Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

(Жалғасы. Басы журналдың өткен сандарында)

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты

Есенгелді – Ерекше комиссия мүшесі
1823 жылы 26 маусымда Орынбор губернаторы П. К. Эссен Шекаралық ко-миссияға Сыртқы істер министрлігінің басшысы Нессельроденің Кіші жүзді тыныш жағдайға келтіру үшін құрамы ханнан, үш сұлтаннан немесе құрметті ақсақалдардан және үш молдадан тұ-ратын, соның ішінде қазақтардың құр-мет, сеніміне бөленген Сеит слобода-сының молдасы Абдрахман Мухамет-шарифов бар ерекше комиссия құру керектігін хабарлағанын жеткізеді.

Жарлықты негізге алған губернатор: «Сол комиссияға хан приставының қа-тысуымен аяқталмаған істерді өздері-нің заңдық ғұрыптары бойынша шешу-ді беру керек, мүшелерінің міндеттері-не қолдары қойылып немесе мөрлері басылып бекітілген өздерінің жазбаша шешімдерін жүктеп, менің қарауыма ұсыну керек, содан соң егер негізді деп тапсам, оны шұғыл орындауға бұйрық беремін. Бұл тәртіптің басты мақсаты шептен ұсталған біздің адамдарды міндетті түрде қайтару, содан соң, мүмкіндігіне орай өткен екі жылда жа-салған өзге де тонаулар үшін ресейлік-терді, сол секілді қазақтарды қанағат-тандыру болып табылу қажет», - дейді. Ол Ресейге адал, ордада беделі бар үш сұлтанды немесе құрметті ақсақалдар-ды, оған қоса ішінде Абдраман бар үш молданы тез арада шақырып, олар келген кезде Шерғазы ханды да шақы-руды тапсырады. Яғни хан өзге мүше-лермен бірге Орынборға жақын маңда комиссияны құруға тиіс болды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 262-іс, 85-86 пп.; КРО-ІІ. №118 құжат].
Осыдан соң Орынбор әкімшілігінің ұйғарымымен ерекше комиссия құра-мына Шерғазы ханмен бірге Әлімұлы-нан сұлтан Темір Ералыұлы, Жетірудан Медетқали Тұрдалыұлы, Байұлынан құр-метті старшын Есенгелді Жанмырзаұлы, Сеит посадының молдасы Абдрахман Магомет Шарифов, Орынбор қалалық мешітінің ахуны Габдулсалям Габдрахманов және Айырбас сарайын-дағы мешіт молдасы Абдусатар Сулейманов енгізілді.
Айырбас сарайында болып қайтқан төменгі Орал шебіндегі Байұлы қазақ-тары 1823 жылы 1 қазанда Шерғазы ханға келіп, Шекаралық басшылықтың ерекше құрылған комиссияға қатысуы үшін ханның келуін күтіп отырғанын жеткізеді. Содан өз қатарын құрметті адамдармен көбейтуді қалаған Шерғазы хан Жүсіп Құланұлын өзімен бірге қалаға баруға шақырады. Оның әрдайым өзінің жанында болатынына, өз ұсынысы бойынша Шекаралық бас-шылық асханалық қаражат үшін күніне 2 сом 50 тиын беріп тұратынына сен-дірген. Бірақ Жүсіп Құланұлының бұл жолғы жауабы да ханның ойынан шық-пайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 565-п.]