Орындалмайтын армен...

Артур МАҒЗОМОВ
Астана қаласы

Арман бала күнгі алға қойған мақсат-тарына қол жеткізіп келеді. Мектепті жақсы бітірді. Мемлекеттік грантқа тү-сіп, Астанаға келіп Еуразия ұлттық уни-верситетін де ойдағыдай тәмамдады. Оқуын бітірген соң жұмыс та бірден та-была қойды. Өйткені ол студент бола жү-ріп, соңғы курстарда қосымша істеген еді, соның пайдасы тиді. Азды-көпті тә-жірибесімен еш қиындықсыз, кедергі-сіз республикалық бір газетке тілші бо-лып қабылданды.

Арада екі-үш жыл уақыт өтті. Арман өзінің көңілі жарасқан аруды тауып, отау көтерді. Қазір екі ұлы бар. Бүлдіршінде-рінің тәтті қылықтары, былдырлаған ті-лі оны жұмыстан үйге асықтырып тұра-ды. Кеш батқанша екі баласының ойы-нын, бал тілін қызықтап, өзінің де қа-лай шаршағанын байқамайтын. Көп ке-шікпей пәтер де аламын деп жоспар қой-ған Арман өмірде армандардың бәрі де орындалады деп ойлайтын-ды.
Әдеттегідей жұмыстан келіп, тама-ғын ішер-ішпестен жатақхананың дәлі-зіне шығып, балаларымен доп ойнап жүрген-ді. Бір кезде кіші ұлы жүгіріп ке-ле жатып сүрініп құлады. Денесі қатты ауырып кетті ме, жылай бастаған інісін үлкен ұлы келіп, орнынан тұрғызып, құ-шақтап жұбата бастады. Екі ұлының бі-рін-бірі құшақтап тұрғанын көріп, Арман-ның есіне інісі Дархан түсіп кетті. Бала-сын жұбатудың орнына, қасына келіп үнсіз тұрып қалды. Бала кезінде жиі ма-залайтын сұрақтары қайтадан ойына орала берді. Інісі Дарханның да бүгінде екі кішкентайы бар, өз алдында бір ша-ңырақ. Арман да, Дархан да бір қалада тұрады. Бірақ олар Арманның екі бала-сы секілді бірге ойнап, бірін-бірі құшақ-тап, жұбатқан емес. Қазір де ағайынды жігіттердей емен-жарқын араласып, бір-бірінің үйіне де көп бара қоймайды.
Әкесі мен анасына еркелеп, бір от-басында да тәрбиеленген жоқ. Тіпті Дархан екеуі бозбала шағында бір-бірі-не ауыр сөз айтып, ренжіскен кезде бір-ге туған бауыр екендігін де ұмытып кететін.
Қазір екеуі де бір мекемеде жұмыс істейді. Әрістестері де «Екеуіңіз ағалы-іні-лі сияқты емессіздер, түрлерің ғана бір-біріңе ұқсайды, мінездерің, табиғатта-рың мүлдем бөлек» деп, олардың жан-жарасына тұз сепкендей қылады. Арман да, Дархан да бірін-бірі көрген кезде көз-дерінде «Сен менің бауырымсың ғой» деген ой тұрады. Кейінгі кезде кейбір әріптестері олардың арасындағы сал-қын қарым-қатынасты түсінді ме, бай-қады ма, әлде «бір-біріне бауырмал емес» деп ойлады ма, жұмыстағы ұсақ-түйек тірліктерге бола Арманды Дархан-ға, Дарханды Арманға айтып жамандай-тынды шығарды. Біреуі келіп: «Дархан – қызық адам, жоба басталар алдында ақ-шаларың жақсы төленеді деген. Бүгін айлыққа тиын-тебен қосыпты. Тиын-те-бен үшін бір ай бойы қосымша жұмыс деп текке уақытымды жоғалттым. Не болмаса, Дархан ақшаны өзі жеп қалып отыр, өтірік неге алдайды бізді» деп Арманға келіп әңгіме айтса, енді бір пы-сықтар Дарханға барып: «Анау Арман деген жігіттің жұмысы өте баяу, өзі үл-гере алмайтын болса, неге бұл бағдар-ламаны мен дайындаймын деп алады, айлық алатын кезде жетіп келеді» деп ашық айта беретін болды. Мұндай әңгі-мелерге бола іштей қынжылғанымен, Арман үндемей, жымиып қана күліп жү-ре береді. Дарханның өзі туралы не ой-лайтыны оған жұмбақ. Мінездерінің, та-биғаттарының арасындағы алшақтық-ты олар өздері де байқайды. Өйткені бо-лашаққа деген көзқарас, өмірлік ұста-ным, мақсат-мүдделері де мүлде бөлек. Арман «Дархан екеуміз бірге өспеген соң осындай салқынбыз ба әлде бар-лық бауырлар өскенде осылай бір-бірі-нен алыстап кетеді ме екен?» деп өзі-өзі-не сан сауал қойып, жауап іздейді. Мүм-кін бізге ұқсас тағдырлар көп шығар, олар да мен секілді өмірдің түрлі сұра-ғына жауап таппай жүр ме екен деген оймен ақыры қолына қалам алып, осы әңгімені жазуға кірісті.
