Мен Батыс Қазақстан облысы Шың-ғырлау ауданы Ақсуат елді мекенінде дүниеге келдім. Бұл өлке сылдыр күміс бұлағымен, ну орманымен, шөбі жай-қалған даласымен көрікті. Осынау әсем табиғаттың ортасында біздің ауыл ор-наласқан. Ауылдың төрт жағында 4 әу-лие қорым қылған. Менің мақсатым – туған жерімнің тарихын тереңірек бі-ліп, насихаттау, тарату. Өз ауылымдағы тарихи-мәдени ескерткіштердің тари-хын ұғыну және осы байқаудан бағым-ды сынау. Осы мақсатта деректер із-дестірдім.
Менің – туып өскен өлкемде Жосалы, Қарағаш, Ақсуат, Бұлдырты, Сарқырама, Қыз әулие, Ерғұл шағыл, Жаршағыл, Төбетов Нармағанбет бөгеті, Борқазған т.б. атаулар кездеседі. Әр атаудың өзін-дік тарихы бар. Тарихына тереңірек үңі-летін болсақ:
Сарқырама
Орал маңы үстіртінен бастау алатын Бұлдырты өзенінің бастауында салын-ған бөген. Сарқырама Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауы-лынан солтүстік-шығыс бағытында 4 ша-қырым қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы Орал қаласынан Сарқырама-ға дейін – 225 шақырым. Аудан орталы-ғы Шыңғырлаудан – 115, округ орталы-ғы Қарағаш ауылынан Сарқырамаға де-йін – 20 шақырым. Сарқырама бөгені «Қыз әулие» бұлағынан қоректенеді. Бұл бөгенді ХХ ғасырдың басында үйір-үйір жылқысын суару үшін Нармағам-бет болыс Бұлдырты өзенін бөгеу ар-қылы салдырған.
Нармағамбет болыс айналасына те-рек отырғызып, таудың қиыршық тас-тарынан сарқырама жасаған. Атырау жерінен балық әкеліп жіберген. Кейін-нен Ұлы Отан соғысы жылдары, нақты айтқанда, 1943 жылдың 1 мамыр күні бөгенді үлкейту үшін құрылысы қайта басталып, 2 ай уақытта аяқталған. Бұл бөген жергілікті халықты бау-бақша да-қылдарымен қамтамасыз ету үшін са-лынған. Бөгеннің құрылысын сол кез-дегі Социализм (қазіргі Ақсуат) және Ақши колхозының жұмысшылары жүр-гізген. Соғыс уақыты болғандықтан, құ-рылысты негізінен әйел адамдар мен балалар жасаған. Әйелдер бригадасын Жұмашева Рақила басқарған. Құрылысқа Б. Шығанақов, Ы. Ысқақов, Қ. Құлбабаев, М. Әленов, С. Бекесов, Ж. Баймұханбетов, С. Құлмағанбетов, Б. Айжарықова т.б. адамдар қатысқан екен. Сол жылдары бөгенді салуға
Ш. Бисенов, Х. Қожақов, С. Нұржанов сынды балалар да қатысыпты. Барлығы 30-ға жуық адам болған. Бөген, негізінен, шымнан салынған. Бұл күнде дүниеден озған ауыл ақсақалы Ш. Бисеновтың айтуынша, әр адам күніге 500 шым ою керек болған. Үздік жұмысшылар күні-не 1000 шымға дейін ойған. (Шым де-геніміз – өсімдіктердің ұзақ жылдардан кейінгі шіріндісінен пайда болған таби-ғи зат.) Бөгенді салу құрылысында шым-мен бірге жылқының қылын қосып пай-даланған. Алғашқы уақытта бөгеннің биіктігі 12 метр, ені 4 метр болған екен. Соғыс кезі, техникалық құралдар жоқ, еңбекші бұқара осы бөгенді қолмен тұрғызған. Ойылған шымды 8 арбамен тасыған. Бөген суының арқасында 1945 жылы мол өнім алынған. Тарыдан гек-тарына 50 центнерден өнім алыныпты. Асқабақ пен қарбыздың салмағы 30 ке-ліге дейін жеткен. Бөгеннің үстіне көк-терек, шегіршін, жиде ағаштары қолдан егілген. Сарқыраманы бөгеген кезде Бұлдырты өзені көп уақытқа дейін тар-тылып, әр жерден үзіліп қалған. Бөген суға толғаннан кейін барып өзен қайта қалпына келген. Әр жылдарда Сарқы-раманың байлығын қорғап, елге еңбегі сіңген орманшылар – Қ. Амандәулетов, М. Қабиев, Ғ. Мырзағалиев сынды ел азаматтары. Сарқырама суында балық-тың тек 3 түрі ғана тіршілік етеді. Олар: шортан, алабұға, ақбалық. Сарқырама-ны бұлан, елік, қабан, түлкі, қасқыр, қоян, күзен, борсық, құндыз тәрізді аң-дар мекен етеді. Құстардан тоқылдақ, жапалақ, байғыз, сауысқан, бозторғай, шымшық, қараторғай, қасқалдақ, құр-қылтай, үйрек, көкектің түрлерін көре-міз.
