Мұхит ауылының жер-су атаулары

Аружан ҚАРАШҚЫЗЫ,
8-сынып оқушысы,
Саралжын ауылы,
Қаратөбе ауданы,
Батыс Қазақстан облысы

Журналымызда өткен жылы басталған «Өскен өлке тарихы» байқауына келіп жатқан мектеп оқушыларының шығармалары көп. Былтыр ол еңбектердің бәрін жариялап үлгермегендіктен, қазылар алқасының шешімімен байқау мерзімін ұзартқан болатынбыз. Бүгін назарыңызға ұсынып отырған шы-ғарма Аружан Қарашқызының өзі туып өскен ауылдық округ аумағындағы жер-су атауларына арналған екен. «Бұл жұмыс арқылы туған өлкенің кешегісі мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, топономика ғылымына үлес қоспақшы болдым» дейді бізге жазған хатында автор. Аружанның ғылыми жетекшісі – география пәнінің мұғалімі Жанар Мұратқызы.

Топонимдер – халықтың көне тари-хынан мол мәлімет беретін, этностың өткенінен этнографиялық дерек жеткі-зетін үлкен ғылым. ХІХ ғасырда өмір сүрген орыстың белгілі географы Н. И. Надежин «Топономика дегеніміз – жер-дің тілі, ал жер дегеніміз – география-лық атаулар арқылы адамзаттың тари-хы жазылатын кітап» деген екен.
Кең байтақ Қазақстанның батысын-да орналасқан Мұхит ауылының тари-хи тамыры тереңге кетеді. Мұхит ауы-лы – Қаратөбе ауданына қатысты елді мекен. Жер көлемі – 902,2 шаршы ша-қырым. Оған қарасты 14 елді мекені бар. Жер бедері жазықты. Мұхит ауы-лы деп аталуы осы жерде қазақ халқы-ның атақты әншісі, сазгер, «Үш жүзден ән оздырған» Мұхит Мералыұлының дүниеге келуімен байланысты. 1991 жылы 25 қаңтар күні ҚазКСР Министр-лер Кабинетінің қаулысымен бұған дейін Саралжын атанған ауылға Мұхит Мералиев есімі берілді.
«Саралжын» атауының шығуы төңі-регінде бірнеше пікір бар. Біріншісі өсімдік атына байланысты. Саралжын – суы тартылған өзен арналарында өсе-тін жусан тектес шөп. Екінші, саралжын топонимі моңғол тілінде «сиралджин» (қурай) сөзінің негізінде де қалыптасуы мүмкін. Үшінші нұсқа: Сар (сары) сөзі моңғол тілінде «сұр» мағынасын беріп, қазақ тіліндегі құла, сұр түстерімен ма-ғыналас келеді. Ал – алжын сын есімі-нің шырай категориясы көне жұрнағы (қараңыз: - ылтым, - ылжым, - ілдір). Сары сөзінің жер-су атауларының құра-мында келіп, үлкен қызмет атқаратыны белгілі. Сондықтан шөптің түсіне бай-ланысты берілген бұл пікірді де жоққа шығаруға болмайды. Бірақ «саралжын» атауы төңірегінде алғашқы пікірге бой ұратындар үстем.
Саралжын селолық советінің тарихы әріден басталады. 1927 жылғы мәлімет бойынша №21 ауыл Қарақамыс ауыл-дық кеңесіне қараған. Ал колхоздасты-ру кезінде 1938-1957 жылдар аралы-ғында Саралжын селолық советі болған. Оның жерінде «Айна», «Жаңатілек» колхоздары, 1952 жылдан ірілендіріл-ген «Ленин» колхозы болған. 1957 жы-лы колхоздар жойылып, совхоздар құ-рылған кезде Саралжын селолық со-ветін Аққозы ауыл советіне біріктірген. 1961 жылдың аяғында Саралжын сов-хозы құрылған соң ғана, яғни облыстық атқару комитетінің 04.05.1962 күнгі №233 шешімімен Саралжын советі қызметін қайта бастаған. Совхоз, негізі-нен мал шаруашылығымен, соның ішін-де қаракөл елтірісін өңдеумен шұғыл-данған.
1988 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша селолық советіне қарасты Саралжын қаракөл совхозы мен оның 3 фермасында (№1 ферма, Сәуле, Бесотар ауылдары) 360 үй, 2151 адам, олардың жеке шаруашылықтарында 1180 бас ірі қара, 2525 қой, 305 ешкі, 178 бас жыл-қы болған. 1991 жылы 25 қаңтар күні ҚазКСР Министрлер Кабинетінің қаулы-сымен Саралжын қаракөл совхозына Мұхит Мералиев есімі берілген. 1993 жылдан бастап қоғамдағы өзгерістерге сай Мұхит совхозы жұмысын тоқтатып, оның жері, мүлкі негізінде Мұхит атын-дағы жалгерлік кәсіпорынға айналды. 1994 жылы ұжымдық кәсіпорын, 1996 жылы Мұхит атындағы өндірістік коопе-ратив болып құрылғанмен, бір жылға жетпей банкрот болып танылып, об-лыстық соттың шешімімен жойылған. ҚР-ның «Жергілікті өкілетті және атқа-рушы органдары туралы» Заңының 48-бабына сәйкес Саралжын ауылдық әкім-шілігі 1994 жылы 8 қаңтарда құрылып, әкім тағайындалды. Саралжын округі мен оған қарасты Сәуле ауылында 14 елді мекенде орналасқан 1754 адам болса, 384 отбасында 2852 ірі қара, 7301 қой-ешкі, 496 жылқы, 15 түйе, 54 автокөлік, 40 трактор бар. Округте 1 орта, 1 негізгі мектеп, 20 орындық балабақ-ша, 1 мәдениет үйі, 1 клуб, 2 кітапхана, 1 дәрігерлік емхана, 1 фельдшерлік-аку-шерлік пункт, 10 шаруа қожалығы, 7 кә-сіпкер халыққа қызмет етуде.