1980 жылы отау тіккен Орынбасар мен Гүлзияның шаңырағында үш жыл-дан кейін тұңғыш ұлы дүниеге келді. Са-ғындырып, аңсатып туған балаға жас ата-ана Арман деп ат қойды. Ұзақ күткен-нен соң ба, Гүлзия тұңғыш ұлын ерекше өбектейтін. Ешкімге сенбей, баланы өзі бағып-күтіп, «жұрттың назары ауады» деп ұлын көп ешкімге де көрсете қой-майтын-ды. «Арманым, Арманым» деп жүргенде Гүлзия екінші балаға жүкті бо-лып қалғанын байқамады. Ол кезде Орынбасар көрші ауылда мал дәрігері болып жұмыс істейтін. Үйіне тек дема-лыс күндері ғана келеді. Ал Гүлзия қа-йын енесімен және күйеуінің бауырла-рымен бірге тұратын. Тоғыз ай өтіп, ай-кү-ні жақындағанда Гүлзия жанындай жақ-сы көретін тұла бойы тұңғышы Арманды әжесіне аманаттап, ауруханаға кетті...
Көп ұзамай «ұл тапты» деген жақсы хабар да келді. Бұл 1985 жылдың күзі еді. Бірақ Гүлзия босанғаннан кейін, ауру-хана бөлмесінде баламен жалғыз қал-ған ба, жан-дүниесі күйзеліске ұшырап, біраз ауырған секілді. Ауруханадан дәрі-гердің кеңесіне құлақ аспастан, белгі-ленген уақыттан ерте «үйге шығамын» деп сұраныпты. Үлкен әулетке тағы бір ұл қосылып, Гүлзия келген күні қайын енесі дастарқан жайып, көрші-көлемді шақырып, кішігірім той өткізді...
Бірақ Гүлзияның көңіл-күйі жоқ, өзі-мен-өзі бір оймен арпалысып жүр. Мұны үйдегі жан баласы байқамады. Анасын сағынып, алдынан жүгіріп шыққан екі жасқа толар-толмас Арманға да бұрын-ғыдай өбектеген жоқ. Кішкене ғана иіс-кеді де, “әжеңе бара ғой” деп, өз бөлме-сіне өтіп кетті. Орынбасар болса, қаннен қаперсіз көрші ауылда жұмысында. Ап-таның соңына таман үйге келіп, «әйе-лім мен жаңа туған сәбиімді көремін» деп сенбіні асыға күтіп жүр...
«Гүлзияның аман-есен босанғаны» деп қуанышқа жиналған көрші-көлем, ағайын-туыс түн бата тарқады. Тек Гүлзияның қайын жұртына туыс болып келетін Жәмилә апай ғана қонып қалды. Ол кісі бұл үйге анда-санда осылай ке-ліп, қонақ болып, Гүлзияның қайын ене-сімен қона жатып әңгіме айтып кететін-ді. Бұл күні де дәл солай осы үйде қал-ды. Гүлзия жаңа туған сәбиімен өз бөл-месіне жатты. Үлкен ұлы Арман әжесі-нің жанына ұйықтады.
Түн ортасы ауған шақ. Сәбидің шыр-қыраған үні шықты. Үйі іші тас қараңғы. Баланың жылағанын естіген Жәмилә апай таяғына сүйеніп, қабырғаны жаға-лап, жарықты қосты. Гүлзияның бөлме-сіне барса, сәби шырқырап жатыр, ал Гүлзия орнында жоқ. «Мүмкін, әжетха-наға шығып кеткен болар» деген оймен Жәмилә апай ешкімді оятпастан, Гүлзия-ны іздеп сыртқа шықты. Күздің қою бұл-ты аспанды торып, далада сол түні тас қараңғы еді.
