Оқушылар мен өлкетанушылар арасындағы «Өскен өлке тарихы» байқауы жалғасуда. Байқау қорытындысы редакция қоржынына келіп түскен мақалалар толық жарияланған соң, жыл соңына қарай жария болады.
«DANAkaz» журналының алғашқы санынан басталған эпиграфикалық ескерткіштер – құлпытастарды зерттеу ісі биыл Батыс Қазақстан облысында кең көлемде қолға алынды. Бұл жұмыстарды да назарымызда ұстап, журнал оқырмандарын құлағдар етіп отырамыз.
Біз ежелден ата-тегімізге, шежіремізге ерекше құр-метпен қарайтын халықпыз. «Жеті атасын білген ер жеті жұрттың қамын жер» деген сөз бар. Көптеген оқырман-дарымыздың сұрауына орай журнал редакциясы жанынан құрылған ғалымдар тобы ру, ата-тек, шежіре жинақтарын жинақтап, кітап етіп шығаруға ниет етіп отыр. Бүгінгі таңда беріш руының Бесқасқа тармағы туралы, алаша руының Қарабура, Бабатай тайпалары хақында зерттеу жұмыстары басталып кетті. Бұл жинақтарда ата-тек шежіре материал-дары, мұрағат құжаттары, құлпытас деректері қамтылатын болады. Оқырмандарымыздан аталған ру-тайпаларға қа-тысты қолда бар деректерін журнал редакциясына немесе Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына жолдауды сұраймыз. Жинақта дерек беруші азаматтар туралы сілтеме берілетін болады.
Алда тұрған жоспар, жоба көп. «DANAkaz» журналымен бірге болайық, ағайын!
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы