Түсінікті болу үшін өз ата-тегімді жазайын:Түсінікті болу үшін өз ата-тегімді жазайын:Шеркеш негізінен бес атаға бөлі-неді. Олар – Қойыс, Қосым, Жауғашты, Шумақ, Қылышкескен.Қойыстың өзі алты атаға бөлінеді – Дербіс (Қаракемпір), Сүйініш, Қашқыншы, Сақау, Еламан, Тоқтағұл.Сүйініштің бір баласы Құмаш деген атамыз атақты бай, беделді кісі болған. Бірнеше әйелден біз білетін жеті баласы болған. Сол заманда Құмаш атамыз балаларымен, неме-релерімен атқа мініп шыққанда «30 ұлды Құмаш» аталған.Тікелей әкем Шайдолладан бастап есептегенде Құмаш менің тоғызыншы атам:
Көріп отырсыздар, менің тікелей бесінші атам Бекберген Қожамбетұлы қол қойғанның ішінде.Алтыншы атам – Қожамбет зама-нында текті, өте ықпалды адам бол-ған дейді, себебі, Сырым Датұлымен замандас жолдас болған, араласып тұрған көрінеді.Тізімді қарасаңыздар, Қожамбет-тің туған інісі Лафық Байшеркешұлы да бар. Одан басқа Қожамбеттің ағасы, әкесі Байшеркештің туған інісі Қосым Марқабайұлы да қол қойғанның ішін-де. Былай айтқанда, менің тікелей үш ұрпақ атам бар.Сонымен қатар Шағырай Жәдік-ұлы – атақты батыр, қолбасшы, бүкіл шеркештің ұранына айналған, Қожамбет атамыздың немере ағасы. Ол адам жалпы шеркешке ортақ бол-ғасын, (екі ағайынды Құдайқұл мен Марқабайдың немерелері) тікелей туысыма қоспай отырмын.Марқұм Бірман атам, жатқан же-рі жарық болсын, Қобыланды батыр, Ер Тарғын, Алпамыс батыр, Доспамбет-тің жырларының көп тарауын жатқа айтатын еді. Ата-тегіміз туралы көп әңгімелеп айтушы да сол кісі еді.Осындай әңгіменің бірі – Бөкей сұлтан Жайықтың Еділ жақ бетіне кө-шерде қасына сенімді 100 жігіт жина-ған екен дейтін. Олардың әрбіреуіне кемінде 50 жанұя жинау тапсырыл-ған. Сол 100 жігіт ағасының біреуі – біздің алтыншы атамыз Қожамбет болыпты.Елді Нарын бетіне көшіруге қол-даушы-қостаушы, үгіт-насихат жүргіз-гендердің бірі – Сырым Датұлы екен. Ол жөнінде орыс жазушысы А.Евреинов жақсы жазған.Сол Сырым бабамыз Қожамбет атамызға қыдырып келіп, жағдайды біліп, Қожамбеттің туған інісі, жоға-рыда айтылған Лафық атамыз көшкісі келмейтінін есіткен екен. Шай үстінде «Бұл шеркештер бір-бірін тыңдамай-ды екен, ағасын қолдамайды, бұл ұят екен» деп қалжың сөз айтқан дейді. Сонда Қожамбет атамыз інісі Лафық-қа ренжіп: «Сырымға күлкі жасадың ғой, жинал, көшесің!» деген екен. Сөйтіп, Лафық атамыз да Нарынға көшкен дейді.Бірман атам мені байсалды болу-ға, жәй сөйлеуге, кісіге ашуланбауға, қатты дауыс көтермеуге үйрететін еді. «Неге?» деген сұрағыма: «Сен текті тұқымның ұрпағысың, бақырып бас-тық болмайды, алдыңа келген кісіні дұрыстап қабылда, жөнсіз айтқан сө-зіне ренжіме, қолыңнан келсе, шар-уасын шеш, шеше алмайтын болсаң, неге шешпейтініңді айт, өтірік айтқа-ныңнан пайда жоқ, шындығы түбі белгілі болады» дейтін.Ол кісінің айтуы бойынша, біздің Сүйініш атамыз қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген, одан бұрынғы аталары-мыз ΙV ғасырдан ХVІ ғасырға дейін Қап тауында (Кавказ) өмір сүрген, қолбас-шы болған дейді.