Соңғы кезде елімізде тарихи тамырымызды іздеуге талпыныс күшейіп келеді. Республика Президентінің өзі келесі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы мемлекеттік деңгейде аталып өтілетінін мәлімдеді. 2012 жылдан бері «DANAkaz» тарихи-танымдық журналын шығарып, түрлі қиындықтарға қарамастан еңбек етіп келе жатқан журнал редакциясы бұл өзгерістерге ерекше қуанышты. Өйткені, өткенін ұмытпаған ұрпақтың болашаққа бағдары дұрыс болмақ.

Қалтасы қалың қандас болашағын болжай алмай, аяғының астындағыдан әрі көре алмай жүр. Әрине, бәрі бірдей емес. Бірақ көпшілігінің бүгінгі бейнесі солай болып тұр.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қарадомалақ қазақ балаларынан бөлек, Ауғанстан, Қытай, Корея, Ресей т.б сынды өзге ұлт өкілдері де білім алып жүр. Сонымен қатар, ҚазҰУ-дың талантты шәкірттері «академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша шетелдік ЖОО-ларда тегін оқи алады. Осы бағытта Түркияның Стамбул университетінде білім алған журналистика факультетінің 4 курс студенті Беркенова Гүлнұр Ерланқызы – бүгінгі қонағымыз.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі қоры 2008 жылы құнды жәдігерлермен толықты. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы, «Ақ Жайық» трилогиясының авторы Хамза Ихсанұлы Есенжановтың тұтынған заттары, киген киімдері, құжаттары, фотосуреттерімен бірге жеке кітапхана қорын жазушының туғанына 100 жыл толу қарсаңында музей қорына ұлы Әлихан мен келіні Дина тапсырған еді. 

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы тамыз айының соңында Ұлытау өңірінде берген сұхбаты Қазақстан бойынша кең талқыланып жатыр. Президенттің, әсіресе, ел тарихы, саяси жағдайы туралы пікірлерін «DANAkaz» оқырмандарына да ықшамдап ұсынуды жөн көрдік.

Ресей Федерациясының Орынбор облыстық мемлекеттік архивінде Ресей империясының қазақ даласын отарлауына қатысты мыңдаған құжат бар. Орыс отаршылары қазақ рулары, олардың бас адамдары – сұлтандары, билері мен батырлары туралы ақпаратты мұқият жинастырып отырған. Бұл тізім, әсіресе, жаңа хан сайлау тұсында ерекше хатталған. Аталған архивтің 6-қор, 10-тізбесінде сақтаулы тұрған «Кіші жүздің жаңа хандарын сайлау туралы» («Дело об избрании новых ханов Меньшой орды») атты №716 іс қалың-қалың үш кітаптан тұрады. «DANAkaz» тарихи-танымдық журналының оқырмандарын осы істе тіркелген әр рудың ықпалды адамдарымен таныстыруды бастамақпыз. Мұнда Кіші жүзге қарасты алты аталы Әлімұлы, он екі ата Байұлы және Жетірудың, төрелер мен төлеңгіттің, қожалардың өз заманындағы билеуші-басшылары қолын қойып, мөрін басқан немесе ру таңбасын салған. Журналымыздан көз жазбаңыз, ағайын!

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты

Сөз басы
Ақ Жайық өңірінде Есенгелді тура-лы әңгіме қозғалса, алдымен, оның сан мыңдаған жылқысы бар өте ау-қатты бай болғандығы ауызға ілігеді. Яғни Есенгелді есімінің ел жадында ескірмей, бүгінге жетуі қисапсыз дәу-летке ие болуымен түсіндіріледі. Оған қоса Есенгелді болмысы орыс-тың көрнекті жазушысы В.Дальдың, танымал қазақ қаламгерлері Б.Аманшиннің, М.Есламғалиевтің, Ә.Кекілбайұлының шығармалары арқылы да белгілі.

