РУХЫ ЖЫҒЫЛМАҒАН ЖҰРТ ЖОҒАЛМАЙДЫ

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инженерлік­-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының
профессоры, алаштанушы,
Орал қаласы

Алаш зиялылары – Қазақ елінің ру-хын тәуелсіз ұлт дәрежесіне жеткізу жолына бүкіл арман-мұратын, қайра-тын, талантын тағдыр талайына салған тұлғалар. Олар сол заманда өмір сүруі-мен де бостандық рухының қасиетті бейнелеріне айналды. Олар ұлттың тәрбиеші зиялылары ретінде танылып, исі Алашқа мойындалды. Ұлттық билік-тен айырылып, Абай атамыз айтқан-дай, «Өз қолынан өзінің ырқы кеткен соң» да қазақтың қамын жеп, елінің мұң-мұқтажын жоқтай білді. Азамат-тық мойынсынбауды, Рухани Тәуелсіз-дікті, Ұлт Азаттығын мұрат тұтты.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан елеулі табыстарға жетіп, зор мүмкіндік-терге ие болды. Тұрақты нарықтық эко-номика орнықтырылды, тиімді мемле-кеттік институттар құрылды, азаматтық қоғам дамып, қазақстандықтардың жаңа буыны өсіп-жетіліп, өскелең өмірге қадам басуда.
Ұлт мүддесін ту етіп көтерген Алаш зиялылары қазақ қоғамын отарлық ез-гіден алып шығатын, дамып кеткен ел-дер қатарына қосатын жолдарды іздес-тірді. Бұл жолда олардың пікірлері ал-уан түрге бөлінген де еді, оның да се-бебі болды. Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылы «Айқап» бетіне жариялаған сөзі-мен айтсақ, «Таластан қазақ баласы пай-да тауып жүрген жоқ. Сабырмен отырып, ойласып іс істелік» деген ұстанымы халыққа үлкен қуат, демеу бола алды.
Ғасыр басындағы қазақ зиялыларын ұлы істерге жұмылдырған, қоғамдық-сая-си, шығармашылық ізденістеріне негіз қалаған ұлттық идеяның бастау - бұлағы:
· Біріншіден, туған халқының бұлың-ғыр болашағы, жан төзгізіс ауыр халі;
· Екіншіден, қайшылыққа белшесінен батқан Ресейде либерализмнің күшеюі;
· Үшіншіден, әлемде ұлт-азаттық қозғалыстың жандануы;
Ресейдегі 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс революциясы патша са-модержавиесінің іргесін шайқады, елді саяси ереуілдер жайлады. Осындай саяси өзгерістер қазақ даласына да зор ықпалын тигізді. Ұлт зиялылары қалың бұқарамен бірлесе отыра, іс-әрекетке көшті. Отарлық езгіге қарсы күрестің жаңа түрі дүниеге келді. Сол кезеңді Әлихан Бөкейханов былайша сипатта-ған екен: «Бүкіл дала саясатпен айна-лысып кеткендей, саяси күрес туралы ақпараттар Қазақ даласында да халық-тың мұң-мұқтаждығы туралы айтылу-да, дала жәрмеңкелерінде саяси мәсе-лелерді талқылауда, сиездер өткізілу-де, маңызы зор патша үкіметіне қарсы петиция әзірленуде, оған көптеген де-легат қол қоюда. Осындай сиездерде жер мәселесі, діни бостандық және қа-зақтардың саяси бостандығы қаралу-да». Бұл жерде әңгіме 1905 жылғы мау-сым айында қабылданған Қарқаралы петициясы мен желтоқсан айында бес облыс зиялыларының басын қосқан Орал қаласындағы сиез туралы еді. Орал сиезінің маңызы ерекше, себебі билік мұраттан көз жазып қалған қоғам-дық санаға ұлттық идеяны орнықтыру-дың ең қажетті әрі нәтижелі жолы сая-си мәдениетті қалыптастыруда болатын.
«Ұлттық идеяның тоқетер түйінін табуға І және ІІ Мемлекеттік думаға қазақтан депутат сайлау септігін тигіз-се, реакциялық күштердің шабуылы да тосқауыл қоя алмады. Ақыры өлкенің саяси мәдениетіндегі ілгерілеу таным-дық, интеллектуалдық бәсі жоғары да қымбат шепке жеткізді. Біріншіден, қа-зақ халқы үшін өзекжарды ұлттық идея, екіншіден, сол тұстағы барша отарлан-ған Шығыста кәдеге жарайтын әмбе-бап прогрессивті идея туды» - деп жа-зады тарих ғылымдарының докторы, профессор Х. Әбжанов.