Байұлының, соның ішінде шер-кеш пен беріштің Қап (Кавказ) тауы-нан келгендігін билердің кейбір сөзі-нен көруге болады:Шеркеш Жиембет би мен беріш Есен би 1801 жылы Жайықтың Бұқар бетінен Самар бетіне көшіп шығарда Бөкей сұлтанның қатысуымен жер бө-ліскен көрінеді. Себебі бірінші болып көшкен 5000-ның үстіндегі жанұяның 1700-і беріш екен, ол 34% болады. Бірінші сөз Жиембетке тиіп, ол кі-сі былай деген екен: «Ей, Есен, біріміз аға, біріміз іні болып Қап тауынан қол ұстасып келіп едік қой, Қоқанның ады-ра қалған жеріне екі тышқан болып шиқылдасып не қыламыз. Тайсойған мен Бүйректі, Бекетай мен Бесқасқа, Айғырқұм мен Балтасап қайырлы қо-нысың болсын, көп терегі қаулаған Теректі ағаңа қалсын», - деген екен дейді. Бұл сөзге Есен тоқтап, қалған жер шеркеш және басқа руларға қал-ған көрінеді.Әр кезде халық аузынан тараған шеркеш руы жайлы әңгіме мен аңыз өте көп. Жандәулет би: «Шеркеш, тү-йеге өркеш, Қазанға қап, қамшыға сап. Елге қорған, Қап тауын да алған, Ерлік, батырлық Жанарыстан қалған», - депті. Себебі, арғы Шеркеш атамыз Жанарыс батырдың үлкен ұлы бол-ған. Қазақ елінің барлық тарихы сияқ-ты, бұл ру жайлы қазақ арасындағы әңгімелер тек ауызша тараған.Дегенмен басқа ру-тайпаларға қарағанда шеркеш жөнінде мәлімет Мысыр, армян, Грузия, Византия, орыс, басқа да Еуропа елдерінің тарихи жаз-баларында жиі кездеседі. Қазақ хал-қының тарихын дұрыс білмейтін, тіп-ті оқып-білгісі келмейтін кейбіреулер ол деректерді «тау шеркештері» деп айта салады.Шеркештер қазіргі Қазақстан же-рін XII-XIII ғасырлардан кейін мекен-деген, ал солтүстік Кавказда IX ғасыр-дың өзінде жалпы қазақ (касоги) елі атымен шеркеш және алшын тайпа-сының басқа да рулары мекендеген. (Карта России IX века с окрестными странами находится в Репринтном воспроизведении издания пятого Н.М.Карамзина История государства Российского, стр.108-109 книга первая).Қазіргі тау черкестері 1989 жылы халық санағы бойынша өсе-өсе кел-генде бар болғаны тек 51 мың адамға жетіп отыр, олар адыгей халқының бір бөлігі, түркі тектес халыққа жатпайты-ны сөзсіз. «Олардың «черкес» аталуы – басшылары алшын тайпасынан шық-қан шеркештер болғандықтан» дейді Гумилев. Тарихта көп халық өздері бағынған хандардың, атақты қолбас-шылардың есімімен (мысалы, өзбек, ноғай, т.б.) аталып кеткені белгілі.Татар халқының белгілі тарихшы-сы Будаев Н.М. «Очерки политичес-кой истории народов Северного Кавказа в XVI-XX вв.» атты еңбегінің VIII бөлімінде («Происхождение этно-нима черкес») былай деп тұжырым-дайды: «Совершенно очевидно, что в этногенезе кабардинцев приняло учас-тие тюркское племя черкесов (запад-ные казахи), которые впоследствии и стали феодалами кабардинцев».Осы тұжырымды 2007 жылы Москваның «Олма медиагрупп» бас-пасынан шыққан «Большая энцикло-педия народов» кітабының адыги хал-қы жөніндегі (24-25 беттер) деректері де қайталайды: «В 19 в. в бассейне рр. Большой и Малый Зеленчуки на-чала формироваться третья террито-риальная группа адыгов; ее этничес-кую основу составили мигрировав-шие сюда кабардинцы и выходцы из западно-адыгской (адыгейской) груп-пы бесленей. В советский период эта часть адыгов получила официальное наименование черкесы».