Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Қадірлі ағайын, Қазақстан Тәуелсіздігінің 24 жылдық мерекесі құтты болсын! Бұл күні біздің «DANAkaz» журналының да шыға бастағанына үш жыл толып отыр. Барша оқырманымызды осынау үлкен мерекемен және шағын мерейтойымызбен шын жүректен құттықтаймын!
Жантас НАБИОЛЛАҰЛЫ,
журналдың ақылдастар алқасының төрағасы
Желдей есіп үш жыл өте шықты. Осыдан үш жыл бұрын елдің ертеңіне алаңдағандар бас біріктіріп, бо-лашақ үшін пайдалы іс қылайық деген асыл мақсатпен «DANA.kaz» журналын шығаруды қолға алғанбыз. Алғашқы нөмірінде басылымның негізгі бағытын, атауы-ның мәнін ашып айтып едік. Аты затына сай болуына барымызды салып, негізгі ұстанымнан айныған жоқпыз. Темірқазығымыз тамыры терең тарихымызды таны-тып, ұлттық рухты қайрап, білімге ұмтылу болды.
Биыл Орал қаласының іргесінде орналасқан Подстепный ауылында отырып-ақ республика бойынша шашасына шаң жұқтырмас жүйріктер баптап отырған «Үміт» гимназиясы 15 жылдығын тойлауда.
Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналист
«Қазақстан-Орал» телерадиокорпорациясының директоры, әріптес ағамыз Асыланбек Ғұбашев хабарласып, «Ресейде тұратын ноғай ағайындарды аралап, деректі фильм түсіруге бара жатырмыз. Бірге жүруге қалайсың?» дегенде қуана келістік. Алдымызда 5-6 күндік сапар, 3 мың шақырымның үстінде жол жатты.
Әбілсейіт МҰҚТАР,
тарих ғылымдарының докторы, профессор, Атырау мұнай және газ институтының ғылыми жұмыстар және инновациялар жөніндегі проректоры
Назардан тыс қалып келе жатқан Жоламан батыр деген кім? Бұл бабамыз қандай еңбегімен ХІХ ғасырдағы мұрағатқа түсті?
Ол – белгілі қазақтың ханы Әбіл-қайырдың бас сардары болған Бөкенбайдың Тіленшісінен туған немересі. Бөкенбай батырлығы Тіленшіге, одан Жоламанға дарыды. Бөкенбай да, Тіленші де, Жоламан да қазақ жауларына қарсы қол бастады. Бөкенбай 1742 жылы түркімендермен болған шайқаста қаза тапса, Тіленші Сырым батырды қолдап, артына 1500 сарбазды ертіп, Ресейге қарсы аттанды.
Гүлмира ЕЛЕМЕСОВА,
Бөкей ордасы тарихи-музейлік кешенінің кіші ғылыми қызметкері
Арғы-бергі көшпенділер тарихына көз салып, ой таразысына тартар болсақ, белгілі хандардың көбінің-ақ ханымдары от басындағы оңаша тірлікпен ғана шектелмей, ел ісіне араласып, алдағыны болжайтын қайраткер болған. Олар ерге ердей, серіге серідей серік бола білген. Екі ғасырдан бергі тарихымызға көз жіберсек, Әбілқайырдың Бопайы, Уәли ханның Айғанымы ерлері опат болғаннан кейін олардың орнын басып, билік тізгінін бекем ұстап, бодандығын алған мемлекетпен терезесі тең қарым-қаты-нас орнатып, балаларын ел басқару ісіне баули білген.
Гүлайна САЛИХОВА,
Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы археология ғылыми-зерттеу бөлімінің маманы
2008-2010 жылдар аралығында «Атырау облыстық тарих және археология орталығы» А. Ғарифолланың жетек-шілігімен Атырау облысы, Мақат, Жылыой, Қызылқоға аудандарының түйіскен жерінде орналасқан Таскешу керуен сарайына археологиялық қазба жұмысын жүргізді. Себебі керуен сарай еліміздің тарихы мен мәдениеті-нен хабар беретін өте құнды ескерткіш болатын.
«Көк түріктер мен Алтын Орданың
айбарын айтпағанда, Қазақ хандығы –
біздің елдігіміздің түп тамыры»
Н.Ә. Назарбаев
«Бүкіл әлемді дағдарыс жайлап, да-мыған елдердің өздері үлкен экономи-калық күйзеліске ұшыраған мынау ал-мағайып заманда алыс-жақын ағайынның басын қосып, Қазақ хандығының 550 жылдық ұлан-асыр тойын өткізудің өзінің ерекше себебі бар», - деген еді биылғы 11 қыркүйекте Астана қаласын-да мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев Қазақ хандығының 550 жылдығына ар-налған салтанатты жиынында. Бұл себеп – қазақ мемлекетілігі мәселесі. Қа-зақ елінің іргесін бекіту мақсатында Ел-басымыз Қазақ хандығының 550 жыл-дығын тойлауға мемлекеттік деңгейде маңыз беріп отыр.
Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының орталығы – Чапаевта тарихшы-ғалымдардың, өлкетанушылардың қатысуымен «Өз өлкеңді өзгеден бұ-рын таны» атты ғылыми-танымдық конференция өтті.
Нұртай ТЕКЕБАЕВ,
журналист
Бір Аллаға сыйынып,
Тіліме жыр құйылып,
Түбірімнен иіріп,
Түркілігімнен үйіріп,
Таңдайымнан тамызып,
Тұлпардай демде ағызып,
Толғай да толғай тартайын,
Төскейде түсіп шалқайып,
Тарихымды саралап,
Таразыны жаңалап,
Таңғы сырды аралап,
Тамсанайық марқайып.
«DANAkaz» тарихи-танымдық журналы 2014 жылы Батыс Қазақстан өңіріне қатысты зерттеулер мен өлкетану материалдарына қозғау салу мақсатында өлкетанушылар, мектеп мұғалімдері және оқушылар арасында «Өскен өлке тарихы» атты байқау жариялаған еді.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463