Нұрлыбек БІРМАНОВ,
«Батыс Қазақстан автобус
паркі» ЖШС директоры,
Орал қаласы

«DANAkaz» журналының 2014 жылғы №1 санынан бастап «...Таңбамды салып, мөрімді бастым» айдарымен Орынбор архивінде сақталған ХІХ ғасырдағы қазақ игі жақсыларының, сұлтан-старшындарының тізімі мен мөрлері, таңбалары жариялана бастады. Бұл өте құнды мәліметтер екен. Журналдың №2-3 санынан Кіші Жүз Байұлы шеркеш руының 16 сұлтаны мен старшыны аты-жөнімен басылғанын көрдік. Осы тізімнен өзімнің аталарымды көріп, ерекше қуанып, қолыма қалам алдым.

Қылышбай СҮНДЕТҰЛЫ,
тарих ғылымдарының кандидаты,
Атырау қаласы

Бүгінгі тәуелсіздігіміздің бастауы өткен ғасырлардан басталады. 1918-1919 жылдар аралығында қазақ халқының тұңғыш Ұлттық үкіметі аталған Алашорда өмір сүрді.

Ыбырайым пайғамбар көпке дейін бала сүймейді. Бірде Бибіажар анамыз ұл босаныпты. Пайғамбардың қуанышы қойнына сыймай, жұрттан сүйінші сұрапты. Ұлық Алла да оның қуанышын бөлісіп:

Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист

Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Мұқат АРЫСТАНОВ,
жоғары санатты тарих пәні мұғалімі,
Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектеп,
Жымпиты ауылы,
Батыс Қазақстан облысы

Сырым ауданы тарихында атап өтетін маңызды оқиғаның бірі – Сәкен Сейфуллиннің 1923 жылғы Жымпиты уезіне ат басын тіреуі.

Айболат ҚҰРЫМБАЕВ,
Ресей Өлкетанушылар
одағының мүшесі

ХХ ғасырдың 30-50 жылдары тек қазақ емес, бұрынғы КСРО құрамына кірген мемлекеттердің тарихына да «үлкен террор дәуірі» деген атау берсе болады. Бұл сталиндік репрессия машинасының толық қуатында жұмыс істеген кезі еді. Мұны Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да бастан кешірді. Саяси репрессия жылдарында облыста 5 мың адам сталиндік тоталитаризм қармағына ілікті. Оның 1300-і ату жазасына кесілді. Бөкей Ордасынан да 100-ден астам адам құрбан болды. Солардың бірі – менің әкем Шамұраттың нағашы жұрты – Шақаев (Бекқожин) Аманша атам. 

Кіші жүз Байұлы ішіндегі Сұлтансиық Алаша руының Қарабура тайпа-сында Айтілес деп аталатын бөлім бар. Жақында Серік Малабаев ақсақал-дан осы Айтілес «Жігерленде, Дәуқара батырдың қасында жерленген» дегенді естідік.

Жұлдыз ҚҰСПАНОВА

Осы бір тамаша әйелге тамсанбау мүмкін емес. Оның мақамы, байсалды жұмсақ дауысы өзіне еріксіз тартады. Оған қарап отырып: «Міне, нағыз қазақ әйелі! Өн бойында бәрі үйлесімдік тапқан: нәзік қыз, сүйікті жар, қамқор ана, ізетті келін және табысты бизнес-вумен» деп еріксіз ойлайсың. Әңгіме «Star Model Studio» модельдік агенттігінің директоры, «Орал аруы – 2014» («Мисс Уральск – 2014») сұлулық байқауының ұйымдастырушысы Жұлдыз Құспанова туралы болатын. Бұған қоса Жұлдыз – төрт баланың анасы, кішкентай ұлы 8 айлық болса, үлкен қызы 15 жаста.