Жер жүзі халықтары жөнінде жа-зылған бұл үлкен энциклопедияда черкес деген халық жөнінде ешқан-дай дерек жоқ. Ал энциклопедияның 217-бетінде қазақ халқы жөнінде жаз-ған кезде черкестер қазақ халқының құрамындағы тайпалардың бірі бо-лып көрсетілген. 1996 жылы «Жеті жарғы» баспа-сынан жарық көрген «Алаш ардагері» кітабында Санкт-Петербург универси-тетін бітірген тұңғыш қазақ құқық ма-гистрі Жақып Ақбаевтың «Қазақ хал-қының шығу тегі туралы» 1927 жылғы баяндамасы жарияланды. «Тарихшы Геродоттың (Х.Т. дейінгі (Христос ту-ғанға дейінгі, яғни қазіргі күнтізбе бо-йынша – DK) 5 ғасыр) «Алазондары», Х.Т. кейінгі бірінші ғасырдағы Плиний-дің «Азоқтары» (азақтар), Святослав (966) пен Мстиславтың (1022) «Косог-тары», Никон жылнамасындағы (1223) «Касахтар», Византия императоры Константин Профирородный мен парсы ақыны Фирдоусидің «Казахия-сы» және Алшын-қазақтар мен 15-ға-сырдағы қазақтар арасындағы гене-тикалық байланыс пен ұқсастықты анықтай келіп, қырғыз-қазақ тарихы жөніндегі материалдар» деген еңбек-тің авторы – тарихшы Тынышбаев мұ-қият іріктеп алынған тарихи материал-дардың негізінде: Алазан, Алшын жә-не қазақ дегеніміз бір, Алазан (Алшын) Х.Т. дейін кеш дегенде бірінші ғасырда Азов теңізінің жағасына, Донның арғы бетінде және Европалық Ресейдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы далаға, ал содан соң Қара теңіз бен Азов теңізінің және Кавказ таулары-ның солтүстігіне таман қоныстанған болуға тиіс деген қорытындыға келеді» дейді бұл баяндамада.Жоғарыда айтылғанындай, тарих-шы Тынышбаев «алазон» сөзін қазақ-тың Алшын руына балаған, оған шы-ғатын байырғы рулар черкеш пен бе-рішті көршілері «қазақтар» деп атаған.Қазақ халқының құрамына кіретін түрік тайпаларынан қаңлылар мен алшындар ең жауынгер болып сана-лады, ал Алшын тармағынан черкес-тер ержүректіктің, жауынгерлік ерлік-тің, ізгіліктің, туралықтың, тазалықтың белгісі болып табылады.Кіші ордада – Кіші жүзде Алшын-дар арасында байұлылықтар бірінші орында болды, басқаларынан бұрын «қазақ» деген атпен атты әскер отряд-тары мен әскер шығарған атақты чер-кестер солардың құрамына кіреді.«Руське сыймағандар» XVII-ғасыр-дың аяғы мен XVIII-ғасырдың бас кезін-де көршілері – Алшындардан (Черкес-терден) ержүрек, қайтпас қайсар, ай-бынды да еркін атты кавалерияның бейнесі болған «қазақ» деген сөзді қа-былдап, «казак» деген атпен Донда, Еділде (Волга) және Жайықта (Яик) ер-кін әрі наразы казактардың ірі, еркін қауымдарын құрды.Карамзинның айтуынша, Курск гу-берниясының Рыльск уезі Ахматовка селосының тұрғындары 13 ғасырда «қазақтар» деп аталған черкестер бол-ған; түріктер мен берендейлер «чер-кестер» деп аталған және «қазақтар» да солай; косогтар да черкестер, Х ға-сырда олардың елі «Қазақия» деп аталған: олар Қара теңіз бен Каспий теңізі аралығын мекендеген.