Сол жерде екеуі алысып, байды дәу өлтіреді. Байдың екі баласы Алтынсусар мен Керпішбай әкеміздің құнын аламыз деп Қызылмұрын дәуді іздеп шығады. Оның үйіне жақындағанда түйесін бағып жүрген жалшысына кездеседі. Ол айтады: – Сендер оның өзі түгілі, балаларын да жеңе алмассыңдар. Себебі оның бір-бір баласының өзі бір түйенің етін тауысады және оның терісін илеп, қайыс етіп шығарады. Кіргенде есіктерінің босағасында бір тебен ине түйреулі болады. Сендер оларды жеңетін бол-саңдар, сол тебен ине сынып, жерге түседі, - дейді.
Бай балалары бір түйені сойып, еті піскенше сол түйенің терісін қайыс етіп илеп шығарады. Одан кейін Қызылмұрын дәудің үйіне келеді. Келсе, бір кемпір отырады. Ол Қызыл-мұрын дәудің әйелі екен. Босағадағы тебен ине ортасынан бөлініп жерге түседі. Кемпір айтады: – Менің балаларымды іздеп келген жан болсаңдар оларды жеңе алмайсыңдар. Өйт-кені олардың әрқайсысы менің сүтімді тауыса алады. Ал сендер тауыса алмайсыңдар.
Алтынсусар кемпірдің сүтін тауысып, өкпесін жұлып алады. Одан шығып бір үйге барса, онда дәудің төрт баласы ұйық-тап жатыр екен. Төртеуін де өлтіріп, бастарын кесіп алады. Одан шығып келе жатса, Қызылмұрын дәудің өзіне кез бо-лады. Қызылмұрын өз балаларының бастарын таниды.
– Кісі өлтіріп дәндеген екенсіңдер. Менімен жақ атыса-сыңдар ма? - дейді дәу.
– Атысамыз, - дейді бай балалары.
Бұлар сайысқанда Қызылмұрын төрт төбе жарымды, Керпішбай бес төбе жарымды, Алтынсусар алты төбе жа-рымды аударады. Қызылмұрын бұлардың күштері көп еке-нін біліп, айламен өлтірмек болады. Бір терең құдық бар екен. Сол құдықтан ат суарайық дейді. Құдыққа жақындап келгенде Алтынсусардың атына тіл бітіп, сөйлейді: – Бұл сендерді айламен өлтірмек. Қазір құдықтан су тартқызып, сол сәтте тереңге құлатып жібермекші. Менің айылымды мықтап тарт, мен оны тістеп аспанға ұшам. Оны біз өлтіре-лік, - дейді.
Құдыққа жеткенде Алтынсусардың аты дәуді желкесінен тістеп ұшады. Жер көрінбей кеткенде дәуді тастап жібереді. Сөйтіп, оны өлтіріп, басын кесіп, әкесінің кегін алады. Үй-леріне келіп, бай болып, барша мұраттарына жетеді.
Ертекті жазып тапсырушы М. РАХМЕТОВА