Ел ішінде Дәдем ата аталып кеткен Жұмағазы хазірет – XIX ғасырдың басында өмір сүрген діндар адам деседі. Жалпы, туған жері Батыс Қазақстандағы Жалпақтал өңірі болғанымен, мазары Сырым ауданының Шолақаңқаты ауылдық округінің аумағында орналасқан. Жұмағазы хазірет тама руынан шық-қан, қазіргі Сырым ауданына қарасты Алғабас ауылдық округі маңындағы Тамасай деген жерді мекен еткен. Әулие төрт рет қажылық сапарына барып келген, ислам дінін берік ұстанған және кереметке ие адам болған екен. Заманының көреген тұл-ғасы Дәдем ата орта жастан ауған тұсында болса керек, ауыл-елінің жағдайын алыстан ойлап, Тамасайды жылқы бағуға қолайлы жер санапты. Сөйтсе, патша үкіметінің жергілікті өкіл-дері жерді қарапайым ғана қазақтың шалына бере қоймапты. Әулие ұсақ шенеуніктермен салғыласып жатпай, Ресей пат-шасына тікелей жолығуға барған екен. Жергілікті қариялар-дың айтуы бойынша, Дәдем атаға алыс жол дүйім емес көрі-неді. Бүтін бір Ресейдің патшасы да оңай адам ба, бірінші күні қабылдамай жіберіпті. Ертеңіне патша жанындағыларға: «Әлгі шалды алдырыңдар, тегін адам емес екен, түнімен ұйықтай алмай шықтым» депті. Сөйтіп, Дәдем ата Тамасайды алып, ұзақ жыл осы жерде жылқы бағумен айналысады. Жалғыз шал баққан жылқыға көз алартушылар да көп болған екен. Бірде Ақберлі руынан шыққан барымташы, сотқар жігіттер тастай қараңғы әрі тұманды түнді пайдаланып қарияның жылқысын айдап кетпек болады. Жылқыны түн ауа дүркірете қуып ала жөнелген жігіттер таң ағарғанша тоқтамапты. Таң қылаң бере, алдынан аттылы Ата күтіп алғанда жігіттер жан-жағына қара-са, түні бойы Тамасайды айналып жүре берген екен. Атаның құдіретіне әбден көзі жеткен тентектер аяғына жығылып, ке-шірім сұрапты. Содан кейін әулиенің жылқысына ешкім жа-қындамайтын болыпты.
Жұмағали хазірет өзі мекен еткен өңірде дүние салған. Артында қалған қауым атаның аруағын сыйлап, басына мазар орнатқан. Кейіннен жергілікті халық атаның басына арнайы келіп, тәуіп етуді дәстүрге айналдырды. Кешегі кеңес заманы тұсында Жымпиты ауданына қарасты “Правда” совхозының әйгілі директоры В.Шубин осы дәстүрді елемей, әулие жатқан өңірге егін егіп, мол өнім алуды ойлапты. Дін апиын саналған қызыл идеологияның кезінде мол пайдаға қарық болуды ойлаған Шубиннің талпынысы сәтті болмай, жер жыртуға жі-берген су жаңа техниканың бірінің дөңгелегі жарылып, бірі оталмай, бірі сынып, жұмыс алға баспай қойыпты. Мұның себебін ауыл қарттары директорға: «Бұл жерде әулие Дәдем ата жатыр, егер ойлағаныңды іске асырғың келсе, алдымен басына құрбан шалып, Құран оқыт, Атаның ризашылығын ал» деп түсіндірген екен. Сөйтіп, Қазақ КСР-індегі алдыңғы қатарлы совхоз директоры Шубиннің өзі Дәдем атаның кереметін мойындап, жыл сайын басына құрбан шалып, Құран бағыш-тауды әдетке айналдырған екен. Есесіне егіні бітік шығып, ел нанға тойыпты.