Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Күн артынан күн аунап, сіздермен жүздесер уақыт тағы да жетіпті. Әдеттегідей, журналымыздың бұл санында да қолымызға түскен ең қызықты, ең құнды дүниелерді іріктеп, өздеріңізге ұсынып отырмыз.
Мемлекеттің бүгіні бекем, болашағы ай-қын болуы үшін заңымыз әділ әрі қоғамдық қатынастарды оңды шешуге ыңғайлы болуы тиіс. Бірінші кезекте заң шығаруға құқық берілген органдардағы қызметкерлер терең білімді және елдің ахуалын толық білетін, қа-зақтың тарихын, салт-дәстүрін жетік игерген, құқықтық жағынан сауатты болуы шарт.
Регина ХИСМӘТОВА,
Ақсәскә ҒӘЛИНА,
М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері, Уфа қаласы
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік универ-ситетіне Уфа қаласындағы
М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінен мобильдік ұт-қырлық бойынша тәжірибе ал-масуға келген башқұрт қызда-ры Регина Хисмәтова мен Ақсәскә Ғәлинамен сұхбат.
Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты
(Жалғасы. Басы журналдың өткен сандарында)
Кіші жүздегі жаңа өзгерістер
Бұл жылдары Ресейдің қазақ дала-сында жоспарлы түрде жүзеге асырған отарлық саясаты дәстүрлі хандық бас-қару жүйесінің әлсіреуіне әкелді. 1822 жылы Орта жүзде хандық басқаруға балта шапқан орыс үкіметі енді оны Кіші жүзде жүзеге асыруды ойластыр-ды. Оның арты губернатор П. К. Эссен-нің 1824 жылы Шерғазы ханды Орын-борға шақырып, Шекаралық комиссия-ға «бірінші қатынасушы» етіп тағайын-дап, жаңа жобаны енгізуіне ұласты.
Мұрат ҚАЛМЕНОВ,
тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығының ғылыми қызметкері
Қазақтың тарихы мен мәдениеті бірнеше мыңжылдықты қамтитыны көзі ашық адамға ешқандай күмән тудырмайды. Қазіргі уақытта қазақ ұлты-ның шығуы, қазақ мемлекетінің пайда болуы, мәдениеті мен дәстүрінің қа-лыптасуы, басқа этностармен қарым-қатынасы тарих ғылымында өзекті мә-селелердің санатына кіреді.
Сүйінші, ағайын! Қолымызға 1916 жылғы Июнь жарлығы, қазақ жігіттерін майданға алу кезіндегі оқиғалар жөнінде тамаша естелік түсті. Авторы – қазіргі Батыс Қазақстан облысы Қазталов өңірінің тумасы Тамимдар Сафиев. 1919 жылдары «Дұрыстық жолы», «Ұшқын» газеттерінің алқа мүшесі болған, Қарақалпақ АССР-ынде әдебиет саласында көп жыл еңбек етіп, өмірінің соңғы жылдарында Мәскеуде тұрған Тамимдар Сафиевке өмірбаяндық естелік жазуды қолқалаған белгілі ға-лым, қазақ тарихын жинақтауға бүкіл өмірін арнаған Мұстафа Ысмағұлов екен. Біз бұл екі тұлғаның өмірі мен қызметі туралы журналдың алдағы сандарында толық тоқталамыз.
Соңғы жылдары Батыс Қазақстан облысы аумағындағы эпиграфикалық ескерткіштерді толыққанды зерттеу мәселесі жиі көтеріліп келеді. Өткен жылдың қыркүйек айында «Нұр Отан» партиясының Батыс Қазақстан облыс-тық филиалы жанындағы «Мирас» қо-ғамдық кеңесі осы тақырыпқа арнал-ған кеңейтілген отырыс өткізді.
Өткен ғасырдың бас кезінде Орал облысы Жәнібек ауданының, Ұзынкөл ауылын мекен еткен Бақсайысов Елемес пен Арудың отбасында Хайреден, Ғафар, Рахила, Мұхтар, Нұрхат және Тайыр есімді ұл-қызда-ры дүниеге келіп, өсіп өнген. Сол бір жылдардағы коллективтендіру, бай-кулактарды кәмпескелеу сынды қы-зыл белсенділердің саясатынан өзін аулақ ұстамақ оймен Елемес Бақсайысов жылы орнын суытып, көршілес Ресейдің сол уақыттағы Сталинград облысына қоныс аудар-ған.
Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,
тарих ғылымдарының кандидаты, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясының профессоры
Ахмедғали (Ахмет) Мәметов 1895 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облы-сы Бөкей орда ауданы (бұрынғы Астрахан губерниясының Талов қисымы) Қойтоғыт ауылында дүниеге келген. Тегі – Байұлына жататын шеркеш руы-ның Сүйеніш бөлімі. Ахмет Мәметов жасынан әкесіне көмектесіп, жалданып мал бақты.
Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист
Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.
Бұрында Әли деген батыр тау ара-сында аң аулап күнелтіп тұрады. Бір күндерде балалы болады. Ол баласы бір күнде бір жасқа, екі күнде екі жасқа шығып тұрады. Сөйтіп, тез ер жетіп, ол да әкесіндей батыр болады.