. Шын мәнінде, Орынбор басшы-лығы ерекше комиссияның төрағасына, мүшелері мен жанындағы қызметшіле-ріне, яғни ханға тәулігіне 5 сом, сұлтан-дарға 2 сом, молдаларға 1 сом 50 тиын, старшындар мен билерге 50 тиын, ал қарапайым қазақтарға 25 тиын көле-мінде қаражат тағайындаған. Сонымен бірге ханға өз жанына екі старшын не-месе би, төрт қарапайым қазақ, сұлтан-дарға бір старшын немесе би, екі қазақ, Есенгелді старшынға екі қарапайым қа-зақты алуға рұқсат еткен [Добросмыс-лов А. И. Тургайская область. Истори-ческий очерк // Известия Оренбургско-го отдела ИРГО. Выпуск №16. – Оренбург: Типо-литография Тургайского областно-го правления, 1901. 268-б.]1823 жылы 3 қазан күні Есенгелді старшын Шерғазы ханға келіп, өзінің Меңдияр сұлтандағы аттарын кері қай-таруды сұраған. Бірақ хан әдеттегідей өзінің күйеу баласын ақтап алса, Меңдияр оны мойындамаған. Содан Есенгелді ханнан әділдік таппағанды-ғын, енді оны шекаралық басшылық-тан іздейтінін айтқан. Шын мәнінде, 1821 жылы қазан айында Шерғазы хан-ның ауылына келіп, түнеген кезінде Есенгелдінің екі атын Меңдияр сұлтан ұрлап алған. Ол жөнінде хан жанында-ғы пристав Горихвостов «Байұлы руы-ның старшыны Есенгелді Жанмырза-ұлы өткен жылы ханға келіп, өзі түскен киіз үй жанына түнде аттарын жайылу-ға жіберді, сол түні белгісіз біреулер екі атты ұрлады, артынша ханның күйеу баласы сұлтан Меңдияр Әбілғазыұлы-ның бір қазақпен бірге ұрлап алып, шепке беріп жібергені ашылған» деп жазды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 565-566 пп.].
Көп ұзамай 10 қазанда Шерғазы хан-ға келген сұлтан Темір Ералыұлы шөме-кейлерден қуылған 1800 жылқыны кері қайтаруды сұраған. Себебі жылқылар-дың басым бөлігін ханға қарайтын же-тірулықтар барымталаған. Хан болса оған күші жетпейтінін мойындап, қазақ-тардың бермейтінін айтады. Осындай дәрменсіздігінен соң Темір сұлтан «Егер хан енді ештеңе бұйыра алмаса, онда далада көшіп-қонған халықты қа-лай басқарады?» деп ханның әлсіздігін бетіне басқан. Сұлтанның батыл жауа-бына еш реніш білдірмей, салқынқан-дылықпен тыңдаған Шерғазы хан «Сон-шалықты тырысқаныммен, қазақтар құ-лақ аспады» деп миығынан күлген. Осы тұста Орынбор әкімшілігі Шерғазы хан-ды ерекше комиссияға келуге шақыр-ғанымен, ол алдағы жылға дейін кейін-ге қалдыру үшін уақытты соза берген. Бірақ 11 қазан күні бәйбішесі ақырын-да ханды көндірген. Содан Шерғазы хан 12 қазан күні ұлы Едіге сұлтанды, күйеу баласы Меңдияр Әбілғазыұлын және Құлбаба старшын бастаған 15 қа-зақты ертіп Орынборға аттанып, кешкі сағат 7-де қалаға жеткен [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 567-568 пп.].
