Тәжіғали УӘЙІСОВ

Жайсаң ТӨЛЕГЕНҰЛЫ,

Ізіндей халық өткен өткелектің,
Көзіндей көне тарих, көп деректің,
Жаңғыртқан жадымызды мол мұрасы –
Жасай берсін музейі Көктеректің!

Батырболат АЙТБОЛАТҰЛЫ

Отан үшін жанын қиған бабалар жай-лы деректерді анықтап, зерттеп, кейін-гіге таныстыру – маңызды мәселе. Қа-зақтың тұңғыш атты әскер полкінде тәр-биеленіп, қатардағы атты жауынгерден полк командирі дәрежесіне, майор ше-ніне дейін өскен көктеректік азамат Тәжіғали Уәйісовтің көмескі тарта бас-таған ізі, өсу жолы, өзі мен отбасының тағдыры туралы көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.

Қырғын соғыс аяқталған соң тек 20-25 жыл өткенде ғана ел есін жиып, «бар-ды бар, жоқты жоқ» дей бастаған екен. Елін, халқын қорғау үшін майданға ат-танып, елге орала алмаған боздақтар-ды жоқтаушы көбінесе мектеп мұға-лімдері мен оқушылар болған. Жас ұр-паққа патриоттық тәрбие беру мақса-тында жасалатын осындай іздестіру ке-зінде Көктерек ауылының үлкендері әс-кери маман, майор Тәжіғали Уәйісов туралы әңгіме өрбітіпті.
Балалар көнекөз қариялардан Тәжіғали есімді ауыл жігітінің қазақтың тұңғыш атты әскер полкіне өзі сұранып қосылғанын, осы ауылдан шыққан тұң-ғыш әскери маман екенін естіді. Іздеу-шілер сұрастыра келе, анасы мен зайы-бының есімдерін, соғыстан кейін Алма-тыға көшіп кеткенін анықтады. Сөйтіп жүргенде 1975 жылы пионерлердің қолына жазушы Әбу Сәрсенбаевтың «Батырлардың ізімен» атты кітабы тү-седі. Кітаптың 14-бетінде «Батольон ко-мандирінің анасы» атты очеркті ізшілер жарыса оқыған. Кейіпкер тағдырын тереңірек біле түсу үшін балалар Әбу Сәрсенбаевқа хат жазады. Кешікпей келген жауап хатта жазушы Тәжіғали-мен Алматыда 1930-31 жылдары кешкі КомВУЗ-да бірге оқығанын, кейін Тәжіғалидың отбасын іздеп, Ташкент-тен тапқанын, олардың қазіргі тұрағы – Алматыдағы адресін жазыпты.
Арада тағы жылдар өтті. 1982 жылы елге іссапармен келген «Мәдениет жә-не тұрмыс» журналының тілшісі, жал-пақталдық Махамбет аға Машекенов музей аралап, «Тәжіғалидың өмір тари-хын іздеуге көмек беремін» деп уәде етеді. Алматыға барған соң Тәжіғали-дың зайыбы Мариямның оқушыларға жазған хатын, мәліметтермен қоса фо-тосуреттерін беріп жібереді. Бұл хаттан кейін пионерлер апаймен ұзақ жыл бо-йы хабарласып тұрған. Мектепте «Қы-зылізшілер» тобын ұйымдастырып, із-деу жұмыстарына басшылық жасаған сол кездегі мектеп директорының тәр-бие ісі жөніндегі орынбасары, мектеп музейін ұйымдастырып, шағын ғана қоғамдық музейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің бір бөлігіне дейін жеткізген жидашы ұстаз Төлеген Сейткереев болатын. Музей экспози-циясында Тәжіғалидың жары Мариям-ның: «Төлеген, рахмет саған! Алматыға кел» деп жазған хаты – осы әңгімеміз-дің нақты дәлелі.
