Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты

(Жалғасы. Басы журналдың өткен сандарында)

Кіші жүздегі жаңа өзгерістер

Бұл жылдары Ресейдің қазақ дала-сында жоспарлы түрде жүзеге асырған отарлық саясаты дәстүрлі хандық бас-қару жүйесінің әлсіреуіне әкелді. 1822 жылы Орта жүзде хандық басқаруға балта шапқан орыс үкіметі енді оны Кіші жүзде жүзеге асыруды ойластыр-ды. Оның арты губернатор П. К. Эссен-нің 1824 жылы Шерғазы ханды Орын-борға шақырып, Шекаралық комиссия-ға «бірінші қатынасушы» етіп тағайын-дап, жаңа жобаны енгізуіне ұласты.

Осыған орай ғасырлар бойына жалға-сып келе жатқан дәстүрлі мемлекеттік негізі – хандық басқару жүйесі жойыл-ған Кіші жүз даласы Батыс, Орта, Шы-ғыс болып үш бөлікке бөлініп, оларды билеуші сұлтандар басқарды. Батыс бө-лікке Қаратай Нұралыұлы, Орта бөлік-ке Темір Ералыұлы, ал Шығыс бөлікке Жұма Құдаймендіұлы билеуші сұлтан болып бекітілді. Батыс бөліктің билеу-шісі Қаратай сұлтанға көмекшілікке не-мере інісі Шыңғали Орманұлы таңдал-ды. «Шыман төре» есімімен белгілі бұл сұлтанды А. И. Левшин 1823 жылы Шерғазы хан, Қаратай, Арынғазы, Темір сұлтандар секілді Кіші жүздегі танымал да күшті билеушілер қатарында атап, «Шыман – Қаратайдың ақылды да атақ-құмар, сүйікті немере інісі. Хандық атақ-тан дәмеленеді, сондықтан Шерғазы-ны іштей жек көреді. Оның партиясы – Қаратайдың партиясы» деп сипаттаған [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т.IV. 436-б.]. Жаңа ре-форма бойынша әр бөліктің шекарасы белгіленген тұста Байұлы руларының қоныстары Қаратай сұлтан басқаратын Батыс бөлікке қараған. Оның ішінде Есенгелді старшынның билігіндегі тана рулары да бар еді. Батыс бөлікке шы-ғысында Орта бөліктің батыс шекара-сы, солтүстікте Елек өзенімен Жайық-тың сол жағалауымен Жайық қаласына дейін, Гурьев қаласынан Каспий теңізі-не дейін, оңтүстікте Каспий мен Арал теңізінің аралығындағы жерлер қара-ған. Сөйтіп, Қаратай сұлтанның билігі осы аймақтағы Байұлы руларына ғана емес, кейбір Жетіру бөлімдеріне тара-ды. Айшуақ хан әулетінің билігіне қа-расты бұл рулармен Қаратай сұлтан арасында біраз шиеленісті сәттер өткен еді. Өзінің бұрынғы қарсыластарына билік жүргізуді қолға алған Қаратай сұлтан орыс күшіне арқа сүйей отырып, ескі қанды кекті қайтаруды көздеді. Олардың ішінде Қаратай басқаруында-ғы табын руының ауылдары қатты зар-дап шекті. Жоламан батыр бастаған та-бындардың орыс үкіметіне қарсы көте-ріліске шығуы да билеуші сұлтанның соққысына ұшырауына түрткі болды. Табын ауылдарына жасалған осы қан-ды жорық А. Ф. Рязанов, А. Ахмет,
Н. Жетпісбай еңбектерінде жан-жақты сараланған. Сол тұста Каспийдің сол-түстік жағалауындағы орыстардың ба-лық кәсіпшілігіне ойран салып, қауіп төндірген атақты Адай Сүйінқара батыр орыс үкіметімен келісімге келуіне Қаратай сұлтан кедергі келтіреді деп айыптады. Ол осы көктемде губерна-тор П. К. Эссенге жолдаған төрт орыс тұтқынын өз мәртебесін арттыру үшін Қаратай сұлтанның жолда Ақсарт сұлтан мен Есенгелді байдың қолынан тартып алғанын хабарлайды [Қазақ ұлт-азат-тық қозғалысы. Т.1: Рязанов А. Ф. Сорок лет борьбы за национальную незави-симость казакского народа (1797-1838 гг.). – Алматы: «Ел-шежіре», 2007. 183-184 бб.]