– Жұлдыз Қазиқызы, өзіңіз туралы білсек. Модельдік бизнеске қалай келдіңіз? Модельдік агенттікті ашу туралы ой қайдан туындады?
– 1997 жылдан бастап «Мария» салонының ательесінде жұмысқа кір-дім. Сол кезде іштей осы жұмыстың қыр-сырын танып білдім. Алғашқыда қоймашы болып жұмыс істедім, сосын кішкене жоғарыладым, одан кейін есеп-қисап жұмыстарын жүргіздім, соның нәтижесінде кейін бас есепші болып қызмет атқардым. Жұмыс ба-рысында біз көптеген акция, әртүрлі көрсетулер, көрмелер, таныстырулар жасадық. Мекемедегі осындай мере-келік шаралар ылғи менің мойныма жүктелетін. Мен қыздарды жинап, оларды үйрететінмін. Егер қыздар үй-реніп үлгермесе, онда көзімізге түс-кен қызды, тіпті кейде көшеден де алып келіп жататын кезіміз болды. Әрине, ондай кезде өз ойлағанымыз-дай әдемі және кәсіби талаптарға сай болмай қалуы да мүмкін. Осыдан ке-йін мен қыздарды көп жаттықтыра-тын болдым. Ең басында мен қыз-дардан топ жасап алып, оларға әртүр-лі жаттығулар, стилистиканың және визаждың сабақтарын үйрете баста-дым. Бірақ, өкінішке орай, бір қызы-мыз тұрмысқа шығуы керек, екіншісі толысып кетті, үшіншісі әкесі рұқсат етпейді деген сияқты күнделікті тірші-лік қамымен құрылған топтарымыз тарап кетіп жататын. Осындай жағдай-лардан кейін қайтадан жаңа моделер іздеу керек. Міне, осыдан соң 2005 жылы заңды түрде тіркелген өзімнің модельдік агенттігімді аштым.
– Сіз өзіңіз оқытасыз ба?
– Алғашқы кезеңдерде өзім үйре-тіп жүрдім, содан кейін хореограф және жаттықтырушы керек деген ой туындады. Өйткені жаттықтыру жұ-мыстары кеште жүргізілетін, ал маған кеште жанұяммен, балаларыммен бірге болу керек. Содан кейін мен хореограф пен жаттықтырушыны жұ-мысқа қабылдадым. Соңғы уақытта модельдік сабақты Ботагөз Жанғалиева жүргізеді. Ол бізге келгенде 15 жаста болатын. Үйренді, тәжірибе жинады, ал қазір өзі қыздарды оқытып жүр.
– Модельдік агентігіне қыздар-ды қалай таңдайсыз? Олардың талғамы қандай болуы керек, неге икемді болуы қажет?
– Ішкі жан сұлулығынан басқа (әдемілік, ұзын шаш, таза тері) ең бі-рінші орынға адами қасиеттері қойы-лады. Аса шамшыл және агрессивті қыздар бізде көп тұрақтамайды, олар өздері кетіп қалады. Бұл жерге қала-тындар бізге рухы жақын жандар, былайша айтқанда: «біздің қарапа-йым қазақ қыздары», қазақи қыз тәр-биелі, ақжарқын, мәдениетті, нәзік мінезді. Бұндай жандармен жұмыс істеу біз үшін өте ыңғайлы. Бұлардан кейін басқаларымен жұмыс жасағың келмей қалады. Жұмысқа қабылдау байқауында, мен қыздарға ылғи ай-тамын: «Байқау – бұл байқау. Ол өте-ді де кетеді, ал қарым-қатынас қай кезде де қажет. Кейін байқаудан соң, бірнәрсе дұрыс жасалмаған болса, ол адамның есінде сол келеңсіз сәт қа-лады. Содықтан да кейін тек жақсы, көңілді әсер қалатындай болғаны жөн.
– Отбасы мен бизнесті қалай қа-тар алып жүресіз? Жұмысыңыз көп болса да нәзік, әдемі, сұлу қалпы-ңызды сақтайсыз. Құпияңыз неде?
– Айтарлықтай құпия жоқ. Бала-ларым менің болашаққа деген ынта-жігерімді, қызығушылығымды арт-тырады. Қандай бала болмасын өз анасының сұлу, әрі табысты болғанын қалайды. Балаларымыз да балалық шағынан ата-анасына көмектеседі.
– Кейін бір уақытта сіздің қызы-ңыз сұлулық байқауына қатысамын немесе сәнбике боламын деп жатса, келісіміңізді берер ме едіңіз?
