– Мендей мәрт Құдайға жомарт-тық қана жарасады. Сүйіншіңе атаға-ным болсын. Ақырдың соңында шы-ғатын досым Мұхамбеттің нұры осы ұлыңның белінен тарайды, - депті.
Осыдан бастап ел ішінде біреудің шаңырағында қуаныш болса, ол жұрт-пен бөлісіп сүйінші сұрайды. Ел-жұрт та оның қуанышымен бөлісіп, байғазы береді екен.
Бұл үрдіс барлық пайғамбардың тұсында жалғасып отырған. Исламда да осыған орай мынадай аңыз бар.
Сахабалардың бірі Әбу-Лақапты түсінде көріп, оның жағдайын сұрап-ты.
– Жағдайымның несін сұрайсың? Ұлық пайғамбардың жақын ағасы бол-сам да, Алланың рақметінен мақұрым қалдым. Мені қара басты. Алланың досымен дұшпандасып, оған зарар бердім. Ақырында Құдайдың қаһары-на ұшырап, жаһаннамға түстім, - дейді. – Бірақ соның өзінде Алла маған екі түрлі жеңілдік жасады. Ол менде ғана бар. Біріншісі: дүйсенбінің түнінде мені азаптау толық тоқтайды. Екіншісі: сол күні шаһадат бармағымды сорсам, одан салқын су шығады. Шөлімді қан-дырып рақаттанамын.
– Не себептен олай? - деп сұрай-ды сахаба.
– Мұхамбет пайғамбар дүйсенбі күні түнде туды. Менің күңім бұл ха-барды айтып, менен сүйінші сұрады. Сол жолы шын қуанып, күңімді құл-дықтан азат еттім. Соның құрметіне Алла мені бір күн азаптан босатады. Сосын күңіме:
– Үйдегі шұбатты алып, Әминаға апар. Күш-қуаты сарқылып, әлсіреп жатқан болар. Шұбат ішіп, әл жина-сын. Омырауына құнар бітсін, - деп едім. Соның шарапатынан болар, дүй-сенбіде бармағымды сорсам, шұбат шығады. Жаным жай табады, - депті.
Сахаба ертесіне көрген түсін пайғамбарға айтып береді. Сонда пайғамбар:
– Бұдан былай кез келген қуа-нышты сүйіншілеңдер, сүйінші сұра-ған кісіні құр қол қайтармаңдар. Ша-маларың жетсе, сыйлық беріңдер, - депті.