«Ғұмар Қараш»

Алаш қай-раткері, ағар-тушы, ақын Ғұмар Қараш-тың туғанына келер жылы 140 жыл тола-ды. Осы айтулы дата қарсаңын-да Ғұмартану ғылымына тағы бір сүбелі еңбек қосылды.

Алматыдағы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Ғұмар Қараш. Қоғамдық-саяси қызметі» атты бұл кітаптың авто-ры – тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің доценті Бақтылы Боранбаева. 232 беттен тұратын бұл монография-да Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси қызметі тұңғыш рет Алаш қозғалысы және оған қатысқан қазақ зиялыларының өмірімен тығыз байланыста қарастырылған. Сондай-ақ бұрын жарияланбаған мұрағаттық деректер, естеліктер мен мерзімді басылым («Қазақстан» газеті, 1911-1913, «Айқап» журналы, 1911-1915) мақалалары кеңінен пай-даланылып, жаңа тарихи көзқарас тұрғысында зерделен-ген.
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының мәжіліс залында өткізілген тұсаукесер кезінде бұл еңбекке фило-логия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ұлт музейі, Ұлт қазынасы орталығының жетекшісі, алаш-танушы ғалым Мақсат Тәжімұрат пен репрессияға ұшыра-ған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қоғамдық қорының президенті, филология ғылымдары-ның докторы Ғарифолла Әнес жоғары баға берді.
Айта кетерлігі, Бақтылы Сансызбайқызы осы кітапқа дерек жинау барысында көп ізденіп, Башқұртстан Респуб-ликасы Орталық мемлекеттік мұрағат қорынан Орынбор Діни басқармасының қазиы қызметін атқарған Ғұмар Қараштың қолы қойылған құжаттарды, Ғұмар Қараштың бұрын-соңды жарияланбаған фотосуретін тапқан. «DANA-kaz» журналының осы санында «Көне сурет» айдарымен сол фотогшрафияны жариялап отырмыз.
Кітаптың тиражы 500 дана. Аламыз деушілер болса, журнал редакциясы арқылы автормен хабарласуына бола-ды.

Қаралым саны 1893

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463