Тайшетте қалған Аманша

Айболат ҚҰРЫМБАЕВ,
Ресей Өлкетанушылар
одағының мүшесі

ХХ ғасырдың 30-50 жылдары тек қазақ емес, бұрынғы КСРО құрамына кірген мемлекеттердің тарихына да «үлкен террор дәуірі» деген атау берсе болады. Бұл сталиндік репрессия машинасының толық қуатында жұмыс істеген кезі еді. Мұны Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да бастан кешірді. Саяси репрессия жылдарында облыста 5 мың адам сталиндік тоталитаризм қармағына ілікті. Оның 1300-і ату жазасына кесілді. Бөкей Ордасынан да 100-ден астам адам құрбан болды. Солардың бірі – менің әкем Шамұраттың нағашы жұрты – Шақаев (Бекқожин) Аманша атам. 

Аманшаның руы мырза қожа болады. Біреу білер, біреу білмес, Қаракөл-Шоңайда, Тұзқала (Влади-мировка-Ахтубинск) жақта, Моло-дость разъезі (Салықбай казармасы) тұсында, бұрын Хайроллин Баконай отырған жерден оңтүстікке қарай екі-үш шақырым жерде «Шақайдың үйі» болыпты. Бұрынғы көп бөлмелі үйдің орны қазір үлкен төмпеге айналған. Ел аузында:
«Шақай бай ақшасы көп,
Күләнді алған,
Жеріне ақшаменен кірән*
салған»,
- деген сөз бар (*-шекара-граница-А.Қ.). Сол атақты бай Шақайдың Аманғали, Аманша есімді екі ұлы бол-ған. Аманшаның қызы Зиннат (Зейнеп), Зейнептің қызы Мәуеш — менің әжем. Қазір 65-інші разъезде тұрады. «Әкем-ді 1937 жылы тұткындап, итжеккенге жіберіпті, сол жақтан кайтпады. Сүйе-гі қайда екенін білмеймін», - дейді ол.
2005 жылы ¥лттық Қауіпсіздік Комитетінен атамның ісімен танысуға рұқсат сұрадым. Енді ондағы матери-алдардан білгенім туралы баяндайын.
Шақайұлы Аманша туралы қыл-мыстық істің сыртына «Шақаев» деп жазылғанымен, құжат бойынша ол Бекқожин, яғни атасының атағында болған екен. 1871 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы, Шоңай ауылында дүниеге келіпті. Тұтқынға алынған кезде Сталинград облысы, Каганович ауданы, Кислов хуторында тұрған. 1917 жылға дейін шаруашылығында 150 жылқы, 5 түйе, 70 сиыр, 250 қой, 70 га егіндік, 150 га шабындық жері, 5 орағы, 10 бұлығы (плуг), 15 маусымдық және 5 тұрақты жұмысшысы, 6 киіз, 1 ағаш үйі бол-ған. 1929 жылы кәмпескеге (конфис-кацияға) ілігіпті. 1930 жылы халық соты астық және тұқым дайындауды орындамағаны үшін 7 жылға соттап (жер аударып), дауыс беру құқығы-нан айырған. Сол уақытта қолында мамасы Балсекер (Шақай Бекқожа-ұлының кемпірі), әйелдері Хабиба, Күлімай, Күлу, баласы Әбдірахман, кыздары Зейнеп (менің карт әжем), Татьяна (Тәтәш, Ресейдің Палласовка стансасында тұрды) болған.
1927 жылы Алматы қаласынан Аманшаға әйгілі қоғам қайраткері, ұлт зиялысы Ғабдолкәкім Бөкейханов келіп кездесіп, аң аулауға (қасқырға) шығады. Ғабдолкәкім Бөкейхановтың Шоңайға 1927 жылы келгені туралы қызы Фатима Бөкейханованың естелі-гінде де бар. («Страницы трагических судеб. Все его любили и уважали». Алматы - 2002. 64-65 беттер). Осы кісімен кездескені Аманшаның ісінде және қаулы шығарғанда теріс ықпал етеді. («Ғабдолкәкім Бөкейханов троцкийшілдер үйірмесін құрып, Аманша соның мүшесі болды» деген айып тағылады).
Жер аударылған Аманша атам Ахтуба өзенінен көпір салу, Саратов-Астрахан темір жолын салу жұмыста-рына қатысып, Астрахан облысының Сейітов, Қоянды ауылдарында, Тамбов облысында, Төменгі Баскұншақта, Қарабайлыда жұмыс істеген. 1931 жылы айдаудан оралған атамды Қазбеков Шаңгерей №67 жылқы за-уытына орналастырғысы келген екен, бірақ ойы іске аспапты.
1937 жылы тамыз айында Төменгі Басқұншақта жұмыс істеп жүрген Аманша атам аудандық атқа-ру комитетінің екінші хатшысы Жұмағалиев, ауылдық кеңес төраға-сының орынбасары Ғайсин Ғимат, Ізбасаров, Үмбетов Шағи өткізген жи-налысқа қатынасып, Кеңес үкіметі құр-ған колхоздардың өзі-өзін ақтамай жатқанын, сол бұрынғыдай әркім өзі (единоличник) істеу керек екенін ай-тады. Бұл сөздері кейін істе «колхоз мүшелері арасында Кеңес үкіметіне қарсы үгіт (агитация) жүргізген» деп айып тағылуына себепші болады. Сол уақытта атамның шаруашылығында 30 жылқы, 20 сиыр, 50 қой, жалдама-лы 3 жұмысшы және саманнан тұрғы-зылған 1 үйі болған екен. Аманша ата 1937 жылдың 5 қазанында Орда ауданынын НКВД бөлімі бастығы Г.Б.Зотовтың бұйрығымен қайта тұт-қынға алынады. Жиналыста айтқан сөздерін жеткізген төрт куәгердің көр-сетуімен 12 қазан 1937 жылы өкім (постановление) шығарылады. Айып-тауда былай деп жазылған: «Шақаев-тың қылмыстық істері, яғни Орда ауылындағы контрреволюциялық троцкийшілдер ұйымымен байланы-сы РСФСР Қылмыстық заңының 58 бабының 10 тармағының 1 бөліміне сай келеді».
