Сырым мен сол 1800 жылы қайтыс болған әкесі Тіленшінің жолын Жоламан іліп әкетті. Оның есімі мұрағат қорларында 1817 жылдан бастап кездеседі. Бұл ке-зеңде Жоламан би А. И. Левшиннің анықтауынша, Тобыл, Елек, Торғай, Сыр, Жем бойларында көшіп-қонып, қыс мезгілінде орыс әкімшілігімен ке-лісе отырып, малдарын Жайық өзені-нен Ресейдегі ішкі бетке өткізетін. Сол жылы мал өткізуді қадағалауға келген Орынбор шекаралық комиссиясының шенеунігі В. А. Топориннің озбырлығына шыдамаған Жоламанды әскерилер қолға түсіріп, қол-аяғын кісендеп, бір форпостан екіншісіне жаяу апарып, жер аударамын деп қорқытып, 1 түйе және 50 қой алып, еліне қайтарған. Ол турасында Жоламан би бірнеше адам-мен 1817 жылы 14 мамырда арнайы Шерғазы ханға өтініш түсіреді (ҚР ОММ, 4-қ., 1-т., 1774 –іс, 3-4 пп.).
Жоламан патша өкіметінен ХІХ ға-сырдың 20-жылдары табын руы мекен-деген жайылымға, өзендерге, тұзды жерлерге бай жаңа Елек өңірін қайта-руды талап ете бастады. Бұл аймақ Елек тұзын тасу үшін жаңа жол сала-мыз деген сылтаумен алынып, 29 бе-кініс салынған еді. Келе-келе қазақтар Орал, Елек, Берден, Құрат өзендері бо-йындағы жерлердің ең жақсы 7 мың десятинасынан айырылды. Міне, осы жайт Жоламан бастаған азаттық күресі-нің негізгі себебіне айналды. 1822 жылы 27 тамызда табын, тама рулары Жоламан, Қойтары, Сүйінқара бастауларымен қол жинап, форпостарға ша-буыл жасады. Ал қыркүйекте оларға Асау, Көтібар, Жаналы, Дербісәлі ба-тырлар қосылып, шайқасқа шыққан қа-зақтар саны 1000-ға жетті (ҚР ОММ 4-қ., 1-т., 4698-іс).
Жоламан өз ойын ашық түрде 1822 жылғы 24 желтоқсанда губернатор П. К. Эссенге хат арқылы білдірді. Онда “Біріншіден, орыстар Елек бойына қарауыл қойып, оның ішкі бетін ғана емес, сонымен бірге өзен бойларын иеленіп, қазақтарды жерсіз қалдырды. Екіншіден, орыстар және башқұрттар бізден Нарын құмдарын да тартып алды. Біз жайылымсыз қалдық. Содан қазақ халқы 1822 жылы үдере көтерілді” делінген (Материалы по истории Казахской ССР, с.434).
Батыр 1823 жылы қыркүйек айын-да П. К. Эссенге жолдаған екінші хатын-да “Әбілқайыр ханның тұсында қазақ-тарға Оралдың арғы жағындағы ша-бындықтарды пайдалану және өзеннің жартысынан балық аулау еркіндігі бе-ріліп еді. 1810 жылға дейін қазақтар мұны кедергісіз пайдаланды, ал кейін Ресей Елек өзенін алып, ірі бекіністер тұрғызып, бұрын берілген жерлерді пайдалануымызға тыйым салды. Ал біз болсақ, орманы, суы жоқ иен далада көптеген ауылдарымызбен мұқтаждық көріп отырмыз.
Өзен мен Самара өзендері маңын-дағы Нарын құмдарында орыстардың үлкен қарауылдары қазақтардың мал жаюына қысым жасауда, сондықтан біз ірі бекіністер мен қарауылдарды әкету-ді өтінген едік, бірақ рұқсат ала алма-дық. Біз сізден 1810 жылға дейінгі құ-қығымызды иемденуге, Орал мен Елек аралығындағы даланы кедергісіз пай-далануға рұқсат етуіңізді екінші рет өтіндік, бірақ тағы да жауап ала алмай отырмыз деп шиеленіс себептерін анықтай түседі (Бекмаханов Е. Б. ХІХ ға-сырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан. Алматы, 1994. 201-202-бб.; Материалы по истории Казахской ССР. с. 443-444).
