Санкт-Петербургте қазақ тарихына қатысты құжат көп

Жансұлтан НҰРМҰХАНОВ,
«Тарих-6М011400» мамандығының 1-курс магистранты, Орал қаласы

Автор туралы аз сөз: Жас ғалым Жансұлтан Қайыржанұлы Орал қаласында дүниеге келген. 2010 жылы дарынды балаларға арналған мамандандырылған №11 С. Сейфуллин атындағы мектеп-интернатты бітіріп, ҰБТ-дан 115 ұпай жинады. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих және құқық» факультетіне грантқа оқуға түсті. Университет қабырғасында түрлі олимпиадаларға, конкурстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, қоғамдық жұмыстарға қатысты. Бірінші семестрді бітіргеннен кейін жоғарылатылған шәкіртақы, 3-курста Н. Ә. Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегері, 4-курста «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының» стипендиясына ие болған. Шәкіртақы сертификатын Алматы қаласындағы «Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы қорының» ұйымдастыруымен өткен марапаттау кешінде  алған.  Автор  жақында  ғана  Санкт-Петербург  қаласынан  іссапардан  оралған  еді. 

Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың Халықаралық ынтымақтас-тық департаменті директоры Барадосова Майра Бариқызының жетекшілігімен 2012 жылы 28 қаңтар-29 сәуір аралы-ғында және 12 қазан-31 желтоқсан аралығында Польша мемлекетінің Быдгощ қаласындағы «Internacia Studu-mo de Turismo kaj Kulturo», яғни Халық-аралық Туризм және Мәдениет Инсти-тутында екі рет үш айдан барып, сонда емтихандары мен «Орал қаласындағы туризм» тақырыбындағы дипломдық жұмысымды қорғап келдім. Онда оқу поляк және эсперанто тілдерінде жүр-ді. Оқу жүйесіне келетін болсақ, Польша-да да Болон үрдісінің кредиттік оқу жү-йесі бойынша оқытылады. Сонымен қа-тар Польша мемлекетінің Халықаралық дипломатия және миграция мұражайы-ның директоры, Ұлы Каземир атында-ғы университет профессоры Адам Судол мырзаның сабақтарында да білім ал-дым. Жоғарғы Экономика Мектебінің шақыруы бойынша профессорлар өт-кізген бірқатар курстарға да қатыстым. Оқу жылы соңында «Өте жақсы оқыға-ны үшін» дипломы мен бірқатар серти-фикаттар алдым. Машықтан өту кезін-де бір аптада Еуропаның бес елі – Германия, Нидерланды, Люксембург, Франция, Бельгия елдерінің астанала-рында болдық.
Бұған қоса, университетіміздің түрлі кештерінде немесе байқауларында ән айтып, түрлі конкурстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрдім.
2014 жылы университетті қызыл дипломмен бітіргеннен кейін магистра-тураға түсуге бағымды сынап көрейін дедім. Сөйтіп, емтихандарды ойдағы-дай тапсырып, білімнің келесі сатысы-на өттім деуге болады. Бірінші семестр-ді «өте жақсы» бағамен аяқтағаннан кейін жоғарылатылған шәкіртақыға ие болдым. Қазір зерттеп жүрген тақыры-бым – «Қазақстандағы қожалар инсти-тутының тарихы (БҚО мысалында) (XVIII-ХІХ ғғ.). Ғылыми жетекшім – т.ғ.д., профессор Әбілсейіт Қапизұлы Мұқтар.
2015 жылдың 16-29 наурыз аралы-ғында М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті атынан тарих ғылымдарының докторы, аталмыш университетіміздің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті Ахметова Ұлжан Төлегенқызының бастамасымен Санкт-Петербург қаласында ғылыми-зерттеу жұмысы жасалынды. Сапары-мыздың басты мақсаты зерттеп жүрген тақырыптарымыз бойынша мұрағаттар-дан, кітапханалардан материал жинақ-тау болатын.
Санкт-Петербург қаласына таңғы са-ғат 6.00-де түстік. Қонақүйімізге жетіп болғанша сағат 8.00 болды. Бір айта ке-тетін жайт, жетекшім Ұ. Т. Ахметова Ресей мемлекеттік тарих мұрағатына жақын қонақүйден алдын ала әдейі орын алып қойған болатын. Бұл бізге өте ыңғайлы болды.
Жалпы, қала маған бірден ұнады. Оның ішінде тұрғындардың адамгер-шілік қасиеті, мәдениеттілігі, Еуропа қалаларындағыдай тазалығы, архитек-тураның әдемілігі, бір жағынан, тари-хилығы болса, екінші жағынан, зама-науилығы таң қалдырды.