. Кіші жүздің батыс бөлігін ұзақ басқару қайсар Қаратайдың пешенесі-не жазылмады. Заманында патша үкі-метіне қарсы қол бастап, даланы дүр сілкіндірген әйгілі Әбілқайыр хан неме-ресі 1826 жылы 28 маусымда дүниеден озып, Шідерті бойындағы байбақты қа-уымына жерленді. Бүгінде зерттеуші-лер арасында Нұралының қалмақ қа-тынынан Қаратайдың қай уақытта туғандығы туралы бірыңғай пікір жоқ. Қаратай тарихына қалам тартқан кей-бір ғалымдар осы әулеттің ұрпағы Бақытжан Қаратаев қалдырған мәлі-меттерге сүйеніп, Қаратай сұлтанды 1771 жылы туған деп көрсеткенімен, мұрағат құжаттары мен төңкеріске де-йінгі орыс авторларының еңбектері Қаратайдың одан бұрын дүниеге кел-гендігін айғақтайды. Мәселен, 1823 жылы 8 сәуірдегі жазбасында
А. И. Левшиннің «қартайған Қаратай» деп көрсетуі, Орынбор губернаторы
П. К. Эссеннің 1825 жылы 2 желтоқсан-дағы хатында Қаратайды «өзінің қау-сап қартайғанына қарамастан», «құр-метті қарт» деп сипаттауы [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т.IV. 438, 478-479 бб.], зерттеуші
И. Казанцевтің Қаратай сұлтанды 70 жастан асқан шағында қайтыс болды деуі, Әбілқайыр хан немересінің 1771 жылдан бұрын туғандығын растай тү-седі.
1826 жылы қазан айының басында Жаналы, Жанғазы, Саттық бастаған Табын руының Әшібек бөлімінің қазақ-тары Жайық бойындағы Круглый фор-постына қарсы беттегі Байғұтты деген жерде мекендеген Есенгелді мен оған қарасты ордалықтардың 1000 бас жыл-қысын айдап алған. 3 адамды ұстап алып, біреуін өлтіріп кеткен. Ол жөнін-де Орынбор губернаторы П. К. Эссенге хабарлауға мәжбүр болған Есенгелді дала бетте малға азықтың болмауынан оның әбден құлдырап, күйреуге әкеле-тінін алға тартып, өзіне қарасты 12 қос-тан тұратын жылқыларын бұрынғыша Жайықтың ішкі бетіне өткізуге рұқсат сұрайды. 15 қазан күні жазылған осы хатқа «Байұлы руының бас старшыны Есенгелді Жанмырзаұлы» деген мөрін басқан. Бұл өтінішпен танысқан
П. К. Эссен 2 қарашада Батыс бөліктің билеуші сұлтанының көмекшісі Шыңғали Орманұлына егер де Есенгелдінің шағымы рас болса, шұғыл түрде жылқыларын қайтарып, адамда-рын тұтқыннан босатуды, ал айыпты-ларды қатаң қарауылмен шепке жеткі-зуді бұйырды. Олар қарулы қолмен қарсылық танытса, онда қару күшімен бағындыруға мәжбүр етіп, сол арқылы бейбіт ордалықтардың тыныштығын бұзғандардың жазадан тыс қалмайты-нын өзге де қаскүнемдерге көрсету ке-рек деді. Ал жылқыларды ішкі бетке өт-кізуге рұқсат берудің мүмкін еместігі туралы Есенгелдіге бірнеше рет хабар-лағанын айтып, соған сендіруді тапсыр-ды. Одан әрі «Егер де Есенгелді Жайық-тың арғы бетінде қалуды өзіне қауіпті және қолайсыз деп тапса, ол өзінің ша-ңырақтарымен, малдарымен ішкі бет-тегі Жәңгір хан Бөкейұлының иелігіне өту туралы өтініш пен шыға алады. Бұл жөнінде Есенгелдіге Орал басшылығы арқылы бұрын да менен ұсыныс жасал-ған еді. Онсыз кез келген біреудің орынсыз тілегі үшін қазақтың малын Жайықтың ана бетінен мына бетіне өт-кізіп жіберуге болмайды» деп нақтыла-ған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3350-іс, 1-3 пп.]. Сөйтіп, Есенгелдінің жылқыларын ішкі бетке өткізу туралы өтініші орын-далмады. Оның үстіне Кіші жүзде хан-дық басқарудың жойылып, ел тізгіні би-леуші сұлтандар қолына көшкеннен ке-йінгі уақытта Есенгелдінің Орынбор әкім-шілігімен арақатынасы біраз алшақтай түскен. Бұл туралы Байұлы руының бас старшыны Есенгелді Жанмырзаұлының 1827 жылы 19 мамырда Орынбор гу-бернаторы П. К. Эссенге жазған хатынан көруге болады. Ол Орынбор басшыла-ры О. А. Игельстром, Н. Н. Бахметев,