– Мен оларға: «Сендердің алға қойған барлық мақсаттарыңды қол-даймын» деймін. Бірақ та ол мақсат еріккеннен айта салған емес, саналы түрде таңдалған болуы керек. Мыса-лы, олар «скрипкада ойнағым келе-ді» десе, мен оларға: «кейін ойнағым келмей қалды деп айтпайсыңдар» деп ескертемін. Содан кейін олар ой-ланып-ойланып, өз таңдауын әбден ақылға салады. Қазір менің балала-рым үшін алдымен денсаулық, содан кейін білім алу басты орында тұр.
– Сіздің көзқарасыңыз бойынша қазір Қазақстанда сән бизнесі қан-дай деңгейде және қай жағынан дамуы тиіс?
– Бизнес – қатты айтылған сөз (күлді). Шығыс, американдық, азия-лық үлгілері бар. Біз осылардың орта-сын ғана қамтимыз деуге болады. Қа-зір қазақстандық қыздарымызды же-тілдіру жағы қарастылып жатыр. Әри-не, қазақстандық сәншілер кез келген байқауда жеңіске жетуге қабілетті екенін білемін. Біздің кейбір қызда-рымыз Малайзияға барып оқып, он-да сән бизнесімен айналысып, әжеп-тәуір нәтижеге жеткенін айта кетуге болады.
– Жарысқа қатысушылардың іш киім немесе купальникпен шығуы, сіздің ойыңызша әдептілікке жата ма? Сіз бұған қалай қарайсыз?
– Қыздарымыз купальникпен шыққан уақытты кең түрде айтудың қажеті жоқ деп есептеймін. Бұл біздің ділімізге жатпайтын нәрсе. Мен бұны өзімше осылай түсінемін. Неге мен басқаларды мәжбүрлеуге тиіспін? Сондықтан сұлулық байқауын біздің ділімізге қарай бейімдеу қажет сияқ-ты. Сұлулық өте нәзік нәрсе, сондық-тан басынан дұрыс пікір қалыптасуы тиіс. Әйтпесе, кейін байқауға қатысу-шылардың ата-аналарынан түсінбеу-шілік жағдай болмауы үшін.
– Діліміз демекші, «Орал аруы – 2014» байқауы сіздің ұйымдасты-руыңызбен өте жоғары деңгейде өтті. Қара көйлекке сән берген ұлт-тық өрнегі бар «Мария ханым» үлгі-лерін көрсетуге шыққан қыздары-мызды демеп тұрған қазақ әнінің өзі ұлттық нақышымызды паш етті. Ұлттық үлгілерімізді пайдалану сіз-дің Отан сүйгіштігіңіз бе, әлде сән үл-гісі ме?
– Мен өзім жалпы отаншылмын, көрдіңіз бе? (Ұялы телефонының сыртқы қабындағы Қазақстан жала-уының бейнесін көрсетіп) Жұмысы-мыздың бәрі ұлттық киімдермен бай-ланысты болғасын ба, бұл бір өзінен-өзі бола қалған жағдай. Және де өмірдегі кейбір миссиямыз болар. Бұл – тәлімдік элемент. Жастарымыз өмірде әлі көп нәрсені көріп үлгерген жоқ. Олар тек еуропалық киім үлгіле-рін көреді, соларды ғана сатып ала-ды. Егер біз болмасақ, оларға қазақ киім үлгілерін кім көрсетеді? Біздің мақсатымыз – оларға ұнауы, одан жақсы әсер алуы, содан барып ұлт-тық мәдениетіміз бен дәстүрімізді бағалауы болып табылады. Егер де біз оларға ұлтымызды ардақтау керек деп міндетситін болсақ, олардан кері әсер болуы мүмкін. Сондықтан да біз оларды қыспай, қайта өз еркімен тү-сінуіне жағдай жасасақ, онда олар-дың Отанымызға, елге деген сүйіс-пеншілігі нығаяды. Мен қыздардан бірден қызығушылық байқадым. Олар ұлттық киім үлгілерінің шыны-мен де киюге ыңғайлы әрі әдемі еке-нін түсінді. Айтпақшы, пафос байқа-уында ұлттық нақыш үлгілерін пай-далануға болады екен.
– Осындай байқау ұйымдастыру қашан ойыңызға келді?
