– Аға, ормандай орыстың орта-сында отырған Сізге жан-жақтан, тіпті Қазақстаннан түрлі адамдар, ғалым-дар келіп, дерек, хикая сұрайды екен. Осынша шежірені кімнен, қалай үй-рендіңіз?
– Менің көбірек білетінім – өзіміздің Кіші жүз шежіресі ғой. Бала күнімнен қарттардың арасында өстім. Көп тыңдаймын. Жастайымыздан той-жиында, садақада көп жүрдік. Бұрынғының қарттары өздері де өтірік айтпайтын, өзгеге де айтқызбайтын.
Бізде, Орынборда қазақтар көп. Қазақстанның қазақтары ұмытып қал-ған дәстүр-ғұрыптарды сақтап, қолда-нып жүреміз. Қазақтар мұнда ұйым-шыл. 35 аудан қазақ бармыз. Осы Сол-Илецк ауданында 10 мың қазақ тұра-мыз. Бір қазағымыз дүниеден өтсе, кү-зет жасап, ақсақалдар кеңесін өткізе-міз. Балаларға тарих, шежіре айтамыз. Балаларымыз қазақша жақсы біледі.
Рас, мені арнайы іздеп келушілер көп. Жақында Ақтөбеден Байдосов деген профессор келіп, Бөгенбайдың тарихына қатысты біраз дерек алды. Кейін кітап жазды. Ақтөбе қаласына Алтай батырдың көшесін әпердік. Жоңғармен соғысқан Алтай, Құттығай, Айдар, Әлмембет деген батырлар болған. Алтай батырдың руы – Ақ Кете. Әкесінің аты – Әлмәмбет. Алтай батыр орыстармен келіссөз жүргізуге Орынборға көп барады. Өте әдемі, ажарлы кісі болған. Бойы 2 метрден биік кісі екен. Өзі орысша оқыған, өте сауатты болған. Міне, сол батыр тура-лы естіген әңгімелерім кейін табылған архив құжаттарымен дәлелденіп, Ақтөбе қаласында батырға көше берілді.
Жақында Қазақстаннан келген бір топ ғалымды Әбілқайырдың әйелі Бопай ханымның моласының басына апардым. Осы жақта, Орынбор облы-сының аумағында жатыр. Ертеректе бұл жерге Әбіш Кекілбаев та келіп кетіп еді. Біз моланың орнын таптық. 12х6 өлшемді екен, ортасы бөлінбе-ген. Әрине, анығын Алла біледі, бірақ осы жерді ежелден халық «Бопайдың моласы» деп көрсетеді. Бопайдың аты «Бәтима», оны орыстар «Попай» деп кеткен. Кенесарының қызы Бопай бөлек, адайдың қызы Бопай бөлек. Бұл Бопай – адайдың қызы.
Бопайдың Әбілқайырмен танысуы да қызық. Әбілқайыр 18 жасында аң аулап жүріп құлап, аяғын сындырады. Айдалада емші жоқ. Ауыл арасы алыс. Атқа міне алмаған соң, сұлтан жолдас-тарына сынықшы іздеуді тапсырады. Нөкерлері біраз ауылға барып, Бопай-дың ауылына да соғыпты. Мән-жайды түсіндіргеннен кейін, ақсақалдар жол көрсетіп бастағанда, бір қыз: «ханза-даңызды алып келіңіз, иттің даусы жетпейтін жерге үй тіктіріңіз, мен барып өзім салармын» дейді. Ауыл-дағылар таңғалады. Бұл қыз бұрын сынық салып көрмеген адам ғой. Бірақ, айтқан жерге үй тігеді. Бопай барып, сұлтанның сынған жамбасын салып, бір айда тұрғызып, тағы бір айдан кейін атқа мінуге жаратады. Сонда Әбілқайыр Бопайға ұсыныс жасайды. Бопай жас аралығының келмейтінін, өзінің үлкен екенін айта-ды. Ақыры Әбілқайырға келісімін бе-реді. Бопай Сүйіндік Адайдың қызы екен. Мына Маңғыстаудан келіп, Адайлар мал жайлайды. Әбілқайыр Сүйіндік адайлардың өзімен бірге Ордаға баруын сұрайды. Қызбен бір-ге кетуді намыс көрген Сүйіндік адай-лар көшіп кетеді. Ал қыздың жақын-дары Ордаға көшеді. Содан қыздың соңынан еріп кеткен төркінін «жаман адай» деп атаған. Қазір «жаман адай» деген ру бар.