Сонымен қатар мұрағат болсын, кі-тапхана болсын – бәрінің де жұмыс кес-тесі мен жұмыстану ережелері бірдей. Атап кетсек, мұрағаттар сағат 10.00-ден кешкі 17.00-ге дейін дүйсенбі-жұма күндері аралығында жұмыс істеп, сенбі-жексенбі күндері мен айдың соңғы жұма күндері демалса, кітапха-налар сағат 10.00-ден кешкі 21.00-ге дейін дүйсенбі-жексенбі күндері ара-лығында жұмыс істеп, тек айдың соңғы сейсенбі күнінде демалады, яғни бар-лық ғылыми-зерттеу орталықтары бір жүйеге келтірілген. Ережелеріне келе-тін болсақ, аталмыш орындарға фото-аппарат, ұялы телефон, кітап алып кіру-ге болмайды және ноутбук арнайы рұқсат қағазы арқылы кіргізіледі. Бұған қоса іште бейне бақылаулар орнатыл-ған және ғимараттың үлкендігі сонша, бір жерден екінші жерге бару үшін бі-раз уақыт кетеді, ішінде адасып кету де ғажап емес.
Екі апта ішінде біз көптеген мұра-ғаттар мен кітапханаларда болып қайт-тық. Атап айтсам, Ресей мемлекеттік тарих мұрағаты, сол мұрағаттың кітап-ханасы, М. Горький атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің кітапханасы мен мұрағаты, Ресей Ғы-лым Академиясы Санкт-Петербург бө-лімшесінің мұрағаты, Ресей Ұлттық кітапханасы.
Келесі күннен бастап біз өз ісімізге кірістік. Жоғарыда айтқандай, қонақүй аталмыш мұрағаттың қасында орна-ласқандықтан, біз содан бастауды жөн көрдік. Мұрағаттан көптеген материал табылды. Мәселен, Бөкей ордасында-ғы қожалардың әр жылдардағы статис-тикалық мәліметтері, жалпы сипатта-масы, орыс ғалымдарының, соның ішінде В. В. Григорьевтің қожалар тура-лы жазбалары, Кіші жүз хандары тура-лы мәліметтер, соның ішінде Арынғазы хан туралы, сол кездегі қазақтарды зерттеген түрлі қоғамдар, ұйымдар, комиссиялар, соның ішінде Түркістан археология әуесқойларының ұйымы, Орынбор Шекаралық комиссиясы, Ішкі істер министрлігінің бөлімдері қалдыр-ған мәліметтері табылды.
Кейін М. Горький атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің кітапханасы мен мұрағатын қарадық. Онда да көптеген мәлімет жинақтадық. Атап кетсем, Қожа Ахмет Йассауи негі-зін салған сопылық ағым тақырыбына қатысты түрлі диссертациялар мен орыс ғалымдарының монографияла-ры, оның ішінде В. В. Бартольдтың Орта Азия тарихына байланысты жазған мо-нографияларына кезіктік.
Содан кейін Ресей Ғылым Академия-сы Санкт-Петербург бөлімшесінің мұра-ғатына бардық. Онда Ш. Уәлиханов жә-не Түркістан археология әуесқойлары-ның ұйымы қорларымен жұмыстандық.
Ресей Ұлттық кітапханасына келетін болсақ, бұл кітапхананың өзі маман-дандырылған әр түрлі жерде орналас-қан алты ғимараттан тұрады екен. Мысалы, негізгі әмбебап кітапхана, га-зет-журналдар кітапханасы, Азия және Африка әдебиеттері кітапханасы және т.б. Мұнда да орыс ғалымдарының, со-ның ішінде В. В. Бартольдтің ислам діні туралы түрлі мақалалары мен еңбекте-рі, И. С. Ивановтың Бөкей ордасы жа-йында жазған мақаласы, мұсылмандық білім туралы авторефераттар қаралды.
Мәдени-тынығу жұмысы да ұйым-дастырылды, яғни сол кезде бүкіл Ор-талық Азиядан табылған, түрлі мәдени ескерткіштер жинақталған атақты «Эр-митаж» мұражайында болдық. Үш қа-батты, 400-дей бөлмесі бар зәулім ғи-маратты бір күнде қарау мүмкін емес екен. Бұған да фотоаппарат алып кіру үшін арнайы рұқсат қағазын аласың. Ішіндегі кейбір бөлмелер әкелінген заттарға байланысты ғасырлар мен елдерге бөлінсе, кейбірлері бөлменің жасалған материалына қарай бөлінген, мәселен, алтын бөлме, сапфир бөлме, күміс бөлме т.б. болып бөлінген.
Қорытындылай келе, осындай же-тістіктеріме жеткенім үшін, ең бірінші, ата-анама, содан кейін университет әкімшілігі мен профессорлық оқытушы-лар құрамына алғысым шексіз. «Тарих-ты білмей, бүгінгінің мақсатын, бола-шақтың салмағын білу мүмкін емес», - деп Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқан-дай, тарихымызды ұмытпасақ, болаша-ғымыз да жарқын бола түседі.

Орал – Санкт-Петербург – Орал

Қаралым саны 1256

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463