1977 жылы Мұратбек 5-сыныпта оқитын еді. Тарих пәнін өте қызығып оқыды. Біздің үйде кітап көп болатын, сұрап алып оқушы еді. Ілияс Есенбер-линнің «Көшпенділері» басында жеке-жеке үш кітап болып шықты. Қолға түсе бермейтін. Мұратбек осы «Алмас қылыш», «Қаһар», «Жанталасты», Мағауиннің «Аласапыранын» менен алып оқыды. Ол кезде тыйым салынған Олжас Сүлейменовтің «АзиЯ» кітабын жасырып бердім. Махамбеттің жырла-рын оқитын. Исатай-Махамбет көтері-лісі туралы ғалым Исатай Кенжәлиев-тің 1975 жылы шыққан кітабы болды. Міне, осындай тарихи кітаптарға Мұратбек кішкентайынан әуес болды. Сабақ бердім, мектептен тыс жұмыс-тарға, тарих үйірмесіне қатысты.
Жұмыс бабымен 1984-1986 жыл-дары Қособа ауылына ауысып, мектеп директоры болдым, бірақ ұзамай Жо-салыға оралдым. Бұл кезде Мұратбек Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінде оқитын. Кейіннен Алматыға ауысты. Студент кезінде каникулдан келісімен маған келетін. Алматыдағы болып жат-қан жағдайларды айтатын. Ол кездер КСРО-да қайта құру науқаны өрістеп, ел-жұрттың санасы ояна бастаған ша-ғы еді.
1989 жылы мектептегі тарих ка-бинетін «Қазақ халқының даму тари-хы» деген тақырыпта жаңадан жасақ-тағым келді. Жазғы каникул кезі, Мұратбек те ауылға келе қалды. Әдет-тегідей маған соқты. Ол кезде қазақ батырларының суреттері жоқ. Ел-жұрт Қабанбай мен Бөгенбай, Исатай мен Махамбеттен басқа көп батырды біл-мейтін. Суреті түгілі, аты-жөні белгісіз еді. Идеямды Мұратбекке айттым. Ка-никул кезі, мектепте жөндеу жұмыста-ры жүріп жатыр. Мұратбек бірден іске кірісті. «Акварельмен салайын» деді. Бояу, қағаз, керек-жарағын алып бер-дім. Қасында қарап отырғанды жақ-тырмайды, соны біліп, кетіп қалам. Не-ше түрлі керек кітаптарды – батырлар жырларын, энциклопедия т.б. әде-биеттерді жинап алды. Қарулардың, киімдердің сипаттамаларын қарайды, көп еңбектенді. Сөйтіп, 2-3 күн ішінде 47 портрет салып шықты! Мұның ішін-де бұрын жарияланған, бейнесі белгілі тұлғалар да, бұрын бейнеленбегендері де көп еді. Сөйтіп, бұрын КПСС Орта-лық Комитеті Саяси Бюросы мүшелері-нің портреттері тұратын орынға өңкей қазақтың ханы мен биі, батыры мен ғалымдарының суретін ілдік. Олардың тақырыбы «Қазақ хандары», «Ұлт-азат-тық қозғалыс батырлары», «Орыс им-периясына қарсы күрескен ерлер» т.б. болатын. КСРО әлі құламаған кезде бұл сұмдық оқиға болды! Аудандық оқу бөлімінен тексеру келіп, бұл суреттерді алып тастауды талап етті. Бірақ біз өз сөзімізде тұрдық, алмадық. Жосалы мектебінде Мұратбектің қылқаламы-нан шыққан сол портреттер әлі тұр.
Иә, ол кезде халықтың бойында-ғы патриоттық сезім, ұлтшылдық күшті болатын. Мысалы, халықаралық «Қа-зақ тілі» қоғамы құрылғанда Жосалы-да оның бөлімшесін ашып, өзім төраға болдым. 1988 жылы ауылда тұңғыш рет Наурыз мейрамын тойладық. 1991 жылы 16 желтоқсан күні Желтоқсан оқи-ғасының 5 жылдығын атап өттік, кафе-де халықты жинап, Құран оқыттық. Алматымен сөйлесіп, «Азат» азамат-тық қозғалысының туын көтердік.
Сол кездері Мұратбек те Алматы-да қоғамдық-саяси оқиғалардың бел ортасында жүріпті, «Алаш» қозғалысы-на мүше болыпты.
Мұратбектің үй-іші кейін Жосалы-дан аудан орталығына, Жымпитыға кө-шіп кетті ғой. 1990 жылдардың соңы, «Мұратбек ауырып қалыпты, Алматы-дан ауылға келіпті» дегенді естіп жүр-дім. Оралға бір келгенімде Мұратбекті іздеп, ауруханаға арнайы бардым. Сис-тема алып жатыр екен, мені көріп тө-сектен атып тұрды. Қолындағы инесін жұлып тастамақ болды, әрең тоқтат-тым. Бас жағында фотоальбом жатыр екен, картиналарының фотокөшірме-сін көрсетті. Әңгіме арасында «Көрмең өтті ме?» деп сұрадым. «Жоқ». «Онда өткізейік».
Ауруханадан шығысымен облыс-тық тарихи-өлкетану музейінде дирек-тордың орынбасары болып курстасым Гүлсім Сафуанова жасайтын, соған бардым. Ол музей директоры Сара Танабаеваға жеткізіпті. Облыстық ха-лық шығармашылық орталығының басшысы Гүлсім Қадешева да қолдап-ты. Оралдық суретшілер де қолдапты. Сөйтіп, Мұратбек көзінің тірісінде Орал-да тұңғыш көрмесін өткізіп үлгерді...
2001 жылы Мұратбектің 35 жасы-на орай туған ауылы Жосалыда көрме өткіздік. Бүгінде Абдолла Жұмағалиев атындағы Жосалы орта мектебінде Мұратбекке арналған мүйіс бар, ауыл-да суретшінің есіміне көше берілді.