– Біз естіген әңгімелерде Байұлы-ның ағасы Шеркеш дейтін еді. Екінші – Ысық, үшінші – Сұлтансыйық дейтін еді. Беріш, Адай, Есентемір дегендер Байдың баласы емес, кірме дейтін еді...
– Есентемірді «қауғаға қой» дей-тіні – мал бағып жүрген кірме бала ғой. Оның аты Темір екен: Малды жақсы бағады, жылқыны бағып кетіп, олар ығып содан Темір қайтпайды. Барлық жылқышы оны күтіп, қайта оралмаған соң, үйді-үйлеріне тара-сып кетеді. Қазақта сымсыз телефон күшті ғой. Бірақ қанша іздесе де таба алмайды. Жаз ортасы ауғанда біреу «Ата, Темір келе жатыр» деп айқай-лайды. Қараса, көп жылқыны құлын-датып айдап келе жатады. Есен бе екен өзі? Есен, есен деп, «Есентемір» атап, оған қыз берген. Солай бала қы-лып алған. Беріш деген ру бар бізде. Бейбарыстың тұқымы. Берішті «бел-де келген бершімек» дейді ақсақал-дар. «Бершімек» деген іштен келген бала деген. Сосын бізде «Алтын», «Жаппас» деген рулар бар. Олар – Байдың балалары. Қазір көбі қоспай жүр. Әлімде Ожырай деген ру бар. «Ожырай кетсе орнына, Жаппас қо-нар жұртына» дейді. Ожырай Жаппастың орнына Әлімге кіріп кеткен.
...Кетеде Шернияз деген ақын болған. Баймағамбет сұлтанмен ай-тысып, жеңген. Шернияз Исатай көте-рілісіне адам жинатып, ат салысқан екен. Сол Шернияз Көтібармен айты-суға барам дегенде, Махамбет күліп-ті. Көтібардың баласы Есет – Махамбеттің құрдасы екен. Екеуі де Әлімнен болған соң, Исатай да күліп, «ағасымен айтысқысы келіп тұр ғой, жолына тұрмаңдар!» депті. Шернияз ауылынан шыға бергенде, Көтібарға інісінің айтысқалы келе жатқанын естіртеді. Шернияз ауылға түсті деген кезде, Көтібар қырынан жатып ала-ды, ол үйге амандасып кіргенде, еш-кім үндемейді. Ұйықтап жатыр ма екен деп, қатты жөтеліп оятпақшы болады. Сол кезде Көтібар: «үйге ауру адам кіріп кетіпті, шығарып жі-беріңдер», - дейді. Шернияз арнайы іздеп келгенін айтады. «Амандасуға келдің бе, әлде тіресуге келдің бе?» дегенде, «Аға, екі жағы да бар ғой» деп Шернияз жауап береді. Әңгіме-лесіп отырғанда Көтібар: «атың кім» депті. «Мені елім «Шермұханбет», «Шереке», «Шернияз» деп те атайды, 3-4 атым бар ғой», - депті. «Қазақ ат қоюға шебер ғой. Иванды орыс әкетті, Мұхамбетті өзбек әкетті, Қалиды татар алып қойды, маған ат табылмаған. Менің есімім – Көтібар. Саған қалай көп ат тауып берген?» - дейді. Сонда Шернияз: «Өз атыммен өзімді байлап тастадың-ау» дейді. Көтібар: «Атыңмен байлансаң, өз атыңды Керейге байла, жеңілгенің алып қалғаның депті. Солай жаяу қалады. Үйде Есет, Дәрібай деген ба-лам, келінім бар, сенің қатарласта-рың сонда, шай іш», - депті. Үйдегі-лер шуылдасып, Шерниязды ортаға алады. Көтібардың келіні сөзшең екен. «Атам былай айтатын, олай айтатын» деп қоймайды. Шернияз атасының атын сұрағанда, келін «Атам аты Дардай, жұртта жоқ та, өзінде бардай» деп жауап беріпті. Шернияз «мына әйелден тағы жеңіл-дім ғой» десе, келін: «жеңілсеңіз атам берген атты тастап, тай мініп кетіңіз» депті. Осылай Көтібардан бір, келінінен екі жеңіледі. Кетейін деп жатқанда, Көтібар: «ініме шапан жауып, ат мінгізіңдер. Жеңілгенін өзі біледі ғой. Жұрттың не айтқанында шаруам жоқ» деген екен. «Сен ерле-дің, менің батыр деген де атым бар ғой. Қорықпай келген екенсің», - дей-ді. Шернияз сонда атақ айдап келге-нін айтыпты. Солай еліне қайтады. Көтібар батырды орыстар Орынборға базарға келген сәтін пайдаланып, «40 өгіз айдап кеткен атты қазақ. Ұры» деп қамалға қамап тастамақ болады. Даль бастаған орыстардың бұл жос-парын бір ноғай Көтібарға жеткізеді. Қақпаға жақындай бергенде, есікті жауып тастайды. Сонда батыр аты-мен 1м 80 см дуалдан секіріп, қашып кеткен көрінеді. Орыстар қуып жете алмасын біліп, жайына қалдырған көрінеді. Көтібар жайында көп кітап бар.
