«Тіл меңгеру – бәсекелестікке төтеп берудің кілті»

Тілек ҚАДЫРОВ: 

Ол – ауылда ержетіп, ауыл мектебінен түлеген қарапайым жан. Жан-дүниесі қа-зақы, елшіл жас. Мемлекеттік «Болашақ» бағдарламасы арқылы АҚШ-та білімін шыңдап келіп, бүгінде еліміздің мұнай-газ саласында еңбек етуде. Аталмыш сала жайлы, шетел тәжірибесі жайлы аз-мұз әңгімеге тартқан едік.

– Тілек мырза, мұнай-газ саласын неліктен таңдадыңыз? Шетелде білім алуға неге қызықтыңыз?
– Бұл еліміздің экономикасындағы басым бағыт болғандықтан, осы саладан бағымды байқамаққа бел будым. Орал қаласындағы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-да осы сала бойынша білім алдым. Екінші курста оқып жүргенімде әкем жалақысынан ауысқан қаржысын маған беріп, ағылшын тілін үйренуге жол сілтеді. Оралдағы неше түрлі тілдік курс-тарда оқып, кейін жоғары оқу бітірге-сін мамандығым бойынша қызметке ор-наластым. Саланың күрделі мәселелері кездескенде біліктілігімді арттыра тү-суім керектігін сездім. Алдымен АҚШ-тың тіл оқуына тапсырып, Техас орталығы Остинді таңдадым. Техастың мұнай ас-танасы екендігін бала кезден естіп өс-тік, не болса да, мұнайлы жерде бола-йын деп, сол жерді жөн көрдім. Елу мың-дай студенті бар ондағы университет-тің профессорлары мықты болды. Екі семестр сонда тіл оқыдым. Содан соң емтихан тапсырып, магистратураға төрт-бес университетке өтініш жібердім. Со-ның екеуі қабылдады. Бірі – Питсбург, бірі – Колорадо. Алдыңғысы химия са-ласына маманданған. Ал мұнай сала-сына маманданған Колорадо универ-ситетінің деңгейі – АҚШ-та төртінші, әлем бойынша алтыншы орын. Осы бі-лім ордасына құжат тапсырып, қабыл-дандым. Тіл курсының екінші семестрін-де оқып жатқанда жанұям келді. Шә-кіртақым бір адамның өмір сүруіне есептелгендіктен, жанұямызға аздап қиындау болды. Бірақ одан да өттік. Колорадоның Голден деген қаласына орналастық. Кішігірім қала білім алуға қолайлы болды. Табиғаты Алматыға қатты ұқсайтын.
Мамандығым – мұнай-газ инжене-рингі. Магистратура Англияда бір жыл болса, АҚШ-та екі жыл. Мықты универ-ситеттердің дипломдық жұмысқа тала-бы да жоғары болады. Дипломдық жұ-мысың оларға ұнамаса, оқуыңды жал-ғастыра бересің. Дипломдық жұмысы-ма тақырып қылып атын нақты көрсет-песем де, Батыс Қазақстандағы бір мұ-най кен орнын алдым. Себебі өзім жұ-мыс істеп, жақсы білген орынды зерт-теу оңайырақ. «Жайық мұнай» мекеме-сі жұмыс орнымды сақтап қалды. Қо-сымша шәкіртақы қарастырды. Диплом-дық жұмысыма деректерді пайдалану-ға рұқсат берді. Дипломдық жұмысыма тым ауқымды тақырыпты қамтып, 4 се-местрде жұмысым аяқталмай қалды. Ал «Болашақ» бағдарламасы екі жылға қар-жы бөлген. Еңбегім университет ғалым-дарына ұнап, олар тағы бір семестр жұ-мыстануыма қаржы бөлді. Елге оралған соң мекеме қызметімді жоғарылатты – бұрғылау бас инженерімін. Үйреніп кел-ген іс-тәжірибемді біртіндеп салаға ен-гізіп жатқан жайым бар.
– Отандастарыңызбен қатынас қа-лай болды?
