртып, ханның Ақ ордасында бас қосты. Олардың ішінде алаша Бейсеу Ботпанай баласы, тама Алакөз батыр Сары баласы, Жағалбайлы Серке ба-тыр, масқар Жәдік би Масқар баласы, шақшақ Тұрдықұл, Бөкенбай, Еділбай батыр, тағы басқалары бар еді. Бәрі де ханның қас-қабағына қараулы, не уәж қандай жаңалық айтар екен деп, ханның сөзін асыға күтулі.

– Туған халқымның, елімнің, же-рімнің болашағын ойлаймын деп мың ойланып, талай тынымсыз, ұйқысыз түндерім өтті. Анталаған жаумен күресу жалғыз адамның қолынан келер емес, сондықтан ел-дің билеріне, батырларына, елім деп еңіреген ерлеріне арқа сүйемесек болмайтыны хақ. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірікпесек, аң-дыған жау оңай алады. Ана жақтан жоңғарлар, мына жақтан Еділ қал-мақтары, қысқасын айтқанда, кең байтақ қазақтың бай жеріне көзін тік-кен жау көбейіп тұр, - деп бастаған Әбілқайыр хан айналасындағыларға көз қиығын тастап, бұлар не айтар екен деген оймен сәл тына қалды.
– Жерімізді, халқымызды аман сақтаудың жолдарын іздеуіміз керек, - деп хан әңгімесін онан әрі созды. – Сол үшін алдынала қам жасап орыс пат-шасымен, көрші губернаторлармен арақатынас жасап, мәмілеге келген жөн деген ойға келдім. Мына отыр-ған әскери қолбасшым Бөкенбай ба-тыр, балам Ералы арқылы патшаға хат жолдап, өз ұсынысымды жолда-дым, тату ел болайық деп, қарым-қатынасымызды жақсарту жолдарын айттым. Бірақ менің бұл ұсыныста-рым аяқсыз қалып, орыс патшасы өзі-нің жауабын беруге асығар емес, - деді хан.
– Хан иегі, Жайық бойын мекенде-ген тама, табын, кердері рулары Еділ қалмақтарының шабуылы мен орыс-тардың қысымынан көп таяқ жеп, қа-рапайым жұрттың тыныштығы кетіп барады, - деді Алакөз батыр өз елінің және халқының хал-жағдайынан ха-бар беріп, - Не болса да сіздің айтқа-ныңызға, ұсыныңызға қосыламыз, - деп бір тоқтады.

– Орыстармен қалай да келісімге қол жеткізу керек. Әрине, бұл жерде қазақтарға қысымшылық болмай, жеріне, суына өздері қожа болып, салық төлеуден, басқа да ұлттық ар-ожданымызды сақтау үшін қажет, - деді Бөкенбай батыр.
Сөйтіп, олар ұзақ отырып әңгіме-лесті, дауласты, әр түрлі ойлар, сан түрлі ұсыныстар айтылды. Ресей пат-шалығының отарлау саясатына қар-сылық білдіріп, кіші жүз қазақтары бі-рігіп, найзаның ұшымен, білектің кү-шімен елін, жерін қорғау және оның тұтастығы үшін орыс патшасына хат жазып, елші жіберуге уағдаласты. Осы міндеттерді орындаса ғана, орыс пат-шасының қол астына кіруге болар де-ген орта пікірге тоқайласты.

