Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Журналымыз үшін қаржылық жағынан қиын болған, Сіз бен бізді сирек жүздесуге мәжбүрлеген 2014 жыл да артта қалды. Басылымды жыл бойына жаздырып алып, бірақ толық ала алмаған, сонда да болса бізге деген сенімі мен көңілі өзгермеген тұрақты оқырмандарымызға мың сан алғыс айтамыз.
Ата-баба – туған жердің киесі,
Бүгінгі ұрпақ – осы жердің иесі.
Елімізде биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту басты шара болмақшы. Өте қуантарлық жағдай. Осыған дейін бұрмаланып жазылған тарихымызды дұрыстауға жақсы бір мүмкіндік. Кеңес заманы тарихымызға қатысты қағазға түскен жазба мәліметтердің барлығын мүмкіндігінше құртты. Бірақ толық құрта алмай кеткен жақтары да бар. Соның бірі тасқа жазылған жазба – құлпытастар.
Алтай КӨЛГІНОВ, Орал қаласының әкімі:
А.С.Көлгінов 1978 жылы дүниеге келген. Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.
1456-1473ж – Керей хан. Керей – Болат сұлтанның баласы.
1473-1480ж – Жәнібек хан – Барақ ханның баласы
Досым МАҚСҰТОВ,
Қазақ ұлттық өнер университеті,
Астана қаласы
Қазақстанның Батыс аймағындағы Бөкей ордасы-ның күйшілік өнері – өзінің пайда болу, қалыптасу және даму тұрғысынан қазақ музыка мәдениетіндегі ерекше құбылыс ретінде қалыптасқан дүние. Тарихы тереңде жатқан өңірдің Қамбар батыр, Ер Тарғын, Сыпыра жырау, Асан қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Жиембет, Доспамбет, Махамбет, Ұзақ, Құрманғазы, Мүсірәлі, Дәулеткерей, Мұхит сияқты біртуар тұлғалардың өлмес мұраларының жаңғырығы әлі де жалғасуда. Ұрпақ сабақтастығы нәтижесінде жеткен киелі өнердің ерекше дамуы – тарихи шындық.
Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының кандидаты
(Жалғасы. Басы журналдың өткен санында)
Орынбордағы кездесу
Есенгелді старшын Орынбордың жаңа губернаторы П.К.Эссеннің ұйым-дастыруымен Кіші жүз ханы Шерғазы мен Арынғазы, Қаратай сұлтандар ара-ларындағы мәселелерді шешу үшін 1817 жылы тамыз айының соңында айырбас сарайында өткен кездесуге қатысады.
Темірқұл қажы ТӘЛІПҰЛЫ,
Түркістан қаласы, Оңтүстік Қазақстан
Ұлтым – қазақ, Кіші жүздің баласы-мын. Руым – байбақты. Атым – қажы Темірқұл. Әкемнің аты – Тәліп. Оның әкесі – молла Естай. Оның әкесі – Беркін. Сол Беркін бабамыз 1777 жыл-дардың шамасында қатты қиындық көргесін, бұрынғы шалдардың айтуы бойынша, Батыс Қазақстанның Тайпақ ауданы өңірінен 500 шаңыраққа бас болып көшкен екен.
Альфия БАЙБУЛСИНОВА,
М.Өтемісов атындағы
Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ҚР тарихы кафедрасының аға оқытушысы,
тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақ тарихында есімі елеусіз қалған қоғам қайраткерінің ішінде еуропалық үлгіде білім беретін Мәскеу императорлық университетінің түлегі, алғашқы жоғары білімді қазақ дәрігерлерінің бірі Күсепқалиев Дәулетшахтың орны ерекше. Дәулетшах туралы алғаш рет ғылым жолындағы ұстазым Бақтығұл Бірімжаровтан естіген едім. Мақаш Бекмұхамедов, Шәңгерей Бөкеев туралы мақала жазған кезімізде ұстазымның: «...ел аузында есімі сақталса да, тарихта өз бағасын ала алмай келе жатқан Дәулетшах Күсепқалиев туралы да мағлұмат тауып, ел назарына салсақ, қайраткердің атқарған шексіз еңбегін тамшыдай болса да ақтағандай болар едік» дегені жадымда қалды. Осы уақытқа дейін ұстазым Б.Бірімжаров тапсырған аманат – Д.Күсепқалиев туралы мағлұматты жинақтап, ел назарына ұсынуды, қайраткер туралы халқының жадына салып қоюды мақсат еттім.
Жанерке Ғабдрашитова бүгінде Орал қаласындағы №19 мектептің 9-сыныбында оқиды. Төмендегі тырнақалды туындысын кішкентай қаламгер 6-сынып оқып жүр-генде жазған екен.
Елнамыс Мұнайдарұлы Оралдағы №36 М.Ықсанов атындағы ЖОББМ-ның 5-сы-ныбында оқиды. Ол спортқа бейім, мектепте баскетбол жаттығуына қатысса, мұз ай-дынында шорт-трек спортымен айналысып жүр. Арасында бокспен де шұғылдана-ды. Және өзі ұнатқан тақырыпта сурет салғанды ұнатады.
Алматыдағы «Атамұра» баспасынан «Отбасы хрестоматиясы» айдарымен «Салт-дәстүр сөйлейді» атты жаңа кітап жарық көрді. Бұл – «DANAkaz» журналында жиі жарияланып келген «Әлдиден эпосқа дейін» кітабының заңды жалғасы десе де болады. Санжар Керімбай, Болат Бопайұлы, Мұхит Төлеген, Әділбек Нәби, Асылтай Тасболат секілді авторлардың ортақ еңбегінен туған бұл жинақта халқымыздың ежелгі ырым-тыйымдарының шығу тегі туралы айтылады.
Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.
Қуанар МҰСАҒАЛИЕВА,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті,
Орал қаласы
Бұл мақалада қазақ жеріндегі ең алғашқы мұғалімдер съезі 1918 жылы Бөкей ордасында өткендігі баяндалады. Қазақ даласындағы алғашқы ұлттық мектеп туралы негізгі деректер мен қазақтың тұңғыш кеңес генералы Шәкір Жексенбаевтың осы оқу орнын 1912-1917 жылдарда оқып бітіргендігі туралы аттестаты берілген.
Ақылбек ЕСЕНАЛИН,
Ащысай мектеп-балабақшасының
тарих пәні мұғалімі,
Батыс Қазақстан облысы
Қазақ халқының тұтастығын сақтап, қай кезде де елді бірлікке шақырған, дінді насихаттай жүріп, өздеріне берілген кереметтің күшін тек елдік үшін жұмсаған әулие-әмбиелер жеткілікті. Сондай аңыз адамның бірі – Дәдем ата.
Совет Одағының Батыры – жетпіс жыл бойы жарты әлемге әмірін жүргі-зіп тұрған СССР мемлекетінің ең жоғар-ғы мемлекеттік наградасы. Бұл атақ отызыншы жылдардың аяғында бекі-тілгенімен, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезінде жаппай беріле бастаған. «Батыр» атағы жетпіс жыл ішінде 10 мыңдай адамға тапсырылып-ты. Ал Қызыл армия құрамында соғы-сып, осы үлкен марапатқа ие болған жүздеген ұлт өкілі арасында қазақтар саны жағынан орыс, украин, беларус, еврей және татардан кейін алтыншы орынға ие делінеді.
Қазір, Құдайға шүкір, «балала-рымды қалай асыраймын?» деген сұ-рақтың өзектілігі осыдан 10-20 жыл бұ-рын кезге қарағанда кәдімгідей кеміді. Бірақ маңызы баланың ішіп-жемін табудан аз емес, тіпті әлдеқайда қиын өзге бір өзекті мәселе бас көтеруде.
Бұл – ата-ананың жан дүниесіне тыныштық бермейтін, «балама қалай тәрбие беремін?» деген тынымсыз бір сұрақ. «Баланың рухани сұранысын өтейтін нәрсе» деп санамалап кетсек, көбіміздің аузымызға ә дегенде кітап, теледидар, интернет, газет-журнал ілі-геді. Ал шындығында, тәрбие құралы ретінде алғашқылардың бірі болып аталуға театр әбден лайықты еді.
Қонақжайлық – қазақ халқының бір сипатына айналған ерекше қасиеттің бірі. Сонау XVII ғасырдан бастап қазақ даласын аралаған батыс-шығыс саяхатшыларының жазбаларына қарасаңыз, айлық жолға шықса да азық алып шықпайтын қазақ сахарасының осы қасиетіне таңдай қағып жатады. Қазақ үшін қонақты төбесімен күту – жазылмаған заң. Құдайы қонақты ренжітіп жіберген адам бүкіл қазақ даласына масқарасы шығып, дәстүрді бұзған қасиетсіз жан ретінде елге күлкі болған. Тіпті әулеттің атағына, рудың сүйегіне таңба салған мұндай жан елден аластатылып жіберген. Немесе ат-шапан айыбын тартып, бұл қылығын енді қайталамастай болатын. Бұл жөнінде ұлтымыздың аса бай ауыз әдебиетінен неше түрлі үлгілерді кездестіруге болады.
Айнұр МЕҢДӘЛИЕВА,
Орал қаласы
Амансыз ба, Кусто ағай!
Менің атым – Әліби, жасым 11-де. Орта мектептің 6б сыныбында оқимын. Біз – атам, әжем үшеуміз ауылда тұра-мыз. Әкем мен апам қалада тұрады. Мен сурет салғанды, кітап оқығанды, табиғат аясында дем алғанды жақсы көремін. Сабақ үлгерімім өте жақсы, ылғи «бестік» бағаға оқимын.
Өтеген ЖҰМАШЕВ,
күйші, домбырашы
Өтеген Жұмашев – Батыс Қазақстан облысындағы көзі тірі күйшілердің көшбасшысы. Ол – бұрынғы өткен күйшілердің шығармаларына тән табиғи сарындарды бұзбай жеткізуші бірден-бір домбырашы. Қазақ музыкасының «Алтын қорына» Махамбет, Құрманғазы, Нақыш, Мүсірәлі, Соқыр Есжан, Қожақтың күйлерін берген, өзі де көнекөз күйшілерді көре қалған асылдың сынығы.
Айна – бәрімізге бала кезден таныс бұйым. Бұл – адамзат баласы ойлап тапқан ең алғашқы ғажайыптың бірі. Айнаның басты қасиеті – қоршаған әлем мен өзіміз көре алмайтын бет-жүзімізді бізге көрсете алатындығында. Мұның өзі, ғажайып сиқыр емес пе? Африка, Австралия аборигендері айнаның кішкене жарықшасы үшін отарлаушыларға қолындағы бар байлығын бергені тарихтан мәлім. Сонда қоладан жасалған алғашқы айналар сыры неде, оны ұғыну үшін біз археология ғылымына үңілуіміз керек.
«DANAkaz» журналы алғашқы санынан-ақ «Құлпытас сырын ашайық!» атты айдар ашып, араб жазулы көне құлпытастардың мәтінімен таныстыруды бастаған еді. Осы бастаманы бірден қолдап, халқымыздың баға жетпес асыл ескерткіштерін зерттеу қажеттігін түсінген оқырманымыздың бірі – Мұратбек қажы Жахатов.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463