Қоғам – тағдыры тоқсан мың тарау адамдар қауымдастығы. Осылардың ортақ мұратын дөп басып анықтау, бол-мыс-бітімін сақтайтын өзіндік жолы мен болашағына дұрыс жөн сілтеу ойшыл-дардың әлденеше буынын толғантқан. Ұлттық идеяның да арқалап тұрған жүгі жеңіл емес. ХХ ғасыр басындағы Алаш зиялылары бұл міндетті шеше алды. Егер ұлттық идеяның мәні – ұлттың тағ-дыр анықтағыш тілегі, ниеті, оны ілгері қадам басуға жұмылдырушы фактор, күн тәртібіндегі басты мәселені шешуге бағышталған мазмұнды әрі кесек ой де-сек, осылардың жиынтық формуласы М. Дулатов дәйектеген «Оян, қазақ!» тұғырнамасында жатыр. Бұл ұран емес. Халық қасіретін, заман келбетін дәлме-дәл айқындаған сәуегейлік. Шынында да, екі ғасырға жуық созылған отарлау, қорлық пен зорлық халықтың дүниета-нымына, мінезіне, өмір салтына, шаруашылығына орасан зор нұқсан келтіріп, еңсесін түсірген еді, алды-артын бағамдау қасиеттерінен айыра бастаған болатын.
Осылайша, ұлттық идеяны кемең-герлікпен түзеу Алаш қозғалысын аспан-датты, дұрыс ұлттық идеяға табан тіре-ген Алаш зиялылары мен оқығандары қазақ қоғамы тарихының жаңа белесін ашты. Жинақтаған тәжірибесі, ұйымдық қалыптасуы, интеллектуалдық әлеуеті бойынша қазан төңкерісіне дейінгі өл-кеде бірде-бір саяси күш немесе ағым бұлармен иық тірестіре алмады.
Большевиктік билік қазақ халқына қисапсыз қасірет әкелетінін Алаш бас-шылары 1917 жылы-ақ ескертті. Қазан төңкерісін «Найзаның ұшымен, балта-ның жүзімен болған» зорлық актісі ре-тінде қабылдаған Ә. Бөкейханов, обалы нешік, әу бастан қазақ жұртын бас аман-дығын қамтамасыз етуге шақырды. “Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді!” - деп дабыл қақты ол. “Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама-дан соң 200 жылда басыңа бір қиын іс келді!” Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызме-тіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!”. Бірақ Алаш көсемінің сақтанды-руынан қорытынды шықпады. Больше-виктер Алаш үнін тұншықтыру үшін күш қолданумен қатар Қазақ автономиясы идеясын өз пайдасына ұтымды жарата алды. Ақиқатына келгенде, қазаққа мем-лекеттік құрылымы автономиядан тө-мен мәртебені ұсынудан басқа жол қал-мады. Соның өзінде үрдісті үш жылға созды. 1920 жылы құрылған Қазақ АКСР-ы түрі жағынан ұлттық мемлекеттік құры-лым көрінгенімен, мазмұны, өкілеттігі, миссиясы бойынша қуыршақ мәртебе-сінде қаланғанын тарих тағылымы сан рет дәлелдеді.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдар ая-ғына қарай Қазақстанда өктем де оз-быр тоталитарлық жүйе жеңгеніне куә бола отырып , Алаш қайраткерлері бо-лашақтан үмітін үзбеді. Ұлт тағдыры жастардың қолында екенін қаперге са-лып, бар күш-жігерді солармен жұмыс істеуге, білімі мен білігін көтеріп, ой-са-насын дұрыс қалыптастыруға аманатта-ды. Жас Алаштықтар да ахуалдың асқы-нып тұрғанын түсінді. 1927 жылғы қыр-күйек айында С. Сәдуақасовқа жазған хатында 30-ға жаңа шыққан М. Әуезов «Қорқамын, соңы не болар екен?» депті. Қорқуы негізсіз емес еді. Тотали-таризммен ой-санаға сіңген қорқыныш, үрей аға ұрпақтан әлі тарқай қойған жоқ. Осының жалғасуына, сабақтасуына жол бермеу керек.
