Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты

Сөз басы
Ақ Жайық өңірінде Есенгелді тура-лы әңгіме қозғалса, алдымен, оның сан мыңдаған жылқысы бар өте ау-қатты бай болғандығы ауызға ілігеді. Яғни Есенгелді есімінің ел жадында ескірмей, бүгінге жетуі қисапсыз дәу-летке ие болуымен түсіндіріледі. Оған қоса Есенгелді болмысы орыс-тың көрнекті жазушысы В.Дальдың, танымал қазақ қаламгерлері Б.Аманшиннің, М.Есламғалиевтің, Ә.Кекілбайұлының шығармалары арқылы да белгілі.

Алайда аталмыш еңбектер атағы алысқа кетіп, әрқилы аңыз-әңгімеге арқау болған тұлға тарихын толық аша ала ма? Мәселен, «Бекей мен Мәулен» повесі Есенгелді өмірінің соңғы кезінен хабар берсе, «Зерлі тон» шығармасы 1834 жылы дүние салған тұлғаны 1916 жылғы көтеріліске қатыстырады. Жалпы, өт-кен замандарда нақты өмірде болған оқиғаларды өз шығармасының тақы-рыбы етіп алған жазушылардың тари-хи шындықтан ауытқып кетіп отыра-тыны рас. Кезінде Ә.Әлімжановтың «Махамбеттің жебесі» романына жазған сын пікірінде Б.Аманшин «Қаншама батыл қиялдағыш болма-сын, жазудың қандайына еркін мәне-рін қолданбасын – ешбір жазушы тарихтың көпке белгілі, көкейге сіңісті фактілерін бұрмалай алмайды» [Аманшин Б. Жыр семсер. – Алматы: Арыс, 2004. 182-б.] деп, тарихи шын-дықтан ауытқуға болмайтындығын ескерткен еді. Ал тарихи шындыққа апарар жол қай уақытта да күрделі, оған барынша жақындау үшін дерек көздерін түгелге жуық қамтып, олар-ды дұрыс жүйелеп, ой елегінен өткі-зіп барып пайдаланған жөн. Оның үс-тіне өткеннен жеткен әрбір құжат тек сол тарихи кезеңнің және ортаның қоғамдық және рухани болмысының құрамды бөлігі ретінде, яғни солар-мен тығыз қаралуға тиіс. Өйткені әрбір тарихи дәуірдің өз бітім-болмысы бар. Осы орайда тарихшы И.Кенжалиев «Халыққа өз тарихын тек дерекке сүйеніп, шынайы баяндау, әркімнің не жеке ықпалды топтың беті, жүзіне қарамай ғылыми негізде дұрысын жазу – нағыз тарихшының парызы. Оқырманды шатастырмау, алдамау қажеттігі еліміздің қазіргі саяси күр-делі кезеңінде өте қажет, оларға сая-си сауатты, тарихи дәлелді мәлімет беру – саяси сананы қалыптастыра-ды. Бұл – өмір талабы... Қоғам тым күрделі организм болса, тарих ғылы-мы да күрделі. Ол әдебиетші, жорна-листің сипалауына, инженер, ветери-нардың, заңгердің бұрмалауына көн-бейді» десе [Кенжалиев И. Мақамбет. – Орал, 2003. 4, 172 бб.], белгілі ғалым К.Л.Есмағамбетов «Қандай да болсын «қызыл сөз» тарихи құжаттың орнын баса алмайды» [Есмағамбетов К.Л. Азат рухтың күрескері. – Алматы: Өркениет, 2003. 163-б.] деп көрсетті. Міне, сондықтан да қағазға түсіп қат-талып, мұрағат қорларында сақтал-ған жазба деректерсіз тұлға тағды-рын толық тану мүмкін емес. Себебі сол құжаттарға зер салған адам зама-нында бай, би, старшын, тархан атақ-тарын иеленген Есенгелді Жанмырза-ұлының өз дәуірінің белгілі һәм бе-делді тұлғасы атанғанына куә болады. Осыған орай өлке тарихында өзіндік із қалдырған тұлғаның қоғамдық-сая-си қызметін өзі өмір сүрген заманы-мен бірге талдап, таразылау төл тари-хымыздағы таңдақ тұстарды тереңі-рек танып, түсінуге мүмкіндік береді. Дегенмен тарих М.Қойгелдиев айт-қандай, белгілі бір тарихи тұлғаны дәріптеу, мадақтау, ал екінші біреуін даттау, табалау үшін жазылмайды. Егерде ол осы міндетті атқару тұрғы-дан жазылса, онда ғылым болудан қалмақ. Тарих үшін ең биік нысана – ол өмір ақиқаты. Ал бұл нысанадан шығу, әрине жеңіл-желпі нәрсе емес [Қойгелдиев М. Ұлттық саяси элита. Қызметі мен тағдыры (XVIII-XX ғғ.). Зерттеулер. – Алматы: Жалын, 2004. 121-б.] екендігін әрдайым есте ұстағанымыз абзал.
