Миығынан күлу

Дәулеткерей ҚҰСАЙЫНОВ,
журналист

Журналдың бұл айдарында бүгінде қолданыста жүрген, ауыз әдебиеті үлгілерінде жиі ұшырасатын, бірақ шығу төркіні көмескілене бастаған сөздер туралы әңгіме болады. Айдарды белгілі журналист, жергілікті өлкетанушы, күйші, ақын, Батыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов жүргізеді.

Бәрімізге етене таныс осы сөзге «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі» мұртынан, мұрт астынан күлді дегендерді қосып, бәрінің мағынасын езу тарта жымиды деп түсіндіреді.
«Миық» басқа сөздермен қосылып айтылмайды, мұның о бастағы мағынасы – мұрт.
2009 жылы жарық көрген «Қазақ әдеби тілінің сөздігі»: миық – мұрт өсетін жер дегенді білдіреді деп анықтай түседі.
Фразеологизмдердің құрамында бірқыдыру лексикалық, грамматикалық архаизмдер кездеседі. Мысалы, кежегесі кейін тартты – «тыңдамады», «қырсықты», «мойны жар бермеді». Осы фразеологиялық тізбектегі «кежеге» – көнерген сөз. Мыса-лы, бір нәрсені екінші дүниемен салыстырғанда алдыңғысы-ның бағасын, бәсін соңғысынан түсіріп алмас үшін «бір мысқал кем емес» деп жиі айтқанымызбен, мысқалдың – алтынның сы-нығы, өлшемнің белгісі (мера веса) екеніне көңіл аудармай-мыз. Татар тілінде әлі күнге дейін осы мағынасында қолданы-лады.
Сирек ұшырайтын сөздерді немесе түсінігі кем сөздерді архаизм деп есептеуге болмайды. Көнеленіп, тілден шығып қалғандарды ғана архаизм деу керек.
«Ұры» мағынасындағы қары қазақ тілінде: «ұры-қары» деген қос сөзде де, «қасқиған қардан туады, салпы ерін нардан туады», «әйелдің қары – күлегеш, еркектің қоры – күлегеш» сияқты тізбектерде де кездесе береді.
Детерминация жолымен ықпалдаса тіркесу – қос сөзді фра-зеологизмдерге тән бірден бір негізгі тәсіл. Мәселен, бала-ша-ға, некен-саяқ детерминация жолымен жасалған. Осы компо-ненттерді өзінің сыңарынан бөліп айтуға болмайды, арасына «мен» жалғаулығын қойып, некен мен саяқ деп айтуға да әсте келмейді, шаға-бала деп орнын ауыстырып айтуға да көнбейді.
«Шаға», «некен» компоненттерінің төркін түбі: түркілік.
«Шаға» – «бала» дегенді білдіреді, осыдан келіп «қызыл шақа», «шақалақ» сөзі шыққан, «некен» – моңғолша, «бір» саны мағынасында.
Енді әңгімемізге өзек болып отырған тақырып төңірегін-дегі мәселеге ойысып, «Татар-орыс сөздігіне» жүгінсек:
мыек – ус, усы (у человека) 2. усы, усики (у насекомых и растений);
мыекбай – усач, человек с большими усами;
мыеклы – усатый, с усами;
мыекча – усики (у растений).
Яғни миық татар тілінде әлі күнге дейін мұрт дегенді білдіреді. Чуваш тілінде де солай. Оларда сәл дыбыстық өзгеріске ұшырап, майах кейпінде жүр.
Миығынан күлген адамды мұртынан күлді деп түсініп жүргенімізге қарағанда, тілімізде сұлбасы ғана қалған түркілік мағынасынан аса көп аулақ кетпегеніміз байқалады.

Қаралым саны 2322

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463