Жан-дүнием өте нәзік

Жансая МУСИНА,
айтыс ақыны

– Жансая, сіздің отбасыңыз туралы білгісі келетін оқырман көп. Сол туралы айтып берсеңіз?
– Қазақтың қарапайым отбасынан-мын. Әкеміз дүниеден ертерек өтті. Аллаға шүкір, анам аман-сау, Сайқын ауылында немерелерінің ортасында қоңырқай тірлік кешіп жатыр. Отбасылы ағам бар.

– Бойыңыздағы қайрат, жігерлілік, өр мінез әкеңізден дарыған ба әлде анаңыздан ба?
– Екеуінің де үлесі бар. Оның үстіне, әйгілі үш батыр қыздың екеуін дүниеге әкелген киелі топырақта тудық. Үлгі тұт-қан тұлғаларым солар болды. Қай кез-де де ойымды ашық білдіруге тыры-самын. Бірақ көп адам біле бермейтін қырым – жан-дүнием өте нәзік.
– Айтысқа келуіңізге кім себепкер болды, неше жастан бастап қатысты-ңыз?
– Көп айтыскерлер сияқты менің де айтысқа деген махаббатым мектепте әдебиетте «айтыс» тақырыбын өткен-де басталды. Ал үлкен сахнаға «сүйреп шығарған» марқұм досым Асақаң – Асылбек Ишанов еді. Қалалық оқушы-лар мен студенттер арасында өткелі отырған сөз додасына үгіттеп, аяқ ас-тынан сахнадан бір-ақ шықтық. Оны-мен қоймай, облыстық айтысқа жол-дама алдық.
– Сіз өмірде біршама адамға үлгі-сіз, ал сіз кімді үлгі тұтасыз?
– Жалпы, «қазаққа болсын» деген барлық адамды үлгі тұтамын. Ал қаз-балап сұрайтын болсаңыз, өмірде анам-ды, өнерде Мэлс Қосымбаев ағамды айтар едім. Айтысқа адал келді, адал кетті.
– Айтыстың бүгіні мен ертеңі тура-лы не айтасыз?
– «Қолында балтасы» барлардың «аузында дуасы» барларға килігіп тұр-ған заманы ғой, негізі... Сондықтан да айтыстың болашағын болжап, еш нәр-се айта алмаймын. Бірақ ұлттық өнері-міздің ертеңі үшін бүгін еңбектенуім керек екенін түсінемін.
– Республикалық ақындармен тең тұрсыз, артық болмасаңыз, ел тани-ды, Жайық жұрты мақтан етеді. Таны-малдылығыңыздың пайдасын көріп жүрсіз бе?
– “Өнерімнің пайдасын көрмедім” деп жалған сөйлемей-ақ қояйын. Ай-тыстың арқасында ел көрдім, жер көр-дім. Талай игі жақсылармен дәмдес болдым. Нағыз пайда осы секілді. Ал материалдық жағын сұрап отырған болсаңыз, 2009 жылы сол кездегі облыс әкімі Бақтықожа Салахаддинұлы аға-мыздың тікелей қолдауымен бірқатар жас ақын бір бөлмелі пәтерден алдық. Аллаға шүкір, біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатырмыз. «Атақты ақынмын» деп кеуде көтермейтін се-кілдімін. Қарапайым адамдардың сор-тынанмын. Студенттеріммен де заман-дасым, достарым сияқты сөйлесе бе-ремін. Адам болмысынан асып ешқай-да кете алмайды ғой, айтыстан ұтқан қымбат көлігіммен де жүруге ыңғай-сызданып, арзанына ауыстырып ал-дым. Көшеде адамдар танып, аманда-сып жатса, кәдімгідей мәз боп қалам. Қоғамдық көліктерде кондуктор жола-қы алмайтын кездер болады. Сондай сәттерде ыңғайсыздау енді...
– Айтыста сын көп айтылады, сол сынға көзқарасыңыз қандай?
– Өзіме айтылған сын орынды бол-са, үндемей орнымда отыра беремін. Орынсыз болса, «орнына» қоямын. Негізінде, айтыста сын болуы керек, бірақ шын болуы керек.
– Сіз айтысқа алғаш шыққаныңыз-да батыстың мақамымен айтушы едіңіз, бүгінде Шорабектің мақамына салуға не себеп болды?