Ата-тегі, өскен ортасы
Есенгелдінің ата-тегі Кіші жүз он екі ата Байұлына қарасты Тана руының Асан бөлімінен. К.Ахметов түзген ше-жіреде Тана – Асан – Тілеу – Сүтемген – Есенгелді болып таралған. Есенгелді өлкетанушы Т.Сағынов мақаласында Сүтемгеннің [Сағынов Т. Жаңақала-дағы қос күмбез // Қаратөбе өңірі. – 2012. – 21 қыркүйек], жазушы М.Есламғалиұлының еңбегінде дәу-летімен аты шыққан Итемген байдың баласы делінген [Есламғалиұлы М. Зерлі тон // Дала дүбірі: повестер мен әңгімелер. – Орал: «Ағартушы», 2009. 212, 222-223, 234 бб.]. Ал мұрағат құ-жаттарына сүйенсек, Есенгелдінің әке-сі Жанмырза, Итемген мен Сүтемген өзімен бірге туған бауырлары [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс, 127-п.]. Мұны басына қойылған белгі құлпы-тастағы «Жанмырза ұлы Есенгелді» деген жазу да толық дәлелдейді [Құттымұратұлы Қ. «Есенгелдіден бір тайы кем...» // DANAkaz. – 2013. – №10 (11) 49-б.]. ХІХ ғасырдағы орыс зерттеушісі И.Бларамберг Асан Танадан Жанмырза, Түменбай, Ботақара деген 3 баланы өрбітеді. Алайда Тана Малайсары биге қатыс-ты әңгімеде бала Сырымның: «Тана болсаң жеті үй Жиенбетпісің, бес үй Бессарымысың, алты үй Асанбысың, қарғыс алған Қараманбысың, қаңғып өскен Қарақұнанбысың, алғыс алған Қалқаманбысың» дегенін ескерсек, Асан Танадан біраз әулеттің өрбігенін аңғарамыз. Шежіре бойынша Асаннан – Әйтімбет, Бегей, Тоқсанбай, Қангелді, Тілеу, Масай, Аспантай, Бөген деген 8 бала тараған. Осындағы Тілеуден Есенгелдінің әкесі Жанмырза туған. Бүгінде Орал қаласы маңындағы, Зеленов ауданына қарасты «Новень-кий» ауылының тұрғыны Нәдіров Қыдыр ақсақалдың айтуынша, Асан-нан – Тілеу, Тілеуден – Жанмырза, Жанмырзадан – Итемген, Сүтемген, Есенгелді дүниеге келген. Есенгелді-нің бауыры Сүтемгеннің тікелей ұрпа-ғы болып табылатын Қыдыр ақсақал айтқан шежіре айғақтар тарихи дерек-термен толық сай келеді. Оған Ақжайық ауданындағы Базартөбе ауылдық округіне қарасты Тойқожа бейітіндегі құлпытас дәлел. Жайыққа жақын жердегі Сексен елді мекенін-дегі осы қауымда шошақ мола үлгі-сінде кесене тұрғызылған. Кесене ал-дындағы құлпытаста «Асан тайпасы-ның Жанмырза Тілеуұлының баласы Итемген бай» (аударып оқыған Қ.Құттымұратұлы – Ж.А.) деген жазу оймышталған. Олай болса, Итемген, Сүтемген, Есенгелдінің Жанмырза Тілеуұлынан туғандығына еш күмән жоқ. Қорымның «Тойқожа бейіті» деп аталуы да Итемгеннің Тойқожа есімді баласымен байланысты болуы керек. Яғни Тойқожа да осы қауымда жер-ленген.Жанмырза шаңырағында Есенгелді 1740 жылдардың басында дүниеге келген. Егер де басына орнатылған құлпытастағы «1834 жылы 93 жасын-да опат болды» дегенді есепке алсақ, 1741 жылға сәйкес келеді. Ал Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генстің 1831 жылы 6 қарашада «88 жаста» деп көрсеткен жазбасына иек артсақ, 1743 жылы туған болып шығады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 6-п.]. Біздіңше, мұрағат дерегі мен құлпытастағы жазудың арасындағы айырмашылық, сол кезде қайтыс бол-ған адамның 33 жасына бір жастан қосылып отыратын мұсылманша есептеуге байланысты сияқты. Қалай болғанда да 1741/43 жылы шамасын-да туылған Есенгелді «шынжырлы» әулеттен шыққан. Өйткені әкесі Жанмырза Асан Танадағы ел тізгінін ұстар, беделді тұлға болғанға ұқсай-ды. Оған Есенгелді, Итемген т.б. ұр-пақтарының бай, би атанып, старшын болып, ел басқарып, саяси істерге ара-ласуы дәлел. Оның үстіне Орынбор-дағы орыс ұлықтары да олардың атақты һәм ауқатты әулеттен шыққан-дығын мойындап, ерекше мән бер-ген. Есенгелдінің саяси ой-өрісі мен дүниетанымының қалыптасуына әке тәрбиесімен қатар, өскен ортасы да әсер етті. Оның жастық шағы Тана руы-ның дәстүрлі көші-қон үдерісі жалға-сып жатқан Жайықтың бұқар бетінде өтті. Тана руы жазда байбақты рулары-мен бірге Өлеңті, Шідерті, Үш Аңқаты, Шыңғырлау өзендері бойында көшіп-қонса, қыста Жайық бойында олар-дан төмен қарай қыстаған. Бұл атақ-ты Әбілқайыр ханның «Жайық өзенi кеуiп қалғанша, тiптi ақырзаман кел-генше, қазақ халқы бұл жерден айы-рылмайды. Өйткенi мұндай жайлы жердi олар еш жерден таппайды» де-ген ұранмен елі мен жерінің тұтасты-ғы үшін атамекенді кейінгі ұрпағына мирас ету жолында арпалысып жат-қан кезі еді. Әбілқайыр хан тұсында он екі ата Байұлы рулары Нұралы сұл-танның билігіне қараған. Ол жөнінде 1748 жылғы М.Тевкелевтің жазбасында келтірілген. Кейін Орынбор губерна-торы И.А.Рейнсдорп 1769-1770 жыл-дары Нұралы ханның айрықша басқа-руындағы Байұлы руларына Есім, Пірәлі сұлтандар бастаған ханның ба-лалары мен жегжаттары, күйеу бала-сы Жәнібек сұлтанның билік жүргіз-генін жазып қалдырған [РИССМ. 122-қ., 122/2-т., 1769-773, 19-іс, 3-іс, 25а-п.]. Сол кезде Кіші жүздің саяси өмі-рінде болып жатқан өзгерістерден тана рулары да тыс қалмады. Әсіресе, Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде тана руының қарсылығы ерекше көрінді. Ол туралы 1774 жылы 16 қаңтарда Еділ қалмақтарының қо-лына түскен Алаша руының қазағы Уса Жайықтайұлының жауабынан бі-леміз. Оған сенсек, Жайықтың сырт-қы бетіне өту кезінде қазақ рулары Жайық бойындағы орыс тұрғындары-на әртүрлі зұлымдық келтіріп, ша-былған шөптерін ештеңе қалдырмай малға жегізген. Соңынан Нұралы хан иелігіне қарасты Тана руынан ағалы-інілі туған бауырлар Қоске би мен Қосдәулет старшындар татарша Шой деп аталатын мекендегі форпост ка-зактарын өздерінің аттарына шауып алған шөптерін тасып алуға мәжбүр еткен. Нұралы хан оған жол бермеуге тырысқанымен, бірақ оның тыйым салуына құлақ аспаған [РИССМ. 122-қ., 3-іс, 51-54 пп.; КРО-ІІ. №16 құжат]. Мұндағы Тана Қоске би Сырым батыр-ға қатысты айтылатын аңыз-әңгіме-лер арқылы да белгілі. Нұралы хан кейін тана руын басқаруды өзінің Бегәлі деген баласына тапсырған. 1776 жылы 15 ақпанда Орынбор гу-бернаторы И.Рейнсдорпке жеткен хатында «Мен екіжақты кеңес, яғни форпост казактары мен қазақтар ара-сында әділдік жасау үшін қазақтар келісімімен балам Бегәлі сұлтанға тана руына басшы болуды бұйырдым» деп хабарлаған. Оған қоса «әр уақыт-та менің барлық істерімде жігерлілік пен табандылық таныта алатын атақ-ты Сырым батырды өзіңіздің мейірі-міңізден тыс қалдырмаңыз» дей ке-ліп, Орынборда ұсталған Сырым ба-уырлары тана руының қазақтары Байшөрек Нұрайұлын, Қанай Құдайбергенұлын және Етікбай Назарұлын босатуды өтінген [ОрОММ. 3-қ., 1-т., 152-іс, 199-201 пп.]. Ал желтоқсан айында Нұралы хан ортақ келісіммен және старшын-дардың өтініші бойынша үлкен ұлы Есім сұлтанды «даңқты Сырым батыр-мен бірге» Байұлына, тана мен байбақты руларын басқаруға тағайын-даған [ОрОММ. 3-қ., 1-т., 153-іс, 412-419  пп.]. Сонымен, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі осы өзгерістерді Есенгелді көріп өсті, оларды өз түсі-нік-пайымымен қабылдады. Сайып келгенде, мұның барлығы оның бола-шақ қоғамдық көзқарасы мен  саяси ұстанымының, тұлғалық болмысы-ның қалыптасуына ықпал етті.