Сонымен орда істерін реттеу үшін Шерғазы ханның төрағалық етуімен Орынборда құрылған ерекше комиссия 1823 жылы 15 қазан күні таңертең сағат 10-да ашылады. Комиссия жұмысын Кі-ші жүздегі пристав полковник Горихвос-тов арнайы журналға тіркеп отырған. Одан Есенгелді старшынның ерекше ко-миссияның мүшесі ретінде оның жұмы-сына ашылған күнінен бастап соңына дейін қатысқанын байқаймыз. Осыған орай комиссия отырыстарын барынша жүйелі баяндауды жөн көрдік. Шекара-лық комиссияның алдын-ала хабарла-уы бойынша Шерғазы хан пәтеріне Ерекше комиссияға мүше болып таға-йындалған Әлімұлынан сұлтан Темір Ералыұлы, Жетірудан сұлтан Медетқали Тұрдалыұлы, Байұлынан құрметті стар-шын Есенгелді Жанмырзаұлы, Орынбор мешітінің молдасы Габдулсалям Габдрахимов, Айырбас сарайындағы мешіт молдасы Абдусатар Сулейманов жиналған. Молда Габдрахман Мухаммет Шарифов ауырып қалуына орай келе алмаған. Олардың ізін ала Шекаралық комиссияның төрағасы, генерал-майор Траскин ерекше тапсырмалар бойынша шенеунік, сарай кеңесшісі Ларионов-пен бірге келген. Траскин не үшін жи-налғанын айтып болған соң ерекше комиссияның төрағасы мен мүшелері өздеріне айрықша дайындалған бөл-меге барып, әрқайсысы өз орындары-на жайғасқан. Молдалардың үлкені әдеттегідей дұға бағыштап болған соң Траскин комиссияның ашылуы туралы Орынбор әскери губернаторынан жар-лық алғанын хабарлайды. Шекаралық комиссияның Шерғазы ханға жолдаған қатынас қағазы оқылып, оған жіберіл-ген үш жазбада патша еркіне сай жаңа-дан тағайындалған ерекше комиссия-ның міндеттері туралы түсіндірмесі бе-рілген. Дегенмен жергілікті басшылық-тың өкіміне сенімсіздік танытқан Шерғазы хан комиссияны ашу туралы Сыртқы істер министрлігінің жарлығы-ның түпнұсқасын өз көзімен көруді қа-лаған. Алайда Траскин қызмет тәртібі-не сәйкес жарлықтың түпнұсқасы өлке-нің негізгі басшысы ретінде әскери гу-бернатордың қолында қалатынына сендіріп, Шерғазы хан мен комиссия мүшелеріне іске кірісуді ұсынады. Осы-дан соң Горихвостов өздеріне жіберіл-ген істерді қарап, талқылауды ұсынға-нымен, хан мен комиссия мүшелері өз-дерінің сауатсыз екендерін айтып бас тартады да, ол істерді молдалардың қарауына тапсырады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 569-570 пп.]. Сөйтіп, ко-миссияның алғашқы отырысы осылай тәмамдалған.
Комиссияның келесі отырысы 16 қа-зан күні сейсенбіде өткен. Жазбалар оқылып, отырыс ашылған кезде Шерғазы хан мен комиссия мүшелері істің мәнісіне кіріспей тұрып, оны мол-далардың қарауына беріп, олардың шешім шығаруына келіскен. Горихвос-тов кеңес тәртібін түсіндірген кезде ко-миссия мүшелері онымен келіскен. Ал хан өзінің келіспейтінін екінші мәрте мәлімдеп, егер де үкімет оған істерді өздерінің әдет-ғұрыптары бойынша шешуді берсе, онда оның да келісуі қа-жет деген. Пристав ханның пікірінің дұ-рыс еместігін дәлелдеуге тырысқаны-мен, еш нәтиже шықпаған. Іске кірісуді қаламаған Шерғазы ханның кеңестен шығып кетуінен соң отырыс аяқталған.
17 қазандағы мәжілісте комиссия мүшелері іске кіріспей жатып жазбада-ғының өздеріне түсініксіз екенін айт-қан. Дегенмен олар полковник Циол-ковский отрядымен далада ұсталған Беріш қазағы Жаныбай Майменұлы, Адайтабыш қазақтары Аязбай Құрман-тайұлы мен Төлеген Төлебайұлы тура-лы Шекаралық комиссиядан келген жазбаны тыңдауға кіріскен. Бірақ Шерғазы хан екі беттен артық тыңда-май және онымен келіскен комиссия мүшелері өздері үшін істің мәнісі түсі-ніксіз екенін, осыған орай молданың оқып, оқымауы олар үшін бәрібір, се-бебі алғашқы жолы оқылып, келесісін тыңдап отырған кезде басын ұмытып қалатынын, сондықтан істі қарауды та-ғы да молдаларға қалдырып, шариғат бойынша шешім шығаруды ұйғарған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 570-571 пп.].