– Ешқандай себеп жоқ. Шорабектің мақамына ақылымның шолақтығынан салып жүргенім жоқ. Жәй эксперимент жасадым. Нәтижесінде халықтың көңі-лінен шықты. Ойымды жеткізуіме де ыңғайлы. Өлең құрап емес, әңгіме ай-тып отырғандай боласың. Аса бір әде-мі дауыстың да керегі жоқ, жеңіл ай-тылады. Бірақ бұл мақаммен де көп айтысамын деп ойламаймын. Басқа мақамдармен де бағымды сынап кө-руім мүмкін.
– Айтыста сіз үшін ең қиын және ыңғайлы қарсылас кім?
– Ең қиыны – танымайтын, сосын мысықтілеу ақынмен сөз сайыстыру. Мықты ақынмен жұптассаң, айтысың-ның мықты шығарына сенімді боласың. Өзіме Бекарыс Шойбеков, Балғынбек Имашев, Еркебұлан Қайназар, Мейірбек Сұлтанхандармен айтысқан ұнайды. Ал облыста Талғат, Айнабек, Мұрадым, Эльдар – мықты қарсыластарым.
– Эфирге шықпай қалған немесе қиылып қалған шумақтарыңыз бар ма? Қандай?
– Ер Жәнібек Бердәулетұлының 300 жылдығына арнап өткізілген республи-калық ақындар айтысында қытайлық қарсыласым Қанатбек Зәйтоллаұлына:
Болса да жолың бөлек, жөнің бөлек,
Басқаға сенің байтақ жерің керек.
Ешкімге он метр жер бере алмаймын,
Біреуге ойын, біреуге өлім керек.
Бәріміз бір атаның балдарымыз,
Бабалар айтпап па еді бөлінбе деп.
Ол үшін ел ағалар ұйықтай бермей,
Ел үшін маңдай терін төгу керек.
Бұл күнде қаңғып жүрген қазақтар көп,
Соларға он сотық жер беру керек.
Егін ек, бақша сал деп, мал өсір деп,
Болмаса, он гектардан беру керек.
Шетелден ұлтым деген, халқым деген,
Дәл сендей азаматтар келу керек.
Далиып босқа жатқан даламыздың,
Қызығын тек қазақтар көру керек.
Әйтеуір, ұлтарақтай жер болса да
Ұлтымның табанында болу керек, - деген едім. Сәтпаев қаласында Иранғайып Күзембаевпен айтысқанда:
Бұл күнде құбылды ғой ғалам бөлек,
Өзгерейін десе ем жоқ-ау адам кенет.
Доспыз деп бауырыңа кірген жандар,
Жау болып соқтығысты-ау саған кенет.
Желпініп Жириновтай жарты ақылың,
Жар салып жарты әлемге жамандап ед.
Табақтан асыңды ішкен сол қанденің,
Таптады-ау намысыңды табанға кеп.
Бөрігін теріс киген сол қанденді,
Бөлшектеп, бөрілердей талау керек.
Паниндей алқашсымақ әртісіңнің,
Басына бөтелкені қадау керек.
Лимоновты лимондай домалатып,
Содан соң «мамалатып» сабау керек.
КСРО құрам деген Зюгановтың,
Басының болтын ашып қарау керек.
Тәуелді бола алмаймыз енді ешкімге,
Тулақтай түсе алмаймыз талауға кеп.
Ол рас, адам бүгін өзгерді ғой,
Құтырып құбыларын сезгем бұлай.
Тың тыңдап сыртымыздан
жүрген жандар,
Сыпсыңдап жүргендігін көз көрді ғой.
Басыңды бір жағадан шығармасаң,
Егемен екеніңе сөз келді ғой.
Төбеңнен төпелетіп жатырса да,
Қазағым, төмен қарап төзгенді қой!
Жылмыңдап жынымызға тигендердің,
Жындарын қағып алатын кез келді ғой! - деген шумақтар айтылып еді.
Осы секілді көкірекке сыйғанмен, көгілдір экранға сыймай кеткен шумақ-тар қай-қай ақыннан да табылады.
– Бұрынғы айтыс ақындары елдің әлеуметтік жағдайы, халықтың тұр-мыс-тіршілігі туралы көбірек айтса, қазіргі ақындар бір-бірінің кемшілігін айтып отырады. Бұл мәселе сізді тол-ғандырмай ма?
