ҚАЗАҚ ОРДАСЫНЫҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ТАҢБАЛЫ ОҚИҒАЛАР ЖЫЛНАМАСЫ

1456. Қазақ Ордасы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті.
1456-1470 шамасы. Керей хан билік құрды. Орда орнықты.
1460. Керей мен Жәнібек Моғолстан ханы Есен-Бұғамен одақтаса оты-рып, қалмақ (ойрат) шабуылы-ның бетін қайырды.

1465. Керей ханның туы астындағы жұрттың саны екі жүз мыңға жетті.
1470. Керей мен Жәнібек Сыр бойына қайтып оралды. Түркістан өңірі-нің біраз аймағы Қазақ Ордасы-ның құрамына қосылды.
1471-1480 шамасы. Жәнібек хан билік құрды. Орда нығайды. Сыр-Дария алқабы, Түркістан өңірі үшін қантөгіс майдан ашылды.
1486. Қазақтар Шәйбани ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, Хорезмге тықсырды.
1491. Қазақтар екі үлкен ұрыста моғолдарды жеңді.
1510. Қасым сұлтан қысқы соғыста Шәйбани ханды біржола талқандап, ұлыс шегінен асыра қуды. Түркістан уәлаятына қарасты қа-лалардың көпшілігі Қазақ Орда-сының құрамына енді.
1511-1520. Қасым хан билік құрды. Ежелгі Көк Орда жерінің басым бөлігі және Жетісу Қазақ Ордасы-ның иелігіне айналды, халықтың саны бір миллионнан асып, әскер саны үш жүз мыңға жетті.
1511 шамасы. Қасым хан Қазақ Орда-сының «Қасқа жол» аталатын ең алғашқы заң жүйесін қабылдады.
1512. Қасым хан Сайрам қамалын алды, Ташкентке жорық жасады.
1521-1522. Момыш хан билік құрды.
1523-1533. Тайыр хан билік құрды.
1525 шамасы. Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысы басталды.
1533-1537. Тоғым хан билік құрды.
1537, 27 шілде. Сан-Таштағы төрт халық-тың соғысында қазақ-қырғыз әске-рі түгелімен қырылды. Тоғым хан, тоғыз ұлы және әскербасы отыз жеті сұлтанмен бірге шәйіт болды.
1556. Бұйдаш хан Ноғай Ордасының шығыс бөлігін Қазақ Ордасына қосып алды.
1558. Қазақ Ордасы Бұқар хандығын тықсыра бастады.
1559. Бұйдаш хан шәйіт болды.
1560-1580. Хақ-Назар хан билік құрды. Қазақ Ордасы ежелгі қуатын қал-пына келтірді.
1569. Хақ-Назар хан Ноғай Ордасын қи-ратып жеңді.
1570. Қазақ Ордасы ойраттардың бір бөлігін бодандыққа түсірді.
1579. Хақ-Назар хан Түркістан мен Сауранды, оңтүстік өңірдегі тағы біраз қонысты қайтарып алды.
1580, 23 көкек. Хақ-Назар хан шәйіт болды.
1580-1582. Шығай хан билік құрды.
1582, маусым. Тәуекел сұлтан Түркістан түбінде Ташкент уәлаятының әміршісі Баба-сұлтанды талқан-дады.
1583-1598. Тәуекел хан билік құрды. Қазақ Ордасы өзінің әскери, сая-си қуатының шарықтау шегіне жетті.
1586. Тәуекел ханның Мәуреннахрға қарсы алғашқы шапқыны.
1594-1595. Тәуекел хан Русияға елші ат-тандырды; жауап елшілік.
1598, жаз. Тәуекел ханның Орта Азияға жеңісті жорығы.
1598, күз. Тәуекел хан шәйіт болды.
1598-1643. Еңсегей бойлы Ер Есім хан билік құрды. Қазақ тарихының қаһармандық кезеңі.
1598, күз. Бұқар-Қазақ бітімі нәтижесін-де бүкіл Оңтүстік Қазақстан және Ташкент уәлаяты Қазақ Ордасы-ның құрамына қайта қосылды.
1599 шамасы. Есім хан «Ескі жол» ата-латын жаңа заң жүйесін орнық-тырды. Қазақ Ордасының астана-сын Түркістанға көшірді.
1603. Екінші қазақ-бұқар соғысы бас-талды. Айғыр-жар ұрысында қа-зақтар жеңіске жетті.
1604. Есім хан ойраттарды күйретіп жеңді.
1613. Есім хан Самарқан түбінде бұқар-ауған әскерін талқандады.
