«Ең алғашқы жүлдемді анама бердім»

Нұрбол СЕРІКОВ, 

дзю-додан ҚР спорт шебері, самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері

1993 жылы 16 қарашада Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Әбіш ауылында дүниеге келген. М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығының 4-курс студенті.

2009 жылы Теміртауда өткен дзюдо күресі бойынша ҚР чемпионатында 1-орын, 2010 жылы Чехияда өткен халықаралық жарыста 1-орын, 2011 жылы Атырау қаласында өткен ҚР чемпионатында 2-орын, 2011 жылы Теміртау қаласында өткен ҚР чемпионатында 1-орын, 2011 жылы Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында 1-орын, 2012 жылы Гер-манияның Бремен қаласы өткен халықаралық турнирде 2-орын, Қарағандыда өткен ҚР чемпионатында 1-орын, Ташкент қаласы Азия чемпионаты 3-орын, 2013 жылы Кореяда өткен Азия чем-пионатында алтын медаль, 2015 жылы Беларусь астанасы Минск қаласында өткен ерлер, әйелдер және әскери самбодан Беларусь Республикасы Президенті жүлдесінің 3-орын иегері.

– Нұрбол, таяуда Минскіде өткен жарыстан қола жүлдемен оралып-сыз, құтты болсын! Әрбір мықты чем-пионның үлкен белестерді бағынды-руы үшін бапкердің сіңіретін еңбегі зор екені сөзсіз. Бапкеріңіз туралы айтып өтсеңіз?
– Менің алғашқы бапкерім Жеңіс Қанатұлы Стамғазиев болған. Ол кезде 11 жаста едім, ол кісі өзі үйге келіп, әуелі турникке тартылғанымды көрді. Ол кезде 12 мәрте тартылдым, кейін-нен көбейте түстім. Екі-үш айдан соң күрес мектебіне қабылдандым. Спорт-қа келуім осылай басталды. Бапкерім-нен көп нәрсені үйрендім. Ол кісінің ең бірінші талабы тәртіп болатын. Үне-мі «Ең бірінші – тәртіп, екінші – білім, содан кейін күрес» дейтін. Қазіргі бап-керім – Райымбек Меңдіғалиев. Қазір-гі жеңістерім үшін осы кісілерге қарыз-дармын.
– Ең алғашқы қарсыласыңыз кім болды?
– Көршім Алпамыс Кәкімов еді. Ол өзі сабақты да жақсы оқитын, спортқа да жақсы болатын, содан ұтыла бере-тінмін. Бір қызығы, ауылда одан ұты-лам, қалада ол менен ұтылып қалатын. Бірақ кейін ол спортты тастап кетті.
– Ал халықаралық бәсекелерде ең мықты қарсыласыңыз кім?
– 68 кг салмақта күресетін ресейлік Балыков Владимирді өзіме қарсылас санаймын. Күрес кілемінде үш рет кездестік. Алғаш 2010 жылы өзіміздің Орал қаласында кездесіп, ол кезде жеңген едім, бірақ 2012 жылы Қазан-да және 2014 жылы Мәскеуде жеңіліп қалдым.
– Жеңілген кезде қандай сезімде боласыз?
– Кішкентай кезімізде жылайтын едік. Қазір қай жерден қателік жібер-дім деп ой елегінен өткізіп, келесіде сол қателікті жібермеуге тырысамын. Екі-үш жыл бойы дайындалғаның көз алдыңнан өтіп, қиналған кездерім есіме түсіп, өкінетін сәттер де болады.
– Әрбір спортшының өзіне ыстық көрінетін жеңісі болары сөзсіз. «Мен үшін ең маңызды жеңіс» деп қай же-ңісіңізді айтар едіңіз?
– 2013 жылы Кореяда өткен Азия чемпионатында алтын медальды иелендім. Алғашқы күні күрестім, шешуші сайыс елге оралатын күнге белгіленген. Жарысқа шығардың алдында: «Маған осы төрт кубоктың біреуі бұйыра ма, жоқ па?» деген ой келіп, біраз қобалжыған едім. Сол чемпионатта елге жеңіспен оралдым, әзірге мен үшін ең маңызды жеңісім осы.
