Жан азығы

Ата-баба – туған жердің киесі,
Бүгінгі ұрпақ – осы жердің иесі.

Елімізде биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту басты шара болмақшы. Өте қуантарлық жағдай. Осыған дейін бұрмаланып жазылған тарихымызды дұрыстауға жақсы бір мүмкіндік. Кеңес заманы тарихымызға қатысты қағазға түскен жазба мәліметтердің барлығын мүмкіндігінше құртты. Бірақ толық құрта алмай кеткен жақтары да бар. Соның бірі тасқа жазылған жазба – құлпытастар.

Көбіміз ауылда туғанбыз. Осы ауылыңның маңындағы ескі қорымдарға көз салып, мән бердіңіз бе? Үнсіз айдалада қасқайып тігінен тұрған немесе сынып құлаған, құмға көмілген құлпытастар кімге қойылғанын білесіз бе? Бұған бәріміз де тұшымды жауап бере алмаймыз. Себебі құлдық санадан азат санаға өтпедік. Шын мәнінде құлпытас – қазақтың ұлттық рухы, тілі, діні, тарихы, жазба мәдениеті, сәулет және қолөнер өркениеті, жердің нағыз иесі кім екендігін дәлелдейтін шекаралық белгі, әр адамның тікелей ата-бабасы.
Тамыры терең тарихымызды тыңғылықты зерттеуге биыл аса мән берілер деген үміттемін. Тарихымыздың ажырамас бөлшегі құлпытастар бұдан тыс қалмайтынына сенемін.
Бабаларымыз айтқан «Ұлдарымыз – құл, қыздарымыз – күң болмасын» десек, құр сөзден іске көшейік.

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Қаралым саны 1068

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463