1619-1624. Есім хан Шығыс Түркістан үшін күрес жүргізді.
1620. Есім хан ойраттарды кезекті жеңіліске ұшыратты.
1624. Есім хан Ферғанадағы майданда жеңіске жетіп, Екінші қазақ-бұқар соғысын аяқтады.
1627. Есім хан бүкіл алаш жұрты түп көтерілген ұлы жорықта Ойрат Одағын қиратып, босқынға ұшыратты.
1627. Ташкент уәлаятының әміршісі опасыз Тұрсын хан Қазақ Орда-сындағы азамат соғысына жол ашты, Түркістанды шапты.
1627. Сайрам түбінде Тұрсын хан баста-ған екі сан қатаған қазақтар мен Есім хан бастаған үш сан алаш қа-зақтар арасында қантөгіс ұрыс болды, Есім хан басым түсті, Тұрсын хан әскерінен айрылып, Ташкентке келіп тығылды.
1627. Есім хан Ташкентті алды, Тұрсын ханның басын шапты, қатаған руы жазаға тартылып, қырылғаннан қалғаны басқа рулар ішіне таратылды. Есім хан жазылмас дертке ұшырады.
1635, жаз. Жәңгір сұлтан торғауыт Хо-Өрлік тайшының ұлысын шапты, Жемнен өткеріп, батысқа қарай тықсырды.
1643. Есім хан дүние салды.
1643-1652. Салқам Жәңгір хан билік құрды.
1643, желтоқсан. Қоңтажы Батұр ойрат, халха, торғауыт – бүкіл моңғол жұртынан құралған қалың әскер-мен Қазақ Ордасы құрамындағы қырғыз жеріне басып кірді.
1644, қаңтар-мамыр. Кең көлемді қа-зақ-моңғол соғысы.
1644, маусым, шілде. Салқам Жәңгір хан екі үлкен ұрыста біріккен ой-рат-халха әскерін қиратып жеңді. Соңғы шайқаста қазақ әскеріндегі жаңа шерік – мылтықпен қару-ланған алты жүз мерген айрықша көзге түсті.
1644, күз. Салқам Жәңгір хан Ұлы Моғол империясы мен Бұқар хандығы арасындағы соғысқа араласты, Ауғаныстандағы майданға жүз мың әскер жіберді; қазақ ала-мандары Балх қаласының түбін-дегі елу күн бойғы қырғын шай-қастан соң соғысты өзбек-бұқар хандығының пайдасына шешіп берді.
1652, қаңтар, ақпан. Хошауыттар қыр-ғыз жеріне тұтқиыл шабуыл жа-сады. Салқам Жәңгір хан шәйіт болды.
1676-1680. Қазақтар Бұқар хандығын-дағы тақ таласына араласты.
1680-1715. Әз-Тәуке хан билік құрды.
1681-1684. Сайрам соғысы; Дүрбін-Ойрат Қазақ Ордасын ауыр же-ңіліске ұшыратты.
1690 жыл шамасы. Әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жол», Есім ханның «Ескі жол» заң үлгілерін жаңғыр-тып, «Жеті жарғы» аталатын жаңа заң жүйесін енгізді.Төрелерді ір-кіп, ел басқару ісін билерге жүк-теді.
1698. Дүрбін-Ойрат Шу, Талас бойына басып кіріп, Қазақ Ордасын шай-қалтып кетті.
1710-1411. Ойраттардың жаңа жорығы.
1712. Қазақтардың ойрат шапқыншы-лығын тоқтату әрекеті.
1713. Абылай хан туды.
1714. Қазақ Ордасының Дүрбін-Ойрат-тан кезекті ауыр жеңілісі.
1715. Әз-Тәуке хан дүние салды.
1715-1718. Қайып хан билік құрды.
1717 жаз. Қайып хан мен Әбілхайыр сұлтан бастаған қазақ әскері Аягөз ұрысында ойраттардан қирап жеңілді.
1718. Ойраттар қазақ жасақтарын Арыс, Бөген, Шаян өзендерінің бойын-да бет қаратпай жеңіп, бүкіл Оң-түстікті шапқындап кетті.
1718-1729. Болат хан билік құрды.
1723-1725. Ойраттардан түбегейлі же-ңіліс, Түркістан, Сауран, Ташкент-тен, бүкіл Оңтүстіктен айырылу, Ақтабан шұбырынды.
1728. Бұланты ұрысы, ойраттар Сары-Арқадан кері қайырылды.
1730. Аңырақай ұрысы, ойрат шабуылы тойтарылды, қазақтар ес жинай бастады.
1730. Қазақ Ордасы дербес ұлыстарға бөлінді; ру, жүз ішінде билердің өкімі күшейді.