Сарқырама – киелі су. Сарқырама-ның ауданы – 20000 шаршы метрге жуық. Орташа тереңдігі – 4 метр. Ең те-рең жері – 6 метр. Суының температу-расы – +14-18 градус. Қыста судың бе-тінде жұқа мұз қатады. Су терең болға-нымен, судың түбіндегі балдырларды, балықтарды жай көзбен анық көруге болады. Сарқырама суының шипалық қасиеті бар. Жергілікті халық оның суын тамақ, құлақ, асқазан, қан қысы-мы, буын ауруларын емдеуге қолданып келеді.
Нармағамбет бөгеті
Нармағамбет бөгеті Жосалы өзені-нің үстінде. Нармағамбет болыс бұлақ суына 7 бөгет салған. Екеуі ауыл шетін-де. Бөгеттер мал, әсіресе, жылқы суару үшін ерекше қажет болған. Сондықтан оны қар мен жаңбыр суы жиналатын-дай етіп арнайы бөгеген. Нармағамбет болыстың жылқысы көптігі соншалық, алды ішіп болған уақытта кейіннен қалған тай-тұяққа су жетпей қалатын болған дейді айтушылар. Сол бөгеттер осы күнге дейін бар. Кей жерлері мү-жілгенмен, көктемде жиналған қар суын тоғанға толтырып, ауыл малына қызмет етіп тұр.
Төбетов Нармағамбет 1856 жылы дүниеге келген. Кіші жүздегі Жетіру бірлестігі құрамындағы Табын руының Жиембет бөлімінен шыққан. Жосалы өзенінің бойында кіндік қаны тамған. Әкесі – Төбет, атасы – Баянас. 18 жыл бойы болыс болған. 1932 жылға дейін өмір сүріп, ел арасында үлкен беделге ие болған. 1925 жылы кеңес үкіметінің саясатын түсініп, мал-мүлкін кедейлер-ге үлестіріп беріп, кәмпескеге ұшыра-маған.
Нармағамбет Еуропа мәдениетімен де жақсы таныс болған секілді. Киім киісі сол үлгімен және сауатты болған. «Айқап» т.б. газет-журналдарды алды-рып оқып отырған. 1905 жылы Столы-пин реформасы кезінде Украинадан келген «Ново-Петровка», «Лубенка» деген елді мекенді тұрғызған орыс-ук-раин мұжықтарымен араласып, тұрғын үй салудың жаңа әдістерін қандастары-на үйреткен. Мал баққан қазақты егін салуға баулып, суландыру-мелиоратив-тік жұмыстарына халықты жұмылдыр-ған. 1921, 1932 жылғы аштықтарда Нармағамбетке қараған ел тарықпаған – тары егіп, артылғанын Атырау жеріне апарып, тұзға, кептірілген балыққа айырбастап отырған.
Сарқыраманың бастауында 1908 жылы Нармағамбет болыс 2 кластық мектеп ашқан, қарапайым кедей бала-лары үшін сауат ашуға көп еңбек сіңір-ген. Ол мектепте Сейіткерей Меңдешов, Әбдірахман Әйтиев, Ғауқара Мырзаға-лиев, Лұқпан Қылышев сынды қоғам қайраткерлері білім алған. Кейіннен Лұқпан Қылышев елге танымал про-фессор болған. Осы жерден дәрілік өсімдіктің 100 түрін жинап, диссерта-ция қорғаған. Қазір Шыңғырлау ауда-нының орталық көшесі және Шилі орта мектебі сол кісінің есімімен аталады.
Ал Нармағамбеттің ұрпақтары қа-зіргі уақытта Шыңғырлау ауданында тұ-рады. Ауыл шетіндегі бөгет атауы осы Нармағамбеттің құрметіне берілген. Әлі күнге Нармағамбет бөгеті деп ата-лады.
