Біріншіден, театрға барудың, ба-рудың емес-ау, «барам» деп жиналу-дың өзі – кәдімгідей бір салтанат. «Той-дың болғанынан боладысы қызық» де-гендей боянып таранудан тұратын да-йындық жұмыстарының өзі театрға бір құрмет калыптастырады. Бұл бір жағы-нан, сахнада жүріп жатқан қимыл-көрі-ністерге теледидарға көз салғандай жүрдім-бардым емес, зейінмен қарау-ға бағыттайды. Әрине, бұның бәрі бір-ден емес, баланы баптаушы әке-шеше-нің қас қабағымен түзіледі. Екіншіден, экран мен газет бетіндегі ақпаратқа қа-рағанда тірі адамдардың ойыны бала-лар санасында өзгеше қабылданады.
Театр туралы осындай ой-пікір білдіре бастасаң, айналаңнан: «бәрі дұрыс қой, тек балалар баратын дү-ниелер қазір бар ма өзі?» дегенді естіп қаласың. Бар, әрине! Өткен желтоқсан айының өзінде Батыс Қазақстан облыс-тық қазақ драма театрында бір емес, екі қойылымның премьерасы болды және екеуі де балаларға арналған. Дәлірек айтсақ, Евгений Шварцтың «Золушка» («Күлше қыз») ертегісінің көрермені кішкентай бүлдіршіндер болса, Қанат Жүнісовтің «Алғашқы ма-хаббат» атты комедиясы жеткіншек-тер, бозбала мен бойжеткендер ауди-ториясына арналған. «Сөз атасы – ерте-гі, Құраннан сыр шертеді», - деп әуелгі әңгімені ертегіден бастайық. Әрине, барлық ертегіден Құран сюжетін таба алмаспыз, бірақ «ізгілікке баулитын кез келген ертегі Құдайдың Кітабымен үндес» десек, аса қателесе қоймаспыз.
«Күлше қыздан» кішкентай көрер-мен не табады? Олар қаршадай болса да, қайсар қыз Золушканың қайырым-дылық пен қатыгездіктің мәңгілік май-данында қалай жеңіп шығып, ханзада-мен көңіл қосқанын тамашалай алады. Өгей қыз Золушканың қиын тағдырына ортақтасып, өгей шешенің қатыгездігі мен оның туған қос қызының оспадар-лығына налиды. Бірақ туған әкенің ма-хаббаты, кіндік шеше Фея періштенің қамқорлығы және жұдырықтай жүрек-тері «жақсылық» деп соққан кіп-кіш-кентай көрермендердің ыстық ықыла-сы алмайтын қамал бар ма – бәрі жақ-сы аяқталады. Титімдей хрусталь туфли тек қана Золушканың аяғына шақ келе-ді. (Қоюшы режиссері Абуов Самал, су-ретшісі Мұрат Мәмбетов, музыкамен көркемдеген Е.Қажымов, Е.Бекчурин. Әннің сөзін аударған Сәдір.Н. Басты рольдерде – ҚР мәдениет қайраткері Бақтыгүл Жақыпова, Нұргүл Жұбатова, Эльмира Мақашева, Салауат Түменов, Жұлдыз Мамедова, Ринат Сабырғалиев, Жанаргүл Құрманғалиева, Нұржігіт Сейітмаханбетов, Данияр Қажымов ойнайды)
Иә, «Күлше қыз» – қазақтың ерте-гісі емес, ол – аударма. Тек ересектер ғана емес, балдырғандар да әлемнің інжу-маржаны – классикасымен ауыз-данса екен, - деген тілектен туындаған, үлкен бір ұжым бірлескен қажыр-қай-ратымен дүниеге келген қойылым. Театрдың балаларға арналған қойы-лымы «Золушкамен» ғана шектеледі екен деген ой қалыптаспасын. Бұл жа-ғынан, ауыз толтырып айта алатын дү-ниелер жеткілікті: қойылым авторы мен қою режисерін атамай (олардан ғафу өтіне отырып), бұл репертуарды санамалап шығудың өзі біраз уақыт алады: «Он екі жыл иесі», «Қасқыр қақпан», «Ең күшті қорқақ көжек», «Қардан соққан балалар», «Ақ пен қа-ра», «Үй таңдаған лақ», «Үш қоян мен бөлтірік», «Достар», «Буратино», «Мау-гли», «Қызыл телпекті қыз», «Балапан қаз», «Доктор Айболит», «Алтын бала-пан», «Ойыншықтар оқиғасы», «Қайы-рымды қасқыр», «Ертегілер әлемінде», «Шректің басынан кешкендері», «Қош-қар мен Теке», «Капитан қасқыр», «Мү-йізтұмсық пен керік», «Бремен хикая-ты», «Қожа мен спорт», «Кім патша?».
Ал жасөспірім көрермен үшін 2014 жылдың 16 желтоқсан күні БҚО қазақ драма театрының жанынан Жас-тар театры ашылды. Бұл театрды ашу идеясы көптеген жақсы бастамаға мұ-рындық болып жатқан облыстық қазақ драма театрының жаңа директоры Қуаныш Амандықов пен осы Жастар театрының директоры Жәдігер Құсайыновқа тиесілі. Жас театр өз шы-мылдығын Қанат Жүнісовтің «Алғаш-қы махаббат» атты комедиясымен аш-ты. Қойылымды режиссер Жамбыл Заев сахналады. Спектакльде бас рөл-дерді Таңшолпан Зайнуллина (мұғалім Гүлзат Болатқызы), Мержан Сериков (Гүлзатқа ғашық оқушы Қанат) ойнады. Аты айтып тұрғандай, мәңгілік тақы-рып – махаббатты өзек қылып алған қойылым тек жастарды ғана емес, аға ұрпақты бейжай қалдыра қоймас. Тә-жірибе жоқтығын жастық албырттығы мен өнерге деген ықыласы толтырған жас талапкерлердің бұл туындысын әңгімелегеннен гөрі, көзбен көріп та-машалаған әлдеқайда абзал.
«Қазір жұрт театрға бұрынғыдай бармайды» деген түсінік бар. Балала-рымыздың талғамын қазірден бастап қалыптастырмасақ, театрда ересек кө-рермен қайдан пайда болсын?! Репер-туар жағынан келсек, театрдың басты сыншысы – көрермен. Қаламызда театр тақырыбына қалам тартатын сау-сақпен санарлық адамдарды айтпасақ, бұл тұрғыда белсенді позиция ұста-нып, болған қойылымдардың жетістігі мен кемшілігін жіпке тізіп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде бөлісіп отыратын замандастарымыз жоқтың қасы. Тек белсенді азаматтық қоғам ғана театр сынды тұтас бір әлемнің тыныс-тіршілігін тиісті деңгейде қалыптасты-ра алады. Театр да – қазіргі қоғамның бір айнасы. Балалардың бүкіл рухани қажетін тек театр өтей алады дей ал-маспыз, ондай құрал өмірде жоқ. Алайда тәрбие ісіне театрдың тым тәуір үлес қоса алатыны да – ақиқат. Театрмен тәрбиеленейік, театрды тәрбиелейік.
Нұрлан СӘДІР,
Орал қаласы
Суреттерді түсірген В.Предыбайлонікі