Есенгелді – старшын
Есенгелдінің ел істеріне арала-сып, көзге түсуі 1781 жылдан бастау алады. Орынбор әкімшілігіне жолда-ған хаттарының бірінде ол осы жыл-дан бастап қызметте екендігін көр-сеткен [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2105-іс, 1-п.]. Оның Асан Танадағы старшындық қызметі Кіші жүзде қалыптасқан сая-си жағдайлармен тікелей байланыста өрбіді. Сол тұстағы Сырым Датұлы бастаған азаттық қозғалыс кезінде тана руының беделді ел игілері орда-да орын алған оқиғалардың ортасы-нан көрінді. 1785 жылы шілде айын-дағы қазақ старшындары жиналысын-да Нұралы ханды тақтан тайдыру жө-нінде орыс патшайымы ІІ Екатерина-ға хат жолдаған Кіші жүздің 21 руы-ның атақты би, батыр, старшындары қатарында тана руынан Сұлтанәлі ба-тыр, Қосдәулет, Малайсары билер болды. Көп ұзамай 21 қыркүйекте Жіңішке өзені маңында өткен би, ба-тырлардың жиналысына қатысып, адалдыққа ант қабылдаған Кіші жүз-дің атақты 208 старшыны арасында Жиембет танадан Мұхаметберді Бекзатұлы, Тұяқ Жанмырзаұлы өз таң-басын басқан. Олар 1500 түтіннен тұр-ған тана руы қазақтарын батыл қимыл-дардан ұстап тұруға сенім білдіріп, таңбаларын екінші мәрте түсірген [РМӘТМ. 52-қ., 1/194-т., 355-іс, 1-бө-лім, 34, 216-п.]. Кейін 1787 жылы қыр-күйекте Қобда бойындағы старшын-дар кеңесінде тана руының 4300 ша-ңырағы атынан Елшібек, Сұлтанәлі старшындар, Арахмет молда, Бәйдеу билер жауап берген [Вяткин М. Батыр Сырым. Учебное пособие. – Алматы: «Санат», 1998. 226-б.]. Осы жиында Кіші жүздің үш ру бірлестігіне үш рас-права құрылып, бас старшын қызметі бекітілген. Сонымен бірге әр рудың басшысы анықталған кезде тана руы-на старшындыққа Базарбай Шахмур-зин сайланған. Ол Орынбор әкімшілі-гінің 1788 жылғы тізімінде тана руы-ның старшыны деп көрсетілген [ОрОММ. 5-қ., 1-т., 22-іс, 16, 189-п.]. Сол тұстағы тана руының танымал тұлғаларын Сүгір жырау Мырзалыұлы өз толғауында былайша жырға қосқан:...Егізімнің сыңарыЕгеуімнің сынығыЕсен бе екен, сау ма екенБессары, Асан, Қалқаман.Мәмбет, Үмбет, ҚосдәулетЕсенкелді, ИтемгенАуылынан кеңес тараған....Малайсары, БазарбайҮкі би мен Алшынбай (байбақты руынан – Ж.А.) Тұлпардан туған жорғадайҰшқан құстай қанаттыІзбасар менен ТөлендіАрғын қалжың КенжебайБезей басқан бедеудейАлма мойын сағақтыСан мырзаның шымырыЖеті атаға ұласты.1790 жылы 11 тамызда Уфа қала-сында Нұралы ханның қайтыс болуы-нан соң Кіші жүзде күн тәртібіне жаңа хан сайлау мәселесі көтерілді [ОрОММ. 5-қ., 1-т., 34-іс, 155-п.]. Қараша айын-да Байұлы, Әлімұлы руының кейбір старшын, билерінің бастамасымен 1000-ға жуық қазақ қатысқан кеңес өтіп, Нұралының үлкен ұлы Есімді ақ киізге көтеріп, хан сайлаған. Базарбай старшын бастаған тана руы да Есімге қолдау білдірген. Ол жөнінде ноғай старшыны Құрбанғали Забир 1791 жы-лы 24 қаңтарда Орынбор шекаралық істер экспедициясына «Барлық тана-лар өздерінің бас старшыны Базарбай Санмырзаұлымен бірге Есімді хан ата-ды» деп жеткізді [ОрОММ. 5-қ., 1-т., 38-іс, 26-п.]. Бірақ патша үкіметі Кіші жүздің біраз беделді би, старшында-рының қолдауына ие болған Есім сұл-танды емес, керісінше хандық басқару-ды одан әрі әлсірете түсу үшін, отар-лау саясатына жасы ұлғайған Ералыны тиімді санап, хан сайлайды. Алайда Ералы хандық тақта ұзақ отыра алмай, 1794 жылы 10 маусымда фәниден оз-ды. Осыдан соң Кіші жүздің хан тағы-на Есім сұлтан көтерілді. Есім әкесі Нұралының көзі тірісінде Кіші жүздегі Байұлы руларын басқаруға тартылып, саяси өмірге жастайынан араласқан еді. «Төресіз ел болмас, төбесіз бел болмас» дегендей, Есіммен бірге Байұлы руларына оның бауырлары мен балалары билік жүргізді. Мәсе-лен, 1795 жылға дейін Кіші жүздегі бүкіл тана руы Жайықтың бұқар бетінде, яғни Кулагин, Сахарный бекіністеріне қарсы бетті, Өлеңті, Шідерті бойлары мен Қаракөл маңында қоныстанып, Сары Есімұлының билігіне қараған. 