Мұратбек қаршадайынан кітапты көп оқитын, өнерге, суретке өте құмар болды. Кітапханадан шықпайтын еді. Жасынан жақсылыққа талпынып өсті. Әдемі қоңыр даусы бар, мектепте өте-тін барлық шараға қатысып, өлең айта-тын. Жанынан өлең де шығаратын. 10-класс бітірерде соңғы қоңырауда өз өлеңін оқыды. Ақтөбеде оқып жүріп «Өмір – сағым» атты өлеңі аудандық газетке шықты. 10 класс бітіргеннен кейін екі жыл қатарынан, бірінші жылы Алматы құрылыс-сәулет институтының архитектура бөліміне, келесі жылы Оралдың пединститутының графика бөліміне түсе алмай, қатты налып, «Қайтсем де, осы оқудың артынан қалмаймын» деп дайындық курсына да қатысып, бір тыншымады. Ақыры үшінші жылы, яғни 1985 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің суретші-безендіруші бөліміне түседі. Студент кезінде қысқы-жазғы демалысқа келгенде қарап отырмай жұмыс істеп, киім кешегіне, оқуына ақша тауып, ма-ған салмақ салмайтын еді. Өйткені іні-лері де сол кезде студент болатын. Ақ-төбе мәдени-ағарту училищесінің 3-ші курсынан Алматыдағы О. Таңсықбаев атындағы сурет училищесінің сурет-живопись бөліміне ауысып, оны 1990 жылы өте жақсы бағамен бітірді, Ленин-градқа жолдама алды. Бірақ сол кезде одақтың ыдырауына байланысты Ленинград қабылдамай тастады. Сосын ауылға келіп, бір жыл жұмыс істеп, азын-шоғын тиын-тебен тапқаннан ке-йін енді жоғары оқуға түсуге бел бай-лады. Сол кезде мен қарсы болып, «Осы суреттің академиясын бітірсең де, (ол кезде әлі институт қой) теріс қарап, бояу-бояу болып өзіңмен-өзің жүресің де қоясың, одан да жоғары білім алғың келсе, тарихшы бол, тарих факультетіне бар!» дедім. Шынын айтсам, суреттің мән-жайын түсінбейтін едім. Мұратбек: «Апа, жолыма тұрмай-ақ қойшы, ме-нің бала кезімнен армандаған арма-ным кәсіби білім алып, кәсіби суретші болу ғой. Рұқсатыңды берші, әрине саған қиын болатынын білем. Аман болса Әділ мен Әбіл оқуын бітіріп, ауылға, қасыңа барады ғой. Мен мақ-сатыма жетпей, оқуымды бітіріп алмай, менен әзір пайда жоқ!» - деді. Алған бетінен қайтпайтынын білем, жібер-месем де, қалатын түрі жоқ. Ақыры Алматы театр, кино және көркемсурет институ-тында «Станковая живо-пись» (майлы бояу) бөлімі ашылатын болып, тек қана алты бала қабылдайды деді. «Барса барсын, түсе қоймас» деп ойладым, бірақ түсіп кетті. Содан оқып жүріп 1993 жылы үйленді. Бұлар үйленген уақыт нағыз заманның қиын кезеңі еді, оқу мен семья құру оңай болмаса да, мойымады. Ауырып жүргенін маған кеш айтты. Маңдайымызға сыймай кетті ғой. Тағдыр дегенін істеді. Әттең, оқуын бітіргеннен кейін, ең болмаса, бір жыл жұмыс істесе ғой, көп жылғы бейне-тінің жемісін көрер еді. Ақтөбе, Алматыда оқуда жүріп жазғы-қысқы демалысқа үйге келгенде жарты күн үйде болып, көріп-білгенін, жаңалық-тарын, оқуын, жағдайын айтады да, есіл-дерті Жосалы болып, туған жеріне баруға асығып тұратын. Онда кластас-тары бар, соларды көруге, солармен бірге болуға асығатын. Ылғи да бір асығыс, қарбалас жүретін. Сөйтсек, өмірі өтіп барады екен ғой. Қамшының сабындай қысқа тіршіліктің мәні мен мағынасын, қадірі мен қасиетін баға-лай білді, өмірге өте құштар болды. Ауруының беті бері қарамайтынын біл-геннен кейін «Өмірге босқа келіп ке-тем-ау, ойға алған мақсатымды, салған суреттерімді халқыма табыстап кет-сем» деп жатты. Сол тілегі орындалып, 1999 жылы мамыр айында көзі тірісін-де алғашқы көрмесі облыстық мәде-ниет басқармасы басшысы Мақсот Омарғалиев пен облыстық тарихи-өл-кетану мұражайының директоры Сара Есқайырқызы т.б. қолдауымен өтті. Егер тіпті ескерусіз қалса, арманда ке-тер еді. Жағдайды түсініп, көрмесін ашып бергендеріне мың да бір рақ-мет! «Уақыт – емші» деуші еді, бірақ өзегімді өртеген өкініштің дауасы болмай тұр. Құрбы-құрдастарын көргенде жүрек сыздап ауырады, амал қанша тағдырға көну керек...
Мұратбегім, аңсадым-ау, сағындым,
Суреттегі бейнеңе тек табындым.
Қиналғанда желеп-жебеп жүретін
Сенің орның ойсырап тұр, жарығым!
Тірі болсаң, той жасар ек қуанып,
Жүрміз екі бүлдіршінге жұбанып.
Топырағың торқа болсын, күнім-ау,
Жатырсың ба тас төсекке оранып!