Өлкетану байқауы мәреге жетті

«DANAkaz» тарихи-танымдық журналы 2014 жылы Батыс Қазақстан өңіріне қатысты зерттеулер мен өлкетану материалдарына қозғау салу мақсатында өлкетанушылар, мектеп мұғалімдері және оқушылар арасында «Өскен өлке тарихы» атты байқау жариялаған еді. 

Байқаудың мақсаты – туған өлке-міздің ежелгі заманнан күні бүгінге дейінгі тарихын зерттеу, кейбір жекелеген оқиғалар, ұмытыла баста-ған тұлғалар туралы тарихи дерек-терді жариялау, жер-су атауларының пайда болуын зерттеу, өлкенің жалпы тарихын қалыптастыру бола-тын. Ал оқушыларды қатыстыру арқылы мектеп жас буын арасында өлкетану идеясын насихаттап, шы-ғармашылық қабілеті бар шәкірт-терге қолдау көрсету мақсатында өткізілді. Жақында осы байқаудың қорытындысы жасалып, үздік мақа-ла авторлары марапатталды.
Басқосуға «Жайық Пресс» ЖШС бас директоры, «DANAkaz» журналы ақылдастар алқасының төрағасы Жантас Сафуллин, журналдың бас редакторы Қазыбек Құттымұратұлы, тарих магистрі Айболат Құрымбаев және журнал оқырмандары мен байқау жеңімпаздары қатысты.
– Бүгін тарихи-танымдық, көпшілікке арналған «DANAkaz» журналының жарыққа шыққанына тура үш жыл толып отыр. Бұл күннің біз үшін маңызы зор. Өйткені басы-лымның алғашқы саны Тәуелсіздік күніне орай жарыққа шыққан бола-тын. Өте шыққан үш жылда едәуір жұмыс атқарылды, бұрын-соңды жарияланбаған тың материалдар жарияланып, көптеген жоба қолға алынды. Ең бастысы, журнал өзінің тұрақты оқырмандарын тауып үлгерді, - деп сөз алған Жантас Набиоллаұлы «DANAkaz» журна-лының рухани бағытта бас бірік-тірген азаматтардың қолдауымен жарыққа шығып келе жатқанын айтты.
Ал журналдың бас редакторы, өлке тарихын зерттеуге атсалысып жүрген журналист Қазыбек Құттымұратұлының айтуынша, күні бүгінге дейін журналдың 23 нөмірі жарық көрген. Алайда 2014 жыл журнал үшін қиын кезең болып, қаржы тапшылығына байланысты жыл бойы төрт санмен шектеліп, байқауға келіп түскен материалдар-ды толық жариялау үшін сайыс мер-зімін ұзартуға тура келгендігін алға тартты. Осыған қарамастан, байқауға қатысып, белсенділік танытқан жур-нал оқырмандарына өз алғысын жеткізді.
Осы байқаудың үйлестірушісі, тарих магистрі Айболат Құрымбаев сайысқа келіп түскен әр мақалаға жеке тоқталып, олардың ерекшелік-терін айтып өтті. Болашақта бұл та-қырыпты одан әрі тереңдетіп, жур-налмен арадағы әріптестік байла-нысты жалғастыруды ұсынды.
Байқау қорытындысы бойынша Орал қаласындағы №1 орта мек-тептің тарих пәні мұғалімі Нұрия Жекекқызы («Отыз бесінде атылған ару»), Батыс Қазақстан инновация-лық-техникалық университетінің студенті Нұрсұлтан Ғатау («Бір мешіттің тарихы»), Сырым ауданы,
Қ. Мырзалиев атындағы орта мек-тептің тарих пәні мұғалімі Мұқат Арыстанов («Сәкеннің Жымпитыға сапары»), М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Қуанар Мұсағалиева («Алғашқы мұғалімдер сьезі»), Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылының 8-сынып оқушысы Аружан Қарашқызы («Мұхит ауылының жер-су атаулары»), Шыңғырлау ауданы, Ақсуат орта мектебінің мұғалімі Салтанат Абакова («Шырайлы өлкем – Шыңғырлау») жеңімпаз деп таны-лып, бағалы сыйлықтармен марапат-талды.

Ләззат ШАҒАТАЙ,
Орал қаласы

Қаралым саны 1465

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463