Г. С. Волконскийдің ел билеген кездері-нен бері 40 жылға жуық уақыт ішінде өзінің «қасық қаны қалғанша», барын-ша патшаға ынтамен қызмет етіп келе жатқанын алға тартады. Тіпті Г. С. Вол-конский өлкеден кетерінде өзі туралы П. К. Эссенге ұсыныс жасап кеткенін де еске салады. Бірнеше жылдан бері пат-шаға ынта-жігерімен қызмет етіп, оған қарсы ешқандай заң бұзбағандығын, өзіне ешкімнен ешқандай шағым түс-пегендігін қосады. Губернатормен ара-дағы хат алысып, хабар алмасудың жай-күйін саралай келе, «Мен сізден жібе-ріліп тұратын хат-хабарлардың екі-үш жылдан бері қандай жағдайға байла-нысты тоқтағанын білмеймін» деп өкі-ніш білдіреді. Он екі ата Байұлының билері мен қадірлі ордалықтар өзін Байұлының бас старшыны ретінде құр-меттеп, қолдайтынын айта келіп, гу-бернатормен арадағы қажетті істерге байланысты бұрынғы кездегідей ха-барласып тұруды өтінеді. Сол арқылы қазіргі қартайған шағында губернатор рақымынан айырмауды және жауап хатты өзіне тікелей жіберуді сұрайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3394-іс, 1-п.]. Алайда Есенгелді күткендей, П. К. Эссен өз жауабын тікелей жолдай қоймады. 13 маусымда Орал казак әскерінің атаманы Назаровқа Байұлы руының старшыны Есенгелді Жанмырзаұлының өзіне қарайтын қазақтардың істері жө-нінде басшылықтың өзімен хат жазыс-пайтыны жайында хабарлағанын жет-кізді. Атаманға Есенгелді старшынды шақырып алып, оған әкімшіліктің қыз-меттік істер бойынша хат жазысуды билеуші сұлтанмен жүргізетінін айтуды бұйырды. Яғни Есенгелді өз өтініштері-мен басшылыққа билеуші сұлтан арқы-лы хабарласуға міндетті болған. «Есенгелдімен жеке хат алмасуға еш-қандай қажеттілік жоқ» деген губер-натор мұның барлығын оған түсіндіріп, қолхат алуға көндіруді тапсырды. Осы-дан соң Назаров Есенгелді старшынды Орал қаласына шақырып алып, жоға-рыдағы бұйрықты түсіндіріп, қолхат ал-ған. Атаман мұны 1827 жылы 8 шілде-де П. К. Эссенге мәлімдейді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3394-іс, 3-6 пп.]. Осылайша Орынбор әкімшілігі ендігі жерде Есенгелдіге билеуші сұлтан арқылы ха-барласу қажеттігін есіне салып, дұрыс-тап ескерткендей болды. Бұл арада
П. К. Эссеннің көздеген мақсаты орда-дағы белгілі тұлғалар алдында билеуші сұлтанның абырой-беделін арттыру еді. Бірақ осыған дейін Орынбормен тікелей қатынас жасап келген Есенгелді секілді кәнігі стар-шындар үшін билеуші сұлтан арқылы байланыс жасау де-геннің өзі олардың ел ішіндегі беделіне белгілі бір деңгейде тұсау салып, тежегендей көрін-ді. Дегенмен кейін П. К. Эссен Санкт-Петербургке шақырып алынады да, оның орнына Орынбор әскери губернаторы болып П. П. Сухтелен тағайын-далады. 1830 жылы жазда жа-ңа қызметіне кіріскен губерна-тор өзінің алдындағы өлке бас-шысының кеңсе қағаздарына қайта көз салып, елеп-екшеп, тексерістен өткізген. Жаналы, Жанғазы, Саттық бастаған Әшібек бөлімі қазақтарының Есенгелді басқарған қазақтар-дың 1000 бас жылқысын тонап, 3 адамын тұтқындап, біреуін өлтіріп кеткені туралы өтінішті қайта қараған. Есенгелдінің осы өтінішін бұрынғы губер-натор П. К. Эссен 1826 жылы 2 қарашада Шыңғалидың қара-уына тапсырып, егер де ол рас болса, тез арада тұтқынға алынғандарды босатып, айыптыларды ұстап алып, шепке әкелуді бұйырғанын граф
П. П. Сухтелен 1830 жылы 2 қыркүйекте Батыс бөліктің билеуші сұлтаны Шыңғали Орманұлының есіне салды. Бірақ осы жарлық бойынша сұлтанның қабылдаған іс-шарасы жөнінде мәлі-меттің жоқтығын алға тартып, тез арада ол жөнінде өзіне хабарлауды тапсырды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3350-іс, 6-п.].