1795 жылы Бөкей сұлтанның Жайықтың ішкі бетіне, яғни Астрахан даласына өту кезінде Сары сұлтанмен бірге таналардың Есенгелді старшын бас-таған үлкен бөлігі де өткен. Тана руы-ның азғана бөлігі Жайықтың бұқар бетінде, Кулагин бекінісіне қарсы және Қаракөлге жақын маңда тұрақтап, оларды Кенжебай старшын басқарған [АОММ. 1-қ., 3-т., 646-іс, 17-п.; История Букеевского ханства. 1801-1852 гг.: Сб. документов и материалов. – Алматы: Дайк-Пресс, 2002. 175-б.]. Келесі қыста да Еділ қалмақтарының Нарын құмын жайламауына байланысты Кіші жүз сұлтандарының табанды өтініш-терінен соң, қазақтардың ол жерге мал-мүлкімен қыстауына рұқсат беріл-ген. Сөйтіп, қыс кезінде ішкі тарапқа өткен қазақ рулары кері дала бетке оралмастан, осы аймақта жазда да тұрақтап қалуды әдетке айналдырған. Дегенмен осы кездегі ел ішіндегі шиеленіс 1797 жылы 27 наурыздағы Есім ханның өліміне әкелді. Бұл қанды оқиға ханның Жайық бойындағы Красноярск бекінісі маңындағы Уақ руының ауылында болған сәтінде жүзеге асқан. Жалпы Есім хан өліміне, сол тұстағы ішкі саяси жағдайдың ушы-ғуына алып келген «бөліп ал да, билей бер» қағидасы арқылы түрлі құйтұрқы әдіс-амалмен қазақ даласында жоспарлы түрде жүзеге асырылып жатқан патша үкіметінің отарлау саясаты еді. Мұны 1775-1780 жылдары ІІ Екатерина патшаның Орынбор генерал-губернаторына жазған мына құпия жарлығы толық айқындай түседі: «1) Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларыменен араз етіп, бірі менен бірін қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз. 2) Сұлтан-дардың бірі менен бірін араз қылып, бірі менен бірін иттей тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз. 3) Қырғыз-қазақтың бас-шы адамдарын сұлтандарымен араз қылып, сұлтандарын өз қол астында-ғы ақсақал адамдарымен араз қылы-ңыз. Арасына от түскен уақытта жа-нып кетердей көкір-сөкір даярлай бе-ріңіз. Осылайша арасына от тұтатып береке-бірлігін алсақ, өзара азып, тоз-ғандығынан қазақ-қырғыз жұрты бө-тен патшалық қол астына көшіп кетер-ге дәрмені болмас. Өз-өздері қырық пышақ болып, қырылысып, жеңілген жағы жеңген жағынан өш алар үшін, күш алар үшін Россия патшалығына жақындар уа патшалыққа қорғалар. Сол уақытта Россия хүкіметі аралары-на төре болып, төрелеп, ретіне қарай я анасына, я мынау жағын қуаттап тұ-ру керек. Түрлі амалменен сұлтанда-рының күшін кетірсек, өзімізден озып ешқайда кете алмас. Келетін, кететін жері өзіміз болып, тілегенімізше қақ-палап жортармыз» [Энциклопедия «Айқап» / Бас редактор Р.Нұрғалиев. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1995. 255-б.]. Қаратай сұлтан ағасы Есім ханның Сырым батыр жақтастары қолынан өлім құшу себебін «Павел патшаға ант беріп, өзінің ынтамен қызмет көр-сетуге ұмтылуы, қазақтар ұстап алып кеткен орыс тұтқындарын босату ту-ралы Шекаралық істер экспедициясы-ның талабын қатесіз орындауға ты-рысуы үшін» деп түсіндірген. Бегәлі, Қаратай, Бөкей сұлтандар мен Байұлы руының 18 старшыны 10 сәуірде Орынбор шекаралық істер экспеди-циясынан Есім ханды өлтірушілерді жазаға тартуды сұраған. Өтініш соңы-на Байбақты старшындарымен бірге Базарбай Шахмурзин де мөрін бас-қан [ОрОММ. 5-қ., 1-т., 63-іс, 1-2, 35, 48-49, 53-54 пп.]. Бүгінде Ақжайық ау-данының Базаршолан ауылдық окру-гіне қарасты Ескіесім елді мекеніндегі зираттан Есім Нұралыұлының құлпы-тасы табылып, ханның 1797 жылы 53 жасында опат болып, тасты баласы Қайыпқали сұлтанның қойғандығы анықталды [Құттымұратұлы Қ. Құлпы-тас сырын ашайық. – Орал: ЖК «ADIL PARASAT», 2014. 16-17 бб.]. Есім өлімі-нен кейін беделді би, батырлардың қолдауымен Бөкей, Қаратай сұлтан-дар хандыққа ұсынылғанымен Орынбор әкімшілігі оған ықтиярлық танытпады. Ақырында патша үкіметі-нің ұйғарымымен Кіші жүздің хан та-ғына жасы егде тартқан Айшуақ Әбілқайырұлы сайланса, Хан кеңесі-нің төрағасы болып Бөкей Нұралыұлы тағайындалды.

