Алғашқы мұғалімдер съезі

Қуанар МҰСАҒАЛИЕВА,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті,
Орал қаласы

Бұл мақалада қазақ жеріндегі ең алғашқы мұғалімдер съезі 1918 жылы Бөкей ордасында өткендігі баяндалады. Қазақ даласындағы алғашқы ұлттық мектеп туралы негізгі деректер мен қазақтың тұңғыш кеңес генералы Шәкір Жексенбаевтың осы оқу орнын 1912-1917 жылдарда оқып бітіргендігі туралы аттестаты берілген.

Өткен ғасырларда қазақ халқының ғылым-білімге деген талпынысы өте зор болғанын тарихи мәліметтерден білеміз. Тіпті 1917 жылы бірінен соң бірі төңкеріс болып, дүние аласапыран болып жатқанда да, қазіргі Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында білім беру жүйесі тоқтамаған. XX ғасырдың басында Астрахан губерниясына қарайтын Бөкей ордасында 1-мұғалімдер съезінің өткендігі туралы мәліметті қазақтың тұңғыш генералы Шәкір Жексенбаев 1961 жылы Мәскеудегі Орталық мұрағаттан көшіріп алған екен. Төменде Мәскеу-дегі Кеңес Одағы Орталық мұрағатын-дағы №1329 қор, 1 жазба, №2 істің 74-77 беттерінен көшірме – 1918 жылы Бөкей ордасында өткен 1-мұғалімдер съезі хаттамасының қолжазбасы бері-ліп отыр:
Бұл хаттамадан Бөкей ордасындағы 1-мұғалімдер съезінде тек елдегі білім саласы мәселелері ғана емес, сонымен қатар саяси-қоғамдық өзгерістер бары-сы да талқыланғанын байқаймыз. Дәлі-рек айтқанда, 1918 жылғы 3 қыркүйек күні болған мұғалімдер съезінің 2-оты-рысында елдегі әскери мәселелер қоз-ғалып, съезд шешімі бойынша Ғали Бегалиев қырғыз әскерінің құрылуына дауыс беру мандатымен жіберілген еді.
Мұғалімдер съезінің 6-отырысында мұғалімдер билігі сайланған болатын, ал биліктің хатшысы ретінде, Орал об-лысында Кеңес өкіметін орнату жолын-дағы күреске белсене қатысушы, Азамат соғысының ардагері, Бисен Жәнекешев таңдалды.
Тастамас атан жүгін қарлы жерде,
Жүреді жолбарыстар таулы жерде.
Қылышын қынабынан қанға бояп,
Тұрады батыр жігіт жаулы жерде, - деп жырлаған Б.Жәнекешев – Батыс Қазақстан облысындағы өз заманының білімді де рухы биік азаматтарының бірі болған.
1918 жылдың 1-10 қазанында өткен Бөкей ордасы кеңесінің екінші съезі қазақ жастарынан құрылған әскери бө-лімдерді жасақтауға қаулы қабылдады. Қазақ жастары өз еркімен лек-легімен әскер құрамына жазыла бастады. Жас-тарды үгіттеуге бас болған Бисен Жәнекешев, Нұрсұлтан Бекетов, Әмірғали Меңешев, Хамит Чурин еді. Олардың қатарына небары 18 жастағы Шәкір Жексенбаев та қосылды.
Шәкір Жексенбаев – әскери қайрат-кер, қазақтың тұңғыш қазақ кеңес гене-ралы. Шәкір Жексенбаев 1912-1917 жылдар аралығында еуропалық білім беру жүйесі бойынша Жәңгір мектебін-де оқығандығы туралы аттестаты төменгі суретте берілген:
Аттестаттан байқағанымыздай, Жәңгір мектебінің басқа қазақ даласындағы мек-тептерден ерекшелігі, діни мектептердегі-дей емес, алғаш рет қазақ топырағында, яғни Бөкей ордасында дүниелік пәндер оқытыла бастады. Айталық:
1. Орыс тілі (оқулығы Востоков. Краткая русская грамматика).
2. Орыс әдебиеті (Галахов. Краткая христоматия).
3. Есеп (Буняковский. Арифметика).
4. Жағрафия (Шульгин. География часть 1-2).
5. Тарих (Устрялов Русская история. Часть 1-2).
6. Ислам діні сабағы.
Осы алғашқы ұлттық мектептің тікелей ықпалымен XIX ғасырдың 60-жылдары Батыс Қазақстанның басқа да жерлерінде білім ордалары ұйымдастырыла бастады. Олар Жаңа Қазан мен Қамыс Самарда, хан ставкасынан 12 шақырымдағы Нарында, Тал мен Тоғында ашылды. Ордаға ұлттық мектептердің ықпалымен 1860 жылы Түркістан өлкесіндегі №1 орта (Қазалыда), Перовскіде №2 орта алғашқы ұлттық мек-тептер құрылды. Бұл мектептерде білімге құштар 455 қазақ баласы оқыса, 221 оқушы өзге ұлт өкілі болды. Бөкей ордасында са-уатты жазу, орыс тілін үйрену жыл сайын өз жемісін бере бастады.
Осы мәліметтерге сүйене отырып, елі-міздің алғашқы мұғалімдер съезінің біздің өлкемізде өткенін мақтан тұтып, халқымыз-дың прогрессивті көзқарасы, білімге деген ұмтылысы ата-бабамыздан қалған ізгі дәс-түр екеніне көзіміз жетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Мәскеудегі Кеңестер Одағы Орталық мұрағаты, № 1329 қор.- 74-75б.
2. Жексенбаев Ш.Ж. Қазақ Совет энциклопедиясы.- т. 4. 1974.-362 б
3. Жексенбаев Ш.Ж. И горек дым войны (Документальная повесть). - Алма-Ата.: Жалын, 1985.-207 с.
4. Айталиев Ш., Жаданов С.- Ұлт мақтанышын ұлықтай білейік. // «Ана тілі» №8, 2012.-10 б.
5. Ситақанов С. Генерал Шәкір Жексенбаев өмірінен бір үзік сыр. - «Ана тілі» №50-51, 2011. – 17 б.

Қаралым саны 1408

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463