Орынбордағы басшының ауысуы көп ұзамай Жайық бойындағы қазақ ауылдарына тараған. Хабарды естіген Есенгелді старшын да жаңа басшымен байланысқа шығуға ұмтылды. Ол 1830 жылы 11 қазанда Орынбор әскери гу-бернаторы П. П. Сухтеленге жазған ха-тында былай деді: «Сіздің Орынбор қа-ласына аман-есен келгеніңіз туралы ха-бардар болып, мен зор қуанышқа ке-нелдім және онымен Сізді құттықтауды бақыт санаймын. Осыдан бұрын мен бұрынғы әскери губернатор мырзалар-мен кездесіп, әрдайым олардың бұй-рықтарына бағынып, 40 жылдан бері патшаға қызмет еттім. Сіздің патша жа-нындағы ерекше тұлғалар арасынан келгеніңізді әрі өте жақсы әділ басшы екеніңізді естіп, соған өте қуанып қал-дым, біздің қазақтардың аянышты да мүшкіл халі туралы егжей-тегжейлі әрі ауызша түсіндіру үшін сізбен жеке кез-десуді жаныммен қалаймын. Бірақ сіз-дің оған ерекше рұқсатыңыз болмаған-дықтан, жолға шығуға дәтім бармай, мен сізге арнайы жеткізу үшін менің інім керуен бастығы Жүсіп Сырымұлын дербес шабарман қылып жібердім және менің өтінішімді қабылдауыңызды сұ-раймын» [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3713-іс, 1-2, 6 пп.]. Есенгелдінің арнаулы тап-сырманы апарушы ретінде Жүсіпті таң-дауы тегін емес. Өйткені бірнеше жыл-дан бері Орта Азиядан Орынборға сау-да керуендерін жеткізіп, 1821-1829 жылдары Ресейдегі Арынғазы сұлтан жанында болып қайтқан Жүсіп тархан-ды Орынбор әкімшілігі жақсы танитын. Оның үстіне Жүсіп Сырымұлы патша үкіметінің қазақ даласына бағытталған саясатының қыр-сырын, жай-жапсарын жан-жақты түсіне білетін тісқаққан қа-рымды қайраткер еді. Сонымен Жүсіп тархан Есенгелдінің сенімін ақтап, ха-тын Орынбор губернаторына табыс ет-кен. Ол туралы граф П. П. Сухтелен 1830 жылы 10 желтоқсанда Есенгелді старшынға «Сіздің ініңіз – керуен бас-тығы Жүсіп Сырымұлы 11 қазандағы хабарламаңызды маған жеткізді. Құр-метті старшын, егер сіз мұндағы өлке-нің пайдасы үшін болашақта да игілікті қызметіңізді жалғастырсаңыз, мен үшін ғанибет болар еді, сол үшін жоға-ры басшылықтың назарынан тыс қал-майсыз. Менімен кездесуге келер бол-сақ, қашан жағдай маған төменгі Орал шебіне аттануға мүмкіндік туғызса, сізді арнайы көру мен үшін тамаша болар еді» деген жауабын жолдайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3713-іс, 3-п.].