Карамзиннің айтуынша, оның за-манында осетиндер черкестерді «қа-зақтар» деп атаған. Семенов-Тянь-Шаньскийдің айтуынша, черкес рула-рының бірінен қылыш руы таратылады. Эверстің айтуынша, Черкасының негі-зін черкестер қалаған, ал Кавказ черкес-тері мен қазақтарда Қылыш деген ру бар: екеуі де «қазақтар» деп аталады.Египетте Бержұлы әулетінен кейін «черкес» руына туыс мамлюктер болған.Будагов (сөздігі) бойынша, Тобыл татарларының тілінде Берж – мықты, қайыспайтын деген сөз, ал казақша «беріш» - дененің беріштеніп қатуы. Беріш және черкеш атаулары Алтайда да, Оңтүстік-Орыс даласында да, тіпті Египетте де кездеседі.Келтірілген дәйек сөздерден черкес-тердің бұрыннан «казақтар» деп және керісінше атала бастағаны көрінеді. Барлық түрік халықтары мен тайпала-рында черкестер батылдық, ержүрек-тік, туралық, адалдық нышаны болып табылады; айбынды жауынгерлер – «қа-зақтар» деп аталатын салт атты шабан-доздар олардың арасынан басқа тай-палардан гөрі ертерек шыққан.Геродот заманында (Х.Т. дейінгі V ға-сыр) Днепрдің төменгі ағысында Ализон немесе Алазон тайпасы мекендеген.Елизаветполь губерниясында, Кура өзенінің жоғарғы ағысында, қазіргі уа-қытта «қазақ» тайпасы тұрады және олар мекендеген жер қазақ уезі деп аталады. Олардың тілі – таза түркі тілі. Уездік Қазақ (немесе Акстафы) қаласының сол-түстігінде 50-60 шақырымдай жерде Алазан өзені ағып жатыр.Кезінде Кавказ Еуропаға қақпа қыз-метін атқарған кезде, Кавказ бен Оңтүс-тік және Оңтүстік-шығыс Ресейдің өз жерін азиялық басқыншылардан (Аттила, Шыңғыс хан ұрпақтары, Темірлан және т.б.) қорғау үшін күзетші атты әскер қой-ғанына күмән жоқ. Тарихи деректер мен Қазақ уезінің географиялық жағдайы мені Қазақ уезінің халқы кезінде ата-бабалары қазақтар – атты әскер ретін-де әскери қызмет атқарған черкестер-ден шығуы мүмкін деген ойға жетелей-ді.2007 жылы Москвадағы «Яуза» бас-пасында шыққан «Казачества: нация или сословие» деген кітабында Валерий Никитин былай дейді: «Известный ис-торик Н.Маркевич (О казаках. М., 1847 г.) держится мнения, что казаки взяли свое имя от торков и берендеев, иначе называвщихся черкассами-наименова-нием тождественным слова «казак».Аналогичное суждение имеет и донской историк В. Пудавов, когда он говорит, что «...черкасы назывались ка-заками, а казаки черкасами, а те другие хозарами» (В.Пудавов. История Войска Донского и страобытность начал каза-чества. Новочеркасск, 1861 г.). Историк XVII века Гробянка, а за ним и генерал А.И.Ригельман наименование «казак» воспроизводят от хозар (Ригельман А.И. История о донских казаках. М., 1846 г.). Кубанский историк профессор Щербина устанавливает тюркское происхожде-ние слова «казак». Наконец, историк Броневский воспроизводит имя «казак» от страны Казахии, населенной касога-ми (Броневский. История Донского Войска. Новочеркасск, 1834 г.). Однако разные народы, которым приходилось встречаться с нашими предками, выго-варивали и писали его неодинаково.