Зәкіраддиннің «Дербісал» деген кітабы бар. Жағалбайлыда Дербісәл деген правитель болған. Үлкен мешіті бар Орскіде, Урпия деген жерде қойылған. Жетісайдың ар жағындағы Дербісал моласы кетелердікі. Ол – әулие, оған жұрт түнейді. Бір үйде Дербісәлдің үйіне кіріп, амандасып шығайық дегенде, қасында отырған кім ол деп таңданып сұрайды. Сөйтіп Дербісәлдің үйіне барса, кіп-кішкентай адам ортада отырады. Сол кезде әлгі білмеген жігіт мынау ма әулиең деп менсінбеген күй таныта-ды. Сол кезде әулие одан үйден шығып, қайтадан кіруін сұрайды. Жігіт үйге екінші рет кірсе, әулиенің басы төбеге жетіп отыр деседі. Қазір қазақтар басына көп түнейді. Қасын-да Шолақ молданың моласы бар. Екеуі құрдас болған, бір-бірімен қат-ты қалжыңдасатын көрінеді. «Мына төбеге мені жерлеңдер» дейтін көрі-неді әулие. Мүмкін мені қоятын шығар деп Шолақ молда екеуі әзіл-қалжың аралас таласып жүреді. Бір күні Шолақ молда қайтыс болады. Туыстары сіздің көзіңізше айтты деп сол төбеге қоймақшы болады. Бірақ сүйекті арулап жуып, жерлеуге алып жөнелгенде қалың тұман түсіп, ада-сып, Шолақ молданы басқа бір кіші төбеге жерлеген екен. Оның да мол-далығы күшті болған. Әйтпесе, әулие адаммен таласпайды ғой.
Тана Есенгелді дегеннің 12 мың жылқысы болған. Тана Бисенбай хазірет деген молда болған. Ол – өте атақты кісі. 15 жасында қой бағып жүрсе, Қарғалы немесе Татарский Каргала деген жерден Құрманғали хазірет келеді. Қаратөбеге келіп, байлардың салған мешітін көріп, баға беріп жүрген кезінде, Бисенбай қойын тастап, жүгіріп ауылға келеді. Сөзқұмар, бір айтқанды қағып алатын бала Құрманғали хазіреттің Құран оқу нақышына қызығып, есіне сақтап, бір үйге барғанда дәл солай қайталап оқып беріпті. Құрманғали бұл баланың қай молдада оқығанын сұрайды. Ағасы оқымағанын, қой бағып жүргенін айтады. Құрманғали «өзімнің ізбасарым болады, Қарғалыға апарып оқытам» деп алып кетеді. Содан 5 жыл оқып, білім нәріне сусындап, Құрманғали ауылына қайтармақ болады. Өйткені оны ноғай балалары көре алмайтын еді. Жолда белағаш сынып қалады. Құрманғали хазірет оқып, металды бір-біріне жалғайды. Бірақ бұл көргенін Бейсенбайға ешкімге айтпа деп тапсырады. Сөйтіп Бисенбай ауылға тез сіңісіп кетеді. Бәрі оны құрметтейді. Біраз жыл өткен соң, бала жүдеп, қатты ауырып қалады. Бәрі «көз тиген» деп бақсыларға қаратады, бірақ жазылмайды. Бір күні Құрманғали хазірет келеді. «Уәде қалай?» деп сұрайды. Сосын сол уәдені бұзбай, ешкімге айтпаған-дықтан қатты ауырып жатқанын сезіп, хазірет құдықтың түбіне «Құрманғали хазіреттің арбаның доңғалағын пісіргенін көрдім» деп үш рет айқайлатқызады. Таңертең бала ауруынан құлантаза айығып кетеді. Содан Бисенбай хазірет деген атағы шығады. Алашадан Кенжеғара деген правитель болды. Сол Бисенбайды бәрі мақтайды, қандай екен деп бір көруге бел байлайды. Бисенбай хазірет орташа боп киініп, аталық Кенжеғараның үйіне келеді. Кенжеғара ІІІ Николайға 40 жорға берген, 5 жыл налогта отырған, 40 болысты өзіне қаратқан орысша сауатты