Ақбақай дейтін көл екен,
Аймағы түгел гүл екен.
Аймалап атамекенін,
Қызғыштар қорып жүр екен.
Саралжын жері дүр екен,
Сары алтындардың бірі екен.
Салттары мүлде ірі екен,
Азаматтары да ірі екен.
Махамбет пенен Мұхиттар
Тірі екен, әлі тірі екен! - деп қазақ-тың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаев жырға қосқан Ақбақай өңірі – әнші Мұхит Мералыұлының кіндік қаны тамған жері.
Ақбақай – көл аты. Бұрын бұл жер, Жақсыбай өзенінің төменгі жайылымға шығар саласы «Төменгі сай» деп атал-ған. Ел арасында ертеде осы көлдің жа-ғасына төрелер көшіп келіп, едәуір дәу-леті бар Мералы ұлды болып, әдемі бір шалғынды көлдің бойында Ақбақай ат-ты жылқысын сойып, той жасаған. Той-ға қатысқан қызылқоғалық Жарылғаған би «Осыдан былай осы көл Ақбақай көлі аталсын» деген екен. Мералы сол жерде қоныс теуіп қалады да, сол ауыл мен көл Ақбақай аталып кеткен.
Түркебай – Мұхит ауылына қарасты елді мекен. Ауылдан 7-8 шақырым жер-де, оңтүстік батыста орналасқан. «Қара-дан шыққан Сейіл хан» атанған Түркебай-дың баласы Сейіл 1868 жылдың 21 қа-занында қабылданған «Далалық облыс-тарды басқару жөнінде уақытша Ереже-ге» байланысты 1869 жылы қазақтар көтерілісі жетекшілерінің бірі болған. Оны Ойылда қазақтар ақ киізге салып хан көтереді. Осы көтеріліске қарабура Божан ақын Қобыланды Есейұлы қаты-сып, өлеңдерімен сарбаздарды рухтан-дырып тұрыпты. Сейіл Түркебайұлы – батыр, қолбасшы. 12 ата Байұлына жа-татын Алаша руының Қарабура атасы-нан шыққан. Патшалық Ресей Үкіметі-нің Қазақ даласын отарлау жөнінде 1868 жылғы «Жаңа әкімшілік ережесін» енгізуге қарсы шығып, Орал, Торғай об-лыстары тұрғындарының көтерілісін ба-ласы екеуі басқарған. Көтеріліс жеңіл-геннен кейін қолға түсіп, екеуі де абақ-тыға қамалған.
Сәуле бөлімшесі – ауыл орталығынан 9 шақырым жерде орналасқан. Кеңес үкіметі «ТОЗ»-ға бірігіп, кейін «Айна», «Жаңатілек» және «Сәуле» колхоздары ұйымдасты. Колхоздарды ірілендіруде «Айна» мен «Жаңатілекті» қосып, Ленин атындағы колхоз жасалды. Сол кезең-нің басты жаңалығы табиғаты сұлу, екі өзен Қалдығайты мен Жақсыбай арасын-дағы кең алқапты болашақ әкімшілік ор-талыққа айналдыру бағытында яғни ау-дан орталығына меңзелген орын – Сәуле ауылы болды. 1923-24 жылдары «Қызыл тас үйдің» тасын бұзып, Сәуле ауылы басында кедей малшылардың балала-рын сауаттандыру мақсатында Қаратөбе өңірінде алғаш «Жақсыбай Коммуна» мектебін салған. 1924-1934 жылдары бастауыш, 1935-1948 жылдары 7 жыл-дық, 80 балалық контингентте оқушы жатақхана, қосалқы шаруашылық ұста-ған. 1932 жылы ең алғаш бастауыш мек-теп «Ақбақайда» ашылып, Қарақамыс басына көшірілді.
Бесотар бөлімшесі ауыл орталығы-нан 18 шақырым жерде орналасқан. Осы жерде бес отар қой бағумен айналыса-тын шаруа қожалықтары болған. Жері құнарсыз, мал шаруашылығына қолай-сыз болғандықтан жойылып кеткен.
Жібек соры, Қалдығайты өңірінің сағасында, Бесотар ауылынан солтүстік-батысқа қарай 18 км орналасқан. Көле-мі – 4,66 км2, ұзындығы 11,1 км. Негізі-нен, жауын-шашын және жерасты суы-мен толығады. Жағалауы жазық, орта тұсында көлді екіге бөліп тұрған түбек орналасқан. Онда құстар ұялайды. Қара-шада қатып, сәуірдің екі жартысында мұзы түседі. Жібек Олжай руының ар-қалы сынықшы қызы екен. Бұл сордың асты тұнған жермайы деп атайды. Қанша қазсаң, қатты жерге жетпейсің, майдай жұмсақ балшық, емдік қасиеті мол. Сынықшы қыздың атымен аталған.
Жер-су атауларының қалыптасуы – өте күрделі құбылыс. Олар – сан мың-даған жылдардың, ондаған ғасырлар-дың жемісі. Сондықтан олар үнемі та-рихи сипатқа ие болады.

