Аттандым Орынборға бармақ үшін,Аттандым Орынборға бармақ үшін, Шәй-секер, асыл тауар алмақ үшін.Бар еді Орынборда бір тамыр сарт,Дидарын сол тамырдың көрмек үшін.Қалдырған бізге бір ат аманатын,Қолымнан сол аманатын бермек үшін.Құдайым бізге берді ауыр дертін,Ақыры не болады көрмек үшін.
Анамжан, құлағың сал біздің сөзге, Өткен жоқ бұл дүниеде біздей пенде.Болған соң Хақ тағдыры амал бар ма,Біздерге қонақ қонды құла түзде.Сыйынып бір Алладан тілек тілеп,Қайырлы жолықтыр деп бір меңзелге.Құдайым көзім жасын қабыл етіпҚұладым Қос Жайықта бір жақсы үйге. Науқасым күннен-күнге қатайған соң,Жалғызың шыбын жаннан күдер үзді.Мақшарда иман бергей бір Құдайым,Бір қаза 21-де келді бізге.Келгенін шын қазаның білгеннен соңЖібердім жолдасымнан хабарды үйге.
Тіледім не тілекті Құдайымнан,Қамығып, жалғыз жатып жыладым мән.Еншалла, бұл тілегім қабыл болып,Үш кісі дидарласты туғанымнан.
Біреуі үш кісінің анамыз ба-ай?!Келдің бе ғаріп анам, балаңызға-ай?!Сұрасаң балаңыздың хал-ахуалын,Жатырмыз мылтық тиген бала қаздай.Жүруге елге қарай дәрменім жоқ,Жан шықса, жалғыз көрде қаламыз ба-ай?!Тілегің, анам, сенің қабыл болыпЖазылып, біздер елді көреміз бе-ай?Мен қалсам Қос Жайықта қазам жетіп,Кешіргей хақыңызды, анам, бізге-ай!
Келдің бе сау-саламат жалғыз анам,Жалғызым жазылар деп есен-аман.Әжеке, белің бекіт, көңілің суыт,Хәлі бар жалғызыңның нашарланған.Барамын мен арманда халық көрмей,Келмейді көңілім сұрап ешбір адам.Өлдім деп жас күнімде өкінбеймін,Өлім хақ туғаннан соң ата-анадан.Алайда көңіліме болды-ау түйін,Керуеннен қалғаннан соң бозбаладан.Бөлініп бозбаладан қалғаннан соңЖібердім тамыр сартқа хатпен сәлем.Хәліміз осы күнде нашарланды,Әжеке, елге жеткіз келсе шамаң.Дидарын, атам, сенің бір көрсетсең,Я, Алла, әміріңе ризамын.
Дүние, енді білдім жалғаныңды-ай,Сөйлейін бір азырақ жан барында-ай.Тынысым, үнім бітіп тарылған соңҚыдырдым олай-бұлай сандалып-ай.Жақсы екен халық ішінде қазаланған,Ешкім жоқ басым сүйер жандарымда-ай.Жасаған жалғыз қылып Жаббар Алла,Көрсетпей ел-халқымды алғаныңды-ай.Алсаң да, әміріңе амалым жоқ,Өлімнің ілінген соң қармағына-ай.
Біреуі үш кісінің – молда Қосым,Сабақтас жаран болған шариф досым.Қосеке, қалім зағиф, ғақылым нашар,Мүбарак сапарыңыз құтты болсын.Зар жылап бір сағатта серт толтырдымБір адам туғанымнан болмаған соң.Сәлемін Тілеужанның білген жанға,Бізді еске алған құрбылар бақұл болсын.Бұл қаза бізге жақсы, сізге қалай,Жұмақтан бізге орын дақыл болсын.
Мен көрдім раушан жүзің,Қосым молда-ай,Тілей гөр бір тілекті осы жолда-ай.“Жалғыздың жары – Құдай” деген қайда,Я, Алла, жалғызыңды өзің оңда.Мақсатым тілегенде менің иман,Я, Алла, қияматта махром қатла.Алайда көңіліме болды түйінБұл қаза өз халқымда болмаған соңАтамның көрсет Алла хақ дидарын,Тапсырдым бір Алланың хақы үшін.Қосеке, сізге аманат мал мен жаным,Мал-жанға бізден қалған қол сұқпасын,Атамның дұшпаны көп жүрген залым.Атам мен Ұрқияның жүзін көрсем,Азайды осы күнде менің хәлім.