Есенгелді науқастанып қалуына байланысты 18 қазанда отырысқа қа-тыса алмайды. Комиссия кеңесі 19 қа-занның жұмаға келуіне орай 20 қазан-да Шерғазы ханның шаршап келмеуіне және Айырбас сарайының молдасы
Г. Сулеймановтың Сеит посадындағы шаруашылығын дүйсенбіге дейін қа-рап келуі үшін жіберілуіне байланысты өткізілмеген. Ал 21 қазан жексенбіге келген. 22 қазандағы комиссия мәжілі-сіне өзге мүшелермен бірге Есенгелді де қатысқан. Әртүрлі қарсылықтармен Шерғазы хан істі патша еркіне сәйкес заңдық әдет бойынша жүргізуге келіс-пегенімен, комиссия мүшелері қарсы-лық танытпайды. Горихвостов Циол-ковский отрядымен далада ұсталған қазақтар туралы жазбаны тыңдауды ұсынған. Габдусалям ахун оқи бастаған кезде бір бет те тыңдамай, төзімі тау-сылған Шерғазы хан «Айыпталғандар-дан қайтадан сұрау керек, өйткені олардан жауап алудан жақсы түсінеміз, сондықтан Шекаралық комиссиядан талап ету қажет» деген. Ал 23 қазанда-ғы отырысқа Шерғазы ханмен бірге ко-миссия мүшелері Темір, Медетқали сұлтандар, Есенгелді старшын, Габдулсалям ахун қатысып, Шекаралық комиссиядан жеткізілген Беріш қазағы Жаныбай Майменұлынан жауап алған. Комиссия мүшелерінің әрқайсысы өз бетінше сұраққа алып, оған кейде өз-дері жауап беріп отырған. Горихвостов болса молдалар Габдрахман Мухамет Шарифов пен Габдусатар Сулейманов-тың ауруларына байланысты отырысқа келмейтінін Шекаралық комиссияға ха-барлап, олардың орнына басқаларын тағайындауды сұрайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 571-573 пп.].
Ерекше комиссияның 24 қазандағы мәжілісі Аязбай Құрмантайұлы мен Төлеген Төлебайұлынан жауап алумен ашылған. Горихвостов олардан сұрақ алуды Габдусалям ахунға ұсынғанымен, Шерғазы хан мен комиссия мүшелері сұрақтар қойып, кейде өздері жауап беріп отырған. Ақырында пристав олар-ды тоқтатуға мәжбүр болғанда хан жа-уап берушіге басын изеп белгі беріп, сұрақ қоюын жалғастырған. Оған ес-керткен кезде хан егер үкіметке өз қа-зақтарын сотқа беру керек болса, онда өзінің сыртынан бақылау қоюға қажет-тілік жоқ дегенді айтып, наразылық та-нытқан. Горихвостовтың айтуынша, ба-сымен белгі берген сұрақтарға сәйкес айыпталушылардың комиссия мүшеле-ріне айтқан жауаптары бұрынғы мәлі-меттеріне мүлдем қарама-қайшы кел-ген. Сондықтан оларды қыс түспей бо-сатып, ауылдарына жіберу қажет деген ханның ұсынысымен комииссия мүше-лері де келіскен. Бірақ пристав бұған келіспейтінін айтып, ауылдарынан орыс тұтқындарының табылуымен де тергеу-ге алынушылар кінәлі деген. Оған қоса қазіргі жауаптары Шекаралық комис-сияға берген алғашқы жауаптарына қайшы, шындығын айтпай, теріс жауап-тарымен олар өздерін кінәлайды, сон-дықтан оларды босату жайлы қорытын-ды шығаруға асығыстық танытпауды ұсынған. Алайда Шерғазы хан тергеуде-гілер өзіне әділ жауап бергенін, ал Ше-каралық комиссияға жауап бергенде қорқытып мәжбүр еткендігін, бірақ олардың тыныш, жақсы адамдар екен-дігін, яғни олар үшін өзінің кепіл бола-тынын айтып, реніш танытқан. Осы кез-де пристав олардың Кожехаровск фор-постына қарсы шептегі шабуылдарын айтып дәлелдеген кезде хан қорытын-дыны кейінге қалдыруға келіскен [Ор-ОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 573-575 пп.].