Жастарды азаттық рухында, еркін мінезге тәрбиелеу, ұлт мүддесіне, адал-дыққа баулу – бүгінгі күннің өзекті мінде-ті. Ендігі жастар қорқатын ештеңе жоқ. Тәуелсіз Қазақстанның өскелең ұл-қыз-дары «Соңы не болар екен?» деп тай-сақтамай, Алаш аманатын соңына де-йін жеткізуге кірісетін күн туды.
«Аманатқа қиянат – қылмыстың үл-кені» деген халықпыз. Алаш аманаты олардың қаламынан туған еңбектерін-де тиянақталған. Ендеше, Алаш зиялы-ларының шығармаларын жариялау – тәуелсіз Қазақ елінің қасиетті парызы. Өкінішке орай, бұл парыз күні бүгінде орындалмауда. «Бұған кім кінәлі?» де-ген сұраққа жауапты әркім біледі. Қыс-қасынан қайырсақ, үш ғасырға созыл-ған отарлық және тоталитарлық қыс-пақ ұлттық сананы улап, намысты тап-тап тастағанымен, үлкенді-кішілі үздік-сіз террор арқасында толық салтанат құрған сталинизм ұлт зиялысын қауса-тып салғанымен, Алаш мұратын – дер-бес мемлекет құру идеясын өлтіре ал-мады. Ол хрущевтік «жылымық», брежневтік тоқырау тұсында да қазақ даласын елес болып шарлады. Уақыт өте келе, ең бастысы, қоғамдық даму-дың бұрын-соңды беймәлім жолына түскен ел ұлттық идеясыз тығырыққа тірелетіні анықталды. Социалистік эко-номикадағы, халықтың өмір салты мен мәдени-тілдік жағдайындағы кереғар-лықтар ұлттық идеясыздықтан туында-ған деп есептейміз. Түптеп келгенде, бұл жағдаят социалистік идеяның, бі-ріншіден, утопиялық болмысын әшке-релесе, екіншіден, тоталитарлық тәртіп орнаған сәттен сол идеяның дағдарыс-қа түскеніне бұлтартпас айғақ болып та-былады.
Біз, азаттық замандастары мен ұр-пақтары, социалистік утопиялық идея тағдырынан, атқарылмаған Алаш ама-натынан кемел қорытынды шығаруы-мыз керек. Ол тәуелсіздігімізді бекем-деу үшін қажет. Әзірге ұққанымыз: сая-си ерік-жігер мен мемлекет билігін ұлт-тық мүддеге, қазіргі және ертеңгі ұлт-тық идеяға жүгіндірмей, Қазақстанның байлығы өзіне қызмет ететінінен, бәсе-кеге қабілетті биікке көтерілген эконо-микасы баршаны жарылқайтынынан дәмету – қауіпті адасудың басы. Алаш және ол дәйектеген ұлттық идеялар өт-кенімізді нұрландырып қана тұрған жоқ, болашағымызға да сәулесін шашуда. Ел-басымыз Н. Назарбаев айтқандай, «Қа-зақ зиялыларының жеке басының қасі-ретімен қатар өрілген қызметі өзінің бі-регей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаттық һәм адам-гершілік деңгейімен де осы заманмен үндес». Сондықтан 2015 жылы Батыс Алашорда қозғалысына қатысқан Алаш қайраткерлерінің мерейтойлары Алаш күніне орай аталып өтілмек. Атап айтсақ:
1. Әлібеков Ғұбайдолла (1870-1922 (23) ж.ж.) – 145 жыл, Жымпиты өңірінде туған;
2. Тобанияз Әлниязұлы (1875-9.10.1930 ж.ж.) – 140 жыл, Маңғышлақ өңірінде туған;
3. Қараш Ғұмар (1875-1921 ж.ж.) – 140 жыл, Жәнібек өңірінде туған;
4. Мұсағалиев Ғабдолғазиз (1880-1933 ж.ж.) – 135 жыл Бөкей ордасы өңірінде туған;
5. Тәтібаев Қазмұхамед (1885-1962 ж.ж.) – 130 жыл, Ақжайық өңірінде туған;
6. Бердиев Ғұбайдолла (1885-1921 ж.ж.) – 130 жыл, Атырау өңірінде туған;
7. Сарбөпин Нұғман (1890-1918 ж.ж.) – 125 жыл, Қаратөбе өңірінде туған;
8. Мәметов Ахметқали (1895-1938 ж.ж.) – 120 жыл, Бөкей ордасы өңірінде туған;
Алдағы уақытта осы Батыс Алашорда қайраткерлерінің өмірдеректері журна-лымызда жарық көріп отырады.

Қаралым саны 1334

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463