Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
«DANAkaz» журналының жаңа санында биылғы жылдың басты оқиғасы – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына қатысты бірнеше мақала ұсынып отырмыз. Өткен сандарымызда жарық көрген «Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?» атты мақаланың жалғасын келесі нө-мірге қалдырдық. Соңғы кезде еліміздің әр түкпірінен, тіпті шетелден мақала ұсынып, журналымызға жариялағысы келетін авторлар көбейді. Сондықтан кейбір оқырманда-рымыздан келіп түскен хаттардың жарық көруі сәл кідіріп жатыр. Түсіністікпен қарауыңызды сұраймыз.
Биліктегі басшылардың айналысында өресі тар, білімі тайыз, тәжірибесі аз қызметкерлер жиі ұшы-расады. Ең жаманы осылар өздерінің айналасына дұрыс адам келсе соны орнынан тайдырмайынша, басын игізіп, тізесін бүктірмейінше тынбайды. Осылайша қорлықты басшыдан емес, талай адам қосшы-дан көруде.
Тілек ҚАДЫРОВ:
Ол – ауылда ержетіп, ауыл мектебінен түлеген қарапайым жан. Жан-дүниесі қа-зақы, елшіл жас. Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы арқылы АҚШ-та білімін шыңдап келіп, бүгінде еліміздің мұнай-газ саласында еңбек етуде. Аталмыш сала жайлы, шетел тәжірибесі жайлы аз-мұз әңгімеге тартқан едік.
Мира КУТУШЕВА,
Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің экскурсия жүргізушісі
Қазіргі қазақ тұрмысын шәйсіз елестету қиын. Бірақ қазақтың шәй ішу дәстүрі қай уақыттан басталған? Бұл жөнінде тарих не дейді?
Айбек ТҰРАРҰЛЫ,
Атырау облысы тарихи-өлкетану мұражайы археология ғылыми-зерттеу бөлімінің меңгерушісі
Қазақстандық археология тарапы-нан Атырау облысы аумағы жеткіліксіз зерттеліп келеді. Кәрі Каспийдің сол-түстік жағалауын барлау жұмыстары 1970 жылдан басталыпты. 1975-1983 жылдар аралығында КСРО ҒА Археоло-гия институтының Орал-Еділ бойы экс-педициясы Л. Галкиннің басшылығы-мен облыс аумағында барлау, қазба жұмыстарын жүргізсе, 1989 жылдан бері Ә. Марғұлан атындағы Археология институтының Батыс Қазақстан архео-логиялық экспедициясы З. Самашевтің жетекшілігімен археологиялық зерттеу-лер жүргізді. Осы аталған экспедиция-лар нәтижесінде неолиттік, қола, ерте темір дәуірінің және ортағасырлық ке-зеңнің ірі ескерткіштері анықталды. Ар-хеологтар отырықшы мәдениет орта-лығы болған үлкенді-кішілі бірнеше қа-ла, қоныстар мен мекендерді тапқан соң бұрын «көшпенділер елі» деп кел-ген жерімізде отырықшы мәдениеттің болғандығына көз жеткіздік.
Келтір ШӘНЕНОВ,
өлкетанушы,
ҚР жер қойнауының Құрметті барлаушысы,
ҚР мұнай-газ саласына еңбегі сіңген қызметкер,
Жылыой ауданының құрметті азаматы,
Атырау қаласы
Діни-сопылық ілімнің аса көрнекті өкілі, көзінің тірісінде-ақ әулие Пір Бекет атанған, есімі Адай ұлысы-ның ұранына айналған Бекет Мырзағұлұлы 1771-75 жылдары қазіргі Атырау облысы Жылыой ауданы Ақкиізтоғай селолық округінде «Ақмешіт» жерасты мешітін тұрғызған. Осы жерден тура күнбатысқа қарай 7,5 шақырым жүрсеңіз, Аралтөбе атты биік обаны көресіз. 1999 жылы дәл осы обаның астынан бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi (б.д.д.) III-II ғасырларда өмір сүрген сарматтар көсемiнiң сүйегі табылды. Ромб тектес алтын пластинкаларды балық қабыршақтандырып тағып, әдемілеп тіктірілген сырт киіммен жерлеген сүйек бірден «Алтын адам» атанып кетті. Әйгілі Есіктен кейін Қазақстан территориясынан табылған екінші «Алтын адам» Құлсары қаласынан солтүстік шығысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.
Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының
профессоры, алаштанушы,
Орал қаласы
Алаш зиялылары – Қазақ елінің ру-хын тәуелсіз ұлт дәрежесіне жеткізу жолына бүкіл арман-мұратын, қайра-тын, талантын тағдыр талайына салған тұлғалар. Олар сол заманда өмір сүруі-мен де бостандық рухының қасиетті бейнелеріне айналды. Олар ұлттың тәрбиеші зиялылары ретінде танылып, исі Алашқа мойындалды. Ұлттық билік-тен айырылып, Абай атамыз айтқан-дай, «Өз қолынан өзінің ырқы кеткен соң» да қазақтың қамын жеп, елінің мұң-мұқтажын жоқтай білді. Азамат-тық мойынсынбауды, Рухани Тәуелсіз-дікті, Ұлт Азаттығын мұрат тұтты.