кісі болған. Аты – Ақшолақ. Патшаға 500 үй тіккізіп, 40 жорғаны арасынан жүргізеді де, Кенжеғарадан не көріп тұрсың деп сұрайды? Ол толқынға ұқсайтынын айтып, бәрін дұрыс суреттеумен таңғалдырған. Содан қырқыншы ақ жорға қатты шауып келіп, үстіндегі жігіт патшаға қымыз ұсынады. Бәрі қымыздың төгілмегеніне қызығады, сол кезде сізге Кенжеғара су төгілмейтін су жорға беріп тұр ғой дейді. Оның пейіліне, қонақжайлығына риза болған патша салықтан босатады және 40 жорғаны қайдан тапқанын сұрайды. Кенжеғараның 5 мың жыл-қысы бар. Соның ішіндегі атасынан қалған қара биенің құлынын жыл сайын іріктеп, патшаға тарту етіп отыр екен. Патшадан шайдың сырты-на Ақшолақ деп басуын сұрайды. Осы аталықта Тасбай деген би болады. Оның бір көзі жоқ екен, оны қыры-нан тұрғызып, шырпыға басады. Баласы екеуінің бір көзі жоқ болған-дықтан, «қос соқыр» деп халық атап кеткен көрінеді. Ақшолақ келіп жатыр дегенді естіп, амандасуға ұйғарады. Бірақ баласы барғысы келмейді. Әкесі мұнда бір шикіліктің барын сезіп, баласын Шолақ түскен үйге апарып, оны есік алдына тастайды да, өзі кіріп: «Ассалаумағалейкум, бай-билер, Ішкендерің шай-билер, Жегендерің тай-билер, Төрде отыр-ған көп билер, Егер сіздер болмаса, Мына төрді кім билер? Ортаңызға бір сәлем. Ассалаумағалейкум, қартта-рым, Амансың ба балдарым, Қалдерің қалай, достарым», - деп амандасып алады да, «Қимағанда-рың көз болса, Оны да алып таста-дым», - дейді. Сол кезде Кенжеғара «бұлай көре алмай мазақтап жүрген кім?» деп сұрайды. Сол кезде Тасбай баласын әкеледі де, «екі кісінің өзі келе жатыр, екі кісіде бір кісінің көзі келе жатыр», - дейді. Содан бір бай өзінің көре алмай сондай сөздер айт-қанын мойындайды, «Ердің құны – 1000 жылқы, әйелдің құны – 50 жыл-қы, тоқалдың құны – 25 жылқы, көз-дің құны – 10 жылқы» деп, екеуіне 20 жылқы бергізіп, шапан кигіздіреді. Осы Тасбайдың шырпыға түскен тап-қырлығына Николай риза болған. Тасбай – Алаша, Аталықтың Өтеулісі. Жанқара, Малқара, Өтеулі, Тілеулі, Кенжеғара, Байғабіл деген алтауын алты Аталық дейді. «Малқара мен Жанқара, Байғабіл мен Жанғабіл, Өтеулі мен Тілеулі, Қылыштары қай-раулы, Найзалары ұштаулы, Алаша-ның алты ұлы, Алты мың қолға тату-лы», - деп Қобыланды мақтаған ғой. Бір уақытта осы үйге Бисенбай ат басын тірейді. Бәрі амандасады, ал Ақшолақ болса, маңғазданып, қолы-ның ұшын ғана береді. Ақшолақ Бисенбайдан: «Сендерде Бисенбай деген хазірет бар дейді. Сол менен қалай?» деп сұрақ қояды. Бисенбай болса, малыңыздың көптігіне қара-сақ, сіз артықсыз, не бай боп баймен санасыңыз, не болмаса би боп бимен санасыңыз деп жауап қатады. Бір уа-қытта Бисенбай хазірет сыртқа шығып, жуынып, қайтып келіпті. Ақшолақтың Бисенғалиді бір көрсем дегеніне өзі екенін айтады. Шолақ орнынан тұ-рып, көріседі де, артықшылығы неде екенін сұрайды. Сонда хазірет: «Мені танымайтын кісі жатып бір көріседі, танитын кісі тұрып бір көріседі, бір көріскенде екі көріседі», - дейді. Со-лай бәрі Бисенбай хазіреттің сөзіне риза болады.