«Гүлзия, Гүлзия, Гүлзия» деп әжет-хана жаққа қарай бара түсіп еді, қақпа-ның сыртынан Гүлзия: «Апа, не болды, мен келе жатырмын» деп аулаға кірді. «Түн ортасында қора жақта не істеп жүр-сің, сыртқа шығарда бізді неге оятпай-сың?» деп Жәмилә апай да оған ұрсып жатыр. Сөйтіп, екеуі ішке енді. Гүлзия нәрестесін емізіп, үй іші тынышталған-дай болды. Жәмила апайдың ойында ештеңе жоқ, төсегіне келіп қайта жат-ты. Таңғы сағат төрттің шамасында жы-лаған баланың дауысы тағы шықты. Үй іші әлі қараңғылау екен. Ұйқысынан шо-шып оянған Жәмилә апай жарықты қай жерден қосатынын білмей, қабырғаны сипалап біраз жүрді. Жәмилә апайдың жүріс-тұрысын естіп, Гүлзияның қайын енесі де оянып кетті.
«Не болып жатыр, Жәмилә апай, не іздеп жүрсің?» деп ол кісі де орнынан ұшып тұра келді. Жәмилә апай: «Әй, ба-ла жылап жатыр, Гүлзия неге жұбатпай-ды, әлде тағы да сыртқа шығып кетті ме екен?» деді. Ештеңені түсініп үлгермеген Гүлзияның қайын енесі жарықты жағып, бірден Гүлзияның бөлмесіне ұмтылды. Барып қараса, шынымен, Гүлзия орнын-да жоқ. Басына тартқан орамалы мен беліне байлаған шәлісі төсегінде қалып-ты. Сәби болса қарны ашып, шырқырап жатыр. Қайын енесі бірден баланы көте-ріп, жұбатуға кірісті. Ал Жәмилә апай болса, таяғына сүйеніп, Гүлзияны іздеп далаға кетті. Таңға жақын, күздің желі күшейіп, бұлт одан сайын қоюлана түс-кен екен. Үйден ұзауға жүрексінген Жәмилә апай есік алдына шығып, тағы да «Гүлзия» деп айқайлады. Үстіндегі киімі де жұқа еді. «Тоңып қаламын ба» деп қақпаның алдына дейін Гүлзияны іздеп, айқайлап барды. «Гүлзия, Гүлзия, Гүлзия». Бірақ ешкім көрінбеді. Бір жа-мандықты іші сезген Жәмилә апайдың ойы сан-саққа жүгіріп, үйден алыстау салынған қораның жанындағы әжетха-наға дейін іздеп барды. Үйді айналып шықты, «Гүлзия қайда кетуі мүмкін?».
Үйдегілердің бәрі оянды. Таң атар-атпастан абыр-сабыр. Жаңа туған сәби де ешкімге көнер емес. Қолды-аяққа тұрмай жылап жатыр. Жәмилә апай мен Гүлзияның қайын енесі аула-қораны, үй-дің маңын түгел шолып шықты. Гүлзия-ның қайын інілері мен қайын сіңлілері де не ойларын білмей, бірі сыртқа, бірі ішке жүгіріп, көршілерді оятуда. Жәмилә апай мен қайын енесі жүгіріп, ауылдың арғы басында тұратын күйеу баласы Ибрашты ұйқысынан оятып, ауыл сыр-тындағы зиратқа жіберді. Қайын жұр-тын жақтыра қоймайтын Ибраш та бұл жолы қайын енесінің сөзін екі етпей, асығыс киініп, мола жаққа қарай іздеп кетті. Көршілер де келіп, үйдің айнала-сын түгел шолып шықты. Бұл уақытта күн шығып, ел ұйқысынан оянар уақыт еді. Айнала көрші, Гүлзияның туыстары да жайсыз хабарды естіп, осы үйдің ма-ңына жиылды.