Біреуі үш кісінің Есекен-ай,Есекен керуен басы осы екен-ай.Ат бағып, жүріп-тұрып бір келмейді,Әркімнің жаны тәтті осы екен-ай.Аралдан бір туды деп кім айтады,Болған соң өзі қожа, амал нешік,Әркімнің жаны басқа, тәні басқаНе қылсын маған келіп араласып.Бірқатар нашарланды дегеннен соңАртына қарамайды жаман сасып.Шабуылдап үш күн ұдай елге жетіп,Жүріпті жазылды деп хабар шашып.
Әуелі сәлем жазам атамызға-ай,Секілді Нұр Зағипа сыпамызға.Атамның қызметінде көп болмадым,Атажан, кешіре гөр хатамызды-ай.
Жазулы ақ қағазда хатым бар-ды-ай,Ішінде қоса жазған атым бар-ды-ай.Ақ сандық әдіре қалғыр сізге аманатІшінде кітап Құран асыл бар-ды-ай.Атажан, мен риза болсын десең,Молда ұстап, оқыта гөр ясиндарды-ай.Бұрынғы ата-ананың ғадеті депЖиылған жылатпаңыз қатындарды-ай.
Екінші сәлем жазам Ұрқияға,Мен қалдым қазам жетіп бір қияда.Ананың ақ сүтінен деген меңзеп,Екеуміз жатып едік бір ұяда.Айтамын бір насихат Құдай үшін,Ұрқия, менің үшін көп жылама.Құдайым қауыштырсын ахиреттеКөре алман раушан жүзің бұ дүнияда.
Жаным бар болар-болмас, бармын тірі,Мен өлсем, Ұрқияның солар күні.Жас адам қайғы дертін көтередіАтамның қартайғанда кеткен бұлы.Не болар бұл кеткен соң бұдан артық,Қалған соң Қос Жайықта жалғыз ұлы.Қайран халық атама құрмет етіңАтамның ой-қасірет болған жылы.
Үшінші сәлем жазам жұмла халыққа,Құдай-ай, қате болса өзің сақта.Хұрметлу біз ғаріптен көп-көп сәлем,Жиылған бозбала мен азаматқа.
Төртінші сәлем жазам және бастап,Мен кеттім мал мен жанды артқа тастап.Несептес немере ағам Айтмұхамбет,Тапсырдым ата-анамды саған қастап.Атама тап өзімдей бала болып,Жүргейсің жылағанда көңілін қоштап.Мал берген қалыңдығым қалды оң жақтаАйтамын саған бір сөз өсиаттап.Халыққа ортақ міндет бір сөз бар ғой,Немере қайнағаға келін қоспақ.Көбейген түрлі фетна болған заманАла гөр Айтмұхамбет ыждағаттап.Екі үйде сенен басқа енді кім бар,Тұра көр өз халіңше орнымды ұстап.
Бесінші сәлем жазам қайным жаққаЖайылар бұ сәлемім әр тарапқа.Қайын енем, қайын атама көп-көп сәлем,Қызыңыз бізге деген қалды оң жақта.Қызыңыз Айсұлуға үгіт айтып,Дахида көндіргейсіз емханатқа.Атамның бір баласы келін еді,Айырып келінінен көп жылатпа.Күйзелтіп бейшараны көп жылатсаң,Қаларсың ахиретте залалатқа.Айсұлу, жолыққайсың осы хатқа,Аударма көңіліңді бөтен халыққа
Бұ сәлем біздің елге тура барсын,Пейілін мұсылманның бұра барсын.Ішінде мұғтабарлы сөздерім бар,Еш адам оқығанда жыламасын.Біреуден біреу көріп оқығандаХатасын қайта өткеріп, түзеп алсын.“Жақсының сөзі қалсын” деген сөз бар,Кейінгі бозбалаға сана болсын.
Ата-анам, көп жылама енді маған,Шығармыз Тәңір алдында алдыңыздан.Жаратқан жер мен көкті ПадишаһымҒаламға он сегіз мың тиді пайдаң.Тілегім бастан-аяқ менің иман,Тілеймін иман бер деп бір Алладан.Тілегім бастан-аяқ менің иман,Тілегі Тілеужанның болды тәмам.7 қараша, 1961 жыл