– Ресейдегі қазақтар ұйымшыл-мыз деп қалдыңыз. Бұл қалай бол-ды?
– Самара облысында руымен топталып жүретін қазақтар бар. Мұн-да жаз айларында Тұзтөбеге тұзға түсуге келеді. Солардың әйелдеріне қара өлең айттырсам, біздікінен бө-лек, айтысы да мүлдем басқаша. Ол жақта 40-50 үйдей қазақ бар көріне-ді. Кезінде Қазақстандағы қуғыннан қашып барып, тұрақтап қалған ғой. 1922-1932 жылдары Қазақстанда та-мақ жоқ, тіпті далада тышқан қалма-ған кезде аталарымыз Ойылдың үсті-мен Самараға қарай жол тартады. Атамыздың айтуынша, асқазандары қабысып, ештеңеге зауқы соқпай ке-ле жатқан кезде, жолда амалсыздан балаларын жеп отырған еркектерді көрген. «Әйел, байғұс, іштен шыққан баланы қанша өлгелі жатса да, жей алмайды екен. Жерде жатқан тасты қайнатып, балаларды алдап, олар ұйықтап қалғанда, қашып кететін едік. Балалардың өлімін көргіміз кел-мейтін еді», - деп еске алып отыра-тын. Сол уақытта 2,5 млн-дай қазақ қырылды ғой.
Сол жылдары менің аталарым-мен бірге Жайықбай деген адай жырау бірге болады. Жолшыбай әнді салып келе жататын көрінеді. Бірақ ашығып келе жатқандар оның әніне көңіл бөлмейтін көрінеді. Жайықбай: «Сақмар қай жақта? Әлі жеткізбейді. Мен Атыраудан бастап әр жермен қоштасып келе жатырмын», - депті. «Атақонысым – Маңғыстау, Қойның-нан кетті халқым-ау, Маңқиып тұрсың япыр-ау» деп Маңғыстаумен, «Тула-ған толқын, Атырау, Артымда қалдың япыр-ау», - деп Атыраумен де қош-тасқан көрінеді. Одан кейін «Жем-қайнар, енді сені кім жайлар? Киік те, құлан аң жайлар, Пері де шайтан, жын жайлар», - деп Жемнен, содан соң «Сағызым, сөйлейін сөздің нағы-зын», - деп Сағыздан да өттік дейді. Ойылға келіп: «Ойда тұрған Ойылым, Малға тұнған қойының», - деп қош-тасып, одан кейін «Қобдам-ай, саған да барам тоқтамай», «Елегім, сөйле-йін сөздің кезегін», «Жайығым, Аттай тулап балығың, Несібесін жеуші еді, Жағалай жүріп халығың», - деп Жайықпен де қоштасады. Сақмар де-ген өзенге келіп, «Амалың бар ма, Сақмарға, Қалың орман арасы, Қалың орыс баласы, Күбір-күбір ете-ді, Күбірлеген сөзіне түсіндірмей ке-теді», - деп жырлаған. «Елге де сәлем айта бар, Қаңғырып жүрген қазағым, Қайда барып жай табар?» - деп өле-ңін бітірді деп аталарымыз айтып отыратын. Мынау үзінділері, жырау адам төгілтіп айтады ғой. Сонда көзі-нен жас шықпайтын адамдар жылай-ды да, аш кісілер жыламайды екен. Сақмардан Жиренқопаға барып, со-дан біз тарадық. Самарада қазақтар өте көп және ауқатты тұрады.