1731. Кіші жүздің бір бөлігі мен Орта жүздің біраз руларын билеп отырған Әбілқайыр хан Ресей өкіметімен бодандық негізіндегі әскери және саяси қамқорлық ту-ралы келіссөзге жол ашты.
1733. Әбілмәмбет хан бастаған қазақ әскері ойраттарды ауыр жеңіліс-ке ұшыратты; жиырма жасар Абылай сұлтан атаққа шықты.
1740, қыркүйек-желтоқсан. Ойраттар-дың Сары-Арқаға жорығы.
1741, қаңтар-наурыз. Ойраттардың кезекті жорығы қысқа соғысқа ұласып, одан ары жазға жетті.
1741, көктем, жаз. Абылай хан ойрат шабуылын тойтарды, өрісін ұзар-тып, Жоңғардың ішкі аймақтары-на жортуылдар ұйымдастырды.
1752, қазан. Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысындағы бетбұрыс кезең; Абылай хан Аягөз-Нарын ұрысында ойраттардың негізгі күшін талқандады.
1753. Қабанбай, Жанатай, Мүйізді Өтеген, Ер Жәнібек, Бөгенбай ба-тырлар бастаған қазақ қосында-рының Жоңғарға қарсы түйдек-түйдек, жеңісті жорықтары.
1754, күз. Абылай хан Дүрбін-Ойратты біржола талқандап, екі жүз жыл-дық соғыста түпкілікті жеңіске жетті.
1755, көктем. Абылай ханның жоңғар-ды жуасыту жорығы.
1756-1757, Шүршіт-қазақ соғысы.
1756. Абылай хан Қалмақ-Толағай, Аягөз ұрыстарында шүршіт-цин әскерле-ріне ауыр соққылар беріп, жазғы майданда тактикалық және стра-тегиялық үлкен жеңіске жетті.
1757. Цин патшалығының Қазақ Орда-сына қарсы жаңа жорығы; ауыр шығынға ұшыраған Абылай хан әскердің негізгі күштерін сақтай отырып, кері шегінді.
1757, 15 мамыр. Абылай ханның сенім-ді өкілі Әбілпейіз сұлтан мен мән-жу-цин қолбасысы Фу Дэ арасын-дағы уақытша бітім туралы Айдын-Су мәмлесі.
1757, 7 маусым. Цин патшалығы өкіл-дері мен Абылай хан арасындағы Аягөз бітімі.
1757, қыркүйек, қазан. Абылай хан Бе-жінге елшілік аттандырды. Тәуел-сіз сыйластық туралы келісім.
1760 жылдан соң. Қазақтар бейбіт жол-мен атажұрт Шығыс Түркістанға қайтадан қоныстана бастады.
1765, қазан-қараша. Абылай ханның қырғызға қарсы жеңісті жорығы.
1766-1768. Абылай хан Қоқан хандығы-на қарсы соғыс ашты, Ташкентті бағындырды.
1770. Абылай хан Қырғыз ұлысын талқандап, қазақ-қырғыз шекарасын айқындады.
1771. Абылай хан «Шаңды жорық» соғысында торғауыт қалмақтарды біржола тоздырды.
1771. Абылай хан Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді.
1781, мамырдың басы. Абылай хан дүниеден көшті.
1781 жылдан соң. Батыс және Орталық Қазақстанда Ресей ықпалы күшейе түсті, біртұтас Қазақ Ордасы жеке ұлыстарға бөлшектенді. Ресей патшалығы Орталық және Батыс Қазақстанды біржола отарлау ісін жүзеге асыра бастады.
1801. Бөкей хан Ресей патшалығымен бейбіт келіссөздер жүргізу арқы-лы Еділ мен Жайық арасындағы атажұртты қайтарып алды, бұл өңірде Бөкей Ордасы құрылды.
1801-1822. Оңтүстік Қазақстан Қоқан хандығының теліміне түсті.
1822. Ресей патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билік жойылды деп жарияланды.
1835. Абылай ханның шөбересі, бола-шақ ұлы ғалым Шоқан туды. (1865 ж.өл).
1883-1847. Абылай ханның немересі Кенесары ханның Қазақ Ордасын сақтап қалу жолындағы күресі.
1841. Кенесары үш алаштың ханы ре-тінде ақ киізге көтерілді.
1845. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай туды. (1904 ж. өл).
1847. Кенесары хан шәйіт болды. Қазақ Ордасы құлады. Қазақ тарихындағы жүз қырық төрт жылға созылған отарлық заман басталды.

Қаралым саны 1147

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463