Бекей старшынның Қайыпқали сұлтанға сапары

Бұл тұста 1827-1829 жылдардағы бөкейліктегі қозғалыстың жетекшісі – Қайыпқали сұлтан Есімұлының 1830 жылы наурызда Орынбордағы түрме-ден қашып, Жайықтың арғы бетіне өтіп кетуі Орынбор әкімшілігін біраз әбігер-ге түсірді. Қайыпқали сұлтан ол жақта Адай Сүйінқара, Ақкете Дербісәлі, Беріш Құлбарақ батырлардан қолдау тауып, орыс шебіне қауіп төндіреді. Оған қоса Батыс бөлік билеушісі – Шыңғали сұлтанның Қайыпқалиға қол-дау білдіріп, өзара жасырын байланыс жасайтыны белгілі болды. Осыдан соң Орынбор әкімшілігі Шыңғали сұлтанды губернатормен кездеседі деген желеу-мен Орал қаласына алдап шақырып алып, тұтқынға алады. Көп ұзамай ата-сы Нұралы хан сияқты 1831 жылы 2 сә-уірде Уфаға жер аударылады. Деген-мен 1832 жылдың соңында Жәңгір хан-ның араласуымен Ішкі ордаға қайтары-лып, бұрын Қайыпқали сұлтан жайла-ған Қамыс-Самар көлі маңынан жер бөлініп, сұлтан Шөкі Нұралыұлының қадағалауына беріледі [Рязанов А. Ф. Көрсетілген еңбек. 281-299 бб.]. Кейін Исатай-Махамбет көтерілісін басуда ерекше көзге түскен Шыңғали сұлтан халық жадында «Шыман төре» атымен қалды.
Шыңғали Орманұлының Оралда тұтқынға алынуынан соң Шекаралық комиссияның ұсынысымен Батыс бө-ліктің билеушісі болып 1830 жылы 2 қа-рашада сұлтан Баймағамбет Айшуақ-ұлы тағайындалды. Кеңестік тарихшы А. Ф. Рязанов «Сұлтан Баймағамбет Айшуақұлын тағайындаудың аса ма-ңызды саяси салдары болып, қазақ хал-қының ұлттық қозғалысының бола-шақтағы бүкіл тағдырына үлкен ықпал етті» деп анықтайды. Ғалым пікірінше, патша үкіметі Байұлыны басқарған Нұралы әулеті мен Жетіруға билік ет-кен Айшуақ ұрпақтары арасына араз-дық отын жағып, өз мүддесіне шебер пайдаланған. Мәселен, 1797-1805 жылдары Кіші жүзге Айшуақ хан болса, оның балалары Жантөре 1805-1809 жылдары, Шерғазы 1811-1824 жылда-ры хан тағына отырды. Ал хандық бас-қарудың жойылуынан кейін билік қай-тадан Нұралы ұрпақтарына ауысып, Ба-тыс бөлікке 1824-1826 жылдары Қаратай Нұралыұлы, 1826-1830 жылда-ры Шыңғали Орманұлы билеуші сұлтан болды. Оның үстіне орыс үкіметі үшін қауіпті саналған Қайыпқали Есімұлы-ның Нұралы әулетінен екендігін есепке алған әкімшілік таңдауының осы кезде Баймағамбетке түсуі кездейсоқ емес еді. Биліктегі ендігі кезек Айшуақ әуле-тіне ауысты. Әбілқайыр ханнан тарай-тын ағайындылар арасына от салып, бір-біріне айдап салып, бірін жығып, бірін көтеріп, түрлі қитұрқы саясат ар-қылы патша саясаткерлері дала ақсү-йектері арасында алауыздықты қозды-ра түсті. Жаңа қызметке кіріскен Баймағамбет сұлтан үкімет тапсырма-сы бойынша Қайыпқали туралы мәлі-мет жинауды қолға алды. Орынбор ше-каралық комиссиясы 1830 жылы