Жұмбақ... Гүлзия еш жерде жоқ. Бұ-рын-соңды ауылда мұндай оқиға бо-лып көрген емес. Ауыл тұрғындары да қалай болжарын білмей дал. Бір кезде Гүлзияның жездесі ауланың ішіндегі құдықты тағы көрейінші деп, қақпағын ашып қалып еді, бір киімнің шеті көрін-гендей болды. Жәмилә апай да Гүлзия-ның жездесінің әлденені көргенін бай-қап, қасына жетіп барды. «Бағана таң қараңғысымен дұрыс көрінбеді, енді жарық түсті, осы құдықты дұрыстап қа-райықшы» деді. Екеуі терең құдыққа үңіліп, ұзақ қарап отырды.
Бұл кезде жаңа туған сәбиді Гүлзия-ның жас босанып отырған құрбысы Арайлым келіп, емізіп жұбатуда. Көрші ауылдағы Орынбасарға да Гүлзияның үйден шығып кеткені жайлы хабар жі-берілді. Орынбасар бірден совхоз орта-лығына жиналған көліктің портына мі-ніп, ауылға шықты... Көлікке жол бойын-дағы Жиекқұм ауылынан жолаушылар мінді. Ішінде Роза деген бойжеткен де болды... Орынбасар әр нәрсені бір ой-лап келеді. «Үйден шығып қайда кетуі мүмкін?!. Балалардың жағдайы қалай? Анасынан екі елі қалмайтын Арманым не істеп жатыр екен?!» Жол бойы ешкім-мен сөйлеспеген Орынбасар далаға қа-рап, өз ойымен арпалысып келеді. Соң-ғы рет әйелін бір апта бұрын демалыс-қа келгенде көріп еді. Ай-күні жетіп, жү-ріс-тұрысы ауырлап жүргені болмаса, көңіл күйі жаман емес еді...
...Шынымен де, құдықтан бір киім көрінеді. Біресе шығады, біресе батып кетеді. Осы уақытта Жәмила апай мен Гүлзияның жездесінің жанына тағы бі-раз адам жиналып қалған еді. Бәрі де «Осы Гүлзияның киімі шығар, басқа қай-да кетеді» деп топшылады. Енді кім құ-дықтың ішінде түсіп қарай алады? Бір жағынан күдік, бір жағынан қорқыныш. Күздің қара суығында кім құдыққа түс-кісі келеді дейсің. Жас жігіттер адам де-несін көтеріп алып шығуға жүрексініп тұр. Оның үстіне бұл ауылдың маңында өзен-көл де жоқ. Сондықтан ауыл адам-дары да жүзуге, суға түсуге көп батыл емес. Осы сәтте екі-үш үйден кейін тұ-ратын Бақтығали есімді тракторист көр-ші ағай «мен түсіп қарайын» деді. Арқан-ды беліне байлап, оны сыртынан ер аза-маттар тартып тұрып, құдықтың ішіне түсіп кетті. Көп ұзаған жоқ. «Осында екен, қалай алып шығамыз?» деген да-уысы естілді Бақтығалидың. Ауыл адам-дары жабылып жүріп, Гүлзияның дене-сін құдықтан алып шықты...
Дүниенің бәрі азан-қазан болып кет-ті. «Табылып қалар, мүмкін бір нәрсеге ренжіп, бір үйге кетіп қалды ма?!» деп жақсылыққа жорып тұрғандар, сәбидің шырқыраған дауысын естіген сайын «Гүлзия қайда кетті екен» дегендердің бәрі жансыз денені көргенде төбелері-нен жай түскендей болды. Дәрігер ша-қырылып, ауыл абыр-сабыр.
Гүлзияның денесін ішке кіргізіп жа-тыр еді, көрші ауылдан шыққан көлік те үйдің жанына келіп тоқтай қалды. Орынбасар аулаға кіре бергенде Гүлзия-ның денесін үйге алып бара жатты. Дә-рігердің айтуынша, Гүлзияның дерті бо-санғаннан кейін әйелдерде болатын жан, тән күйзелісінің сырқаты екен. Мұны ха-лық арасында «Ел ауруы» деп те атай-ды. Адам өзінің не істеп, не қойғанын білмей қалады екен. Мұндайда жаңа босанған келіншекті жалғыз қалдырмай, жанында көмектесетін адам болғаны дұрыс.
Гүлзияны жер қойнына тапсырып, ағайын-туыс «Кішкентайларды қалай тәрбиелейміз, кім бағады?» деген мәсе-ле төңірегінде жиналып, кеңес құрды. Орынбасардың бауырлары да жас, Гүлзияның туыстарынан да сәбиді ала-тын ыңғайлы ешкім болмады. Ақылда-са келе, 2 жасар Арман Орынбасардың анасының бауырында қалып, 4 күндік сәбиді Орынбасардың ағасы Зейнолла асырап алатын болып шешілді.
