Батыр баба есімімен аталатын екі жер атауы бар екен: оның бірі – Сырым ауданының Алғабас, Тоғанас ауылдары маңындағы «Сырым шыққан төбе» бол-са, екіншісі – Атырау облысы Қызыл-қоға ауданы Көздіқара елді мекені ма-ңындағы «Сырым бөгеті» деген жер. Міне, экспедицияның басты мақсаты осы екі аралықты автокөлікпен жүріп өтіп, сол бағыттағы ел мен жерді көріп, тарихымен танысып-білу болды. Сырым аудандық әкімдігінің қолдауымен ау-дандық туризм орталығы ұйымдастыр-ған тарихи-танымдық сапарға ардагер-лер, ұстаздар, туризм саласы маман-дары, ауданның белсенді жастары, мектеп және колледж оқушылары қатысты.
Тарихи төбе, қасиетті құм
Сырым шыққан төбе – Орал-Ақтөбе күре жолының сол жағында 3-4 шақы-рым жерден көрінетін әжептәуір биік-тік. Төбенің тұсында, жолдың бойында Сырым батырға арналған ротонда-бел-гі орнатылған. Ел аузындағы әңгімеге қарағанда, Сырым батыр орыс отар-шылдарымен соғыс кезінде осы төбені қарауыл ретінде пайдаланған екен. Бү-гінде төбе басында да арнайы ескерт-кіш тақта орнатылған. Осы қасиетті жерден бастау алған экспедиция Шыңғырлау ауданының Сегізсай ауылы маңындағы «Аққұм» мемлекеттік таби-ғат қорығына келді. Сегізсай ауылын-дағы мектеп директоры Зәкәрия Орынғалиев пен ауыл ақсақалы Зарлық Сүйіндіков бізге Аққұмның табиғатын, өсімдік-жануарын түгелдей сипаттап берді.
– Біздің балалық шағымызда үлкен-дер осы құмда Алшағыр атты хан мен Қобыланды батыр соғысқан деп айтып отыратын. Осы құмның шетінде қала-ның орны бар деп естуші едік. «Жұмбақ көл» атты көл болған деседі. «Қарауыл төбе» деген жер бар. Сол тө-беге Қобыландының әскері қарауылға шыққан екен. Төбеге осы құм астымен баратын да жол болған. Соңғы жылда-ры көптеген көне заттар табылып жа-тыр. Негізінен, әлі де болса зерттеуді қажет ететін жер ғой, - дейді қария.
Орал-Ақтөбе тас жолымен жүйіткі-ген қос «УАЗ» кеш бата Ақтөбе жеріне аяқ басты. Жол-жөнекей екі өңірдің шекарасында орнатылған Исатай ба-тыр ескерткішіне тағзым еттік. Одан соң сапар қазақтың біртуар батыр қызы Әлия Молдағұлованың туған жері Қоб-да ауданына қарасты Әлия ауылында жалғасты. Бұл жерде 2005 жылы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова-ның 80 жылдық мерейтойы қарсаңын-да ашылған «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығында болдық. Орталық директоры Бағдаш Төпенова батыр мұ-ражайындағы құнды жәдігерлермен таныстырып, экспедиция мүшелеріне естелікке кітап тарту етті. Сырымдық делегация кіндік қаны Жымпиты жері-не тамған аса көрнекті ақындар Абдолла Жұмағалиев пен Қадыр Мырза Әлінің жыр жинақтарын сыйға тартты.
Күмбезді кесенелер
Экспедицияның екінші күні Қобда ауданы аумағында орналасқан батыр бабалар кесенесімен танысудан бастал-ды. Талдысай ауылынан оңтүстікке қа-рай 12 шақырым жерде XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың бас кезінде са-лынған сәулет өнері ескерткіші – Абат-Байтақ кесенесі орналасқан. Кесене-музей қызметкері Қонысбек Шәкенов тарихи ескерткіш туралы мол мағлұмат берді. Ел аузындағы аңыздарға қара-ғанда, кесене атақты Асан Қайғының ұлы, Бесқопа аңғарында кенеттен қай-тыс болған Абат батырға арналып тұр-ғызылған. Кесене үстінде 11 қырлы тұ-ғырға орнатылған шошақ күмбез бар, ал негізгі тұрқы төртбұрышты. Кесене-нің бастапқы биіктігі – 16 метр, сақтал-ған биіктігі – 14,5 метр. Өңделмеген кірпіштен қаланып, ішкі жағы балшық-пен сыланған, сыртқы жағы күйдірілген кірпішпен қапталған.