10 желтоқсанда Батыс бөліктің билеу-шісі қызметін атқарушы Баймағамбет-ке қолдан келер барлық шараларды қолдана отырып, бөкейліктегі толқуға қатысып, Жайықтың арғы бетіне қашып кеткен сұлтан Ахмет Бекболатұлын, Қайыпқалидың үлкен ұлы Бекжанды, старшын Жаналы Саңғырықұлын, батыр Науша Қаржауұлын ұстап алып, шепке әкелуді бұйырды. Сонымен бір-ге ол жаққа Қайыпқалидың жанұясы, оның әйелінің бауыры Сапар Дәріқожаұлы, Қайыпқали ұлдары Мұхаметжан, Дәулетжан, Қожамжар, жас Мұсағалидың өтіп кеткенін қоса түсті [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1685-іс, 1164-1165 пп.]. Осыдан соң Баймағамбет сұлтан 1831 жылы 3 қаңтарда Тана руының Асан бөлімінен старшын Бекей Есенгелдіұлын, Байбақты руынан Ноғайбек молда Зәбірұлын, Нәуке би-лерді Қайыпқали сұлтанға аттандыра-ды. Нәуке бидің жолда ауырып қалуы-на орай орнына Темірбай Құлұқұлы барған. Қайыпқалимен кездесіп қайт-қан старшын, билер Баймағамбетке екі хат алып келген. Одан Қайыпқалидың Шекті қазақтарына өзін бірауыздан хан сайлау туралы ұсынысымен Құлбарақ батырды жібергені анықталды. Шекті билері Жаманша, Жандәулет және Көтібар, Арыстан батырлар Қайыпқали-ға шын ниетімен қызмет етуге әзір екендіктерін айтып, осы ойларын жүзе-ге асыру үшін барынша көмек көрсету-ге уәде берген. Олар өз жауаптарын жеткізу үшін Қайыпқалиға Адайдың белгілі батыры Сүйінқараны жіберген. Баймағамбеттің айтуынша, сол хатты старшын Бекей Есенгелдіұлы одан құ-пия түрде көшіріп алып, өзіне жеткіз-ген. Шектінің би, батырларының Қайыпқалиға жолдаған хатының мазмұны мынадай: «Қаһармандай даңқты, Рүстемдей әйгілі, көкте жарқыраған күндей әділеттілікті қолдаушы, дінге берік, жоғары мәртебелі Қайыпқали сұлтан Есімханұлы, сіздің жазған хаты-ңызға деген қуанышымызда шек жоқ және өзіміздің сізге адал екенімізді растаймыз. Тура жолдағы біздің Ислам-нан үлгі боларлық жолды таңдай оты-рып, сіз біздің кәпірлерге көзсіз бағы-нып, адасып жүргенімізді және біздің өз бостандығымыз үшін бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, қарсы тұруға міндетті екенімізді анық дәлел-деп отырсыз. Сіздің мұндай құтқару ой-ниетіңізді, біз, осы елдің халқы шын көңілімізбен, ынта-жігерімізбен қабыл-дай отырып, сіздің құтқару шараңыз-дың игі аяқталуына қолдан келер кө-мегімізді көрсетуге дайын екенімізді мәлімдейміз. Келіңіз, орныңыз әзір, біздің жеріміз кең, жүрегіміз ашық, егер сіз біздің әміршіміз және жол көр-сетер басшымыз болуға өз қалауыңыз-ды білдірсеңіз, біз сізді қуанышпен құ-шақ жая қарсы аламыз. Ұлы жарылқау-шы сізге осы елдің халқының әділ хан-дық билікке, әсіресе, өз иеліктерін ғиб-ратты қорғайтын хандарға құлшыныс-пен берілгені белгілі. Біздің ақсақалдар өз халқын кәпірлерге бодандыққа са-тып, бізге ауыртпалық түсірді. Соны-мен, жоғары мәртебелі сұлтан, өз үміті-ңізді құдіреті күшті Аллаға тапсырыңыз және ол өзіңіз қабылдаған құтқару ша-раларына жету жолында сізге көмек-тессін. Осындай сәтте бізге өз қолұшын созбаған халықты біз дінсіз деп санап, жек көреміз. Біз өзіміздің соңғы қасық қанымыз қалғанша сізді қорғап өтеміз. Өз иелігіміздегі тақуа ақсақалдар мен молдалар бізге арнап дұға бағыштай-ды: Алла бізге көмектеседі, біз өзімізді бостандықта көреміз. Біздің Исламның күші ешқашан жеңілмейді. Міне қа-сиетті сөз: Жаратқан өзіңе сеніп, құл-шылық еткендерге жәрдемесе гөр, ал саған иланбай жеккөрінішті болған кә-пірлерді жек көр! Құдіреті күшті Алла Исламның тура