Бөкейлікке өту
1801 жылы Бөкей сұлтан бастаған қазақтардың ішкі тарапқа біржола өт-кені белгілі. Бөкейдің соңынан 1802 жылы Есенгелді бастаған тана рулары да Жайық өзенінің оң жағына бет бұрды. Шығай сұлтанның айтуынша, Есенгелдінің ішкі тарапқа өтуі Бөкей-дің Кавказ шебінің әскери губерна-торы Кноррингке жолдаған өтініші нәтижесінде жүзеге асқан [ҚРОММ. 78-қ., 4-т., 86-іс, 2-п.; История Букеев-ского ханства... 201-б.]. Осы кезден бастап Есенгелді старшын бастаған тана рулары бөкейлікте тұрақты қо-ныс тебеді. 1803 жылы 18 ақпанда берілген мәліметте Нарын құмында қыстаған қазақтардың 2106 түтіні ішінде тана руынан 116 шаңырақ болған [АОММ. 1-қ., 3-т., 1-том, 7908-іс, 14-п.]. Тана руы бөкейлікте негізі-нен Нарын құмында, Қамыс-Самар көлі маңында, теңіз жағалауында қыстаған. Старшын Көбек Шүкірәлі-ұлының қазақ рулары жөніндегі 1803 жылғы жазбасына сүйенсек, 5000 жан-ұядан тұратын Тана руының 6 бөлімін Базарбай, Ақберді, Есенгелді билер басқарып, олар жазда Орынборда, қыста Жайық шебі бойында сауда жасаған [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. Под ред. М.П. Вяткина. – Москва-Ленинград: Изд. АН СССР, 1940. При-ложение № 4. 515-б.]. Бұл мәліметті поручик Я.П. Гавердовский да қуат-тап, Есенгелді биді тана руының бас-шылары қатарында атайды [История Казахстана в русских источниках XVI-XX веков. Первые историко-этногра-фические описания казахских земель. Первая половина ХІХ века / Сост. И.В. Ерофеева, Б.Т. Жанаев. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. 418-б.]. Есенгелді би бөкейлікте  болғанымен дала бет-тегі қандастарымен арадағы қатына-сын үзген емес. Ал  қазақтардың Жайыққа жақын келуіне қарсылық танытатын шеп бойындағы казак-орыстар еді.1805 жылы Кіші жүз ханы Айшуақ жасының ұлғайып, ел басқаруға дәр-менсіздігін алға тартып, орнына бала-сы Жантөрені ұсынады. Содан патша үкіметінің қолдауымен хан тағына Жантөре отырады. Әкесі Айшуақ хан кезіндегідей Жантөренің тұсында да ел ішіндегі жағдай одан әрі шиелені-сіп, жаңа хан тығырықтан алып шығу-дың жолын іздестірудің орнына, шеп бойына жақын келіп орналасты. Ал өзін Кіші жүз хан тағының мұрагері санайтын Қаратай сұлтан хандық тұ-ғырдың Жантөреге ауысуына көңілі толмады. Бұл кезең Кіші жүз ханы Жантөре, Хан кеңесінің төрағасы Орман, Байұлы басшысы Қаратай жә-не Ішкі орда билеушісі Бөкей сұлтан-дардың арасындағы қарым-қатынас-тың әрқилы қалыптасуымен ерекше-ленді. Ел ішіндегі талас-тартысты мә-селелерді реттеуге беделді рубасы старшындар да атсалысты. Осыған дейін тана руының бас старшыны бо-лып келген Базарбай Шахмурзин (мұ-рағат деректерінде Санмурзин болып та кездеседі – Ж.А.)  1807 жылы дүние-ден озды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 317-іс, 1-3 пп.]. Осыдан соң тана руының бас тұлғасы ретінде Есенгелді алға шық-ты. Ол 1808 жылы ақпанда сұлтандар Әлмәмбет Қарабайұлы, Табылды Шахғазыұлы бастаған Байұлының 43, Жетірудың 18 рубасы старшындары-мен бірге қазақтар арасында туында-ған түрлі талас мәселелерді реттеп, шешу үшін Орынбор әскери губерна-торы Г.Волконскийдің төменгі Орал шебіне майор Некрасовты жібергені жөнінде естігенін Хан кеңесінің қапе-ріне береді. Олар комиссия құрамы-на Орал казак әскерінің атаманы Д.Бородинді қосуды сұраған. Оның себебін «бұрыннан қазақтармен көр-шілес орналасуына байланысты ата-ман орда тәртібін айрықша біледі, сол арқылы орда жақсы тәртіп пен тыныштыққа келеді» деп түсіндірген. Осы хат соңына Есенгелді Жанмырза-ұлымен бірге Қонай Қожамжарұлы, Кенжебай Шахмырзаұлы, Қамысбай Өтесұлы секілді тана руының билері өз таңбаларын түсірген. Хан кеңесінің төрағасы Орман сұлтан, заседатель-дері Үкі Төлепұлы, Бостыбай Тіленші-ұлы, Бегімбет Сүйіндікұлы старшын-дар өтінішін 1808 жылы 29 ақпанда Жантөре ханға жетізген [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 187-193 пп.].Көп ұзамай генерал-майор Д.