Бірақ П. К. Эссен Жоламан хатта-рына еш жауап бермеген. Керісінше, қазақтар қолында тұтқында болған жа-сауыл Падуровты босатқаны үшін Жоламанға 327 сом сыйлық жіберіп, болашақ келіссөздерді Шерғазы хан арқылы жүргізу қажеттігін алға тарт-қан.
Орынбор шекаралық комиссиясына тапсырылған рапорттардың бірінде Жоламанның халқына әділ би ретінде мойындалуымен бірге, оның 500-дей жылқысы, 2000-дай ұсақ жандықтары, 50-дей түйесі, көптеген ірі қарасы бар ауқатты адам екендігі жазылған. Соны-мен бірге оның 10 ұлы, 2 бауыры – Есенаман мен Әжібайда 9 ұл, қайтыс болған бауыры Едігенің 6 ұлы барлығы, олардың бар екендігі, бірге көшіп-қонатындығы анықталған.
1823 жылы 14 қарашада Шерғазы хан губернаторға жаңа мәлімдеме тү-сірді. Ол бойынша Жоламан 5000 қол-мен хан ордасын шабуға дайындалып жатқандығы белгілі болды (ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2335-іс, 45-п.).
П. К. Эссен Жоламанның Елек үшін күресін тоқтатпайтынын түсінді. Бола-шақ шараны ақылдасу үшін ол 1823 жылы 10 желтоқсанда Ресей Сыртқы істер министрлігінің басқарушысы
К. В. Нессельродеге құпия хат жолдап, ой бөлісті. Губернатор “Кіші жүзде екі бүлікші бар, оның біріншісі – Жоламан Тіленшіұлы, ол біздің шепке қарсы, ал екіншісі – Қабан Елеменов, ол Каспий теңізінің шығыс жағалауы, Жайық өзені тармақтарынан оңтүстікке қарай қазақ-тардың қолдарын бастап жүр” деп жет-кізді. Соңында қазақ даласына бір мез-гілде мұздай қаруланған екі отряд, бірі Орал казак-орыстарынан тұратын 1000 әскерді Жоламанға, ал екінші 500 ка-зак-орыстарды Каспий теңізіне жіберу қажеттігін алға тартты. Патша рұқсатын алған П. К. Эссен әскери жорықты құ-пия ұстап, алдынала Жоламан ауыл-дарының тұрақты мекенін анықтауды Орал казак-орыстарының әскери ата-маны, полковник П. М. Назаровқа жүк-теді. Бірақ бұл жорықта патша әскерилері негізгі мақсатына жете алмады, ызаланған отаршылар тек бейбіт қазақ ауылдарын тонаумен айналысты.
1824 жылы жаз айларында Жола-ман Қиыл өзені бойына көшіп келіп, қазақтарды қайта жинай бастады. Қыр-күйек айында оның жиені Едіге Тілеу-лин Орал казак-орысын тұтқынға алды. Сол жылдың күзінде шекарадан тағы да бірнеше казак-орыстар кепілдікке алын-са, ордада сұлтан Тоққожа Айшуақұлы өлтірілді. Араға уақыт сала, Сухореченский форпостына 500 қазақпен шабуыл жасалды.
1825 жылдың аяғында П. К. Эссен Жоламанды райынан қайтару үшін пат-ша кешірімін алып беру үшін үкіметке хат жолдады. Бірақ батырдың тек қана кешірімге қанағаттанбайтындығы бел-гілі болды. Орыс әскери шебі бойында қазақтарға қысым жалғасып, қыс кезін-де заңсыз салықтар салынды. Мұны көрген Жоламан оған шыдай алмай, 1826 жылы 29 сәуірде П. К. Эссенге тағы шағымданды. Онда да Елек бойы ата-баба жерін қазақтарға қайтару және айдаудағы Арынғазы сұлтанды елге жеткізу қажеттігі көтерілді.
Осылай алма-кезек күреспен он жылға жуық уақыт өтті. Жағдай уақыт санап қиындай берді. Жоламан 1835 жылы Орск және Троицк араларында жаңа шептің салынуына байланысты қайтадан атқа қонды. Батыр бастаған қозғалыстың жандануына жағалбайлы, жаппас, арғын, қыпшақ руларының да өз беттерінше орыс шептеріне қарсылық көрсетуі әсерін тигізді. Өйткені олар 10 000 шаршы шақырымнан ас-там жерінен айырылған-ды.