1937 жылғы 20 қазанда Батыс Қазақстан облысының НКВД баскар-масының «үштік» (хатшысы Қабанов) отырысының №10 шешімімен Шақаев Аманша 10 жылға бас бостандығынан айырылады. (Әжелерім оған ату жа-засын берді деп жүр). Жауаптау (доп-рос) хаттамасында атам айткан сөз-дерін мойындап, бірақ та өзін кінәлі деп есептемеген. Өкінішке орай, істе тұтқынның қай еңбекпен түзету лаге-ріне жіберілгені айтылмапты.
Істі қарай отырып, «16.11.1940 г. начальнику ИТЛ Тайшет Иркутской области» деген бір жапырақ қағаз кө-зіме түсті. Бұл атамның үштіктің шеші-мімен келіспей, Батыс Қазақстан облы-сының прокурорына жазған наразы-лығына орай прокурордың істі қарап: «Шешім дүрыс, өзгертусіз қалдырыл-сын» деген жауабын шағым иесіне жеткізу үшін жолданған қағазы екен. Яғни, атам Тайшет лагерінде 1940 жылға дейін тірі болған.
Сол қағаздағы мәліметті алып, Ресейдегі Иркутск қаласындағы ФСБ-ға хат жаздым, Олардан келген жауап-та атамның 26.11.1937ж. айдаумен (этаппен) Иркутск облысындағы Тайшетлагына келгені, 05.12.1942ж. Тайшетлагына қарасты Невель учас-кесіндегі лазаретте араласкан авита-миноздан қайтыс болғаны, 06.12.1942ж. Тайшетлагына қарасты Невель учас-кесінде №0-5 моласына жерленгені көрсетіліпті. Сондай-ақ, 30-40 және 50-ші жылдардың басында орын ал-ған қуғын-сүргінге ұшырағандарға байланысты әділдікті орнатуға косым-ша шара алу туралы іс ҚСРО Жоғарғы Кеңесі президиумының 1989 жылғы 16 қаңтардағы бұйрығына сай № 17-р істі қайта қараған. Орал облысы про-куратурасы 1989 жылы 31 наурызда Аманша Шақаевты толық ақтаған.
Ал, енді, Аманша атамның үш әйе-лі болғанын (Хабиба, Күлу, Күлмай) жоғарыда келтірдік. 1964 жылы қайт-қан Күлімайдан туған қызы Шақаева Татьяна Волгоград облысы Палласов-ка стансасында тұрды, 2-3 жыл бұрын дүниеден өтті. Хабибадан туған үлкен қызы Зиннат (Зейнеп) 1996 жылы қайтқан. Одан өрбіген ұрпақтар Маруа (Мәуеш) – менің әжем №65 разъез-де, Таташ (Сыралиев Сәрсенбайдың жолдасы Тойдық) Сайқын ауылында тұрады. Ресейдің Эльтон стансасын-да тұрған Таупих қайтыс болды, Капустин-Ярда – Күнсулу (Күнәш), Дәмеш, Молотовта – Айжамал, Савинкада – Кашет тұрып жатыр. Аманғали атамыздың екі кемпірінің үлкенінен (атын Мәруа әжем есіне түсіре алмады) үш бала болыпты. Аплатон Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, Әбухан, Меңдіхан (Старая Полтавкада тұрған). Әбуханнан үш бала қалған – Есболат (Эльтонда), Қадер (Капустин-Ярда), Ерболат. Екін-ші кемпірі Күлсімнен туған Бақош ат-ты баласы Москва қаласында тұрыпты.
Әрине, әркімнің отбасының та-рихы өзіне қымбат. Отбасы шежіресін жинайтын кісілер аз. Өкінішті-ақ. Үл-кендерден сұрап білсе, Бөкей Ордасы тарихының ақтаңдақ беттері ашыла берер еді.
Тағы бір қызық дерек: белгілі этнограф ғалым Серік Әжіғалидың «Архитектура кочевников» кітабының 564 бетінде №418 нөмірімен араб жа-зулы көне құлпытастың суреті берілген. (418. Бейит Шакай (Балкожа баласы). Эпиграфический кулпытас 1913 г.) Журналист Қазбек Құттымұратұлы-ның айтуынша, құлпытаста: «Кулли мән ғаләйһа фән, Һәзал қабір Қалмақ қисым 5-інші бөлім Хожа руғы Мырза тайфелік Аманша Шақайұғлының зау-жесі Ұлфат төре Бахыткерей Құлманов-ның қызы 23 йашынде рихлат айлады 1913 санада 15-інші сәуірде» деп жа-зылып, қожа руының таңбасы салын-ған. Яғни, бұл ескерткіш Аманша Шақайұлының әйеліне қойылғанды-ғын, Аманша белгілі Бақыткерей Құлмановқа күйеу бала екендігін көр-сетіп тұр.
Белгілі тарихшы Жәнібек Исмурзин мұрағат деректерінде Бақыткерей Құлмановтың отбасында үш қыз бол-ғандығы, үлкенінің есімі Ұлфат екендігі анық көрсетілгенін айтады.

Қаралым саны 2372

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463