Бұрынғы молдалардың орнына жа-ңадан тағайындалған молдалардың келмеуіне орай Шерғазы хан 25 қазан күні комиссияға келмеген. Ал 26 қазан жұма болуына байланысты отырыс өт-кізілмеген. 27 қазандағы мәжілісте іске кіріспей жатып Шерғазы хан шариғат бойынша талқылауды ұсынғанымен, Горихвостов оған келіспеген. Комиссия мүшелері де оны қостап, бас тартқан. Сол кезде хан комиссияға өзінің заңдық әдетпен емес, шариғат бойынша соттай алатынын сұрап Орынбор әскери губер-наторына хат жазатынын, егер оған бас тартқан жағдайда орда істерін қарауды алдағы көктемге дейін кейінге қалды-ратынын айтады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 575-п.].
29 қазан күні Шерғазы хан ақырын-да орда істерін патша еркіне сай заң-дық әдет бойынша қарауға сөз береді. Бірақ ол алдымен губернатордың жауа-бын күтуді шешсе, 30-31 қазан күндері ерекше комиссияның мүшелерін жаңа-дан тағайындалған молдалар келгенше кеңеске келмеуге көндірген. Осы жағ-дайға орай 1-3 қарашада кеңес өтпеген. 5 қарашада Шерғазы хан молдалар то-лық құрамда емес дегенді желеу етіп, кеңеске келмеген. Іске кіріспеуіне бай-ланысты қалада тұрып жатқан комис-сия мүшелері ауылдарына кетуге мәж-бүр болған. Олар патша еркіне сай құ-рылған ерекше комиссияның істерін ке-йінге қалдырмай, аяқтап көндіру ниеті-мен ханға жиналған. Алайда Шерғазы хан баласы Едіге сұлтанның азғыруына еріп, өз ойынан қайтпаған. Содан ара-ларында орын алған айқай-шуды естіп шыққан приставқа Шерғазы хан сол бойда шағыммен келген. Осы кезде Темір сұлтан «Ханның жағында оны қол-дайтын ешқандай қазақ жоқ, оның атақ-дәрежесі Ресей патшасы билігінің қол-дауымен ғана, сондықтан ол патша би-лігіне бағынбай, кімге үміт артады?!» деп сұраған. Шерғазы болса әдеттегі-дей миығынан күліп қана қойған. Сол кезде ашуға булыққан Темір сұлтан «Сен шепте хансың, ал мен далада, егер мұнда саған бағынсам, мені оған мәжбүрлейтін тек Ресей монархының еркі, біз барлық мүшелер ортақ келі-сіммен қандай да бір айыпталушыға пікір білдіреміз, ал сіз қайда болса да жүре беріңіз» деген. Комиссия мүше-лерінің ханға қарсы ашық наразылы-ғын байқаған Горихвостов Темір сұлтан-ды тоқтатуға мәжбүр болған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 575-576 пп.].
Комиссияға жаңа тағайындалған екі молданың келмеуіне байланысты 6 қа-рашада хан мен мүшелері кеңеске кел-меген. Осы себепке орай 7-9 қараша күндері де отырыс болмаған. Молда-лар келмеген соң комиссия мүшелері 10 қарашада ханға жиналған. Сол тұста пристав Горихвостов шепке және өз қандастарына шабуыл жасайтын қазақ-тарды тоқтатуға келісу үшін алдағы көк-темде орданың бүкіл құрметті тұлғала-рының Қобда бойында жиналуы жөнін-де ұсыныс жасаған. Комиссия мүшеле-рі келіскен соң хан да қарсылық таныт-пай, олармен бірге комиссия кеңесіне кіріп, циркуляр жазып, әскери губерна-тордың қарауына ұсынған. 12-14 қара-ша күндері комиссия мәжілісі өткізіл-месе, 15 қарашада орда істерін реттеу жөніндегі өзінің қатынас қағазына жа-уап күткен Шерғазы хан кеңеске келме-ген. Ол жауап келген соң комиссияны жауып, мүшелерінің ауылдарына қай-татынына сендірген. Оны күткен мүше-лер де кеңеске келмеген. 16-19 қараша күндері де отырыс өтпеген. Ал 20 қара-шада губернатордан барлық тәртіпсіз-діктер мен келіспеушіліктерге тыйым салу туралы бүкіл рулардың құрметті тұлғаларына жазылып, мөр басылған 13 дана циркуляр бекіп келген соң ко-миссия мүшелері оларды ордаға тара-туға дайындайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 577-п.].