Жоламан қозғалысының жаңа ке-зеңі Исатай-Махамбеттің Бөкей орда-сынан Азия бетке өтуімен басталды. 1838 жылдың орта тұсына қарай Елек қалашығынан Орск, Троицк қамалдарына дейінгі шекаралық шепке жақын жерде көшіп-қонған қазақтар көтеріліс-ке қамтылды және олар топталып, Тор-ғай мен Ырғыз ауылдарына көше бас-тады. Міне, осы сәтте Исатай Жоламанмен бірлесе қимылдады деуімізге әб-ден болады. Исатай 1838 жылдың көк-темінде шеркеш руының билері Бардан, Асау, Тоқай, Бәйембет, Айбас, Дабыс, таз руынан Ботаға жолдаған хатында оларды шептен көшуге шақырып, “Жо-ғарыдан табын руының батыры Жола-ман, тілеуқабақ бөлімінен Есет 5 мың адамымен келді. Бұлар да, Құдай оң-даса, біздерге қосылатын болады. Кете руынан Аламан қазірдің өзінде бізге келіп қосылды, сөйтіп, әзірше 3 000 адам болдық”, деп көрсетеді (Сави-
чев Н. Исатай Тайманов / Савичев Н. Кенжалиев И. Тарихи зерттеу еңбектер. 12-кітап. Алматы: “Өлке”, 2003.-51б.). Расында да, көп ұзамай Исатай жанын-да Жоламанның барлығы анықталды. 1838 жылы 10 маусымда табын руы қа-зақтары үлкен Ырғызға көшіп, 800 адам-ды шепті шабуға жіберді деген хабар тарады. Мұны естіген патша үкіметі 14 маусымда Жоламанды қолға түсіру ту-ралы қайтадан бұйрық шығарды (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 4890-іс, 2п.).
Жоламан, Исатай, Қайыпқалидың патша үкіметіне тізе қоса қарсы шығуы-нан сескенген Орынбор губернаторы
В. А. Перовский қазақтарға қарсы әске-ри отряд дайындады. Біріншісін пол-ковник К. Гекке басқарды. Оның қара-мағында 200 Орынбор казак-орыс әс-кері, 150 Орал казак-орыс әскері, 50 ат-ты атқыштар және 8 зеңбірек болды. Орынбор губернаторы 1838 жылы 8 шіл-деде К. Геккеге Қайыпқали мен Исатай-дың жоспарын талқандауды жүктеді (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1966-іс, 41п.). Отряд-қа қосымша Горский қорғанынан 100 атты әскер келе жатты. Баймағамбет сұлтан да 150 адамымен орыс әскеріне қосылды. Сонымен мұздай қаруланған К. Гекке 12 шілдеде Ақбұлақ өзені жа-ғасында Исатай басқарған қазақтарды жеңді. Қайыпқали Хиуамен шектес Сам ауылдарына қарай жылжыды.
1838 жылдың 29 шілдесінде Орын-борға Орск қорғанының коменданты, подполковник В. Исаевтан Жоламан, Жаналы батырлар 2000 табын, тама, қыпшақ рулары қазақтарымен Ор өзе-нінен төменгі шепті шабуға шықты, та-ғы бір деректен Елек өзенінің Қаратоғай мекенінде Жоламан 2000 адаммен тұр деген мәліметтер жетті. Жүсіп Нұр-алиев 3 тамызда Жоламанда 3000 адам бар дей отырып, өзін қорғауын өтінді. Мұны естіген губернатор В. А. Перовский тез арада Жоламан көтерілісін ба-су үшін қырға бір мезгілде 3 отряд жі-берді. Оларды полковник Мансуров, полковник Падуров, полковник К. Гекке басқарды.
Мансуров отряды Орскіден шы-ғып, 16 тамызда Төртқара руының ауылдарын шауып, көптеген малды тартып алды. Одан әрі Ырғызға жетке-німен, Жоламан қонысын таба алмай, кейін қайтты.
