Аудан басшысы Әділ Жоламанов ау-дан аумағындағы киелі ескерткіштерді зерттеу, ежелгі әйгілі тұлғалардың елге сіңірген еңбегін әйгілеу жөнінде облыс тарихшыларының, өлкетанушылардың, журналистердің жұмысына ризашылық білдірді. Әділ Тауфихұлы Базаршолан ауылының батыс бетіндегі Мәулімбер-ді қорымының ерекшеліктері, кезінде әулие, үлкен ғалым болған Мәулімбер-ді шейхқа қатысты тың деректердің табылуынан мысал келтіре отырып, соның бәрі өткенімізге үңілуге серпіліс беретінін айтты.
Керей мен Жәнібек бастаған Қазақ хандығы, әрине, бір күнде пайда болған жоқ. Оның бастауы дәуірлер қойна-уында. Яғни мемлекеттілік тарихы мыңдаған жыл бұрынғы көшпелі сақ қоғамынан шеру тартады. Конферен-ция мінберіне көтерілген БҚО тарих және археология орталығының дирек-торы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Сыдықов өз сөзін осыдан бастап, Қазақ хандығы қалып-тасу үдерісінің аумақтық және аймақ-тық аспектілері жайында әңгімеледі.
М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кан-дидаты Жаңабек Жақсығалиев атақты Мұхаммед Хайдар Дулати қалдырған бай деректер негізінде Қазақ хандығы-ның 1465 жылғы Қозыбасы тауының етегіндегі тарихи оқиғадан басталған көшінің мемлекеттік сана қалыпта-суындағы рөлі жайында сөз саптады. Бұл сана бізді ұлт ретінде сақтап, қор-ғап, сөйтіп, Кеңес Одағы кезіндегі «бұ-ларда мемлекет болмаған» деген сы-ңаржақ, көреалмастық теріс ниетпен айтылған өтірікке қарсы соққы жаса-дық. Қазақ мемлекеттігі үшін күрес XV ғасырдан кейін де жүріп жатты. Алаш қозғалысының өзі неге тұрады?!
Аталған оқу орнының Қазақстан та-рихы кафедрасының меңгерушісі, та-рих ғылымдарының кандидаты Жәні-бек Исмурзиннің мұрағаттар, оның ішінде Ресей мұрағаттары деректері негізінде Үкі би (зираты ауданымыздың Базартөбе ауылының аумағында) және оның заманы туралы баяндамасы да өте қызықты болды.
Біздің облысымызда эпиграфикалық ескерткіштерді зерттеу мәселесінде елеулі қозғалыс бар. Мұнда төрағасы Жантас Сафуллин болып табылатын «Мирас» қоғамдық кеңесінің, «Жайық Пресс» медиахолдингінің, «Дана каz» тарихи-танымдық журналының баста-малары, ықпалы зор. Көне қорымдар-ды тіркеуге алып, құлпытастар сырына дендеу жөніндегі көлемді жұмыстары үшін конференцияда олардың атына әлденеше рет жылы лебіз арналды. Ал белгілі журналист, аталған журналдың бас редакторы Қазыбек Құттымұратұлы арнайы экспедициялардың Ақжайық пен басқа да аудандар, көршілес ай-мақтарға сапарларының қорытынды-ларын айта келіп, ежелгі қорымдар мен құлпытастарды қорғап, сақтаудың өте көкейкесті мәселе екеніне тоқталды.
Болат ЕСҚАЛИЕВ