«Руы масқар, тайпасы Жәдік
Нағима Хасан ғаялы офат 53 йашында 1923 санада=16=1 саратанда жұмға күні дафин олды қыбла тарафыда
Ақбала Хасан ғаялы офат 38 йашында 1923 санада 23-нчі қауысда сенбі күні дафин олды»
Түсініктеме: пішіне ерекше келген сопақша құлпытас Кіші жүздің Байұлы құрамына кіретін Сұлтансиықтың масқар руы, Жәдік тайпасына жататын Хасан деген кісінің қос әйеліне қойылған. Марқұмдардың екеуі де бір жылы (1923) қайтыс болған, бір ерекшелігі – қайтыс болған жандардың дүниеден өткен күндері нақты көрсетілген. Мұндағы ай атаулары ескіше (саратан – маусым, қауыс – қараша) берілген.
Аударған Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
сурет 2013 жылдың 22 наурызы күні түсірілген