«...Таңбамды салып, мөрімді бастым»

Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат бар. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім, әсіресе, жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз. Мұнда Кіші жүзге қарасты алты аталы Әлімұлы, он екі ата Байұлы және Жетірудың, төрелер мен төлеңгіттің, қожалардың өз заманындағы билеуші-басшылары қолын қойып, мөрін басқан немесе ру таңбасын салған. Журналымыздан көз жазбаңыз, ағайын!

Орынбор әскери губернаторы Григорий Волконскийге 1811 жылдың 17-18 қыркүйегінде Кіші жүздің Байұлы тармағының бас адамдарынан жазылған хат. Мұнда қаза тапқан Жантөре хан Айшуақұлының орнына Бөкей Нұралыұлын сайлауды ұсынған сұлтан, старшын, би, тархан және басқа да қазақтардың қолы қойылған (жоғарыдағы істің 126-бетінен басталады).
«Сұлтан Бөкей Нұралыұлының мінезі жайлы, парасатты, екі беттегі (Жайық өзенінің – DK) бізге тең қызмет етеді, оның әділ билігі арқасында Ордада тыныштық пен бейбітшілік орнайды деп инаныш артып, мөріміз бен таңбамызды саламыз» деген мәтіннен кейін:

Байұлының масқар руының сұлтан,
старшын және билері:

Хансұлтан Шығай сұлтан ұлы мөрімді бастым;
(Старшын) Әліш Серкебай ұлы мөрімді бастым;
Кедей Естеміс ұлы мөрімді бастым;
Старшын Қожақ Аққұнан ұлы таңбамды салдым;
Старшын Сәти Шүкірбай ұлы таңбамды салдым;
Жамат Сазанбайұлы мөрімді бастым;
Көпбол Өтенай(?!) ұлы таңбамды салдым;
Старшын Әбіл Сатемірұұлы таңбамды салдым;
Бабас Көтенұлы таңбамды салдым;
Тобыл Әлішұлы таңбамды салдым;
Сейтімбет Таңатұлы таңбамды салдым;
Шоңқал Тілеуұлы таңбамды салдым;
Әйтімбет Қайғын (Қайфин) ұлы таңбамды салдым;
Мия Тәтен ұлы таңбамды салдым;
Бұқарбай Сейтімбетұлы таңбамды салдым;
Қаңгелді Баймырза ұлы таңбамды салдым;

Байұлы ноғай руының сұлтан-старшындары
және билері:

Жиһангир сұлтан Бөкей («сұлтан» деген жазу
өшірілген – Қ.Қ.) ұлы мөрімді бастым;
Нияз би Оразақайұлы мөрімді бастым;
Старшын Қуандық Жауиұлы таңбамды салдым;
Байқазы батыр Мүдеқазыұлы таңбамды салдым;
Табылды Жиенбайұлы таңбамды салдым;
Кенжеғұл Исмайылұлы таңбамды салдым;
Қошанбай Ақбетұлы таңбамды салдым;
Старшын Боздақ Асманбет ұлы мөрімді бастым;
Жантума Тойнаш ұлы мөрімді бастым;
Жұмағали Иусуфұлы мөрімді бастым;
Тұяқ Асанұлы таңбамды салдым;
Дос Айбашұлы мөрімді бастым;
Осбан Егімбет (Әлеумет) ұлы мөрімді бастым;
Байжігіт Сәнкуш ұлы мөрімді бастым;
Ялдан Ғалиұлы мөрімді бастым;
Ақжігіт Жолымбетұлы таңбамды салдым;

Байұлы Нұралы хан Төлеңгіт руының
сұлтан-старшындары:

Жиенғали сұлтан Бекғали сұлтан ұлы мөрімді бастым;
Старшын Төлен Ерназар ұлы таңбамды салдым;
Старшын Асабай Меңл(д)іқұл ұлы таңбамды салдым;
Старшын Өтеулі Өкбашұлы таңбамды салдым;
Старшын Ботабай даушы (?!) Жайсаң ұлы таңбамды салдым;
Старшын Хожамберді Тәңірқұл ұлы таңбамды салдым;
Мерген Қасқанұлы старшын Өтепберген таңбамды салдым;
Старшын Әлімбет Достқан ұлы таңбамды салдым;
Старшын Мекен Фланқұл ұлы мөрімді бастым;
Жүзжасар Төленұлы таңбамды салдым;
Бешбай мырза Әжібай ұлы таңбамды салдым;
Йарылқаш Жәңгір ұлы таңбамды салдым;
Старшын Жақсымбет Айжарықұлы таңбамды салдым;
Барақ мырза Раманқұл ұлы таңбамды салдым;
Қалдыбай Құлбес ұлы таңбамды салдым;
Жолдыбай Алтай ұлы таңбамды салдым;

Аударған Қазбек Құттымұратұлы. Егер жоғарыда аталатын тұлғалар арасында ру шежіресінде белгілі ата-бабаларыңыз болса, редакциямызға хабарласуыңыз-ды өтінеміз.

Қаралым саны 2010

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463