Зейнолла қалада тұратын еді. Әйелі де орысша оқып, орысша тәрбиелен-ген, қазақы дәстүрден алыстау жан еді. Олар баланы өз атағына ауыстырып, Дархан деп есімін де қойды. Арман ауылда әжесінде, Дархан қала маңын-да өсіп жатты. Зейнолланың жанұясы Дарханды туған баласындай болмаса да, әйтеуір, өз әлдерінше бағып-қағып өсірді. Анасынан 4 күндік болып қалған Дархан басқа ананың жылуында өсіп жатқанын қайдан түсінсін. Сәби, еште-ңемен алаңы жоқ...
Арман – әжесінің еркесі. Әкесінің ба-уырлары да Арманның не дегенін орын-дайды. Мұның ойында ештеңе жоқ. Анасы қайтыс болғанда 2 жасар болып қалған ол да әжесінің арқасында еште-ңені де сезбей өсіп келеді. Арада екі жылдай уақыт өткенде Орынбасар тағы да үйленді. 1985 жылдың күзінде Орынбасар Гүлзия жайлы жайсыз хабар алып, ауылға келе жатқанда жолдан мін-ген Роза есімді бойжеткен енді оның екінші жұбайы болды. Аралары 11 жас болса да, ауыл үлкендері осылай қосты...
Күндердің бір күні Арманды бала-бақшадан алып келе жатқан Орынбасар-дың қарындасы: «Бүгін қаладан сенің Дархан деген інің келеді, қазір ойнай-сыңдар, оны қалай қабылдайсың» дей-ді. 4-5 жас шамасындағы Арман, бала болса да, өзімен-өзі ойланып қалды. Бұ-рын-соңды «сенің қалада бауырың бар» дегенді естіп көрген жоқ ол. Әкесінің екінші әйелінен туған қарындасын ғана біледі. Ол да кішкентай, әлі Арманмен ойнауға жараған жоқ.
...Үйге кіріп келгенде Арман өзіне ұқсайтын бір ұл баланы көріп, қайтадан шығып кетті. Дархан болса, орысша ор-тада өскен, тілі де орысша, еш алаңсыз секіріп, жер үстелдің жанында ойнап жүр. Екі түрлі отбасында, екі түрлі орта-да өскен Арман мен Дархан аз уақыт бірге болғанымен, бір-біріне бауыр ба-са алмады. Туған немере болса да, Арманды әжесі де бөлек жақсы көреді.
Дарханды қайтадан қаладағы әкесі мен анасы алып кетті. Мектепті де орыс-ша оқыды. Ал Арман ауылда, әкесінің екінші әйелі Розадан туған қарындасы мен інісін «менің бауырларым» деп, со-ларды өзіне жақын тұтады. Әжесі мен көрші-көлемнің әңгімесінен өз анасы-ның қайтыс болғанын естігенімен, бала-лықпен әрі әжесінің махаббатымен аса көңіл бөле қоймайтын. Зират басына барғанда да жүрегі селт етпейді оның. Өйткені көз алдында анасының бір бейнесі, құлағында дауысы да қалған жоқ. Қалай күлгенін де, ұрысқанын да, айналғанын да білмейді анасының. Тек аты-жөнін, үйдегі альбомдардан суре-тін ғана көріп жүр.
Есейе келе, анасының алдында отыр-ған өзінің суреттерін көріп, ойға шомы-латын. «Бұл адамды қалайша мен таны-маймын, білмеймін?» деп қалың ойға бататын кездері болды. Әжесін қатты жақсы көргенімен, ана туралы ән тыңда-ғысы келмейтін болды. Қасына жатып, анасы екеуінің ортасында еркелеп өс-пеген соң әкесіне де көп жақындай ал-майтын. Оның үстіне әжесі де Арманды әкесінен қызғанатын.