Бұрында бір бай болыпты. Байдың Алтынсусар мен Керпішбай деген балалары болыпты. Сол жерде Қызылмұрын деген дәу болады. Оның төрт баласы болады. Күндердің бір күнінде бай Қызылмұрын дәуге жолығады.
Бос тұрған бесікке Ібіліс баласын салып қояды екен. Бос бесікті тербет-кен шайтанның баласын тербеткенмен бірдей. Сондықтан «Бос бесікті тербет-пе!» деп тыйым етеді. Ібілістің баласы бос бесікте жасырынып жатады екен. Сәбиді бөлер кезде отпен аластамаса, жасырынып жатқан шайтан баланың ішінен нұқи береді. Содан сәбидің іші ауырады. Мазасы қашады. Сондықтан бөпені бесікке бөлерде аршамен, ады-распанмен болмаса жеті шырпымен аластаған жөн деген дәстүр шығыпты.
Жансұлтан НҰРМҰХАНОВ,
«Тарих-6М011400» мамандығының 1-курс магистранты, Орал қаласы
Автор туралы аз сөз: Жас ғалым Жансұлтан Қайыржанұлы Орал қаласында дүниеге келген. 2010 жылы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 С. Сейфуллин атындағы мектеп-интернатты бітіріп, ҰБТ-дан 115 ұпай жинады. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих және құқық» факультетіне грантқа оқуға түсті. Университет қабырғасында түрлі олимпиадаларға, конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, қоғамдық жұмыстарға қатысты. Бірінші семестрді бітіргеннен кейін жоғарылатылған шәкіртақы, 3-курста Н. Ә. Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегері, 4-курста «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының» стипендиясына ие болған. Шәкіртақы сертификатын Алматы қаласындағы «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының» ұйымдастыруымен өткен марапаттау кешінде алған. Автор жақында ғана Санкт-Петербург қаласынан іссапардан оралған еді.
Салтанат АБАКОВА,
Ақсуат жалпы білім беретін негізгі орта мектебінің мұғалімі, Шыңғырлау ауданы, Батыс Қазақстан облысы
Атажұрт, атамекен – өте кең ұғым. Ол – халқымыздың атам заманнан бері мекендеп, суын ішіп, өсіп-өнген, өмір сүріп келе жатқан жері. Оның айдын шалқар көлдері, мөлдір бастаулары мен қайнарлары, сарқырай аққан тасқынды өзендерінің, алып таулары мен жасыл желек жамыла сыңсыған орман-тоғай-ларының атаулары сан мың. Әр-бір атаудың тарихы, дүниеге келу сыры бар. «Қайда барсаң, Атамекен көкейіңде жатады екен» деп ақындар жырлаған-дай, әр адамның атамекен – алтын бе-сігі барша жанға асылдан қымбат.
Махмет ҚАЖИАХМЕТОВ,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Жымпиты ауылы, Батыс Қазақстан облысы
Кеңес Үкіметінің күркіреп тұрған тұсы. Аудандық «Қызыл ту» газетінің еңбекшілер хаттары бөлімінде жұмыс істеймін. Редакция поштасын ақтарып отырсам, “Қызыл ту” колхозының шал-ғай бір бөлімшесінен 8 адамның қолы қойылған арыз қолыма тиді. Арызда ауылдық кеңестің депутаттығына кан-дидаттыққа бөлімше меңгерушісі мен жоғары оқу орнында сырттай оқитын атақты малшы түсіпті. Ал сайлауда көп дауыс жинаған малшы емес, 4 дауыс-қа ие болған меңгеруші сайланғанына наразылық білдіріп, ақиқатын анық-тауға көмек сұралыпты. Бас редактор Бақтығұл Ойшыбаев хатты оқып шығып, аққұба өңі күреңітіп, қабағы түйіле қалды.
№5 кеңес (етті бұзу, мүшелеу)
Терісі түгел сыпырылып алынған қойдың еті енді мүшеленіп, жіліктене бастайды. Қасапшы әуелі қойдың қолын (яғни алдыңғы аяғын) кесіп алады (суретте). Тәжірибелі сойғыштар жауырынның басын денеден ажыратпай тұрып-ақ, қолдағы үш жілікті (кәрі жілік, ортан жілік (кей жерде қол жілік, жұмыр жілік деп те аталады) және жауырын) өз етімен лезде бөлек-бөлек жіліктеп, теріге тастай береді.
Өлкеміздегі құлпытастарды зерттеу мақсатында Бөкей ордасы тарихи-музей кешені қызметкерлерінен құрылған экспедиция Бисен ауылдық округі маңындағы біраз құлпытасты суретке түсіріп, оқып шықты. Соның нәтижесінде Үштерек елді мекені маңындағы құлпытастардың Шөкі старшын мен оның ұлы Жармұхамедке (Йармухаммед), Айбас молда мен оның ұлы Қожахметке (Хожа Ахмад) қойылғаны анықталды.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463