Земля Касак вместе со столицей Тмутараканью (Томаторканью) еще пол-тора века оставалась независимым госу-дарством. Она явилась родоначальни-цей современного Донского Казачества, которое, в свою очередь, стало родона-чальником других казачьих Войск (Си-бирских, Яицких или Уральских, Гребен-ских, Волжских, Терских, семейных, некрасовских), за исключением нынеш-них кубанских черноморцев, потомков запорожцев. Жители же центральной степной части государства, занятой по-ловцами, отошли в лесостепь и продол-жали бороться против них сообща с Русью в качестве ее федератов черных клобуков, которые получили у русов название по внешнему виду-черным войлочным шапкам. В Московском ле-тописном своде XV века дается поясне-ние, датированое 1152 годом: «Все чер-ные клобуки еже зовутся черкасы».«Смешение казахов (черкасов) кав-казских с киргизами повело к образова-нию особой киргизо-казацкой народ-ности, особого народного организма», утверждает Выкадоров в своем истори-ческим труде «История Казачества». Т.Лапинский считал черкесов без-говорочно тюркским племенем, раст-ворившимся в адыгской среде и дурно на нее влияющим. Что этноним черкес связан только с тюркским племенами, придерживаю-тся своих трудах Н.М.Карамзин, Н.И.Березин, П.П.Иванов, И.А.Самческий, Н.А.Аристов, К.Я.Грот, Д.Иловайский, М.Г.Волков, И.Ф.Бламберг, Л.Я.Люлье, Г.Ю.Кларпот, В.В.Похебкин, У.Байрамуков, Г.Д.Чеснокова, И.Х.Калмыков, В.В.Радлов который пишет: «Шеркес - подразделение казак-киргизов Малой орды, племени алачин». У.Байрамуков: «На наш взгляд, адыгоязычного черкеского этноса не было никогда, нет его и сейчас, Если имеется в виду население, живущее в КЧР и пишущиеся сейчас «черкесами», то исторические документальные источ-ники утверждают, что беглые кабардин-цы, часть бесленеевцев и абазин нашед-шие приют на Кубани, названны этим этническим термином после установ-ления Советской власти в 20-30 гг. Об этом пишут проф. В.Б.Виноградов, Г.Д.Чеснокова.И.Х.Калмыков: «За годы Советской власти различные адыгские этнические группы в Карачаево-Черкесии сложи-лись в самостоятельную «черкескую» народность, имеющую свой язык... Современная «черкеская» народность сформировалась в ХХ». Далее Н.М.Будаев пишет: «Сумми-руя эти факты, совершенно очевидно, что в этногенезе кабардинцев приняло участие тюркское племя черкесов (за-падные казахи), которые впоследствии и стали феодалами кабардинцев».Байұзақ Албани «Мұхаммед Хайдар Дулати» (Алматы, 2000 жыл,) атты кіта-бының «Мәмлүк түріктер» эссесінде: «Неге мамалық, мәмлүк аталады? Қай түріктер? Мысырдағы өзге Кавказ халық-тары дегенге жататын черкес – шеркеш емес пе?» деп сауал қояды. Оған өзі «Черкес пен шеркеш – бір ел, бір халық», қазақ құрамында шеркеш елі бүгінге дейін атауын жойған жоқ. Бұлар Қавказдағы жері Қазахия аталған касогтардың тұқымы» деп жауап қайтарады. Содан кейін 1382 жылдың 1517 жыл-ға дейін Мысыр елін басқарған Мамлүк Боржы немесе шеркеш тұқымдарының есімдерін келтіреді.