Падуров отрядына Жоламанды қа-лай да қолға түсіру, көтерілісті басу жүк-телді. Е. Бекмаханов “Полковник Паду-ров тұтқында болғалы бері Жоламанды өте жек көретін” деп анықтай түседі. Өш алуды армандаған Падуров қара-мағына 500 башқұрт, 50 атқыштар, 2 зеңбірек берілді. Оған қосымша Уголь-ный форпостынан 450 Орынбор казак-орысы, 50 атқыштар, 2 зеңбірек К. Гек-ке басшылығымен жіберілді. К. Геккеге «Жоламан бастаған көтерілісшілерді талқандау және жазалау» тапсырылды. Бірақ отрядтың негізгі мақсатын құпия ұстау үшін «Хиуадан келе жатқан кер-уенді күтуге барады» деген арнайы әң-гімелер таратылған. Оған жол бастаушы болып 10-дистанция басшысы Тәжік Бишебаев тағайындалған (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 4890-іс, 44-45 пп.).
Орыс әскерлері тамыз айына қа-рай Белағаш, Қараторғайға жеткені-мен, осы жерден Жоламан батыр та-бын, тама, жағалбайлы, алшын, жап-пас, шекті, төртқара руларының 500 ауылымен Торғай, Қарақұмға көшіп кетті деген хабар алған. Содан Падуров та түпкі мақсатына жетпей, кейін қайт-ты. Міне, осыдан кейін Е. Бекмаханов: «Орынбор Шекара Комиссиясының төрағасы Генс былай деп көрсетеді: “Жоламан өзін Ресейде қарақшы деп атағанына ашулануда, ол «Қарақшылық жасап жүрген жоқпын, Ресеймен соғысып жүрмін» деп есептейді. Оның соғысқа дайын кем дегенде 3000 адам әскері бар» дейді. Осы деректерді кел-тіре отырып, ғалым: “Тартып алынған жерлерді қайтаруды талап ете оты-рып, Жоламан Орал казак-орыс әскер-лерінің атаманы, генерал-майор Боро-динге былай деп жазады: «Бұл жерде біздің өтінішіміз бар. Әбілқайыр хан тұ-сында біздің халқымыз пайдаланғандай Нарын құмдарын толық және Өзеннің үш өзенін беріңдер. Ал егер ол мүмкін болмаса: ең болмағанда, Елек өзені бойындағы Жаңа шепті әкетің-дер. Онда бізді дос санайсыздар. Мен сұраған жерлерді берсеңіз, онда біз дос боламыз, егер бермесеңіздер, он-да жау боламыз» деген жолдарды кел-тіріп, «Жер үшін, жоғалтқан жайылым-дар үшін күрес Жоламан Тіленшиев қозғалысының басты мазмұны болды» деп қорытындылайды. Бұдан Жоламанның 1820 жылдан бергі орыс үкіме-тіне қойған талабынан бас тартпаған-дығын байқауымызға болады.
1838 жылдың аяғына қарай Жоламан бастаған қазақ рулары Торғай аймағында Кенесарыға қосылды. Орынбор мұрағатындағы С. Н. Севастьянов қорында Кіші жүздегі әскери қи-мылдардан соң Қайыпқали Хиуаға, Қасым мен Кенесары Ташкентке, Жоламан Жемге бағыт алды. Исатай өлтірілді делінген (ОрОММ. 169-қ., 1-т., 45-іс, 26 п.).
1840 жылдың қараша айының ор-тасында В. А. Перовскийдің Хиуаға жо-рығы толық сәтсіздікке ұшырады. Со-дан көп кешікпей, яғни 1841 жылы 2 ақпанда Орынборға түскен рапорттан шөмекей, төртқара, шекті руларында арнайы кеңес өткендігі белгілі болды. Мақсат ел ішіндегі тыныштықты сақтап, Кенесарымен бірге көшу болған. Кеңес-ке Жоламан Бұхара маңында тұрақтағандықтан қатыса алмаған (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1993-іс, 25-27пп).
1841 жылы патша үкіметі Сыр бо-йы қазақтарының орыс билігінде екен-дігін Хиуаға дәлелдеуге күш салды.
В. А. Перовский 1841 жылы 23 мамырда Бас штаб капитаны П. Никифоров пен поручик М. Аитовты Хиуаға аттан-дырды. 11 тамызда Аллақұл ханның қабылдауында болған елшілер Ресей-дің ұстанымын жеткізді.