жолын еш күмән кел-тірмей, мүлтіксіз орындағандарды ке-лесі өмірде лайықты құрметіне бөлей-ді. Сонымен өзіңіздің игі ниетіңізбен берік бекіп, кәпірлердің езгісінен азат болған халыққа лайықты үлгі көрсете отырып, сол үшін құдіреті күшті Жара-тушының келесі өмірде лайықты құр-метіне бөленіңіз. Біздің ынта-жігеріміз бен адалдығымыз сізге мәлім. Басқа-лары жайында осы хатты беруші Құлбарақ батыр ауызша жеткізеді. Осыны растап таңбаларын басты: Жаманша би, Жандәулет би, Арыстан батыр, Көтібар батыр және т.б.» [РМТМ. 1291-қ., 81-т., 142-іс, 3-5 пп.]. Қайыпқалиға қолдау білдірген би, ба-тырлар келесі хатта былай дейді: «Сіз-ден тағы да өз абырой-атағыңызға ла-йық іс-шараларыңызда табандылық та-нытуыңызды өтіне сұраймыз, өйткені біз кәпірлерге бағынған хандардың өздері үшін ешнәрсе ұтпа-ғанын, керісінше олар діни жарғыларға деген салғырт-тықтары мен рухтарының әлсіздігін дәлелдеді. Кері-сінше, біз сізден барлық әл-сіз адамдардың нағыз қор-ғаушысын көруге үміттене-міз. Өз иелігіне тура жолды енгізіп, діндар халыққа әмір еткен, даңқы атақты Жәмшидтей күллі жерге тараған Арынғазы сұлтан-нан үлгі алыңыз. Алайда кейін діні мен сенімін ұмы-тып, кәпірлерге берілгені үшін Құдай оны жақын-жанаптарынан және атақ-даңқынан айыру арқылы жазалады. Біздің қасиетті дінімізде жазылған ереже-лерге сәйкес әрекет етсеңіз ғана сіздің іс-шаралары-ңыздың нәтижесіз қалмайтындығына біз бек сенімдіміз. Бір сөзбен айтқанда, біз сіздің жауыңызға бітіспес жаумыз, досыңызға шын доспыз. Егер басқа ха-лық сіздің ойыңызбен келіссе, онда біз-ге оны орындау қолайлырақ болар еді, өйткені ынтымақтық – амандықтың ті-келей бастамасы. Байұлылықтар сізбен туыстығына орай міндетті түрде сіздің артыңыздан ереді. Сізге адал қараша-лар аман-саулығыңызды тілеп қалады». Осы мәліметтерді 1831 жылы 18 ақпан-да губернатор П. П. Сухтеленге жолда-ған Баймағамбет сұлтан Қайыпқалиға «Басшылыққа бағынғысы келетін ниеті жоқ әрі өзінің жүргізбек іс-шаралары зиянды, тыныштықты бұзатын ойынан басқа ешнәрсе жоқ» деп кінә тағады. Ал старшын Бекей Есенгелдіұлы Қайыпқали сұлтан тұрып жатқан Жем бойындағы Ақтоғай маңында оба мен өзге де қауіпті ауру белгілерінің бай-қалмайтынын айтып келген. Сонымен бірге Парсы елінде обаның пайда бо-луына орай сапар барысында барлық қазақ ауылдарына барынша сақ болу-ды тапсырған [РМТМ. 1291-қ., 81-т., 142-іс, 5-6 пп.]. Жалпы, Баймағамбет сұлтан Қайыпқалиға Бекейді бас қылып жібергенде Есенгелді ұлының ел ішін-дегі беделімен қатар, олардың бұрын-нан өзара таныс екендігін негізге алса керек. Кезінде 1818 жылы көктемде Есенгелді старшын бастаған қазақ рула-ры бөкейліктен Жайықтың бұқар беті-не өтуге ұмтылғанда Қайыпқали оларға қолдау білдірген еді. Оның үстіне 1822 жылы Жоламан Тіленшіұлының азат-тық қозғалысы кезінде Орынбор губер-наторы П. К. Эссен тапсырмасымен Кіші жүзге келген 9 башқұрт кантонының жүзбасысы Ибрагим Исхаковқа Бекей-дің жолбасшы болуы да есепке алын-ған секілді. Мәселен, төменгі Орал ше-біндегі Круглый форпосты арқылы Есенгелді старшын