Гертценберг басқарған комиссия-ның  ұйымдастыруымен Бақсай бекі-нісінде өткен кездесуде Кіші жүз ханы Жантөре Айшуақұлы мен Жайықтың ішкі бетін жайлаған Бөкей Нұралы-ұлы, Хан кеңесінің төрағасы Орман Нұралыұлы, Алғазы Айшуақұлы сияқ-ты ел тізгініне ие сұлтандар ешқан-дай мәжбүрлеусіз, ерікті түрде өзара тату келісімге келген. Барымтаға қа-тысты орда істерін қарау үшін құрыл-ған комиссия алдында өзара ақыл-дасып, кеңесе келе, Жайықтың дала бетіндегі және ішкі тараптағы Бөкей сұлтанды қолдайтын қазақтардан қуылған мал жөнінде есептесіп, олар-дың әрқайсысы жәбірленуші қазақ-тарды толық қанағаттандырып, сол арқылы осыған дейін орын алған бар-лық талаптарды тоқтатқан. Сонымен бірге өткен 1807 жылы және осы 1808 жылы Жантөре хан мен Орман сұлтанның Орынборға, Бөкейдің Астрахан әкімшілігіне жолдаған ша-ғымдарын да ұмытып, араларында болған барлық наразылықты тоқта-тып, алдағы уақытта бейбіт әрі ты-ныш өмір сүруге, аталған талап-ша-ғымдарын ешқандай басшылыққа жөнелтпеуді міндеттеріне алған. Егер келешекте кімде-кім қайтадан ба-рымтаға жол беріп, тыныштықты бұз-са, ондай жағдайда әрбір басшы мен шенеунік құдай мен мемлекет заңы алдында жауап беруге тиісті деген. Сөйтіп 1808 жылы 26 наурызда мөр, таңбаларын басып, куәлік берген Жантөре хан, Бөкей бастаған 9 сұлтан мен 21 старшынның ішінде Есенгелді Жанмырзаұлы, Қонай Қожамжарұлы, Құлжан, Кенжебай Шахмырзаұлы секілді тана руының белгілі билері болды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 305-306 пп.]. Көп ұзамай Жантөре ханның 29 наурызда губернаторға жолдаған Астрахан иелігіндегі ноғайлар мен қалмақтардың жылқыларын қуып ал-ған Бөкей сұлтанға қарасты қазақтар тізімінде тана руынан Итемген бидің бауыры Мырзабайдың ноғай Сағынай Шораұлының 5 жылқысы мен 1 сиы-рын алғандығы тіркелген [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 259-п.].Бұл жылдары Есенгелді басқар-ған тана рулары жазда Қара, Сары- өзендердің бойларын жайлады. Қос-өзен аралығы күнкөріс көзінің негізі мал шаруашылығы болып табылатын бөкейлік қазақтар үшін құнарлы жа-йылымы бар қолайлы аймақ еді. Осындай шаруашылыққа тиімді өңір-ге қызығып, қол сұққан Орал казак-орыстары 1810 жылы осы өзендер аралығында мал бағып жүрген Шөкі сұлтан мен Есенгелді старшынға қа-расты тана руының қазақтарын қуып шыққан. Астрахан азаматтық губер-наторы Л.Кожевников 1810 жылы 8 шілдеде Бөкей сұлтанға Сарыөзен бойынан оралдықтардың шөп шаба-тынын ескертіп, қазақтарды жіберме-уін тапсырған [АОММ. 1-қ., 3-т., 1-том, 603-іс, 6-7 пп.]. Өз кезегінде Бөкей де тілімдей жер үшін бөкейлікке көз алартып, ауыз салғандармен қабілет қарымы жеткенше күресіп, халқының мүддесін қорғап өтті. Оған сол дәуір-дің куәгері Жанұзақ жыраудың «Бай-ларға құба жайлатқан, Жарлыға мың-дап жылқы айдатқан» деп жырға қо-суы, халқының «Хан Бөкейдің тұсын-да, Секер шайнап, бал іштік» деп ба-ғасын беруі дәлел. Кезінде Х.Досмұхамедұлының «Бөкейдің за-манында қоныстың таршылығы онша көп сезілген жоқ. Ресім түрде қазақ-тың жері шамалы болса да, шынды-ғында пайдаланған жері көп еді» [Досмұхамедұлы Х. Аламан. Таңда-малы (Избранное). – Алматы: Ана тілі, 1998. 36-б.] деуінде тарихи шын-дық жатыр. Осы Бөкеймен Есенгелді өзара жақын, тығыз байланыста бол-ған. Біздіңше, ол қатынас бөкейлікке өткенге дейін қалыптасқан болуы тиіс. Қос тұлға арасындағы оң қаты-нас кейін хан сайлау кезінде де көрі-ніс тауып, Есенгелді бастаған тана руының танымал тұлғалары Бөкейге қолдау білдірді. Орынбор әкімшілігі 1809 жылы 2 қарашадағы Жантөре ханның өлімінен соң Кіші жүз бен Ішкі орданы Хан кеңесі арқылы бас-қаруға шешім қабылдағанымен, ке-йін елге жаңа ханның қажеттігін түсі-ніп, оның арты Кіші жүзге Шерғазы-ны, Ішкі ордаға Бөкейді хан сайлауға ұласты. Байұлы руларының сұлтан, би, батыр, старшындары 1811 жылы 18 қыркүйекте Орынбор әскери гу-бернаторы Г.Волконскийге «Марқұм Жантөре Айшуақұлының орнына жаңа хан сайлау туралы патша бұйры-ғын алып, біз ортақ келісіммен құр-метті Бөкей сұлтан Нұралыұлын хан сайладық. Ол мінез-құлқы жақсы, ізгі ақылды адам, екі беттегі бізге тең қыз-мет етеді әрі өзге де істерде жігерлі-лік таныта алады. Оның адал да әділ билігі арқасында Ордада тыныштық пен бейбітшілік орнайды. Сондықтан біз Бөкей сұлтан Нұралыұлының хан болуын қалаймыз» деп жеткізді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс, 126-п.]. Бөкейді хан сайлауға сұлтандар Сары Есімұлы, Ниетқали Есімұлы басқарған тана руынан Есенгелді Жанмырзаұлы, Итемген Жанмырзаұлы, Қонай Қожамжарұлы, Момынбай Байдәулетұлы, Алшынбай Жәнібек-ұлы, Батыр Қосдәулетұлы, Қонақбай Есенгелдіұлы, Кенжебай Самырза-ұлы, Тоғызбай Жанмырзаұлы, Ерғали Тілеуұлы, Баубек Жиеншораұлы, Жантемір Сәтемірұлы, Алуша Бектемірұлы, Тілеміс Байтуғанұлы, Төребай Сүтемгенұлы, Өтетуа Қосдәулетұлы, Аранжан Итемгенұлы, Қамысбай Өтесұлы, Қалжан Арықбай-ұлы секілді беделді би, старшындар қа-тысып, өздерінің мөр, таңбаларын тү-сірген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс, 127, 157 пп.]. Бұлардың біразы Жанмырза әулетінен тараған Есенгелдінің туыста-ры екендігін байқауға болады.