– 2005 жылы өз жұмысымды аш-қан кезде, көптеген таныстарымнан: Сіз «Орал аруы» байқауын неге өзіңіз ұйымдастырмайсыз деген пікір естіп жүрдім. Ол кезде бұл іспен басқа адамдар айналысып жүрді. Мен өзім бұл іске араласпадым. Тек өткен жы-лы ғана мен ұйымдастыру комитетіне хат жазып, өз қызметімді ұсынып кө-ріп едім, көп кешікпей олар маған ха-барласып, менің ұсынысымды жылы қабылдады. Бұл көктем уақыты, мен кішкентайлы болып жатқан кез еді. Басында қорқыныш болды. Содан кейін «жанымда маған көмектесетін адамдар бар, неге қорқамыз» деп ойладым. Бойдағы барлық үрейді ысырып тастап, бұл жұмысты атқа-рып шыға аламыз деген шешімге кел-дім. Әрине, жалғыз адам ешнәрсе өн-діре алмайды, мен айналамдағылар-ға сендім.
– Алматы қаласынан қаржылай қолдау болды ма?
– Жоқ. Қаржы жағынан болмады. Бәрі жеке қаражаттан құралды. Ақ-шалай қолдау көрсеткен тек бір ғана мекеме, ол – «Родник» ЖШС. Қалған-дары өз мүмкіндігінше, біреулері қызметпен, біреулері тауармен көмектесті. «Pram» полиграфиясы және «Postman» жарнама агенттігі баннерлар, жапсыратын қағаздар басып шығарды. «Звезда Востока» сұлулық салоны шаштарды сәндеу, бояу, маникюрлер сияқты қызмет ат-қарды. «Улановы» шаруа қожалығы гүл шоқтарын алып келді. «Destination» тіл мектебі сертификаттар табыстаса, «Queen's» академиялық фитнесі бір айға өздерінің жаттығу залдарын бе-ріп, жеңіс тұғырына жеткен қыздары-мыздың біреуіне бір айға клуб карта-сын берді. «Fitness Star» да қатысу-шыларға клуб картасын сыйлыққа тарту етті. «Gipfel» ыдыс дүкеніне «Мисс Уральск» байқауының жеңім-пазына ыдыстар жиынтығын табыс еткені үшін арнайы алғысымды біл-діремін.
– Қыздар жетістіктеріне риза ма? Аталымдар бойынша реніштер бол-ған жоқ па?
– Әрине, бар. Бір-екі қыз дұрыс бағаламадыңдар деп реніш білдірді. Бұндай дау тууы әбден мүмкін жағ-дай, өйткені 13 қызға 7 аталым. Түп-теп келгенде, жарысқа қатысушылар-дың жартысы титулсыз қалды десе де болады. Дегенмен бәріне сыйлық тарту етілді. «Beautymania» және «Акко» компаниясы («Wella», «Max Factor», «Nioxin») сауда нүктелерінен барлық байқауға қатысыушыларға сыйлықтар табыс етілді.
– «Орал аруы» туралы жеке өзіңіздің пікіріңізді білсек?
– Біздің таңдауымыз бойынша негізінде Ольга мен Роза жеңіске жет-ті, бірақ біз ең үздігін таңдаған жоқ-пыз. Әйтпегенде, бәрі үздік еді. Кері-сінше, біз болашақты ойладық, алда-ғы республикалық бәсекеге қабілетті болуын талап еттік. Модельге жақын-дығымен, түр-келбетімен Роза мен Ольга барлық қыздан ерекше.
– Осындай байқауларға бақ сы-нағысы келгенімен, жүрексінетін қыздарға қандай кеңес бересіз?
– Қорықпасын, қатыссын. Өз-өзі-ңе сенімділік бермейтін үрейден қор-қудың қажеті жоқ. Біз бедел мен адалдықты бәрінен биік қоямыз. Ата-аналарға айтарым, балаларының болашағы үшін қорқудың қажеті жоқ.
– Болашақта да осы бағытта бай-қау ұйымдастыру жоспарыңыз бар ма?
– Қазіргі жоспарым өте көп. Әр-түрлі топ адамдары арасында альтер-нативті байқаулар өткізсем бе деп едім. Әрине, бізді серіктестіктеріміз бен қала кәсіпкерлері қолдайды де-ген үлкен сенімдеміз.
– Жұлдыз Қазиқызы, әңгімеңізге рақмет! Сізге және сіздің ісіңізге табыстар тілейміз!
Сұхбаттарды жүргізген Әсем ҚАЗИЕВА
Фотосурет uralskmodels.kz