Салт-дәстүр сөйлейді

Алматыдағы «Атамұра» баспасынан «Отбасы хрестоматиясы» айдарымен «Салт-дәстүр сөйлейді» атты жаңа кітап жарық көрді. Бұл – «DANAkaz» журналында жиі жарияланып келген «Әлдиден эпосқа дейін» кітабының заңды жалғасы десе де болады. Санжар Керімбай, Болат Бопайұлы, Мұхит Төлеген, Әділбек Нәби, Асылтай Тасболат секілді авторлардың ортақ еңбегінен туған бұл жинақта халқымыздың ежелгі ырым-тыйымдарының  шығу  тегі  туралы  айтылады. 

Құндақтау дәстүрі

Діни аңыздарда Мұхамбет пайғамбар дүниеге келер сәтте аспанда бір жарық нұр пайда болып, ол айнала тө-ңірекке шуағын мейірлене төгіп тұрыпты деп баяндалады. Сол күні жер мен аспан тербеле қозғалған. Саба көлі тартылып, Қос өзені арнасынан асып, жағалауды шайып кетіпті деседі. Парсы елінің патшасы отыратын сарай сіл-кініп, көптеген мұнара күл-талқаны шығыпты. Сәуегейлер түс көріп, түсінде жаман іс көріп, арабтың жылқысы пар-сының түйесін жеңіпті. Таң ата сәуегейлер патшаға:
– Арабия жақтан алапат қауіп тууы мүмкін, - деп ескер-тіпті. Түнде жұлдыздардың оты бір сәтте өшіп, барлық тас пұт құлаған екен. Жын-пері адамды азғырудан жаңылып, оларды періштелер тым-тырақай қуыпты. Ібіліс сол түні шарасыз халге түсіпті. Әмина ананың көңіл көзі күншығыс, күнбатыстың бәрін көріпті. Перзентіне қараса, ол сәждеге бас қойып: – Үмбетімнің күнәсін кеше көр, - деп дұға етіп жатады. Әмина түсінбей қалыпты.
Сол кезде көктен Жебірейіл, Мәкәйіл, Ысрапыл атты үш періште түседі. Бірінің қолында күміс құман, бірінде зүмірттен (асыл тас) жасалған леген бар екен. Үшінші періштенің қолында пейіштің жібек матасы. Періштелер пайғамбарды легенге отырғызады. Ысрапыл құманмен су құйып шомылдырады. Жебірейіл асыл жібектен жасалған матаға пайғамбарды құндақтап орапты. Әмина анамызға:
– Әмина, қорықпа. Ұлық Алланың сүйікті досы, ақырдың елшісі Мұхамбет дүниеге келді. Пайғамбардың тәні жалаңаш болмауы үшін Алла бізді оның мүбәрәк денесін құндақтау үшін жіберді, – дейді.
Періштелер Әмина анамызға жас нәрестені қалай дұ-рыс құндақтау керегін үйретіпті. Осыдан бастап дүниеге кел-ген балаларды құндақтау тәртібі дәстүрге еніпті.

Бала емізудегі тыйым

Әйел бала емізгенде жалаң бас отырмайды. Қазақ ырымында шайтан әйелдің шаштағы кірін бөпе еметін сүтке араластырып жібереді екен. Осыдан баланың жаны кірленіп, бойына жамандық ұялайды. Есейгенде мәңгүрт, безбен, тілалмас болады деп сенеді. Сондықтан көзі ашық кісілер келіннің шашын жауып отыруына аса қатты мән берген екен.

Нәрестеге көрімдік беру

Мәуліт жырында Пайғамбар дүниеге келгенде жеті қат көк пен жеті қат жер, он сегіз мың ғалам оны көруге келеді. Бір-бірінен: «Пайғамбар дүниеге келді!» – деп сүйінші сұрайды. Бүкіл періште зияраттап оның үйіне келеді. Олар дүр гаухар мен әр түрлі сыйлық тарту етеді. Жаңа туған балаға:
– Рахымның нұры келді!
– Үмбеті көп болсын!
– Үмбеті Алланың досынан болсын!
– Дені сау болсын! - деп дұға-тілек айтады.
Мәуліт жырында жиі айтылатын бұл сюжет қазақ арасына тарап, пайғамбардың сүндетіне айналды. Жаңа туған нәрестеге көрімдік беру, құтты болсын айтып сүйінші сұрау, тілек айту рәсімдері қазақ дәстүрінің бір бөлшегін құрапты.

Қаралым саны 4013

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463