Біз, Ресей қазақтары, Қазақстан-ның гүлдеп, көркейіп отырғанын кө-ріп қуанамыз. Біздің қазіргі тұрған жеріміз – Жетірудың қонысы ғой. Не-гізі мұнда табын көп. Осы жерде та-лай батырларымыз шабуыл жасаған. Електің жағасына казак-орыстар қона берген ғой. Біз Ленинді жамандай-мыз, оның қазаққа пайдасы көп бол-ған. Ол территорияны сақтау керек деген. Орынборда 32 аудан бар. Қан-шама жер кетті. Жағалбайлының бүкіл жері кетті. Омбы жағындағы ел кетті. Қытайда қазақтың 2 облысы кетті. Қызай деген ру түгелімен кетті. Кешегі Совет өкіметі құлағанда Назарбаев соғыссыз, бейбітшілікпен Қазақстан территориясын сақтап қал-ды. Оның қадірін білу керек. Бүкіл түр-кі халықтарының ішінде Назарбаев-тың беделі жоғары.
– Ақсақал, Сырым батырдың ата-тегі туралы қарттардан естіген қандай әңгімеңіз бар?
– Шолан батырдың әкесі – Байбақтыда Әйтімбет деген кісі болған. Әйтімбет, Қара – ағайынды. Әйтімбеттен Ақберлі, Шолан туады. Қарадан Құл мен Құлшық туады. Байбақтыда Құл, Құлшық деген рулар бар, оны ешкім білмейді. Шолан – Әбілқайырдың әкесімен соғысқа барған батыр. Соғыста жеңіске жетіп, мол олжаға кенеліп қайтып келе жат-қанда мұрнына бір шыбын қона бе-реді. Қайта-қайта қона берген соң, жынданады да, бір тастың үстіне де-малып отырады. Шыбын тастың үсті-не қонғанда, жынданып кеткен батыр шоқпармен тасты періп қалғанда, екіге бөлінген тастың ішінен қызыл алтын көрінеді. Алтынды қоржынға салып, түнде жолда қонғанда бір ат-қосшы Әбілқайырдың әкесіне Шолан-ның алтын тауып алғанын айтып қоя-ды. Хан батырдан өзіне көп бөлігін беруін, жылқышыларға аз бөлігі жа-райтынын айтады. Шолан оған келіс-пейді. Содан ренжіген хан Шолан ұйықтағанда, оны өлтіріп, алтынды алдына әкеліп беруін бұйырады. Шолан сезіктеніп жүреді. Бір күні түн-де өзін өлтіруге келген кісілерді біліп қалып, тоқтатып, бір өтінішін тыңда-уын сұрайды. «Айт» дегенде, Шолан өзінің Есенбай, Түкіш, Байторы деген үш баласының барын, әйелінің төр-тіншісіне жүкті екенін айтып, «ұл туса Дат деп қойсын» дейді. Содан оны өлтіріп, елге қайтады. Туған ұлға «Дат» деп ат қояды. Дат өседі, 12 ба-ласы бар бай болады. Содан бір күні Түкіш «әкеміз неге осы ұлының есімін Дат деп қойды екен?! Оның өлімінде бір гәп бар-ау» деп ойланады. «Осы Датқа тәуір жерден билік айтып жүр-ген қыз әперейік» дейді. Ауыл-ауыл-ды аралап, бір байдың үйіне тоқтай-ды. Оның қызы шешен, тапқыр екен. Сол қызды айттырып, ауылына кетіп бара жатқанда, үш күннен бері қыз-дың жылап жатқандығы жөнінде ха-бар келеді. Құдаларына қайтып келіп, себебін сұрағанда, қыз «бұл әулетте бәрі би-шешен, мен ол үйге келін болып түскенде енді кімге билік айтамын?!» деп налып жатқанын» айтады. Даттың 12 баласы болса да, ағалары осы қызды әпереді. Осы қыздан Сырым батыр туған екен. Сырым дүниеге келгенде, атын кім қоярларын білмей көп ойланады. Сонда Түкіш «біз білмеген сырды осы бала білер, мүмкін. Атын Сырым қоямыз», - депті. Сырымнан: «Кімнің баласысың?» деп сұраса, Шоланның немересімін деп жауап беретін көрі-неді. Бәрі «неге өз әкең Датты айт-пайсың?!» - деп ренжісе, сенің әкең-нің атына заты сай емес, темірдің аты еді деп бәрі айтады, содан қашамын дейтін көрінеді. Сырымға әкесінің айтылмаған бір сырдан «Дат» атал-ғанын көбі айтып жүреді. 