1977 жылы Алматыдағы «Жалын» бас-пасынан шыққан Керейхан Аманжолов-тың «Ерлік жолымен» атты кітабында, 1983 жылы «Пионер» журналының №7 санында жарық көрген КСРО Журналис-тер одағының мүшесі Жорабек Дүйсен-биннің мақаласында, 1996 жылы «Жұл-дыз» журналының №11 санында жа-рияланған Кәрім Әсеновтың «Тұңғыш қазақ полкі» атты естелігінде, 2011 жы-лы республикалық «Аружан» журналы-ның №11 санындағы Дина Игісатова-ның «Красный кавалерист из Коктере-ка» мақаласында қазақтың атты әскер полкінің құрылу тарихы, шайқастары, оның құрамында Тәжіғалидың болған-дығын растайтын мәліметтер келтіріл-ген. Бұл басылымдардың бәрі біздің жерлес офицеріміздің жауынгерлік бейнесін толықтыра түседі. Іздеу жұ-мыстары осындай-осындай межелерге жетіп, ел-жұрт, оқушы мен ұстаз боз-дақтың төмендегідей өмір жолын шын-дық негізде, шынайы көңілмен қабыл-дады.
Тәжіғали 1901 жылы Көктерек ауы-лында дүниеге келген. Руы қызылқұрт-тың Ерші тармағынан. 1922 жылы ол өзі сұранып атты әскер полкі құрамына кіреді. Әкесі ерте дүние салып, анасы Жамал мен қарындасы Сағира елде қа-лады. Одан арғы өмір жолы атты полк-пен біте қайнасып, тер төккен жаттығу-ларда да, қан төккен қақтығыстарда да бірге тарамдалады. 1928 жылы Көкте-рекке демалысқа келіп, ауылдағы Сапаралықызы Марияға үйленіп, ана-сы мен жарын полк қоныстанған қала-ларға алып кетеді. Көктерек жерінен шыққан тұңғыш әскери мамандық иесі – Тәжіғали атты эскадронның, взводтың көрнекті командирі болып, жеке шебер-лігімен, қарауына сеніп тапсырылған жауынгерлерді әскери дайындыққа баули білуімен көзге түсті. Белсенді де беделді ұйымдастырушы, жетік әскери маман болып қалыптасты.
Тәжіғали полкпен бірге 1929-1931 жылдары Созақтағы, Маңғыстаудағы көтерілісті басуға, 1937-1938 жылдары Хасан көлі мен Халхин-Гол өзені бойын-дағы ұрыстарға қатысып, ерлігі үшін үл-кен марапаттарға ие болады.
Тәжіғалиды көзі көрген қариялар оның өте бауырмал, елін, жерін сүйетін азамат екенін айтып отыратын. 1939 жылғы кезекті демалысында аңсап са-ғынған туған жері – Көктерегіне жанұя-сымен келіп, бірнеше күн ауылды, елін аралап, тума-туысқандарымен жүзде-седі. Өзін аса құрметтейтін бір жеңгесі-не «Мына қара кемпір қалада шөп-шөңге жеп өскен менің балаларымның бір ұртына құрт, бір ұртына май тыға-тын болды ғой» - деп айтқан әзіл-шыны аралас сөзі туыстарының есінде қалып-ты. Алайда бұл қуаныш ұзаққа созыл-ған жоқ. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды. 1942 жылдың наурыз-сәуір айларында 106-атты әскер дивизиясы-ның құрамында өз полкімен Украина жерін қорғауға аттанады. Бірнеше қан-төгіс жорықтар мен шабуылдарға ара-ласып, сол көктемде Харьков қаласы-ның маңында жау қоршауында қалып, үйіне «қара қағаз» келген.
Тәжіғалидан хабар келген соң «өлген-нің артынан өлмек жоқ» деген, Мариям анасы екеуі балалармен ел қиындығын бірге арқалап, әуелі Көктеректе, соғыс-тан кейін Алматыда қоныс теуіп, өсіп-жетілген.
Мариям апайдың хатында көрсетіл-гендей, Тәжіғали бабамыздың ұрпақта-ры баршылық.
Үлкен қызы Надежда 1930 жылы ту-ған, 9 баласы, 8 немересі бар.
Екінші баласы Дамир 1934 жылы ту-ған, 2 қызы бар. Одан кейінгі ұлы Дайыр 1937 жылғы, қызы Дарико 1940 жылы туған. Хатта барлығы 18 немере, 8 шөбере бар екені айтылған.