Ерекше комиссияның 1823 жылы 22 қарашадағы отырысына Шерғазы хан Айшуақұлы, сұлтандар Темір Ералыұлы, Медетқали Тұрдалыұлы, Байұлы руы-ның старшыны Есенгелді Жанмырзаұлы, молдалардан Габдусалям ахун Габдрах-мановпен бірге жаңадан тағайындал-ған Қажы Надыр Абдулвагапов, Мухаммет амин Абдулбакиев қатыса-ды. Шерғазы хан ақырында істерді жар-лықта айтылғандай заңдық әдет бойын-ша қарауға келіскен. Бірақ ешкім бірін-ші дауыс беруге шешімге келмеген соң комиссияның қазақ мүшелері ғана қо-рытынды шығаруға ақылдасу үшін хан-да жиналып, бүгінше кейінге қалдыру-ды сұраған. Пристав мұндай кеңес үшін аз ғана уақыттың жеткілікті екенін айтып, шығып сөйлесіп келуді ұсынған. Содан олар жарты сағаттан соң оралып, хан далада ұсталғандардың әрқайсысы, яғни Жаныбай Майменұлы, Аязбай Құрмантайұлы және Төлеген Төлебай-ұлы өздерінің босап шығуы үшін бір тұт-қыннан әкелуін, ал қожа Қалмұхамет Кермұхаметұлын солай босатуды ұсын-ған. Пристав Горихвостов мұның жазаға жатпайтынын айтып, келіспеген. Айып-талушылардың әрқайсысы кем дегенде екі тұтқыннан әкелу керек деген оның ұсынысына комиссия мүшелері қарсы-лық танытпай, жоғарыда аталған төрте-уі өз қылмыстары үшін екі тұтқыннан әкелетініне келісім берген. Егер де олар-дың туыстары келіспейтін жағдайда патша бұйрығымен құрылған ерекше комиссия кінәлілерді Шекаралық ко-миссияның орыс заңымен жазалап, ел-ден мәңгілікке кетіреді деп ескерткен [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 578-п.].
24 қарашадағы отырыста қаралған жазбада сұлтан Жан Алғазыұлының полковник Милорадович отрядына ша-буыл жасағандар арасында болғанын казактар мен қазақтардың басшысы Есен Бердібайұлы мойындап, тіпті ол жөнінде тергеу жауабы жіберілгенімен, комиссия мүшелері одан ант алдында екінші мәрте сұрауды ұйғарған. Габду-салям ахун сұлтанды алып келгенімен, хан мен мүшелер өз ауылдарына қай-туға асыққан. Ал Жан Алғазыұлының өз кінәсін мойындамауы, оның үстіне куә-герлерді ордадан талап ету біраз уа-қытты қажет ететін. Содан бұл істі көк-темге дейін қалдырып, Жан сұлтанды әкесі Алғазы Айшуақұлының қолына беруді шешкен.