– Қазақстан спорты едәуір дамып келе жатыр деген пікірмен келісесіз бе? Қазақ спортшыларына мемлекет тарапынан қаншалықты қолдау көрсетілуде?
– Келісемін, қазіргі таңда еліміз спорттан биік-биік белестерді бағын-дыруда, әлемдік додалардан жүлделі орындар иеленуде. Мемлекет тара-пынан қолдау бар, арнайы жалақы төленіп, спорттық киімдеріміз бері-леді. Бүгінде қазақ спортшыларына жетіспейтіні спорттық медицина болып отыр. Яғни әр спортшының өз дәрігері, өз психологы болып, жарыс-тарға барлық жағынан дайындықпен шығуымыз қажет. Ал әзірге біз өзімізге өзіміз психолог болуға мәжбүрміз. Спорттық медицина Франция, Германия, Ресейде жақсы дамыған.
– Осыған дейін де көптеген биікті бағындырыпсыз, болашақта тағы да қандай мақсатыңыз бар?
– Әрине, алға қойған мақсат көп. Ең бастысы, 2017 жылы Баку қала-сында өткізілетін студенттер арасын-дағы халықаралық Азия ойындарын-да жеңіске жетсем деймін. Содан соң Мороккодағы Әлем біріншілігіне жолдама алсам деймін.
– Әділетсіздіктің кесірінен «же-ңілген» сәттеріңіз болды ма?
– Сондай сәттің бірі 2012 жылы Болгарияда жастар арасындағы Әлем біріншілігінде болды. Сол кезде әзір-байжан жігітінен ұтылдым. Біршама айқай болып, көпке дейін сол арадан кетпей, тұрып алдым. Сол жарысты қатты ұтқым келіп еді... Әдетте, үлкен деңгейдегі жарыстарда әділетсіздік көп бола бермейді. Әсіресе, Мүсілім Оңдағанов Азия фе-дерациясының вице-прези-денті болып тұрған кезде самбо спортынан әлемдік додаларда көмегі көп тие-тін. Оны бүкіл дүние жүзі танып білетін, беделі өте жоғары болды.
– Ең алғашқы жүлде-ңізді, сыйақыңызды қайда жұмсадыңыз?
– Ең алғашқы жүлдемді анама бердім.
– Жаңа бір сөзіңізде «Бапкерім білімді, тәртіпті күрестен де биік қоятын еді» деген едіңіз. Бүгінде студентсіз, оқу үлгеріміңіз қалай?
– Үнемі жолда жүреміз. Көбіне жарыста боламын, сабақта көп бола бермей-мін. Бірақ жолда жүргенде босқа жүрмей, кітап оқи-мын. Соңғы кездегі қызы-ғып оқыған кітабым – сам-боның негізін салған Харлампиевтің «Самбоның айла-тәсілдері» атты кіта-бы, Мәскеуден алғанмын.
– Өзіңіздің болашақ жарыңыздың спортшы болғанына қалай қарай-сыз?
– Қаламаймын. Себебі әр қыз бала болашақ ана ғой. Кәсіби спортта адам ағзасына көп салмақ түседі.
– Алдағы уақытта жаттықтырушы болу ойыңызда бар ма?
– Қазірдің өзінде кішкентай шә-кірттерім бар. Алдағы уақытта жеке спорт мектебін ашып, оны алғашқы бапкерімнің есімімен «Жеңіс» деп атауды армандап жүрмін.
– Спорттан бөлек, өміріңізде бас-қа арманыңыз бар ма?
– Қажылыққа бару, анамды қажы-лыққа апару.
– Нұрбол, әңгімеңізге рақмет! Сіз-дің әлі талай биіктерді бағындыра-рыңызға сеніміміз мол!
– Рақмет!

Әңгімелескен
Қуанар МҰСАҒАЛИЕВА және
М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 305 топ студенттері,
Орал қаласы

Қаралым саны 1299

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463