Ел ішінде, жекелеген азаматтардың қолында тарих үшін құнды қазына, баға жетпес байлық саналатын қолжазбалар, көне кітап-тар жетерлік. Осындай сирек кездесетін кітап-тардың кейбірін сақтап отырған Ерсайын Мергенбаев ағамызды таныстырамыз.

Жұмағали БАЯНАСОВ,
зейнеткер, Тұзтөбе (Соль-Илецк) қаласы, Орынбор облысы, Ресей Федерациясы

Бүгінде Ресейде тұрып жатқан қандастарымыз арасында қазақтың көне әңгімелерін білетін ақсақалдар аз емес. Жұмағали ағамыз туралы да «кеудесі тұнған шежіре» деген бағаны естіген соң, ол кісімен жолығуға асықтық. Арнайы іздеп барған ниетімізге қарай Жұмекең де небір хикаяның тиегін ағытты. Төменде сол сұхбаттың бір парасын «DANAkaz» журналының оқырмандарына ұсынып отырмыз.

Самал ЖAМЕТ,
Теректі ауданы,
Батыс Қазақстан

Мөлдір бала кезінен томаға-тұйық-тау боп өсті. Өзімен-өзі жүретін, көп үн-демейтін. Жанындағы құрбыларымен де ашық-жарқын сөйлесіп араласқа-нын көрген емеспіз. Үнемі төсегінде бүктүсіп жататындығы ғана есімізде қалыпты.
– Мөлдір, жайшылық па? Сырқат-танып қалған жоқсың ба? Әлде біреу ренжітті ме? - деген тәрбиеші анамыз-дың я болмаса біздің сұрағымызға:
– Жоо-оқ, маған алаңдамай-ақ қо-йыңыздар, денсаулығым жақсы, ешкім де ренжітпеді, жай өзім сәл тынығып алайын, - деп жымия жауап беретін. Бар болғаны сол. Біз күнде сұраймыз. Ол ылғи осылай тіл қататын. Мүмкін тумысынан мінезі жай шығар деп ойлаймыз да қоямыз.

1917-1918 жылдары Бөкей ордасындағы Орда қаласында жарық көрген, Алаш қайрат-керлерінің асыл идеясын қолдаған «Ұран» газеті туралы «Ұран» газеті. 1917-1918» атты жинақтың тұсауы жуырда Алматы мен Астанада кесілді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің баспасөз клубында және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Отырар кітапханасында өткен таныстыру кешінде ғалымдар мен мамандар «Жайық Пресс» ЖШС-ның мұрындық болуымен жарық көрген бұл еңбектің құндылығын бірауыздан мойындап, үлкен баға берді.

Алаш қай-раткері, ағар-тушы, ақын Ғұмар Қараш-тың туғанына келер жылы 140 жыл тола-ды. Осы айтулы дата қарсаңын-да Ғұмартану ғылымына тағы бір сүбелі еңбек қосылды.

БҚО, Жаңақала ауданындағы Бірлік ауылынан аудан орталығына баратын жолда Ақбалшық ауылы бар. Бесқасқа Байсейіт Құмарғали ақсақал Қайыржанов: «Менің әкемнің зираты жанында үш құлпытас бар еді, оқып берші» деп өтінгесін, Ақбалшық ауылының құбыла бетіндегі көне қауымға бардық. Мұндағы үш құлпытас та арабша жазылған екен. Біреуінің жазуы дұрыс көрінбеді, өше бастаған. Екіншісінің жоғарғы жағында: «1877» деген сандар ойып жазылған.

Атырау облысы, Мақат ауданы аймағындағы Бұлан көне қорымы. Бұл жерде Кіші жүз Байұлына қарайтын шеркеш руының Қылышкестен Малан ұрпақтары жерленген. Көне зират Атырау қаласынан 60-70 км шамасында, Ботақан, Байшонас кен орындарына таяу жерде орналасқан. Көне құлпытас суретін түсіріп, редакцияға жолдаған – Асхат Атырауов.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463