– Енді айтқан шумақтар экраннан жіберілмейтінін өзіңіз де айтып отыр-сыз. Ақындар аузы жеткен жерге дейін айтып жатыр. Ақындардың бір-бірінің кемшілігін айтуы – бүгінгі күннің жаңа-лығы емес. Атақты «Біржан мен Сара» айтысында Біржан Жиенқұлдың осал-дығын Сараның бетіне басып жеңген. Ал кешегі Кемпірбай Шөжеге:
Әй, соқыр, сөзге тосу, ақыл бердім,
Айырылып малдан таза
тақыр болдың.
Өлеңге бейсауат сөз қосамын деп,
Қалтырап топ ішінде пақыр болдың, - деп соқырлығын бетіне басқан. Өз елі-нің намысын қорғаймын деген Қатаған мен Сүйінбай да бір-бірінің ит терісін басына қаптаған жоқ па?! «Айтыс» де-ген сөздің өзі «айт» дегеннен шыққан ғой. Ақынның мақсаты жеңу болуы ке-рек. Екі ақын біріне-бірі тиіспесе, оның несі айтыс?!
– Facebook-та белсендісіз, әзіл әңгі-мелер жазып отырасыз, жұртты күл-діріп жүресіз, айтыстағы стиліңіз де солай. Сізді күлдіру оңай ма? Шына-йы күлкі мен өтірік күлкіні қалай айы-расыз?
– Мені күлдіру оңай. Күлкім келген нәрсеге күлемін. Ыржақай емеспін. Өтірік күлкі мен шын күлкіні ажырата аламын, азды-көпті оқыған-тоқығаным бар дегендей...
– Замандасыңыз марқұм Асылбек Ишанов өлеңдерінің алғаш тыңдар-маны сіз екенсіз. Асылбек туралы ес-телікпен бөліссеңіз?
– Маған Асылбек жайлы естелік ай-ту оңай емес. Асылбек ақжарқын, аса талантты жігіт еді. Ол жүрген жер ду-манға айналып кететін. Бір топта оқы-дық. Айтыс сапарларында бірге жүр-дік. Ылдым-жылдым асығыстау, көп нәрсеге үлгергісі келіп жүретін. Соңғы көргенімде «Қобыланды батыр» жы-рын жаттап бітіруге жақындадым», - деп ерекше қуанышпен айтып еді. Сах-наға алып шығып үлгермеді. Жазмыш-та ғұмыры қысқа жазылыпты. Сол қыс-қа ғұмырында бір үлгерген нәрсесі – Ақ Жайық айтысының тарихына атын жазып қалдырғаны.
– Жазба поэзия мен айтыстың қай-сысы жаныңызға жақын?
– Әрине, айтыс. Күшеніп күнде өлең жазбаймын.
– БҚМУ-да өткен «Жырласа, жас-тар жырласын» атты жас ақындар ай-тысында қазы болдыңыз. Айтыс қан-шалықты әділ болды?
– Жүз пайыз әділ өтті. Біреудің бе-тіне ұялып қарайтындай ештеңені бы-лықтырмадық. Қатысқан айтыскерлер-дің ішінде бөліп-жаратыны жоқ, бәрі – өзімнің бауырларым. Бабына сай баға-сын алды.
– Сізге айтыс пен жұмысты қатар алып жүру қиынға соқпай ма?
– Қатысамын деген айтыстан қалып көрмеппін. Университетіміздің ректо-ры Асхат Иманғалиев – өнерді сүйетін ұлтжанды азамат. Барынша қолдауын көрсетіп келеді. Бәйгеге Серікқали Шарабасов ағамыз бастаған ұстаз-әріп-тестерімнің батасымен аттанамын. Қол-даушыларым барда жұмыстың қиын-дығы көп сезілмейді. Пиғылы тарылып, пыш-пыштағандарға пысқырмаймын да.
– Жақында республикалық телеар-налардан көрсетілген шоу-айтыс тура-лы көп сын-пікір айтылды. Сіздің ойы-ңыз қандай?
– «Шоу-айтыс» ұлттық өнерді дамы-татын болса, болғаны дұрыс. Алғаш рет өтіп жатқаннан кейін ұйымдастырушы-лар да қиналып қалған шығар. Ақыры айтысқа шыққан екен, ол мейлі әнші болсын, мейлі биші болсын, сөзіне жүр-дім-бардым қарамай, етек-жеңін жинап шығуы керек. Әркім көрпесіне қарап көсілсе ғой... Мысалы, мен балет би-лей алмаймын. Коньки киіп, мәнерлеп сырғанай алмаймын. Сол сияқты, бас-тысы, олар да айтыса алмайтынын тү-сінді ғой.
