Екіншіден, заң талабы баршаға бірдей болып, оның орындалуын қадағалаушылар заңның үстемдігін толық қамтамасыз еткені жөн. Әйтпесе қазіргі қоғамда заң алдында бәрі тең қағидасына халықтың сенбеушілігі байқалады.
Үшіншіден, заңды «жеті реп өлшеп, бір рет кес» демекші, болашақты бағамдап бір қа-былдау қажет. Орынсыз немесе белгілі бір топтың мүддесіне ыңғайлап өзгерте беруге болмайды. Заңымыз түлкінің құйрығындай жалт бере берсе, қадірі кетіп, халықтың көңі-лі толмайды.
Болашақ кемінде бүгіннен басталатын-дықтан, заңымызды сапалы қабылдап, бұл-жытпай орындайық!
Ақбай БАРЖЫҰЛЫ