Мәмлүк Боржы немесе Шеркеш тұқымдары
Заһир Сайф ад-дин Барқұқ
1382-99Насыр ад-дин Фараджы
1399-1405Мнсұр Изз ад-дин Әбул-Әзіз
1405-06 Насыр ад-дин Фараджы (2-қайыра)
1406-12Әділ Мұсайын (Аббас әулетінің халифы)
1412Мұнайнад Шейх
1412-21Мұзаффар Ахмед
1421Заһир Сайф ад-дин Татар
1421Салх-Насыр ад-дин Мұхаммед
1421-22Ашраф Сайф ад-дин Барысбей
1422-38Әзіз Жамал ад-дин Жүсіп
1438Заһир Сайф ад-дин Шақпақ (Чахмак)
1438-53Мансұр Фахр ад-дин Осман
1453Ашраф Сайф ад-дин Инал
1453-61Мұйнад Шихаб ад-дин Ахмет
1461Заһир Сайф ад-дин Құшқадам
1461-67Заһир Сайф ад-дин Белбей
1467Заһир Темірбұға
1467-68Ашраф Сайф ад-дин Қайтбай
1468-96Насыр Мұхаммед
1496-98Захир Қансұқ
1498-99Ашраф Жанболат
1499-1501Ашраф Қансұқ Гури
1501-16Ашраф Тұманбей
1516-17 Байқап қарасақ, мұндай есімдер қазір де қазақтардың ішінде жиі кездеседі.
1468-1996 жылға дейін Мысыр елінің сұл-таны шеркеш Қайтпайдың Қайыр қаласында салдырған мешітінің, Александрия қаласында салдырған әскери-теңіз қамалының суреттері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы-ның Құрылтайшылығымен шығатын «Иман» журналының 2008 жылғы 4-ші және 6-ші сан-дарының мұқабасында жарық көрді.Қазақ халқынан шыққан текті қолбасшы-лар, көсемдер Мысыр елін 1382-1517 жылға дейін 135 жыл басқаруы ата-тегіміздің мықты-лығын көрсетеді.Шығыстанушы, 1995-1999 жылдар аралы-ғында Мысыр Араб Республикасында ұзақ мерзімді ғылыми іс-сапармен болған ғалым, 2005 жылдан Қазақстан Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы Бақытты Батырша-ұлының 2005 жылы шыққан «Мысыр Мәмлүк мемлекетінің Дешті-Қыпшақпен байланыстары. XIII-XV ғ.ғ.» атты кітабының 143-бетінде: «Мәм-лүктердің этникалық тегін анықтауға арналған зерттеулердің нәтижесінде төмендегідей қоры-тынды жасауға болады. Біріншіден, қыпшақ мәмлүктері өзінің этникалық тегі жағынан қазақ халқымен бір. Оған орта ғасыр араб жазба деректерінде келтірілген көптеген деректер дәлел бола алады. Екіншіден, шеркеш мәмлүк-терінің этникалық, тілдік, рухани-мәдени, антропонимдік, салт-дәстүрлік, әдет-ғұрыптық ерекшеліктерін хабарлайтын орта ғасыр араб жазба дерек көздерінде келтірілген көптеген деректі зерттеу нәтижесінде олардың, яғни шеркеш мәмлүктерінің қыпшақтармен этника-лық бірлігі дәлелденді. Сонымен, мәмлүк заманындағы шеркештерді қазіргі қазақ өңір-лерін ертеден мекен еткен шеркеш руымен тікелей байланыстыруға негіз бар деп қорытуға болады». Осы кітаптың 278-бетінде «Сонымен бірге мәмлүктердің этни-калық тиесілігін зерттеу барысында «шеркеш» мәмлүктеріне қатысты көп-теген деректі терең қарастыру нәтиже-сінде олардың тегі түркі-қыпшақ екен-дігі анықталады. Әлемдік тарихнамада оларды «Қауқаз черкестерімен» шатас-тырудың салдарынан бұл пікір ғылы-ми ортада біршама қалыптасып қалға-нына қарамастан, олардың қазіргі қа-зақ халқының шеркештері екендігін дәйекті дәлелдеу мақсатында біз тағы да сол заманның араб жазба ескерт-кіштерін терең зерттеуді қолға алуы-мызды қажет етері сөзсіз.» Осы мәселені тиянақты зерттеп, жа-зу тарихшылардың үлкен міндеті деп ойлаймын. Бұл деректер белгілі лингвист С.