ауылына келген Исхаковқа Есенгелді өзінің ұлы Бекей-мен бірге бір қазақты қосып, 1822 жы-лы 25 желтоқсанда дала бетке жібер-ген еді. Жолдағы ауылдардың бәрі олардан ордаға тыныштық пен тәртіп орнатқан Арынғазы сұлтан қайтып келе ме деп сұраумен болған. Егер Арынғазы қайтып келмесе, жүзбасы Исхаковтың не үшін келгенін, тіпті оны тыңшыға са-нап, қыс бойына ұстап қалуға ақылдас-са, қайсыбіреулері көзін жоюды ұсын-ған. Исхаков болса, шеп тұрғындарына қарсы жаулық әрекетінен қазақтарды бас тартқызу туралы губернатор нұс-қауымен келдім деп түсіндірген. Шеп-тен 10 күн жүргеннен соң Сағыздың жоғары бойында қыстап отырған Жоламан Тіленшіұлы, Көтібас, Жаналы ауылдарына жеткен. Губернатор бұй-рығын алған соң Жоламан бастаған қа-зақтар егер өздерінің талапта-ры құрметтелмесе, өз іс-әре-кеттерінен бас тартпайтынын мәлімдеген. Бекей бастаған топ Жоламан ауылында 8 күн бол-ған. Бұл кезде Жоламан ақыл-дасу үшін өзге де қазақтарға шақыру жіберіп, хабар жолда-ған. Содан едәуір халық жинал-ған кеңес өтіп, губернаторға ұсыныс жазған. Әйтсе де, Жоламан батыр жүзбасы Исхаковты өздерінің қыстаула-рын қарап келу үшін жіберіл-ген тыңшы деп танып, қазіргі уақытта оны кері қайтара ал-майтынын, тек жаз болғасын ғана кері жіберетінін айтқан. Осыдан соң Бекей өзінің бар күш-жігерін жұмсай отырып, Исхаковтың тыңшы еместігін, оны губернатор өзінің әкесі Есенгелді старшынға сеніп, тапсырып жібергеніне сен-дірген. Егер оны өзімен бірге қайтарма-са, «Әкем Есенгелді губернаторға қалай қарайды?» деген Бекей әкесі, атақты Есенгелді бидің беделін түсіріп, ұятқа қалдырмау үшін Исхаковты жіберуді өтінген. Ақырында Жоламан бастаған қазақтар егер де жүзбасының кері қай-туынан соң Ресей тарапынан қандай да бір залал келсе, ондай жағдайда Бекей-дің әкесі Есенгелді олардың жауы әрі дұшпаны болады деген қауіпті қоқан-лоққымен Исхаковты босатқан. Кейін 1823 жылы 20 қаңтарда губернатор
П. К. Эссенге жазған хабарламасында жүзбасы Исхаков егер жолбасшы Бекей болмай, басқа біреу болса, өзінің қаза табатынын немесе сонда қалатынын еске алады [ҚРОММ. 2300-қ., 13-т., 19-іс.; РМТМ. 1291-қ., 81-т., 90-іс, 253-256 пп.]. Қалай болғанда да, осылардың бәрін таразыға салып, сол тұстағы ел ішіндегі беделін білуіне байланысты Баймағамбет таңдауы Бекейге түскен. Өйткені жаңа қызметінің басталуына көп уақыт өте қоймаған билеуші сұлтан өз тапсырмасымен кезкелген кісіні жі-бере алмас еді. Ал Сүйінқара батыр ар-қылы Қайыпқалиға жолдаған Шекті би, батырларының екі хаты Орынбор әкім-шілігін қатты шошындырған. Оған губер-натор П. П. Сухтеленнің 1831 жылы
30 наурызда К. В. Нессельродеге жол-даған көш құлаш пікірі дәлел. Онда Қайыпқали сұлтанға жолданған хатты қандай да бір қашқын татардың неме-се молданың жазғанын айта келіп, «Шеп қорғанысының жағдайы жеткі-ліксіз екендігі сізге белгілі, қысқа уақыт ішінде оны жақсы қалыпқа келтіру мүмкін емес» деген өз ойын жасыра алмайды [РМТМ. 1291-қ., 81-т., 142-іс, 1-2, 7 пп.].

Қаралым саны 2079

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463