Театр және көркемсурет акаде-миясы қазақ сурет өнерінің мықты-лары Кенжебай Дүйсенбаев, марқұм Бақтияр Табеев, Дулат Әлиев, Әлібай Бапанов, Еркін Мергенов, Мұса Сейісов, Мұхит Қалимов т.б. еңбек ете-тін, дәріс беретін қара шаңырақ еді.
Сол кезде әр суретшінің бөлме-сіне кіргенде алдымен көзіме түскені «Арбаттық» портреттер еді. Қағазға құрғақ қалам техникасымен салына-тын бұл жұмыстар сол кездегі студент-тердің ақша тауып, тамағын айыратын негізгі кәсібі еді...
Осындай экскурсияның бірінде басқа студенттерге қарағанда, ересек-теу, салмақты, суретшіге тән шынайы қылықтары бар жігітпен таныстым.
Ол өзінің «Қағанаттың құлауы» атты туындысын жазу үстінде екен. Маған бірден ұнады. Композициялық шешімі ерекше, жалпы айтқанда, қол алысы бөлек, техника, түс туралы түсі-нігі, бәрі де көрініп-ақ тұр. Компози-цияға байланысты формат шешімінің өзі оның өзіне сенімділігін көрсетіп-ақ тұрды.
– Маған ұнады, - дедім. – Бітпесе де ұнап тұр! - деп қайталап айттым.
Ол маған жақынырақ келіп: «Мұрат» - деп қолын созды, «Қайыр» - дедім.
– Қай жерденсің, Мәке?!
– Батыс Қазақстан облысынан, - деді ол.
– Аааа?! Қай аудан?
– Жымпиты.
– Аааа... - дедім де күлдім. – Мен де Оралданмын.
– Қайреке, сіз «Шествиенің» авто-ры емессіз бе? - деді Мұратбек.
– Мысықтар болса, дәл солай! - дедім.
– Мен сіз бе, әлде басқа ма деп ойланып тұр едім. Сізден бұрын жұ-мысыңызбен танысқам, - деді Мұратбек. Сосын:
– Қайреке, 5-7 минут... Тез келем! - деп асығыс шыға жөнелді. «Ештеңе де қажеті жоқ!» деп едім, «Сізге солай болғанымен, маған ұят болады» - деді де, тез киініп шығып кетті. Сәлден ке-йін есік ашылып, «Ассалаумағалай-кум!» деп тағы бір жігіт кірді. «Уаға-лайкум ассалам!» дегенімше, «Менің атым – Амангелді!» - деді, мен тағы да «Қайыр!» - дедім.
– Бірге оқитын шығарсыздар?
– Иә, мамандығымыз бөлектеу, Мұрат – живопись, мен - промдизайн, - деді. «Ол да жаман емес қой» - дедім.
– Қай жерден боласың?
– Жымпитының Абай совхозынан.
– Мәссаған, кілең жерлес екенбіз ғой! Алдында бір көрмеде сіздің жұ-мысыңыздың айналасында бірталай жақсы әңгіме естігем. Енді, міне, жер дөңгелек деген осы! - деп Амангелді сөзін жалғастыра бергенде есік ашы-лып, Мұратбек те кірді. «Ішіңіз пысқан жоқ па?» «Жо-жоқ! Амангелдімен танысып, тағы бір жерлес тауып, қуанып жатырмын!» - дедім. Содан кейін де живопись, жалпы, шынайы өнер туралы бірталай әңгіменің басын қайтардық. Әңгіме барысында Мұратбек «Менің мұғалімім, ұстазым - Мұхит Қалымов» деді. «Суретшілердің арасындағы мықтылардың мықтысы. Үйренуден жалықпасаң болғаны. Солай емес пе?» - дедім.
– Әрине, Қайреке!
...Кейін осы Оралда Мұратбектің бір-екі көрмесінде болдым. Мен барған уақытта ылғи да өзі болмай жүрді. «Ауырып қалды» деп естідім. «Әне барам, міне барам» деп жүріп ауруханаға кіріп хәлін сұрай алмадым. Соған қынжыламын.
Өнер десе ішкен асын жерге қоятын осы Мұратбек сияқты жігіттер саусақпен санарлық қой.
Соңғы жұмыстарындағы күрт өзгеріс – батырлығының, ойшылдығы-ның, сезімталдығының, білімділігінің куәсі.
Соңғы жазған жұмыстарының бірі – «Құлагерді» көпшілік қауым біледі. Өзінің өмірдегі соңғы сәттерін жанталаса драмалық сезіммен, сол іште болып жатқан жағдайды бояу реңімен де, суретімен де дәл көрсет-кен. Ол Құлагер деп Ақан серінің Құлагерін емес, өзін бейнелегендей сезінеді.
Егер қазір Мұратбек тірі болса, бірталай жерді шулатар еді. Әттең...