Аманжоловтың: «Бұл жерде сөз да-ғыстандық шеркештер туралы болып отыр деген» тұжырымдамасын жоққа шығаратыны сөзсіз. Византияның Х ғасырдағы импера-торы Константин Порфирородный, орыс-тың ұлы тарихшылары Н.М.Карамзин, Л.Н.Гумилев, қазақтың тарихшысы М.Тынышбаев, арғын Жақып Ақбаев, Байұзақ Албани, Батыршаұлы Бақытты, бүкіл россиялық казачий атаман – Валерий Никитин, Д.Иловайский, Н.И.Березин, П.П.Иванов, И.А.Самческий, М.Г.Волков, И.Ф.Бламберг, Л.Я.Люльс, Г.Ю.Гларнот, Т.Лапинский, Н.М.Будаев тағы да басқа көптеген авторлар пікірі бір жерден то-ғысады. Бұл жөнінде те-рең оқығысы келген адам ғаламтордан біздің «Қазақ шеркеш ұлысы жөнінде бір-жар сөз» мақаламызды оқыса бо-лады. Ол жө-нінде «Ана тілі» газетінің 2008 жылғы 7 тамызындағы №32 және «Орал өңірі» газетінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі №107 сандарында мақа-ла шықты. Біздің тегіміздегі аңыз-әңгіме бо-йынша арғы шеркеш атамыз Жаңарыс-тың үлкен баласы деп айтылуы расқа келетін сияқты, себебі, ол кісінің өмір сүрген заманы ең кемінде 20 ғасырдан бір де кем емес оқиға.Себебі, бұл аңыздың жалғасы бы-лай деп атадан атаға айтылған: Арғы Шеркеш атамыз қайтыс боларда ұрпақ-тарына былай деп айтып кеткен екен: «Бірнеше ғасырдан кейін тағы да бір бала дүниеге келеді, ол шеркештің те-гін күшейтіп, жаңартады, сондықтан сол дүниеге келген балаға менің атым-ды қайталап Шеркеш қоярсыңдар, се-бебі ол жігіттің өзі мен ұрпақтары шер-кештің абыройын одан сайын өсіреді. «Оны қалай білеміз?» - дегенде, түп атамыз былай деп жауап беріпті: «Ол сәби дүниеге келерде періште әкесіне бірнеше рет аян береді. Соны әкесі мен бүкіл халық мойындап, орындау керек деген екен»».Өкінішке орай, біздің аталарымыз айтуын-айтқанмен, шеркеш ұрпақтары-ның дамуын соңғы Шеркеш атамыз деп бастайды, ол мүлдем дұрыс емес.Бірақ та арғы атадан бастайық де-сек, қолымызда жазбалы түрде қалған материал жоқ, соның салдарынан тегі-мізді атай бастағанда 17-22 атамен шек-телеміз.Дұрыстығына келетін болсақ, арғы атамыз Шеркешке дейін ең кемінде 50-60 атаның есімін білмейтініміз сөзсіз.Татар халқының жазушысы Будаев «Шеркештер кімдер» деген еңбегінде шеркештердің тегі, тұрған жерлері, тұр-мысы, тарихта қосқан үлесін атай келіп, олар түркі тайпасының әсіресе Батыс қазақтарының ірі бөлігі, олар орта ға-сырлар кезінде Россия мен Украина-ның оңтүстігінде үлкен ықпалға ие бол-ды деп атайды.Сол сөзді 2007 жылы шыққан «Боль-шая энциклопедия народов мира» қа-зақ жөнінде келтірілген материал түгел-дей қолдайды.Ұлан-байтақ Еуразияның әр тарапы-нан табылған түрік жазба ескерткіште-ріндегі бабаларымыздың байырғы әліп биі өзіндік дәстүрлі ұқсастықтарымен таң қалдырады.