Дзот үнін өшірген қазақ қызы

Бақтылы БОРАНБАЕВА,

Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық
университетінің доценті, тарих
ғылымдарының кандидаты

1941-1945 жылдардағы сұрапыл со-ғыста жауынгерлік ерлік көрсеткен ке-ңестік патриот қыздар туралы Кеңес Одағының маршалы К. К. Рокоссовский: «Сол бір қиын жылдардағы халқымыз-дың ерлігін ойласам, әсіресе совет әйелдерінің табандылығына ерекше тәнті боламын. Олар ер азаматтармен бірге соғыстың шаңды жолын бірге өт-ті, батпақта былғанды, қолма-қол ұрыс-тарға қатысты. Мерген қыздар алғы шепте күні-түні дұшпанды аңдып, жо-йып отырды» деп жазған еді. Әскери қолбасшы тебірене айтқандай, жеңіс күнін жақындатуға үлесін қосқан сол мерген қыздардың арасында дзот үнін өшірген қазақ қызы Мүслима Қожахметова да болды.

Қожахметова Мүслима Батыс Қазақстан облысы Жымпиты ауданы-ның Қособа елді мекенінде 1924 жыл-дың 15 тамызында дүниеге келген. Соғыс басталған уақытта 8-класта оқып жүрген Мүслима кешкі мектепке ауы-сып, күндіз баспаханада жұмыс істейді.
1943 жылы 9 класс бітірген соң өз еркімен майданға жіберуді сұрап жаз-ған өтінішін әскери комиссариат жасы жетпейтінін айтып, кері қайтарады. Алайда өжет қыз алған бетінен қайт-пай, әлденеше рет сұранып жүріп, ақы-ры 1943 жылы 24 маусымда Оралдан аттанған 24 қызбен бірге (деректерді саралап қарағанымызда осы топтың ішінде мерген Мәлика Тоқтамышева да болды) Мәскеу түбіндегі Подольск Орта-лық мерген қыздар мектебіне жібері-леді.
Осы орайда Кеңес Одағының Баты-ры Әлия Молдағұлова мен Кеңес Ода-ғының Батыры, оралдық Татьяна Николаевна Барамзина сияқты мерген қыздар дайындаған Подольск мерген-дер мектебінің тарихына қысқаша тоқ-талып өткенді жөн санаймыз.
Кеңес әскерлерінің неміс басқын-шыларына қарсы Мәскеу үшін шайқа-сының қызған тұсында, 1942 жылы жел-тоқсанда қысқа мерзімді мергендер курсы ұйымдастырылады. Курсқа 403 патриот қыз өз еркімен жазылады. 1943 жылы 21 мамырда БЛКЖО ОК-ның бастамасы бойынша осы курстың негізінде Мәскеу облысының Вешняки ауылында мерген қыздар Орталық мек-тебі құрылады. Сол жылы күзде мерген қыздардың мектебі Подольск қаласына көшіріледі. Алғашқы мергендер мекте-бінің бастығы – Нора Павловна Чегодаева, кейін 1944 жылдың қаңтарында под-полковник Н. Н. Колчак тағайындалады. Енді осы мерген қыздар мектебінің әс-кери өмірі туралы жазылған мына жаз-баға көңіл аударсақ: «Мектеп өмірі қа-таң тәртіпке бағынатын. Күн райына қа-рамастан, әр күні таңда таза ауада жат-тығу, таңғы тамақтан кейін саяси сабақ, одан кейін 8 сағат мергендік сабақтары, қару тазалауға 40 минут бөлінетін, 1,5 сағат тағы да саяси сабақ өтетін. Қыз-дардың жеке өмірі үшін тәулігіне 1 са-ғат қана берілетін. Күн сайын 15 сағат жаттығуға кететін. Қарудың әр деталін көзіңді жұмып тұрып та бұзып, жинауға үйретті. Әсіресе, оптикалық құралды толық игеру, нысанамен аралықты бір көргенде анықтау, желдің жылдамды-ғын, нысананың қозғалысын есептеу, тез шешім қабылдап, дұшпанның көзін жоюға мән берілетін. Әрдайым көзді жаттықтыру, аңғарымпаз болу, қолдың қалт етпеуі, шүріппені шебер баса білу пысықталатын.