– Остинде елу шақты қазақ болды. Наурыз мейрамын алаңға киіз үйімізді тігіп, ерекше тойладық. Колорадода жиырма шақты қазақ қатар оқыдық. Кездесіп, қонаққа шақырысып, бір-бі-рімізге сабақтан көмектесіп жүрдік.
– АҚШ-та жұмыстың ұйымдасты-рылуы қалай? Адамдардың өзара қа-рым-қатынасы ше? Айырмашылық байқала ма?
– Университетте профессордың кө-мекшісі болып жұмыс жасадым. Бюро-кратия барлық жерде бар ғой. Бірақ оларда әр саланың маманы өз саласын ғана мықты біледі. Соған мектеп жасы-нан дайындалады. Ата-аналары сол бо-лашақ мамандығына икемдей бастай-ды. Мәселен, математиктері география-ны білмесе, оны әбестік санамайды. Ме-нің ойымша, біз жақсы википедикпіз. Яғни Википедия сайтына кірсеңіз, кез келген нәрсеге түсінік бар. Арғы тео-риясына тереңдемесе де. Бізде де сол, адамдардың таным көкжиегі кең. Кез келген тақырыпқа әңгіме қозғай қал-саң, еркін сөйлей кетеді, әр салаға түсі-нігі бар. Ал американдықтар өзге сала-ға уақытын жұмсамайды, тек өз сала-сын ғана қаузай береді. Сол әр сала-ның мықтыларын ортақ іске жұмылды-ру – басшыларының міндеті. Сонда ға-на жұмыс ілгері басады. Оларда да та-ныстыққа сүйеніп қызметке орналасу бар, алайда сол адамдардың өзінде ты-рысу өте күшті. Өмір сүруге икемді. Біз тек білім алып келмедік, мәселеге дұ-рыс қарауды үйрендік деп санаймын.
Адамдардың қарым-қатынасы бас-қашалау. Ара қашықтық ұстайды. Тіпті ата-анамен де. Көшеде біреумен көзің түйісіп қалса, міндетті түрде сәлемдесе-ді, яғни жаман пиғылы жоқтығын білді-реді. Дос сияқты көрінеді. Басында бей-таныс адамдардың амандасқаны бізге біртүрлі көрінгенмен, оған да үйрендік. Достығы да бізден өзгешелеу. Олардың гольф ойнайтын, барға баратын, бірге оқитын досы болады. Яғни қызығушы-лығына байланысты бөлек-бөлек дос-тары бар. Шын достар болар, бірақ біз-дегідей ашық болып көрінбеді.
– Адами құндылықтары не? Нені үйренсек болады?
– Менталитеттері басқаша. Мыса-лы, көшеде қоқыс лақтырсаң, көрген кісі соны полицияға хабарлауды аза-маттық міндеті санайды. Яғни қоғам-дық тазалықты сақтауға үлесімді қос-тым деп есептейді. Иттерін қыдыртқан-да қолдарына пакет алып, оның жүр-ген жерін тазалап жүреді. Заң бұзыл-майды. Адамдар тәртіпке бағынады. Күнделікті өмірде оны бұзуға ешкім ты-рыспайды да, ондай көріністі көрген жоқпыз. Қоқысты арнайы ыдыстарға ерінбестен әйнегін, қағазын, басқа қал-дықты бөлектеп салады. Тіпті айран-ның ыдысын қоқысқа ішін шайып ба-рып тастап жатқанын көрдік. «Тазалай-тын адамға оңай болсын» дейді. Яғни өзгенің еңбегін қатты құрметтейді. Елге келгеннен кейін бес жасар балам қо-лындағы кәмпитінің қағазын салатын қоқыс жәшігін іздеп, біршама жер шар-лағаны бар. Яғни бізге де тәртіпке тәр-биелеуімізге болады. Бұрын маған да қоғамдық көліктен аялдамаға түскен адамдардың билетін жәшікке емес, жер-ге тастай салуы қалыпты жағдай көрі-нетін... Оларда “Жедел жәрдемді” шақы-рудың өзі 500 доллар тұрады. Бізде бә-рі тегін бола тұра, медицинамызды жа-мандай береміз ғой. Дәрігерлеріміз со-ңына дейін емдемесе де, үйге келіп, ал-ғашқы көмегін жасап, әйтеуір, өлтірмей-ді ғой. Бес жүз доллар емес, бес мың теңге қылса ғой, халық жаппай қарсы шығар еді. Оларда сондай қаржының бөлінуінен де медицина мықты дамы-ған. Жеке балабақшаларға бала беру құны – мың доллар. Яғни адамдар жақ-сы өмір сүруге тырысады. Үй болудан бұ-рын жағдайын жасап алады. Мектеп жа-сында да жұмыс істеп, ақша табады. Студенттер ата-анасы тұратын қалада пәтер жалдап тұра береді. Ата-анасы дүниеден өтіп жатқанда бармай жатқа-нын да көрдік. Бұл жағы біз үшін жат. Басты құндылықтары да тәуелсіздік, яғни ешкімге бағынбай, өзін-өзі қамту сияқты. Сосын тағы бір құндылығы – ел-жандылығы. Отыз жыл қоқыс жинау-шы болса да, есепші болса да, елге қыз-мет еттім, пайдамды тигіздім деп, соны мақтаныш сезіммен айтады.
– Сондай елшіл болу неден деп ой-лайсыз?
– Оларда БАҚ-тың рөлі өте зор, оған қатты сенеді. Елінің барлық ішкі-сыртқы саяси қадамын құптап, қолдап отырады. Себебі халықты соншалық деңгейде сендіре біледі.
– Еліміздің мұнай саласындағы қазақ жастарының үлесі қандай? Бұл мамандықты таңдағысы кеп жүрген жастарға не айтар едіңіз?
– Қазір үлесі басым. Әсіресе, ұлттық компанияларда қызмет жасауға талпы-натындардың көбейгені қуантады. Са-лаға қызығатын жасөспірімдер мектеп жасынан-ақ алдына мақсат қойып, әлем-нің мұнайлы елдерінің тілін меңгергені дұрыс. Бір кездері көбі аудармашы бо-луға ұмтылды. Себебі оған сұраныс бо-латын. Бүгінде мамандардың көбі өзге тілде сөйлей алады. Сондықтан шетел-дік компаниялар жұмысқа аларда бұл жағына қатты мән береді, маманның қасына жалақы төлеп, тілмәш ұстау олар үшін тиімсіз. Яғни біліміңіз мықты бола тұра, оны жұмыс берушіге сұхбат кезін-де жеткізе алмайсыз ба, біліктілігі күш-ті болмаса да, олармен еркін сөйлескен адам бос жұмыс орнына таңдалуы мүм-кін. Ал «Болашақ» бағдарламасымен ше-телде білім алғысы келіп жүргендерге айтарым, еліміздің мұнай саласындағы нақты бір мәселені шешудің жолын із-деп барғаны өте жақсы. Ол елге де пай-да, әрі өзі де саланың қиын мәселеле-рін шешудің жолын білетін сұраныста-ғы маманға айналады.
* * *
Тілектің жұбайы Лунара да АҚШ-та білім алды. «Менің оқуымды жолда-сым төледі. Техаста тұрғанда адамдар-мен көбірек сөйлесіп, тіл білімімді же-тілдірдім. Колорадоға келгенде бала-мыз екі жасқа толып, балабақшаға бер-дік. Қолым босағасын колледжге тап-сырдым. Тілді меңгеру алты деңгеймен өлшенсе, менің сөйлеуім соның бесін-шісімен бағаланды. Бір семестрде екі деңгейді меңгеріп, сертификат алдым. Сол кезде тағы бір кішкентайымыз дү-ниеге келді», - дейді Лунара.
«Біз мемлекеттік бағдарлама арқы-лы шетелдің тұрмыс-салтын көрдік, бі-лімін алдық. «Болашақпен» білім алған-дар жақсы аралас-құралас болып кет-тік. Елдің әр шетінде жүрсек те, бір қа-лада болсақ та, бір-бірімізге қызметте көмегіміз үлкен. Бәріміздің де мақса-тымыз – елге пайдамызды тигізу» дей-ді мұхиттың ар жағына білім қуып ба-рып қайтқан жұп Тілек пен Лунара.

Нұрлыбек РАХМАН,
Орал қаласы

Қаралым саны 1207

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463