13 жасқа толғанда, Сырым атасының атқосшы-ларын сұрастырып жүріп тауып ала-ды. Баяғы Шоланды өлтіруге қатыс-қан Асқар, Жәрдем дегендердің көзі тірі екен, 95-ке келген екен. Екеуін екі бөлек ұстап, тергеуге алады. «Атам бір олжа тауып алып, бөліп бермегені үшін сіз өлтіріпсіз», - дегенде, Асқар: «Мен ұстап тұрдым, Жәрдем ұрды», - депті. Жәрдем болса, ол да өзінің ұс-тап тұрғанын, Асқардың ұрғанын ай-тады. Содан Сырым атасы Шоланды ханның өлтірткенін біледі.
Сырым батыр болып, елге атағы шыға бастаған кезде жұрттың бәрі Малайсарыға баруын, бата алуын сұрайды. Сол заманда Байбақтының бір адамының құнын Таналар бермей жүреді екен. Осыны Сырымның даулап келе жатқанын Малайсары төбеде отырып сезіп отырады. «Ассалаумағалейкум, ата, Бересің бе бата?» - дейді. Батадан бұрын аты-жөнін сұрағанда, бәрін айтып, өзін таныстырады. «Шоланның немересі-мін, әкемнің аты – Дат. Бәрі ісіне заты сай емес, темірдің аты дейді. Сол атты өзім ұнатпаймын», - дегенде, би «Дат» сөзінің бірнеше мағына бере-тінін айтады. Сырым ол мағынаны шешкенін, атасының ұрпағым осы атты шешсе, мүмкін, өшімді алар деп қойғанын, алдағы уақытта ханның тұқымынан өшін алатынын, Тана елінде өз елінің жылқышысының құ-нын бермесе, шауып алатынын баян-дайды. Сол кезде би басу айтып, ай-нала қоршаған жаугершілік заманда ағайынның жауласуы дұрыс еместі-гін айтады. «Сен Есет батырға баршы, менің билігімді алсаң, Есеттің батыр-лығын алсаң, жаман болмайсың, бізге көшбасшы керек», - дейді. Жүз жылқысын дайындап қоятынын ай-тып, Есетке жібереді. Есет батыр: «Балам, айналаңнан дүбір кетпесін, құлағыңнан сыбыр кетпесін, жасың алпысқа жетпесін», - депті. Сырым: «берген жасыңыз аз болды ғой» деп күлгенде, мен сексеннен астым, жағ-дайымды көріп тұрсың дейді. Батыр-дың қартайып емес, оқтан өлуі керек-тігін айтады. «Жау қолынан өлмедім, Ақмаңдайдай бала сүймедім, Ақмоншақтай ат мінбедім, Ақгүлшаттай жар сүймедім», - дейді. Соғысқа кеткенде, баласын, әйелін, атын қалмақтар алып кеткен екен. Содан кейінгі балаларына риза бол-маса керек. Егер батыр жау қолынан емес, қартайып өлсе, қатын атанаты-нын, соны намыс көретінін, сол се-бептен Сырымға аз жас беріп отырға-нын түсіндіреді. Есет пен Малайсары-ның батасын алып, Сырым көсем, ше-шен, батыр болады. Сөйтіп жүргенде, қасындағылар Хиуада имам, ғалым-дар, көптеген кісінің басы жиналатын үлкен айтыс болатынын айтады. Сырым екі рет барып жеңіп қайтады. Үшіншісінде Бөкенбай би «мерт бо-ларсың, барма» деп тоқтатады. Аты-ның 3 аяғының ақ, төртіншісінің ала екенін айтып, сені жазым қылар деп тоқтатуға тырысады. Сырым айтқа-нынан қайтпайды. Дастархан үстінде хиуалықтар