Курсанттар маскировка, яғни жасы-рына білу тәсілдерін меңгеріп, жер ба-уырлап жылжу, тез жүгіру, өзіне негізгі, қосалқы және жалған орын дайындау жолдарын меңгерді. Мергендер кез кел-ген жағдайда, кез келген қалыпта оқ ата білуді әбден үйренеді». Дереккөзі бо-йынша Подольск қаласындағы Орталық мерген қыздар мектебі сұрапыл май-данға 2484 нәзік жанды шебер атқыш-тарды дайындап аттандырған. Олар-дың арасында Батыс Қазақстан өлкесі-нен шыққан қазақ қыздары – Мүслима Қожахметова мен Мәлика Тоқтамышева да болды. Облыстық мұрағат дерегіне сүйенсек, Подольск мергендер мекте-бін Орал облысынан М. Қожахметова, М. Тоқтамышева, Р. С. Пискунова, О. П. Гунина, Л. Н. Лещева т.б., барлығы 30 мерген қыз бітіріп, майданға аттанған.
1991 жылы 18-25 мамыр күндері ара-лығында Подольск Орталық мерген қыз-дар мектебі түлектерінің Орал қаласын-дағы кездесуі өткізіледі. Мәскеу, Ленинград, Одесса, Кишинев, Куйбышев, Омск, Рязан, Краснодар өлкесі, Алматы т.б. қалаларынан кешегі майдангер 45 мерген қыз жиналып, қауышады. Осы кездесуде топ алдына шығып сөйлеген майдангер Мүслима Қожахметова: «Ме-ні мергендер мектебіне алғысы келме-ді. Мергендер мектебіне бару үшін бо-йымның ұзындығы 150 см болу керек екен, ал менің бойым – 149 см. Мен елімізге қатер төніп тұрғанда соғысқа барғым келетінін айтып, «Бойымды өсі-ремін» деп болмадым», - дейді.
Осылайша, мерген қыздар мектебін сәтті аяқтап, ефрейтор шеніндегі мер-ген атанған Мүслима Қожахметова 1944 жылы 14 наурызда Калинин май-данының Великие Луки қаласы маңын-дағы 21-дивизияның 3-атқыштар армия-сына жіберіледі.
Мүслиманың мергендер мектебін бітіріп (қаруластары Мария деп атаған) майданға аттанған тұсында соғыста ер-лікпен қаза тапқан қазақтың ержүрек мерген қызы Ә. Молдағұлова туралы майдан газеттерінің жарыса жазып жат-қан кезеңі еді. Майдангер ана бұл ту-ралы: «Сол кезде Әлияның өлімі бүкіл қазақстандықтар сияқты біздің де қабыр-ғамызға қатты батты. Кеудемізде жауға деген намыс пен кек қайнады. Шетіміз-ден майдан шебіне шыққанша асықтық. Әлия үшін кек аламыз деп уәде бердік», - деп еске алады. Осылайша, мерген қыз Мүслима Қожахметова қаруластары – рота командирі Нина Лобковская, Клавдия Киселева, Руфа Ускина, Фатима Мухамбетжановалармен бірге Ресейдің солтүстік-батысындағы қалың орманды аймағындағы Михайловск, Святые горы, Псков қалаларын азат ету-ге қатысып, одан соң соғысты Эстония, Латвия, Польша жерлерінде жалғасты-рып, Берлинді алу операциясымен аяқ-тайды. Сұрапыл соғыста мергендігімен көзге түскен Мүслима 1944 жылы 27 ма-мырда алғашқы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Қазақ қызының Жеңіс күнін жақындатуға қосқан үлесі бағала-нып ол «ІІІ дәрежелі Даңқ» ордені, Одер-ден өту шайқасында «Қаһармандығы үшін», сондай-ақ «Варшаваны азат ет-кені үшін», «Берлинді алғаны үшін» ме-дальдарына ие болады.