Сыр бойы қазақтарының орыс бо-даны еместігін айғақтау үшін Аллақұл хан арнайы кеңес шақырды. Оған Жан-ғазы Қайыпұлы, Қайыпқали сұлтандар, шекті Рахманқұл, байбақты Жүсіп Сы-рымұлы, табын Жоламан, Нияз, шекті Тілеуқабақ, Отаралы қатысты. Кеңесте Ресей талабы тыңдалып, Сырдария кім-ге бағынады мәселесі қаралды. Жанға-зы сұлтан: «Ресей Сырдарияны ала ал-майды, өйткені ол Жайықтан тым шал-ғай», Рахманқұл: «Ресей жыл сайын қа-зақтарды тонау үшін далаға әскер жібе-ріп, олардың жерін тартып алады, егер де қазақтар олардың боданы болса, мұны істемес еді», Жүсіп Сырымұлы: «Қазақтар мұсылман, сондықтан ешқа-шан христиан жұрты бодандығына кір-мейді» деген ерекше пікірлерін білдір-ген. Ал П. Никифоров «Империяға қар-сы қылмыскерлер мен заңды жазалаудан қашқандар» ортасында бодандықты дәлелдеудің еш қажеті жоқ» деген кезеңде, Жоламан батыр өзін Ресей бо-даны деп айтуға да рұқсат бермеген. Сөз алған М. Аитов Жанғазы сұлтанның Ресейде дүниеге келгенін, әкесінің пат-шаға адал қызмет етіп, майор шенін алғанын, Рахманқұлдың жақын туысы Жанұзақтың ІІ Екатерина тұсында Ре-сей астанасына барғанын, Жоламанның әкесі Тіленшінің патша атынан тар-хан атағын алғанын, Жүсіп Сырымұлының Арынғазы сұлтанмен Санкт-Петер-бургке барып, Хиуаны талқандау үшін әскер сұрағанын еске салған (ОрОММ. 6-қ., 10-т., 5241 –іс, 369-374 пп.).
Кездесу қорытындысынан анық байқалғаны – қазақ сұлтандары мен батырлары бірауыздан бодандықты мо-йындамаған. Мұндай жағдайда Жола-манның өз атамекеніне оралуы мүмкін емес еді. Оның үстіне патша әскерлері ашық соғыспен Кенесары әскерінің со-ңына түсті. 1845 жылы 23 шілдеде Кенесары Ырғыздан Торғайға келді. Егер жағдай оңалмаса да, ол Жоламан ізімен Бұхараға кетпек еді. Сәл кейін 12 мамырда «орыстар қазақтардан 1000 адамды Кавказға жібермек» деген әң-гімелерден соң, қазақтар Бұхарадағы Жоламан ауылына көшуде деген хабар-лар Орынборға жетті. Батыс бөлік сұл-тан билеушісі шекаралық комиссияға Жоламан батырдың Бұхара иелігінде тұрақтағанын растады (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 2327-іс, 60 п.; 3408-іс, 6-7 п.).
Ал 1848 жылы 23 қазанда шекаралық комиссия Жоламан батырдың 1838 жылы 17 қыркүйектегі шептегі Анинский станицасына шабуыл жасағандығын тексеру барысында әскери старшын Арыстан Жантөрин Жоламан Тіленшиннің әлдеқашан қайтыс болғандығын жеткізді (ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 4427-іс, 9 п.).
Сөйтіп, елінің қамын жеп, Ресей империясының алдында басын имей, олардың үйіп-төккен бірде-бір ұсыныс-тарын қабылдамай, батыр бабамыз Бұ-хара жерінде мәңгілікке көзін жұмды.
Қорыта келгенде, бүгінгі байлығымыз – ұлан-байтақ атамекенді сақтауға келгенде Жоламан сынды ерлер 1822-1846 жылдар аралығында ерекше көз-ге түсті. ХІХ ғасырдағы отарлауға қарсы күрескен атақты батырлармен үнемі қоян-қолтық араласып, елі мен жұрты-ның ертеңі үшін алаңдауы оның халқы-ның нағыз патриоты екендігін дәлелдейді. Осындай ерлердің арқасында қазақ мекендеген ұлы дала мәңгілікке өз ұрпағына бұйырды.