– Болашақта ақындар мектебін ашатын ойыңыз бар ма?
– Жоқ. Негізі, мектеп керек. Батыста ақындар мектебін ашамыз деп талпын-ған бірнеше беделді адам болды. Со-лар жасай алмаған нәрсені менің қа-тыра алмайтыным анық. Қазіргі заман-да ақын боламын дегендерге мүмкін-дік молынан. Оқимын дегенге кітап, қараймын дегенге ғаламтор бар. Бас-тысы, білім керек. Әйтпесе, талантсыз-дарды бір бөлмеге қамап, басына бак-лашкамен өлең құйып, ақын жасай ал-маймын ғой.
– Айтыстағы соңғы өзгерістермен бөліссеңіз?
– Қазіргі айтысқа енген өзгеріс «шоу-айтыс» еді. Оның өзі сынға ұшырады.
– Соңғы жылдары айтыскерлер арасында «діндәрлар» мен «светский» болып бөліну байқалады. Айтыс ақын-дарын әлдебір «дінге» тартып, қажы-лық сапарларға жолдама береді екен деген әңгіме бар. Сіз қай топтасыз? Хиджаб киіп, айтыста уағыз айту жос-парыңызда жоқ па?
– Мен бөлінбеймін де, әңгіме де қу-маймын. Менің шаруам – айтысу. Со-лай жасаймын. Хиджабқа келетін бол-сақ, сахнада ашық-шашық жүрген түгі-міз жоқ. Қазақтың ұлттық киімімен шы-ғамыз. Уағыз айтып кетпесем де, елді имансыздыққа шақыратын шумақ айт-пайтыным айдан анық.
– Айтыста болған ең қызықты оқи-ға есіңізде ме?
– Қайбір жылы облыстың жас ақын-дары Жәнібек ауданын араладық. Сол Жәнібектің бір ауылында сахнаға екі ақын атып шықсақ, ортада бір-ақ орын-дық тұр. Кезек-кезек отырып айтыстық. Бұған дейін микрофон, көрермен бол-май қалатын жағдайлар кездесуші еді. Орындықтың болмағаны біртүрлілеу екен. Бұл енді – ақылға сыймаса да ақиқат.
– Үй тірлігінің күнделікті қарбалас-тарына уақыт табыла ма? Асханаға қаншалықты көңіл бөлесіз?
– Табылады. Өз тамағымды өзім пі-сіріп ішемін. Маған салаттың түр-түрін жасап, дастарқанды толтырғаннан гөрі, қазақша ет аса қойған оңай. Қанша-лықты дәмді болатынын біздің үйдің құрметті қонақтары Талғат, Айнабек-термен сұхбаттасқанда сұрап білерсіз.
– Қыз балалар жарын әкесіне қа-рап таңдайды, сіз ше?
– Қалай таңдайтынын әлі де білмей жүрмін. Әзірге уысыма таз да іліккен жоқ.
– Бір айтысыңызда «Күрес десең күресем, Тірес десең, тіресем. Айтыста да сап жіберем жамбасқа!» деп еді-ңіз. Спортқа жақындығыңыз бар ма?
– Спортқа жақынмын. Біздікі сол шашка ғой. Оқушы күнімде волейбол-ға қатыстым. Қазір университетте жыл сайын қаңтар айында дәстүрлі түрде оқытушылар арасында спартакиада өтеді. Тұрақты қатысушымын. Биыл да белсенділік танытып, жеті команданың арасында абыроймен жетінші орынға табан тіредік.
– Сіз көлік жүргізесіз. Жол ереже-сін бұзып, айып төлеген кезіңіз болды ма?
– Әзірге айыппұл төлеп көрмеппін. Тексеріс кезінде айтыс қарайтын МАИ қызметкері тоқтатып, жібере салғаны бар. Ереже бұзбайтын тәртіпті шопыр-мын.
– Өмірде бағындырғыңыз келетін шың қандай? Алға қойған мақсаты-ңыз?
– Биік шыңға талпынбаймын, бұйыр-ғанына шығармын. Мақсатым – қолтаң-бамды айтыста айқын қалдыру. Артым-нан ізбасарларымды дайындау.
– Жастарға айтар тілегіңіз?
– Жастарға айтар тілегім: сүйгенде-ріне сүрінбей қосылсын.
– Әңгімеңізге көп-көп рақмет! Сәттілік тілейміз!

Қаралым саны 1563

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463