– Аңыз бойынша Асан Қайғы көші-мен келе жатып осы орынға шатыр тік-тіріп, қондырған екен. Осы жерде жы-раудың жалғыз ұлы Абат батыр дүние-ден озған. Бір деректе Абат желмаядан құлап мерт болды десе, екінші деректе қарақұрт шағып өлтірген деп айтыла-ды. Батырды осы жерге жерлейді. Ке-сене тұрғызуға әр шаңырақ, әр түтін үлес қосады. Байтақ ел атсалысқан себепті Абат-Байтақ аталыпты деседі. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясын-да 2006 жылы кесене күрделі жөндел-ген. Түркістандық шеберлер жергілікті құмнан тас соғып, арнайы қалыпқа са-лып күйдіріп, кесенені бұрынғы қал-пына келтіріпті. Бұл жерде «Қыз әулие» деп аталатын тағы бір кесене бар. Ша-мамен XVII ғасырдың құрылысы деп айтылады. Өз дәуірінде атақты емші, көріпкел болған тәуіп адамға тұрғызыл-ған екен. Ауруына шипа іздеген адам-дар, сәби сүйе алмай жүрген әйелдер осы жерге келіп, басына түнейді. Соны-мен қатар осы екі кесене маңында екі жүзден астам көне құлпытас сақталған. Олардың кейбірі оқылған, кейбірінің тарихы әлі ашылмай тұр, - дейді кесе-нелерге саяхат жүргізген Қонысбек Шәкенов ағамыз.
Бізді осы жерде жартылай мәрмәр тасқа айналған ағаш пен жоғары бөлігі айналып тұратын ерекше құлпытас қат-ты таңғалдырды. Кесене маңында 2013 жылы 60 адамға есептелген қонақ үй, мұражай салыныпты.
Сондай-ақ Қобда – атақты Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық күрес-тің соңғы шайқасы өткен өңір. Мұнда жаугершілік заманда қарақыпшақ Қобыланды елін-жерін жортуылшы қалмақтардан жан аямай қорғап, атағы дүйім жұртқа жайылған. Біз Жиренқопа елді мекеніндегі Қобыланды батыр та-рихи-кешенімен танысып, Құран бағыштадық. Осы жерде 2007 жылы Қобыланды батыр сүйегі қайта жерле-ніп, қазақтың қаһарман ұлына арнайы кешен ашылған. Экспедицияға қатысу-шылар тарихи кешен директоры Азамат Қалмағанбетовтен көптеген құнды дерекке қанық болды.
Көненің көзі – Көкжар
Экспедиция түс ауа Ақтөбенің Ойыл ауданына ат басын тіреді. Ойыл өлкесі тек табиғатымен ғана емес, тарихи ес-керткіштерімен де мақтана алады. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Көкжар жәрмеңкесі осы жерде дәуір-леген. Аудан орталығында жәрмеңке-нің сауда қатарлары әлі де сақтаулы. 2000 жылы қайта қалпына келтірілген бұл құрылыстың архитектурасы ерек-ше, бір шеге қағылмай, тек қызыл кір-пішпен өріп шыққан.
– Қазақ жерін ұзындығы жеті мың шақырымнан асатын Ұлы Жібек жолы-ның сан тармағы басып өткен. Сол кер-уен жолының бір бағыты осы жерден өткен. Осы жерде ХVІІ-ХVІІІ ғасырда бе-кініс, қорғаныс ретінде қолдан соғыл-ған қабырға-жардың түсіне орай «Көк-жар» атанған. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы-нан бастап Ресей империясы Қазақстан-мен арадағы сауда қатынасын дамы-тып, жәрмеңкелер ұйымдастыра бас-таған. Көкжар жәрмеңкесі туралы не-гізгі ережені Ресей Ішкі істер министрі 1866 жылы 7 қыркүйекте бекіткен екен. Жәрмеңке ресми түрде 1867 жылы Орал облысының Қазбек болысында көктемде ашылған. 1869 жылы екі қа-тар сауда сөресі болса, кейін тауар ай-налымы өсуіне байланысты сауда ала-ңына 18 тас корпус салынып, әрқайсы-сында 9 лавка орналастырылған. Көк-жәр жәрмеңкесі бір жылда екі рет: ма-мыр-маусым, қыркүйек-қазан айларын-да өтіп отырған. Жәрмеңкеге қазақ, орыс, татармен бірге Орта Азия көпес-тері де тауар әкелген, - дейді мұражай жетекшісі Дулат Исабаев.