Жауынгер ана сол бір сұрапыл күн-дер туралы айтқан естелігінде: «Май-данда орден жайдан-жай беріле салмай-ды. 1945 жылдың басында Висла өзені үшін қатты шайқас болды. Менің қасым-дағы Зинаида Викторовна екеумізге взвод командирі жаудың пулеметшілер дзотын басып алуға бұйрық берді. Бұй-рықтың аты – бұйрық. Екеуміз 500 метр жерге 2 сағаттай еңбектей жүріп жетіп, қарлы шұңқырға келіп жайғастық. Енді жаумен арамыздағы қашықтық – 150 метр. Түннің бір уақытында қуатты про-жекторлар жарқылдай бастады. Неміс-тер болса, беті жабылған окопқа тастай болып бекініп алған. Түннің ысқырық аязы болса, күшіне басып, буып тұр. Осы кезде жер бауырлап жатқан біз жаудың жасырын жамылғыларымен бүркелген техника шоғырларын байқадық. Нысана-ны үздіксіз атқылап, бірінші тапсырма-ны абыроймен орындадық. Ертеңіне күн батуға таянғанда Зина екеуміз көмейі-нен снарядтар төккен жау дзотының үнін өшірдік. Осыдан соң біздің жақ жап-пай шабуылға шықты. Алайда осы жер-де мен контузияға ұшырадым. Бұл мен үшін естен кетпес күн болды. Кейін мені осы шайқастағы ерлігім үшін «ІІІ дәрежелі Даңқ» орденімен марапатта-ды», - дейді.
Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын-дағы сұрапыл шайқастардың бірі – бұл 1945 жылы 16 сәуір-8 мамыр күндері аралығында өткізілген соңғы стратегиялық шабуыл «Берлин операциясы». Деректерге жүгінсек, Германия астанасы – Берлинді алу операциясына 2,5 млн. кеңес жауынгері, 42 мыңға жуық зеңбі-рек, миномет, 6250-ден астам танк жә-не артиллериялық зеңбірек пен 7500 әс-кери самолет қатыстырылған. Бұрын-соңды болып көрмеген осы жойқын соқ-қыға бүкіл кеңес халқының ерік-жігері, күш-қуаты демеу берді, ал оны тікелей жүзеге асыруға Қазақстаннан келген мыңдаған жауынгер де өз үлестерін қосқан еді. Міне, солардың арасында қазақтың мерген қызы Мүслима Қожахметова да болды.
1945 жылы мамыр айында мерген-дер ротасының құрамында болып, Берлин көшелерінің бірін басып алуға қатысқан Мүслима: «Клава екеуміз түн-гі кезекшіліктен келсек, қаруластары-мыз би билеп, ән салып жүр. Таң атқан-ша бәріміз “Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс!” деп айғайлап, көз шырымын алмадық», - деп өзінің көптен күткен Жеңіс күнін осылай қарсы алғанын айтады.
Сөйтіп, мерген қыз Мүслима Қожахметова 1945 жылы маусым айын-да Жеңіспен елге оралды.
Бейбіт өмір тірлігіне белсене аралас-қан ол Оралдағы ет комбинатының мал сою цехында 36 жыл бойы еңбек етті. Отбасында екі ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді.
Жоғарыда айтылғандай, 1991 жылы Подольск Орталық мерген қыздар мек-тебінің түлектері Орал қаласына жина-лып, кездесу өткізеді. Мұрағат қорын-да сақталған осы жиынның құжаттарын қарағанымызда майдангер ана
М. Қожахметова туралы: «Еңбек ардаге-рі» өте қарапайым, кішкене бойлы елеу-сіз әйел, бірақ әскери марапаттарына қарағанда, оның бойында қандай үл-кен күш-жігер, ерлік тұнып тұрғанын байқайсыз» деп жазылған. Сондай-ақ ол осы мерген қыздар кездесуінде орал-дық майдангерлер Р. С. Пискунова, Л.Н.Жировамен бірге БЛКЖО ОК-ның Құрмет грамотасымен марапатталады.
Демек, мерген қыз Мүслима Қожахметованың ерлік пен адамгерші-лікке толы, өнегелі өмірін жас ұрпақ үл-гі етеді, мақтаныш тұтады.

Қаралым саны 2155

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463