Есенгелді – тархан
Байұлы руларының сұлтан, би, батыр, тархан, старшындары 1812 жылы 7 шілдеде Орал қаласы маңын-дағы тоғайда Бөкейді хан тағына кө-теру салтанатына қатысады. Ол жер бүгінде «Хан тоғайы» аталады. Хандық-қа бекіген Бөкей 10 шілдеде Орынбор губернаторы Г.Волконскийден өз жанында Хан кеңесін құруды сұрай-ды. Кеңес мүшелігіне ұсынған 6 стар-шын арасында тана руынан Қонай Қожамжарұлы болды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс, 613, 746 пп.]. Осы кезде Бөкейдің тапсырмасымен Орынборға барған Шөкі сұлтан 27 шілдеде Шека-ралық комиссияға «1795 жылы Бөкей сұлтанның Жайықтың ішкі бетіне, Астрахан даласына өту кезінде Сары сұлтан да сол жерге өтті, онымен бірге тана руы қазақтарының үлкен бөлігі өтіп, қазір оларды Есенгелді старшын Жанмырзаұлы басқарады, ал Жайықтың арғы бетінде Кулагин бекінісіне қарсы және Қаракөл ма-ңында тұрақтап қалған азғана бөлігі Кенжебай старшынның басқаруын-да» деп мәлімдеген. Оған қоса бөкей-лікте тана мен масқар руы шамамен 2000 шаңырақтан тұрса, Жайықтың арғы бетінде қалған 1000 түтін Бөкей-дің иелігіне өтуге ниет білдіруде де-ген [История Букеевского ханства... 175-б.]. Көп ұзамай 18 қыркүйек күні Бөкей хан губернатордан Есенгелді Жанмырзаұлына тархан лауазымын беру жөнінде жоғары басшылыққа ұсыныс жіберуді өтінді. Мұның өзі олардың арасындағы өзара сыйлас-тықты, сенімді қарым-қатынасты көр-сетеді. Г.Волконский болса өз уақы-тында міндетті түрде ұсыныс жасала-тынын хабарлаған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс, 857, 866 пп.]. Сөйтіп Бөкей-дің ұсынысынан соң патша үкіметі Есенгелдінің ел ішіндегі беделін еске-ріп, тархан атағын берді. Қазақтың белгілі тұлғаларына тархан атағын бе-руді XVIII ғасырдан бастап қолға алған Ресей әкесінен баласына мұралық жолмен беріліп, оның құқықтық пәр-менділігін пайдалана алатын және берілген тұлғада ғана шектелетін тар-хандықтың екі дәрежесін енгізді. Екі-ге бөлудің астарында қазақ қоғамына сына қағып, сызат түсіріп, іріткі салу-ды көздеген империяның зымиян-дық пиғылы жатты. Бірінші дәрежелі тархандыққа шақшақ Жәнібек Қошқар-ұлы, байбақты Сырым Датұлы, табын Тіленші Бөкенбайұлы, алаша Сыпыра Қарабатырұлы, тама Есенбай Қожабек-ұлы ие болса, екінші дәрежелі тархан-дық тама Есет Көкіұлынан бастап бі-раз тұлғаларға берілген. Соның ішін-де Есенгелдіге де берілген осы екінші дәрежелі тархандық. Тархан атағына ие болғандығын мұрағат құжатымен қатар басына қойылған құлпытастағы «Жанмырза ұлы Есенгелді дархан» де-ген жазу да растайды. Орынбор әкім-шілігі осы жылы Есенгелді жанына 3 мещеряк кантонындағы елубасы Абдулсамит Буляковты іс жүргізуші етіп тағайындаған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс,  235-п.].Қазақ руларының жайылым мәсе-лесінде Орал казактарымен арадағы шиеленісті сәттер алдағы жылдары да жалғасты. 1815 жылы 28 сәуірде байбақты старшыны Жантеліге, 25 мамырда тана старшыны Есенгелдіге, алаша старшындары Алдияр мен Құдиярға қарасты қазақтардың мал-дары Ілбішін форпосты казактарының жинап қойған пішенін таптаған. Бұл туралы 23 маусымда есаул Назаров-тан естіген атаман Бородин аталмыш істің ақиқатын анықтау үшін есаул Пономаревті аттандырады. Ол 14 шіл-деде әскери кеңсеге казактардың өт-кен 1813 жылы шауып тасыған пішен-деріндегі 103 шөмеленің тапталғанын айтып келеді. Осыдан соң атаман Бородин тапталған шөмеленің әрқай-сысын 10 сомнан бағалап, барлығы 1030 сомды старшындардан өндіріп алу туралы 6 тамызда Орынбор губернаторына хабарлайды. Содан Г.Волконский Шекаралық комиссия-ға кінәлі адамдарды шақырып, тап-талған шөптің құнын міндетті түрде төлеттіруді тапсырады. Комиссия старшындарды Шерғазы хан арқылы шақырғанмен одан еш нәтиже шық-пайтынын әрі олардың ешқашан кел-мейтінін алға тартып, сондықтан оларды Орынборға айырбас саудасы-на келген кезде шақырып алып, талап етуді ұсынған [ОрОММ. 6-қ., 15-т., 193-іс, 1-5 пп.].1815 жылы 21 мамырда кешкі са-ғат 9-да денеге сарысу жиналудан пайда болатын шемен ауруының сал-дарынан Бөкей хан дүниеден озды. Інісінің қазасын естіген Қаратай сұл-тан маусым айында Орынбор губер-наторына «марқұм ханның жанын-дағы біздің сұлтандар мен өзге де қа-зақтар өздерінің маған далалық бет-ке шығуға деген ниеттерін білдіруде» деп жеткізген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1286-іс, 1, 13 пп.]. Бөкейдің қайтыс болуынан соң Есенгелді губернатор Г.Волконскийдің рұқсатын алып, өзіне қарасты тана руы қазақтарымен Жайықтың арғы бетіне өтеді. Өту се-бебін «үйлену тойының жол-жорала-рын атқару және далалық қазақтар-мен арадағы бұрынғы барымтаға байланысты келісімге келу» деп тү-сіндірген. Өз қажеттіліктерін орындап болған соң Есенгелді старшын атаман Бородиннің рұқсатымен кері бөкей-лікке қайтады. Ол жөнінде атаман Бородин 1815 жылы 24 қазанда Г.Волконскийге «Мен сіздің 1814 жылы 4 желтоқсанда маған жолдаған №6754 бұйрығыңызға сәйкес Жанмырзаұлын ішкі беттегі бұрынғы мекеніне жібердім» деп мәлімдеген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1343-іс, 1-5 пп.]. Есенгелді бастаған қазақтардың 1815 жылы Жайықтың арғы бетіне өткенін Бөкейден кейін Ішкі орданы басқар-ған Шығай сұлтанның Орынбор гу-бернаторы П.Эссенге жолдаған хабарында да көрсетілген.