Сырымнан «ат-мат», «жігіт-мігіт» сөздерінің мағынасын сұрайды. «Ат бәйгеден озбаса, «мат» дейді, жігіт күресте жығылса «мігіт», - деп атайды деп жауап береді. Дас-тарқанға хиуалықтар «жеті әулие» де-ген тамақтарын қояды. Ортасында тек бір түйір ет тұрса керек, қазақтар ет жеп үйренген, күрішті шашып, жей алмай жатады. Сонда Сырым: «Бізде де әулие тамақтар көп. Сіздікі жеті әулие болса, оның үстіндегі ет әулие», - деп жалғыз түйір етті жеп қойған көрінеді. Сосын шөл қысқан соң, ор-таға жүзім әкеледі. Сырым бастаған топ жүзімді жеп жатқанда, өзбектер мұны бізде «изюм» дейді, «үзіп» жейді десе, ал бізде мұны «жүзім» деп «жүзіп» жейді деген екен. Содан сөзден жеңілген өзбектер күресуге шақырады. Жүзімді көп жеген қазақ палуаны күресуге жарамсыз боп қалады. Не істерін білмеген қазақтар Сырымның өзіне қолқа салады. Сол кезде батырдың есіне жолдан атқос-шы боп қосылған аңшы түседі. Ол өзбектің түйеге байлап қойған үлкен палуанын жығып, үш омыртқасын сындырып жібереді. Содан амалы таусылған соң, өзбектер сенің атаң-ның зираты осында, сен басына бір келмейсің, моланы қадірлемейсің. Бізді қарашы, «Қожа Ахмет Яссауй-дің» басына қандай мешіт орнаттық деп мақтанады. Содан Сырым не істерін білмей, ұзындығы мен енін өзім өлшеймін деп қалып қояды. Ары-бері қарап жүрсе, бір баланың боғы жатады. Аяғына жағып алып, мешіттің ішіне кіреді. Жүгіріп келген өзбекке «мен діннің ашылған жері екен десем, аяққа боқтың басылған жері екен ғой. Сендер де жақсы қа-дірлейді екенсіңдер», - дейді. Осы-лай жеңілгеннен соң, өзбектің ханы Сырымды улауға бұйрық береді. Жолда қатты шөлдеп келе жатқанда, бір үйге тоқтап, содан ауқаттанып ұйықтап қалады. Сол үйдің кемпірі Сырымның үзеңгісінің табанын улай-ды. Жолда Сырымның аяғы ұйып, у атына жұғып, аты өліп, өзін улағанын сезеді. Елу тоғызға келген Сырым Хиуа хандығында үй тіккізіп, халқына өлімін жеткізуін сұрайды. Оның қа-сында өзге елге барғанда «ыммен» сөйлесетін адамына, сөйлейтін халі болмаған соң, қайта-қайта тілін көр-сете береді. «Қазаққа дес бермеген, қызыл тілім, тілімді кеспеген екен бұдан бұрын, тілім, тілім», - деп айт-қанын әлгі адам жеткізеді. Баласы Қазы биге былай естірткен:
Арғы атаң ақберен Шолан-ды
Ерегескен дұшпанға
Көрсетіп еді-ау боранды.
Өз атаң сенің Дат еді-ау,
Ісіне аты сай емес,
Қоя салған темірдің аты еді-ау.
Өз әкең сенің Сырым-ды,
Іші толған білім-ді,
Атағы кеткен Қытай менен
Қырым-ды,
Кебеже қарын кең құрсақ,
іші толған білім-ді
Сөйткен қайран әкеңнің
арғымақ аты сүрінді.
1802 жылы байбақтының бар адамы Сырымның сүйегін Хиуаға кө-меді. Келесі жылы жиырма мың ше-лек қымыз, он мың қой, бір мың жылқы сойып, Алашта болмаған ас жасаған деседі. Екі жүз елу мың адам асында болған екен.
– Әсерлі әңгімеңізге көп-көп рақмет, Аға! Көненің көзі, аталар-дың сөзін ұмытпай, кейінгіге жал-ғап, аман-сау отыра беріңіз!
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
Тұзтөбе қаласы,
Ресей Федерациясы