«Қазақ елін ежелгі еркіндігінен айырып, отарлық тәртіп әкелген ХІХ ғасырдың бас кезіндегі ең елеулі оқиға Бөкей Ордасының құрылуы болды. Әбілхайыр ханның немересі, Нұралы ханның ұлы Бөкей сұлтан 1801 жылы бейбіт келісім жолымен, бұрынғы Алтын Орданың, кейінгі ноғай-қазақтың құт мекені Жайықтың батыс бетіне, Еділге дейінгі кең алқапта қоныстануға мүмкіндік алды. Ата жұртқа ірге аударған жұрт Бөкейді хан сайлады. Ресей дәргейіндегі, бірақ өзіндік басқару жүйесі бар жаңа ұлыс Ішкі немесе Бөкей Ордасы деп аталды. Сөйтіп, қатарынан озып туған, көреген Бөкей хан кіріптар заманның өзінде Алаш ұлысының өрісін кеңейтті. Еуропаның үлкен бір мемлекеті еркін сыйып кетердей кең-байтақ, құйқалы қонысты біржола қайтарып алды».
Қайтыс болған адамның аты-жөні, қай жылы туғаны, неше жаста қайтыс болғандығы, қай ру, белгі қойған кімдер екендігі құлпытаста көрсетіледі. Тіпті, кейбірінде қайдан білім алғандығы, ұстазы кім болғандығы туралы да мәлімет болатынын ескерсек, бұл тарихты зерттеуге таптырмас мағлұмат болары анық. Араб әліпбиімен жазылған құлпытастардың дені XVIII-ХХ ғасыр аралығын құрайды. Батыс Қазақстан облысы аумағындағы сондай құлпытастарды қорғау, кешенді зерттеу мәселесі бойынша ғалымдардың, билік өкілдерінің, дін қызметкерлерінің, өлкетанушылардың тұңғыш рет басқосуы өтті.
Ұлжан АХМЕТОВА,
тарих ғылымдарының докторы,
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік университетінің доценті
Қазақ тарихында еліміздің азат-тығы үшін болған ұлт-азаттық күрестер мен оған ұлтымыздың ұл-қыздарының қатысуы маңызды орын алады. Біз бү-гінде ұлт-азаттық күрес тарихын Ресей-дің Қазақстанды отарлау дәуірінен бас-тап жүрміз. Заманында талай қазақ азаматтары қолына қару алып, артына мыңдаған серіктерін ертіп, Ресей отар-лауына қарсы көтерілді.
Жансая МУСИНА,
айтыс ақыны
– Жансая, сіздің отбасыңыз туралы білгісі келетін оқырман көп. Сол туралы айтып берсеңіз?
– Қазақтың қарапайым отбасынан-мын. Әкеміз дүниеден ертерек өтті. Аллаға шүкір, анам аман-сау, Сайқын ауылында немерелерінің ортасында қоңырқай тірлік кешіп жатыр. Отбасылы ағам бар.
Бақтылы БОРАНБАЕВА,
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық
университетінің доценті, тарих
ғылымдарының кандидаты
1941-1945 жылдардағы сұрапыл со-ғыста жауынгерлік ерлік көрсеткен ке-ңестік патриот қыздар туралы Кеңес Одағының маршалы К. К. Рокоссовский: «Сол бір қиын жылдардағы халқымыз-дың ерлігін ойласам, әсіресе совет әйелдерінің табандылығына ерекше тәнті боламын. Олар ер азаматтармен бірге соғыстың шаңды жолын бірге өт-ті, батпақта былғанды, қолма-қол ұрыс-тарға қатысты. Мерген қыздар алғы шепте күні-түні дұшпанды аңдып, жо-йып отырды» деп жазған еді. Әскери қолбасшы тебірене айтқандай, жеңіс күнін жақындатуға үлесін қосқан сол мерген қыздардың арасында дзот үнін өшірген қазақ қызы Мүслима Қожахметова да болды.
№3 кеңес (сою әдістері)
Бауыздалған қой екі түрлі тәсілмен сойылады. Бірі жерге төселген арнайы тақтаның үстіне жатқызып сою да, екіншісі – артқы екі тілерсектен ағаш өткізіп іліп сою (мұны кей жерде «асып сою» деп атайды).
– Малды асып сойғанның ең бас-ты тиімділігі сол – ет таза болады, - дейді Орал қаласындағы «Ел ырысы» базарының қасапшысы Сәдібек Талыпұлы. – Ол үшін шамамен 1,6-1,7 метр биіктікте бекітілген арнайы ағаш (кейде металдан да жасалады) құрал керек. Бұл құрал жылжымалы (яғни көтеріліп-түсетін) болса, тіпті жақсы.
Жайық өзені үшін қазақ халқы жүздеген жылдар бойы орыс-казактарымен, башқұрт, қалмақтармен ұзаққа созылған күрес жүргізген.
2014 жылы желтоқсан айының соңында түбіміз бір, тамырлас туыс түрік халқының ежелгі тарихи шаһары – Стамбұл қаласына табанымыз тиді. Іссапарымыздың мақсаты халықаралық бағдарламаға сәйкес, тәжірибе алмасу негізінде білім жетілдіру болатын.
Маңғыстау облысындағы ең ірі және ежелгі қорымның бірі саналатын Сисем ата қорымы Маңғыстау ауданы Өтес ауылынан 35 шақырым солтүстік бағытта, N 44 37, 256, E 053 34, 835 координаталарында орналасқан.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463