Уақыт зымырап өте шықты. Арман да, Дархан да ер жетті. Арман мектепті ойдағыдай бітіріп, Астанаға оқуға келді. Дархан болса, бір оқуды сырттай оқып, қосымша жұмыс істеп жүрді. Арман ауылды сағынып, хат жазғанда үйдегі малға дейін түгендеп, итке дейін сұрай-ды. Бірақ Дарханды іздеген емес. Дархан болса, Астанаға Арманның жанына бар-сам, «Мүмкін екеуміз бауыр басып ке-терміз. Арман бұрынғыдай емес, әжесі қайтыс болды, өзгерген болар. Мен де оған керек болып жүрген шығармын» деген оймен Астанаға жол тартты. Вок-залда кездескен екі бауыр бір-бірін құ-шақ айқастыра амандасқанымен, бір нәрсе жібермейді де тұрады. Екеуі де солай, бір-біріне еркін емес.
Арман жатақханасына алып келген соң Дархан екі-үш күнде жұмыс тауып, өз алдында пәтер жалдап, бөлек шық-ты. Бірақ Астананың суықтығынан ба әлде жұмысы іске аспады ма, Дархан күндердің күні әріптес жігіттермен бір-ге Алматыға бір-ақ асты. Сол жақта жұ-мыс істеді, кейін телеарнаға жұмысқа кіріп, үйленіп, жұмыс бабымен Астана-ға қайта көшіп келді. Бұл кезде Арман да ел қатарлы еңбек етіп, үйленіп, бала-лы-шағалы болды.
Сырттай бір-біріне білдірмесе де, іштей бауыр басып, жақын тартып тұра-ды олар. Сөзбен айтып жеткізе алмаса да, істерімен танытады. Күндердің күні Дархан Арманды өзі еңбек ететін теле-арнаға жұмысқа шақырды. Арман да бұл ұсынысты құп алып, бірден келісе кетті. Қазір екеуі бір қалада, бір ұжымда. Күн-де көреді. Осы күнге жеткендеріне де іштей қуанып, шүкіршілік етеді. Ағайын-туыс, ауылдастар да бұлардың адам бол-ғанына қуанады.
Бірақ, бірақ... бір-біріне сыр ашып, мұң шаға алмайды. Бір анадан, бір әке-ден туған бауырлардың тегі бір болға-нымен, әкесінің аты екі басқа. Төлқұжат-тарында да ата-анасының аты-жөні екі бөлек. Біреуі Орынбасардың, біреуі Зейнолланың баласы. Бір-біріне туыстар жайлы сөз еткенде «Сенің папаң, менің папам» деп түсіндіреді. Екеуі де анала-рының қазасының қалай болғанын ер жеткен соң естіді. Сол үшін де үйлен-геннен кейін әйелдерін босануы кезін-де өбектеп, «Анамыз секілді қараусыз қалып, жазатайым оқиға болып жүрме-сінші» деп олардың тілеуін тілейді. Еке-уі де балаларының бауырмал болып, бірге өскенін қалайды.
...Арманның жатақхана дәлізінде екі ұлының бірін-бірі құшақтап тұрға-нын көрген сәтте ойына оралғаны осы. «Біз Дархан екеуміз бірге өскенде ғой, ұлдарым секілді бір-бірімізді құшақтап, бауырымызға басып, тату болар ма едік. Мен де, Дархан да туған ата-анамыздың ортасында өскен жоқпыз. Мен үшін әке де, шеше де әжем болса, ол тіпті басқа үйде өсті. Анамызды мүлдем білмейміз, танымаймыз. Қазір ортамызға кіріп кел-се де, оның жүріс-тұрысын, дауысын, бізді қалай еркелетінін де білмейміз. Мен де, Дархан да бала болып бірге ой-наған жоқпыз, ойнамаймыз да... Өйткені уақыт қайтіп оралмайды. Бұл өмірде осындай орындалмайтын армандар бо-лады екен. Мүмкін, арғы дүниеде ана-мызбен қауышамыз ба, қауышпаймыз ба, кім білген... Тоғыз ай, он күн көтеріп, бізді дені сау етіп өмірге әкелген анамыз-дың алдындағы перзенттік борышымыз-ды қалай өтейміз сонда?.. Қандай амал жасасам екен?!. Дұға тілегеннен басқа қолымнан ештеңе келмейді. Анамыз болмаған соң туған ініме жат болып өс-тім. Менің де, Дарханның да балалары тату, бауырмал болып өссінші енді.
Осы кезде Арманның әйелі есікті ашып, «Біраз ойнады ғой балалар, ішке кіргіз, салқын тиеді» деп оның қалың ойын бұзып жіберді...

Қаралым саны 1299

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463