Төребай тарихындағы таңдақтар
1815 жылы Есенгелдінің иелігіне қарасты Төребай Сүтемгенұлы жол-дастарымен бірге Саратов губерния-сы мен 9 Башқұрт кантонының есау-лы Турдагали Иткучуковтың құны 525 сомды құрайтын 3 жылқысын айдап алған. Кейін іздестіру барысында Төребай 150 сомдық бір жылқысын қайтарып, ал қалған екі жылқысын кері қайтару туралы өз туысы Рынжан Итемгенұлы кепіл болып, 1816 жылы 5 қазанда қолхат бергенімен, оны орындамаған. Осыдан соң Т.Иткучуков 1817 жылы қараша айында қолхатты Орынбор шекаралық комиссиясына жолдап, екі жылқысын қайтаруды не-месе белгіленген баға бойынша құнын төлеттіруді сұраған. Төребай тұратын тана руларының қонысы бөкейлікте болуына орай комиссия оны Орал әскери кеңсесінің қарауына ұсынған. Ал әскери кеңсе «Төребай Сүтемген-ұлы қайтыс болып, баласының мұн-дай іс-әрекеті өзіне беймәлім болуы-на орай қартайған әкесі оны төлеуден бас тартты» деп жеткізген. Бұл жөнін-де Есенгелдінің өзі де хабарлаған. Осыған байланысты комиссия бұл істі аяқсыз қалдырып, ол туралы есаулға мәлімдеген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2373-іс, 1-7 пп.]. Сонымен мұрағат дерегіне сүйенсек, Төребай 1817 жы-лы дүниеден озған. Осы Төребай ел аузындағы әңгімеде Есенгелді бай-дың үшінші әйелінен туған баласы, ажалы жылқыдан болған деп айты-лады. Яғни қараңғы түнде жылқы үр-кіп, айдалада аты арқандаулы ұйық-тап жатқанда жылқыға тапталған. Содан әкесі жылқының жал-құйры-ғын күзеттіріп, биелерді сауып тас соқтырып, басына кесене салғызған. Қазіргі уақытта ол Жаңақала ауда-нындағы Мәстексай ауылдық округі жерінде «Төребай мазары» деген атпен мәлім. Батыс Қазақстан өңірі-нің архитектуралық ескерткіштерін зерттеген этнограф Серік Әжіғали Төребай мазарының қираған орнын бөкейлік тараптағы қызықты әрі ай-тарлықтай ерекше ескерткіш ретінде бағалаған. «Бұл осы аудандағы қазақ мемориалды құрылыстары үшін өте сирек кездесетін материал – күйдіріл-ген кірпіштен салынған. Құрылыс қа-бырғасының (қалыңдығы – 0,8-1,0 м) көлемі 27-28×27-28×4-5 см және 31-32×31-32×6 см (қабырғаның төменгі бөлігі) болатын кірпіштерден әрі өте қалың саз балшықты құймадан тұр-ғызылған. Жалпы алғанда, кірпіштің күйдірілуі жаман емес, қандай да бір ертеректегі құрылыстан алынған және мұнда «үнемді» пайдаланылған де-ген әсер қалыптасады», - деп сипат-тай келіп, ғалым кесенені XVIII ғасыр-дың екінші жартысына жатқызады [Ажигали С.Е. Архитектура кочевни-ков – феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-Каспий-ского региона). – Алматы: Ғылым, 2002. 569-б.]. Кесене туралы осы ой-пікірлерді құптай отырып, тек салыну уақытына ғана қатысты тұжырымға түзету енгізуді жөн санаймыз. Егерде мұрағат құжаттары бойынша Төребай 1817 жылы шамасында қайтыс болса, онда басына тұрғызылған кесененің уақыты да сол кезге сәйкес келуі қа-жет. Сондықтан Төребай мазарын ХІХ ғасырдың бірінші ширегіне тән құры-лысқа жатқызу орынды болмақ. Төребайдың өліміне қатысты халық жадында сақталған әртүрлі нұсқада-ғы аңыз-әңгімелер баршылық. Олар-дың барлығына «Төребай Есенгелді-нің үшінші әйелінен туған, үміт арт-қан кенже ұлы екен, ажалы жылқы-дан болған» деген ортақ пікір қалып-тасқан. Тіпті «Баласының әкесіне де-ген реніші Жайықтың оң бетінен Қамыс-Самар бойынан губерния бас-шыларына көп жылқы беріп, жер алуымен шектеледі. Есенкелді Төребай қаза болды деген хабарды естіп, Жымпиты өңірінен күйме арба-мен Қамыс-Самарға келіпті» деуі де ақиқат ауылынан алшақтау. Себебі Төребай қайтыс болар тұста Есенгелді басқарған тана рулары бөкейлікте, яғни Жайықтың ішкі бетінде қоныс-танды. Олардың бұқар бетке өтуі ке-йінгі жылдары жүзеге асқан еді. Бү-гінде Орынбор мұрағатының құжат-тары Төребайды Есенгелдінің бауыры Сүтемгеннің баласы екендігін, Төребай-дан Шонан, Шолпай деген екі бала та-рағандығын анықтап отыр [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2373-іс, 1-п.]. Демек, осы-ған дейін ел арасындағы аңыз-әңгі-мелерде айтылып жүргендей Төребай – Есенгелдінің емес, оның бауыры Сүтемгеннің баласы. Мәселен, 1811 жылы 18 қыркүйекте Бөкейді хан сай-лау туралы Орынбор әскери губерна-торы Г.Волконскийге хат жазған тана руының белгілі тұлғалары арасында «Төребай Сүтемгенұлы таңбамды сал-дым» деп көрсеткен [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс, 127, 157 пп.]. Мұрағат де-регін Төребайдың тікелей ұрпағы бо-лып табылатын «Новенький» ауылы-ның тұрғыны Нәдіров Қыдыр ақса-қалдың әңгімесі де толық қуаттайды. Төребайдың Шонанынан тарайтын ақсақал өз шежіресін былайша тарқа-тады: Тана – Асан – Тілеу – Жанмырза – Сүтемген – Төребай – Шонан – Сейітбай – Болат – Шернияз – Нәдір – Қыдыр. Осыған орай алдағы уақытта басы-лым беттерінде Төребайдың Сүтемген баласы болып түзетілгені жөн. Есенгелдінің немере інісі Төребайға қатысты ел арасындағы әңгіме мен мұрағат дерегінің сәйкес келетін тұсы, ол – Төребайдың қартайған әкесі Сүтемгеннің көзі тірісінде дүниеден озуы. Яғни Төребай өлімінен соң әке-сі баласының басына кесене тұрғыз-ды дегеннің – шындыққа сай келуі.

(Жалғасы журналдың келесі санында)

Қаралым саны 5930

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463