26 қарашада комиссия мүшелері әс-кери губернатордың бекітуіне ұсыныл-ған айыпталушылар туралы қорытын-ды мен губернатор жарлығына сәйкес ордаға таратылатын циркулярға қо-сымша жасалған мәлімдемеге өз мөр-лерін басумен жұмыстанған. Осы тұста комиссияға келген Әлімұлы қазағы Баязық Күшікбайұлы өзінің мүшкіл ха-лін, яғни қандай қылмыс жасағанын білмей, екі жылдан бері жанұясынан айырылып, шаруашылығын қараудың амалын таба алмай, толықтай қайыр-шылық күйге түскенін айтады. Сондық-тан жанұясы далада, өзінің қалада ба-қылауда болуына байланысты өзін асыраудың амалы жоқтығын қосады. Осыған орай хан егерде оны өзіне қар-сы айыпты деп тапса немесе ордалық-тардың біреуі дәлелдеп, оған көзін жеткізсе, қылмыскер ретінде есепке алып, үкімет қайда жер аударуды шеш-се, соған келісетінін жеткізеді. Ол өзі-нің ханға қарсы ешқандай айыпты бо-лып табылмайтынын, жауыздардың өзіне жала жапқанын айта келіп, орда-ға босату туралы үкіметтен рақымшы-лық сұрауды өтінеді. Темір сұлтан Баязықтың пайдасына сөйлей баста-ғанда Шерғазы хан ашуланып: «Баязық-тың маған қарсы халықты көтеріліске үндегенін нақты дәлелдеу мүмкін емес, дегенмен ол туралы кейбір өзімді қол-дайтындар арқылы белгілі болғанымен, олардың аттарын атай алмаймын» - де-ген. Бірақ Баязықтың жазасын жеткілік-ті өтегенін ескеріп, өзіне белгілі кейбір адамдармен ақылдаса келіп, алдағы көктемде Шекаралық комис-сиядан оны ордаға жіберу туралы сұрайтынын мәлімдейді. Сол кезде комиссия мүшелері Баязықтың ханның патшаға жасаған ша-ғымы бойынша ұсталғанын дәлелдеп, сондықтан басқа ешкіммен ақылдасудың қажеті жоқтығын ескертеді. Олар Баязықтың шағы-мын қарауды өз міндеті санаған. Бұған қатты ренжіген Шерғазы хан кеңес отырысынан шығып кетеді.
27 қарашадағы отырыста комиссия мүшелері журнал бойынша баптарына мөрлерін басумен шұғылданса, хан өзінің сауатсыз екенін, әрі ағымдағы істерді білмейтінін алға тартып, журналда-ғы баптарға мөрін басудың артық екенін айтып келіспейді. Бірақ комиссия мүшелері көп істерге мөрлерін түсірген. 28-30 қараша-да мәжіліс өткізілмесе, 1 желтоқсандағы комиссия отырысына қатысқандар тізімінде Есенгелді есімінің жазылмауына қарағанда, ол қатыспаған сыңайлы. Осы күні комиссия мүшелері Орынбор әскери губернаторына комиссияны жауып, істерін Шекаралық комиссияға беріп, ауылдарына қайтуға рұқсат сұраған. Келесі күн жексенбіге келсе, 3-4 желтоқсанда кеңес өтпеген. Содан губерна-тор П. К. Эссен комиссияны жауып, мүшелерін ауылдарына жібе-руге келіскен. Пристав Горихвостов Шерғазы ханға журналдағы баптарға мөрін басудың қажеттігін айтып, онсыз істерді тапсыру-дың мүмкін еместігін түсіндіргеннен соң барып хан мөрін басқан. Осыдан соң барлық істер мен жазбаларды мөрлеп, Шекаралық комиссияға жолдаған. Ерекше комиссияның мүшелері жол қағаз-дары мен төлемдерін алып, 1823 жылы 5 желтоқсанда ауылдары-на аттанған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2313-іс, 579-582 пп.]. Сонымен қазақ-орыс қатынасының күрделі мәселелерін дұрыс шешудің орнына күйбің тірліктен әрі аса алмаған Шерғазы хан басқарған ерекше комиссия жұмысы осылай аяқталды. Мұның бәрін бақы-лап отырған Орынбор әкімшілігі хан билігінің одан әрі құлдырай түсуін қалады.

(Жалғасы бар)

Қаралым саны 1493

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463