Аудан орталығындағы тағы бір тари-хи мұра – ХІХ ғасырдың аяғында салын-ған көне мешіт. Мешіт құрылысы ерек-ше. Кірпіштерін барқын құм мен сазды араластырып құйған. Кейбір деректер-де кірпішті қойдың жүнін қосып, бие-нің сүтімен илегенін айтады. Ойыл та-рихынан сыр шертетін тағы бір орын – аудандық мұражай. Бес залдан тұра-тын мұражайда ауданның көне жәді-герлері сақталған. Сондай-ақ Шығанақ Берсиев атындағы мұражайда әйгілі тарышыға арналған үлкен бір зал бар.
Сырым салған бөгетте
Экспедицияның үшінші күнін Атырау облысына қарасты Қызылқоға ауданын-дағы Миялы ауылының тарихи орын-дарын аралауға арнадық. Ел азаматта-ры ауыл ішіндегі мешіт, мұражай, ес-керткіштерді, жаңадан салынған ғима-раттарды көрсетті. Ендігі меже – осы ау-данның Көздіқара елді мекені маңын-дағы Сырым баба салған бөгет. Түс ауа Сырым бөгеті тұрған орынға келіп жет-тік. Экспедицияны қарсылап алып, бөгет басына апарған Көздіқара ауыл-дық округінің әкімі Болат Қабесов Сырым бөгетінің салыну тарихын бы-лайша баяндап берді: «Бөгет Қоныс-тану ауылының батыс бетінде бой кө-терген. Оны Кіші жүз қазақтарын ұлт-азаттық көтеріліске бастаған қолбасшы Сырым Датұлы 1797 жылдың көктемін-де салған екен. Сол кезде сарбаздары-мен Хиуаға өтіп кету үшін, әрі тұщы Ойыл суының ащы сумен араласып кетпеуі үшін салынған деп айтылады. Сол көктемде су қатты тасып, жолдас-тарымен бөгетті тұрғыза алмай қинал-ған Сырым анадай жерде ойнап жүр-ген бір топ ауыл баласын нұсқап: «Не айтып, қандай ойын ойнап жатқанын біліп кел» - деп бір сарбазын жұмсап-ты. Сөйтсе, балалар да су бөгеп ойнап жүр екен. Өзара «Шым сал да, құм сал, құм сал да, құрым сал» деп даурығып жатады. Мұны естіген Сырым: «Ақыл – жастан, асыл – тастан» деген емес пе, дереу біз де солай жасауымыз керек» деп, елден құрым киіз, ескі туырлық жинатып, бөгет салу ісіне кіріскен. Міне, бөгеттің негізі осылай қаланып-ты» - деді ол.
Экспедиция мүшелері Сырым бөгетін көріп, естелік суретке, бейнетаспаға түсірді. Бөгет басына арнайы жасалған естелік тақтаны орнатты. Көз-діқара ауылында өткен бас-қосуда экспедиция мүшелері ауыл әкіміне алғыс айтып, мүмкіндігі болса, ауыл ішіндегі бір көшеге Сырым батырдың атын беру туралы ұсыныс жеткізді. Ауыл әкімі Болат Дабысұлы сырымдықтардың ұсынысын құптап, ауылдағы жаңадан бой түзеп келе жатқан көшеге батыр есімі берілетінін айтты.
Көзделген межеге жеткен экспеди-ция елге бет алды. Миялы ауданымен шекаралас орналасқан Қаратөбе ауда-нының Мұхит ауылы маңындағы асқан әнші һәм күйші Мұхит Мерәліұлының кесенесінде болды.
Қазанның 10-ы күні «Нұр Отан» пар-тиясы Сырым аудандық филиалының ғимаратында аудан әкімі Абат Шыны-беков бастаған бір топ атқамінер аза-мат экспедиция мүшелерімен дөңгелек үстел басында кездесті. Басқосуда экс-педиция мүшелері алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар естелік сыйға тартылған бағалы кітаптарды, бөгет басынан алынған бір уыс топырақты құнды жәдігер ретінде мұражайға та-быстады.
Нұрбек ОРАЗАЕВ,
Орал–Ақтөбе–Атырау–Орал