Мұхит ауылы топонимдерінің класси-фикациясы
Географиялық нысандарға, жер-суға ат қоюдың өз заңдылығы бар. Геогра-фиялық атау үнемі қоғамның, ортаның ой-санасын, көзқарасын, қасиетін білді-реді. Белгілі бір аймақтың жер-су атау-ларын топтастыру – күрделі мәселенің бірі. Топонимдердің мағыналық түрлерін мынадай топтарға бөлуге болады:
1. Санға байланысты атаулар: Жалғызағаш, Бірғали, Үшкемпір, Бесотар, Егізтөбе.
2. Метафоралы атаулар: Маймақтөбе, Ақбақай;
3. Өсімдік дүниесіне байланысты атаулар: Саралжын, Қарақамыс, Шоңқайлыкөл, Жантақтыой.
4. Жан-жануарлар мен құстарға байланысты атаулар: Балапан, Мәші, Қарақойсойған, Ақбақай, Ақсирақ.
5. Түр-түске байланысты атаулар: Қарасу, Аққұдық, Қарақұдық, Ақсирақ, Ағалық, Сарытөбе, Сарығали.
6. Халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне байланысты топонимдер: Қашарсойған, Қарақойсойған, Қазанкеткен.
7. Топонимдердің түрлі ерекшелік-теріне, белгілеріне, қасиеттеріне бай-ланысты қойылған атаулар: Базарғали, Шошаққабақ.
8. Жаңа сөзінің қатысымен қалыптасқан топонимдер: Жаңабаз, Жаңатілек.
9. Генотопонимдер: («генос» – туыс+«оним» – атау): Теке, Тоқпас көлі.
10. Этнотопонимдер.