Шеркештің таңбасы Бақан «Ұ» көне түркі сына жазуының «Ш» әрпін белгі-лейді, бұның өзі шеркештің өзі көне тү-рік халқының ішінде болған тайпа екен-дігін, және өзімен бірге көне түрік жазу-ларын Шығыс Еуропаға алып келген-дердің бірі болатындығын көрсетеді.«Шеркеш» – деген сөз атам Бірман-ның айтуы бойынша батыр, қолбасшы дейтін еді, бірақ жазулы түрде ол сөзді қолдайтын деректер кездестіре алмай жүргенмін.Сонымен қатар өзі атадан қалған төрт жол шумағын айтатын еді:Қойыс пен Дербіс серт еткен,Серт еткен жауын мерт еткен.Шеркештен батыр көп шықты,Ол заманда ерте өткен.«Қазақ есімдері» атымен 2006 жылы «Атамұра» баспасында шыққан А.Смағұловтың энциклопедиялық анық-тамалығында «Шеркеш, көне түркі тілін-де бірінші мағынасы қыран, бүркіт; күшті, мықты; екіншіден, қолбасшы де-ген мағынаны білдіреді» деп жазыл-ған. Бұл өзі Жақып Ақбаев шеркештер жөнінде жоғарыда жазған пікірін толық қостайтын анықтама екені сөзсіз.Журналдағы тізбеде 1811 жылы хан сайлауына қатысып, қол қойған атала-рымыз Бекберген Қожамбетұлы, Лафық Байшеркешұлы, Қосым Марқабайұлы, Шағырай Жәдікұлы жөнінде ел ішінде айтылған аңыз-әңгімелерді, хаттамалы деректер болмаған соң, жазбай отыр-мын.Мен қолымдағы отызға тарта ше-жірені оқи келе түсінгенім, арғы атала-рымыздың атауы және соңғы 15-20 ата-мыздың есімі дұрыс болса керек. Ал екі ортада көп аталардың аты сақталмаған.Мысалы, мен Шеркештің Қойыс тайпасының Сүйініш бөліміненмін. Әкем Шайдолла бірінші ата деп санағанда, Сүйініш – 10, Қойыс – 11, Шеркеш – 13 ата болады. Бір аталық шамамен 33 жыл деп есептелгенде, 13 ата – шамамен 450 жыл, ол әрі кеткенде 1500-15550 жылдар, бұл санау дұрыс емес деп ойлаймын.Менің ойымша, шежіреде Сүйініш атамызға дейін тізім дұрыс болар, әр жағында кем дегенде Қойыс пен соңғы Шеркеш атамыздың өзіне дейін ең ке-мінде 7-10 атаның есімі жоқ, ал арғы атамыз Шеркешке дейін кемінде 50-60 атаның атын білмейміз деп ойлаймын. Себебі, шеркештер жөнінде Константин VII Баграняродныйдан қалған, орыс та-рихында келтірілген деректерге сүйене-тін болсақ шеркеш ру болу үшін, қанша адам өсу керек, ең кемінде 10 ғасыр керек болатыны сөзсіз.Осы айтылған мәселе қазақ халқы-ның құрамына кіретін көптеген басқа тайпалардың да ата-тегіне қатысты, оның түбіне жету мүмкін емес.Мәселе рушылдықта иә болмаса жікке бөлінуде емес, әр адам өзінің шыққан тегін біліп, бала-шағасына ай-тып, қазақ халқының болашағына, эко-номикасына, мәдениетіне, абырой-ата-ғы өсуіне өз үлесін қосқан азамат пен азаматшаларды құрметтей білсе, сөзсіз ондай кісілер көбейе түсіп, сол себеп-тен мемлекетіміздің өркендеуі жылдам-дай түсер еді.Осы мақалада келтірілген фактілер, айтылған деректер нақты кітаптардың бетінен алынған материалдар.Сол себептен осы мақаланы оқы-ған азамат, азаматша өздері шыққан тегін, ел арасындағы хаттамалы тара-тылған әңгімелерін ортаға салғаны дұрыс болар еді.