Алакөз батырды елі Апақ деп атай-тын-ды. Бүгін ол ерте оянды. Түнде көрген түсін еске түсіре алмай, төсе-гінде біраз отырды, жылы киінді де ауыл шетіне – Ақмола беттегі биік дөң-ге шықты. Ауыл алақанға салғандай ап-анық көрініп тұр. Анау Жылкелді ба-тырдың тоғайы, онан бері Шыңғырлау өзені, ауыл іргесінде Тәнке батыр мейіті, ол Алакөздің рулас атасы, ал мына Жайық жағында Балапан көлі. Нағыз түгін тартсаң, май шығатын мың-ғырған мал өсірген, жері бай, нулы да сулы қазыналы өлке. Батырдың есіне сонау Сырдария өзенінің бойында киіз үйі, Ақ ордасын тіккен Әбілқайыр ханмен болған кеңес оралды. Оған да біраз жыл өтіп кетті-ау. Бірақ - деп ойлады Апақ, – Орыстар Кіші жүз қа-зақтарына қарсы башқұрттар мен қал-мақтарды айдап салып, өзінің ішкі жылымшы ойын, отарлау саясатын жүзеге асыра берді. Казак-орыстарды шекарадан асырып, бекіністерін сала бастады. Мынау Жайық бойына Жайық (Яицк) қалашығын, Ілбішін, Калмыков, Бөрлі, Утвинка, Облавка, Орынбор бекі-ністері осылайша қазақ жерін орталап, қазақтарды Жайық, Еділ, Шыңғырлау, Елек өзендерінен ығыстырып, шұрай-лы жерлерге қарашекпендерді, украин, белорус, казак-орыстарын көшіріп қо-ныстандырды, орыстар Жайық бойын-дағы қазақ ауылдарын тонап, малын барымталап айдап әкетіп отырды. Сан жылдаған жоңғар, қалмақ, қытай, моңғол шапқыншылығынан қазақтар қалжырап, қайыршылық жағдайға жеткен еді.
Бұл кез Алакөз батырдың жасы сексеннен асып, білектен күш кетіп, жорық, ел басқарудан кенже қалып, үйде отырып қалған шағы еді. Бір кезде ертеңгі шайға шақырған Қырмызы бәйбішеден хабар жетті.
Үйге келсе, орыстың сары самауы-рыны екі иығынан дем алып, шәйнек-тегі шайы қайнап, кісі мұрнын жара-тындай бұрқырайды. Інілері Балапан, Арал, Өзбек, Жәнібектер дастарқан басында ағасын күтіп отыр екен. Олар ұзақ отырып шай ішті. Түннен қалған жылқы етінен, қазы-қартадан дәм тат-ты. Қазір қал-жағдай, елдің болаша-ғы, қам-қарекет жайы әңгіме болды. Соңғы кезде Орынбор, Елек бойынан казак-орыстардың жиі-жиі ел тонап, мал-мүлікке қауіп төніп тұрғаны жай-лы айтылды. Жылқы табынын Ұлысай, Бесағаш бойына жазғы жайылымға айдаған, табын қарауы кеңейтіліп, жылқышылар тобы күшейтілгені де әңгіме арасында сөз болды. Шай ішіліп, олар үйлеріне тарасып кетті.

Түскі намазын оқып болған соң Апақ бір тостаған сары қымызын сіміріп алды да демалу үшін бәйбішесіне жастық алдырды. Біразға дейін өткен өмір өткелдері көз алдына келіп, ел-дің қазіргі бұлыңғыр болашағын ой-лап ұйықтай алмады. Аумалы-төкпелі заманның бұзылып бара жатқаны, қазақтардың қонысы тарылып, Ресей патшасынан көріп отырған теперіш-тері батыр ойынан кетер емес. Не іс-теу керек: осылай ойлап жатып, ұйықтап кеткен екен...
«Қарабура, Қарабура, жылқыға жау шапты» деген айқайдан оянып кетті. Мұндайда батырдың үйде жат-қаны өлгенімен тең, інілеріне «тез ауылдағы жігіттерді жинаңдар» деп, Апақ батыр көптен байлаулы тұрған тұлпары – күрең қасқаны алдырды, жайдақ мініп, ол барымташы барар жолға қарай ағыза жөнелді. Асығып жүргенде қолына киіз үйде ілулі тұрған дойыр қамшысы ғана ілікті. Көптен тер төкпеген, баптауда тұрған күрең “шуу” дегеннен желдей есе түсті. Ақмола, Таймас тауынан аса Шыңғырлаудан өтіп, Елекке бет алған орыс барымташыларының жолын бөгеу – негізгі мақсаты. Жылқының алды Аққұдық, Жетекшіден асып, Елек өзеніне жақындап қалған екен. Қарақшылар қарасы да көріне баста-ды. Алакөз батыр, малымнан жаным садақа дегендей, ең болмаса жауым-нан кек алсам, арманда кетпес едім, деп ойлады, соңғы жаушыға аты жа-қындай бергенде, дойырды сермеп кеп қалды. Жаудың арқасынан тиді ме, қиқаң ете түсіп, бір жағына қиса-йып кетті. Сол кезде екінші жағынан жақындап келіп қалған қарақшыны байқап үлгере алмаған Апақ батыр оның сермеген қылышының бүйіріне тигенін сезген де жоқ. Тек тұла бойы қызыл, көзі қарауытып бара жатқа-нын сезгендей болды. Ол кезде жау-дың қылышы батырдың ішіне еніп, қарнын жарып жібергенді.