Мұхит ауылы жер-су атауларының алфавиттік сөздігі
Ақбақай – көлдің аты. Бұл атау малдың мүшесіне, яғни бақайдағы белгісіне қарап қойылған.
Аққұдық – елді мекен.
Ащықұдық – жер аты. Құдық мал шаруашылығымен айналысып, көшіп-қонып жүрген, көбінесе шөлейт аймақ-тарды қоныстанған, негізінен, табиғи және антропогендік резервацияларға ұшыраған қазақтар үшін күнкөрістің негізгі факторы болып саналады.
Базарғали – елді мекен, адам атына байланысты қойылған антротопоним.
Бесотар – елді мекен, қазір жойы-лып кеткен.
Бүркіт – жер аты. Осы жерде ұзақ жыл қызмет еткен Дауылтаев Бүркіт деген азаматтың атына байланысты қойылған антротопоним.
Бернияз – елді мекен, антротопоним.
Байқуат – елді мекен, руға байланысты қойылған этнотопоним.
Бірғали – елді мекен, адам атына байланысты қойылған антропоним, осы жерде тұрған руы қарабура Есмырза Бірғалидың есімімен байланысты.
Борама – елді мекен.
Дәни – елді мекен. Адам атына байланысты қойылған антротопоним.
Егізтөбе – елді мекен.
Жұмалы ағашы – елді мекен. Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның академигі Қажым Жұмалиевтің туған жері.
Жалпақсай – Қалдығайты өзеніндегі өткел.
Жолқұдық – елді мекен. Шөл дала-дағы құдық.
Жібек – сор аты.
Жантақтыой – елді мекен, өсімдік атауына байланысты қойылған.
Көлденеңсай – елді мекен.
Келдібай – елді мекен.
Қазанкеткен – гидроним.
Қарақамыс – көл атауы.
Қарақұдық – елді мекен. «Терең құдық» деген мағынаны білдіреді.
Қарасу – өзен атауы, жер-асты суларынан бастау ала-тын, қайнарлармен толығып отыратын су.
Қызбике – елді мекен.
Маймақтөбе – елді мекен атауы.
Мәші – елді мекен, зоотопоним. «Мәші» деп есек малының ұрғашысын атайды.
Мұхит – кеңшар орталығы. Қазақ халқының атақты әншісі, сазгер Мұхит Мералыұлының құрметіне берілген антротопоним.
Нияз – елді мекен. Адам атына байланысты қойылған антротопоним.
Орпа – елді мекен, орпа деп құмды, шөлейтті жерден қазылған тайыз құдықты атайды.
Саралжын – елді мекен атауы.
Сарытөбе – елді мекен атауы.
Сарығали – елді мекен атауы.
Сәуле – елді мекен атауы.
Толғанбай – елді мекен атауы.
Таласқұдық – елді мекен атауы. Тұрмыс-тіршіліктің нәтижесінде қалыптасқан.
Тоқпас көлі – көл атауы, осы көл жағасын мекендеген руға байланысты қойылған.
Түркебай – елді мекен атауы. Адам атына байланысты қойылған антротопоним.
Үшкемпір – елді мекен атауы.
Шақабай – өзен атауы, сор.
Шошаққабақ – төбе атауы, ороним.
Шүңкілдек – көл, гидроним дыбыс-қа еліктеуден пайда болған.
Шоңқайлыкөл – елді мекен.

Сан алуан жер атаулары құрамы ұлан-байтақ өлкеміздің ұшан-теңіз табиғат байлығын танытады. Бұндай атаулардың қай-қайсысы болмасын халық өмірімен, оның тарихымен тығыз байланысты. Ауылымыздағы көнекөз қарттарымызбен сұхбаттаса отырып, кейбір жер-су атауларының аталу себептерін нақтылай алдым. Ше-жірелі қарттарымыздың әңгімелері – біз үшін құнды дүниелер. Олар – халықтың тарихи кезеңдеріндегі өткен өмірінің, тіршілік болмысының, ой-санасының куәгері. Сондықтан асыл қарттарымыздың ауыз әңгімелерін жинақтап, географиялық атауларды ұлттық байлығымыз ретінде қорғап, жинап, қастерлеп, кейінгі ұрпаққа жет-кізу – ерекше мәні бар абыройлы іс.
Туған өлке тарихы мен елді мекендердің шығу тарихын зерттеу – келешек үшін міндет. «Өз елінің қара тасын мақтан ете алмаған өзге жердің алтынын да мақтап жарытпақ емес» деп ғалым Қаныш Сәтбаев айтқандай, өз өлкемнің жер-су атауларына кішке-не болса да, өз үлесімді қостым деп ойлаймын.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Қаратөбе ауданы» тарихи-танымдық анықтамалық. «Дастан» баспасы 2008 ж.
2. Ұ.Рысқалиқызы «Батыс Қазақстан облысы жер-су атауларының сөздігі», Орал 2001ж
3. Қазақстанның физикалық географиясы (хрестоматия), Алматы «Атамұра» 2004 ж.
4. «География және табиғат», №3, 2003 ж.
5. «География және табиғат», №2, 2005 ж.
6. «География және табиғат», №3, 2006 ж.

Қаралым саны 3468

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463