2013 жылы «ҚР Президентінің ТРК» КЕАҚ-ның бас директоры Ерлан Бекхожиннің жеке бастамасымен осы мекеменің шығармашылық ұжымы 106-қазақ атты әскер дивизиясының ерлігін баяндайтын «О чем молчал терновник...» атты деректі фильмін шы-ғарды. Ерлан Сагиновтың бұл фильмін-де 307-полктің командирі, майор Уәйісов Тәжіғалидың қызы Дарико сұх-бат берген. Осы фильмнің бір данасы бүгінде Көктерек музей экспозициясы-нан орын алды.
Музей қызметкерлері кейіннен Мариямға арнайы барып кездесіп, ба-тырдың ұрпақтарымен танысып, дерек-тер мен жәдігерлер алған.
Бұл күнде Тәжіғалидың анасы, жары Мариям, ұлдары Дайыр, Дамирлер о дү-ниелік болды. Қалған ұрпағы Алматы мен Павлодар қалаларында тұрады. 2011 жылы 11-14 қазан күндері Алматы қаласынан Тәжіғалидың туған жиен қыз-дары Рая мен Рима Әбілқалықовалар мен республикалық «Аружан» журна-лының бас редакторы Дина Игісатова Көктерекке келіп, музейді тамашалады. Нағашы аталары Тәжіғали Уәйісовтің есімі музейде көрініс тапқанына риза-шылдық білдірді. Ауыл адамдарымен кездесіп, ата рухына бағыштап Құран оқытты. Ұлы Отан соғысы кезінде із-түз-сіз кеткен боздақтар, олардың еленбей қалған ерліктерін іздеуші Дина Игісатова-мен бұл күнде хабарласып, Тәжіғали жөнінде тың деректер мен фотосурет-тер, Тәжіғалидың әскери дәрежесін нақ-тылайтын, өз қолы қойылған, 1942 жы-лы 2 наурызда жазылған құжаттар му-зей қорына алынды.
1942 жылдың 31 мамырдағы Совин-формбюроның хабарында Харковь тү-біндегі қанды шайқаста кеңес әскері-нен 5 мың адам қаза тауып, 70 мың адам із-түссіз жоғалғаны, 300 танк, 832 орудия, 124 самолеттен айырылғаны хабарланған.
Бұл Тәжіғали құрамында болған 106 атты әскер дивизиясы осы жерде шай-қасқан уақытымен дәл келеді. Осы кез-ге дейінгі қолымызға тиген құжаттар мен тарихи деректер бойынша Тәжіғалиды із-түзсіз жоғалып кеткен деп келсек, соңғы іздеу жұмыстарында Ресей іздеу-шілерінің көмегімен және Ресей Қорға-ныс Министрлігінің мұрағатынан алын-ған құжаттарға сүйене отырып, Харковь облысының Змеевский ауданының Тарановка деревнясында 1942 жылы 27 мамырда қаза тапқанын анықтадық.
Тарих беті айқара ашылып, жергілік-ті тарихи-өлкетану музейінде батырға үлкен экспозиция қойылып, өмір жолы бүгінгі ұрпаққа ұлағат болып ұсыныл-ған. Алыс-жақын жерден келген қонақ-тар мен аудан мектептерінен музейге экскурсияға келген оқушылар, ауыл тұрғындары экспозицияны тамашалап, таныстырушының әңгімесін қызыға тыңдайды.
2001 жылы Көктерек ауылдық ке-ңесінен аттанып, қанды соғыстан орала алмаған 180 жерлесімізге музей аула-сында ескерткіш орнатылып, боздақ-тардың есімдері мәрмәр тақтаға ойы-лып жасалғанда Тәжіғали Уәйісовтің де аты-жөні қашалып, тізімге енгізілді. Ес-керткіш алдында салтанатты жиындар, кездесулер, еске алулар оздырылып, аруаққа Құран бағышталып тұрады. Боздақты бүгінгі ұрпағы мен туған жер-дегі туыстары осылайша есте ұстап, ру-хына тағзым етуде.
Тәжіғалидың аты тек бір музей мен бір мектептің көлемінде қалып қой-май, аудан мен облыс жұртшылығына таныстыруды, ерлік істері жастарға үлгі болғанын қаладық. Майдангер ағаның өмір жолының белгісіз беттерін аша түсу ісі әлі де жалғасуда.
Бабаларымыздың рухы мәңгі өшпесін!

Қаралым саны 1281

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463