Жаманат, өлім жата ма?! Сол кеш-те-ақ Апақ батырды жаушылар өлті-ріп кетіпті деген суық хабар елге та-рап та үлгерді. Батырдың денесі екі атқа өңгеріліп ауылға әкелінді. Жайық, Шыңғырлау бойы ауылдарына ат шаптырып хабар жіберілді. Батырды білетін, сыйлайтын тама, табын, кер-дері, он екі ата бай ұлының белгілі атқа мінер билері, батырлары, ел аға-лары келді.

Өлім ортақ, қайғы ортақ дегендей, кезінде ел билеген, халқына сөзі жүр-ген Алакөз батыр орны бөлек, азамат-тық ары да таза, қарапайым қазағы-ның жоғын жоқтайтын, көмегін ая-майтын елдің азаматы, әрі батыры саналатын. Жерленді, жетісі, қырқы, жылы өтті. Талай-талай өтпелі кезең, аумалы-төкпелі заман ауысты. Батыр денесі қай қорымда жерленгені жай-лы нақты дерек жоқ. Біреулер Көсе қорымында, енді біреулер Тәнке бе-йітінде жерленген деп айтады. Міне, Алакөз батырдың жау қолынан өлге-ніне үш ғасырдан асты. Бірақ батыр аты өлген жоқ. Ол тұрған ауыл ең үл-кен ауыл болған. Онда Орынбай, Құсман, Оразғали, Сапа, Қабдош, Арал, Бәшен, Өзбек, Есқали, Қасым ұрпақтары тұрған. Ұжымдастыру жыл-дарында Аралдың Құрмашы Апақ ауылында қой фермасы болды, онда екі-үш отар қой баққан шопандар от-басылары тұрды. Бір кезде Апақ ба-тыр мекен еткен жердегі көл әлі інісі Балапанның атауында. Содан бері қан-шама жылдар өтті. Қаншама заман өзгерді. Азамат соғысы, қазан төңке-рісі, онан әрі ұжымдастыру, колхоз-совхоз, тың игеру сияқты қиян-кескі жылдардың өткені белгілі. Осындай 300 жылға жуық уақыт өтсе де, Алакөз батырдың қонысы әлі де Апақ деген атауын жойған жоқ. Сол батыр жүрген сүрлем жолдар Ақмола, Ақсай, Аққұдық, халық тау деп атап кеткен Таймас тауы әлі де өз орнында. Бұ-рынғыша Шыңғырлау өзені, Балапан көлі әлі де аталар өткен өмір шежіре-сінде, әлі де халық жадында сақтау-лы. Сонау казак-орыстарымен, қал-мақ басқыншыларымен жорыққа ат-танған Апақ батырдың сүре жолда-рын бүгінде шөп басқан. Оны білетін көнекөз қариялар да арамызда жоқ. Алайда өткен өмір, аталар тарихы кейінгі ұрпақ жадында қалуға, сақта-луға тиіс. Өйткені біз өткенді ескер-мей, зерттемей, бүгінгіні біле алмай-мыз. Бұл біздің балаларымыз, неме-ре-шөберелеріміз үшін қажет. Өйтке-ні кешегі большевиктер билеген ке-ңес заманында қазақ тарихы оқылған жоқ, шежірелер айтылған жоқ. Тәуел-сіздігіміздің арқасында енді ғана сөз болып, тіліміз, дініміз, діліміз, ұлттық салтымыз, ел, жер, батырлар, билер, жыршы-шежірешілер жайлы дерек-тер жиналып, баспасөз бетінде жазы-лып естелік кітаптар шығару қолға алына бастады.

Қуанышқали ҒҰСМАНОВ,
Бөрлі ауданы,
Батыс Қазақстан облысы

Қаралым саны 2161

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463