Ерғұл шағыл
Шағылдар тарихына үңілсек, ел ішінде көптеген қызықты аңыздар таралған.
«Ертеректе біздің ауылға орыстар келіпті. Олар ауыл шетіндегі шағылды көріп, қала деп ойлапты да, мол ақша жинап, аттанып кетіпті. Жүріп-жүріп, ештеңе көре алмаса керек. Содан олар осы шағылға кездесіпті» - дейді Шоқты атай. Шынымен де, сол шағылдарға көз алмай ұзақ қарап отырсаң, бейне үлкен, әсем қалаға ұқсайды.
«Ерғұл шағыл деп аталатын жерде ертеде Табын, Мұрат, Дес, Есболай руынан шыққан байлар тұрған. Соның ішінде Ерғұл деген бай адам болыпты. Оның үйір-үйір жылқысы болыпты. Бір жылы қыс өте қатты болып, аяғы жұтқа ұласады. «Байдың малы – бір жұттық» демекші, Ерғұл байдың жылқысы осы жұтта қырылып қалады. Қалың жылқы-ға қоныс болған бұл мекен содан Ерғұл шағыл аталыпты-мыс».
Қыз әулие бұлағы
Әулие бұлақ Қарағаш орманының ішінде орналасқан. Ел аузындағы әңгі-меге қарағанда, баяғы заманда Нұрғали деген кісінің Салиқа атты қызы болған. 11 жасында бұлақтың көзін ашқан екен. Анасына «Мен 17 жасымда, інім 15 жасында дүниеден өтеміз. Мен осы бұлақтың көзін аштым. Күндіз біреу болсам, түнде он боламын» - депті. Айтқанындай өзі 17 жасында, інісі 15 жасында дүниеден өткен. Сол себепті мөлдір бұлаққа «Қыз әулие» атауы бе-рілген екен. Бұл күнде ауруына шипа іздеген жандар осы бұлақ суынан су алып, бейіт басына түнейді. Мөлдір бұ-лақ жаздың ыстық күнінде тастай суық, бордың арасынан бұрқылдап шығып жатады. Ал қыстың күнгі – 40 градус аязда да мүлдем қатпайды.
Борқазған
Ақсуат ауылының солтүстік-шығыс бағытында 5 шақырым қашықтықта ор-наласқан борлы төбе осылай аталады.
Қазір о дүниелік болған Ибраев Еснияздың шежіресіндегі деректерге қарағанда, ол жерде өткен замандарда теңіз басып жатқан. Сулар тартыла келе ондағы жәндіктер өліп қалған. Жәндік-тердің қалдықтарынан бор пайда бол-ған деседі. Борқазғанның борын ауыл тұрғындары бейіт басын көтеруге пай-даланады.
Белқайың
Белқайың – орманның ортасындағы алқап. Онда сымбатты да сұлу қайың-дар бой түзеген. « Бұл – қайыңды ме-кен, содан Белқайың аталған » деп болжайды ауыл үлкендері.
Қазірет ата бейіті
Осындай әулие қорымдардың бірі біздің ауылда да бар. Қазірет ата бейіті Ақсуат ауылынан солтүстікте 7 шақы-рым жерде орналасқан. Мұндағы Айтұхамбет қазіреттің руы – шеркеш, Шүйіш (Сүйініш) бөлімінен тараған. ХІХ ғасырда өмір сүрген, ғажайып арқалы адам болған. Ауырған адамдарды ем-деп, сырқатына дауа болған. Ауыл мол-даларынан білім алып, оқуын Түркия елінде жалғастырған. Онда 8 жыл оқып, қажылыққа барып, елге оралып-ты. Қазірет атаның өте арқалы адам болғанын ауыл ақсақалдары тамсана әңгімелеп отырады. Қазірет ата өмір-ден өткеннен кейін бейітін көтеру ке-зінде әр рудың жігіттері атайдың шапа-ғатына бөленеміз деп, борды 5 шақы-рым жердегі Борқазғаннан атарбамен тасып, бейітін бормен қалаған деседі. Ауыл қарты Шоқты атаның айтуы бо-йынша, ерте кезде жолаушылап келе жатып Қазірет ата мен жолдасы мінген атарбаның белағашы сынып, далада қалыпты. Сонда атамыз әлгі темір бел-ағашты балқытып, қайта құйып, қалпы-на келтірген екен. Қасындағы жолдасы-на ешкімге айтпауын өтінген. Тағы бір құдыреті – ол кісі жерленген қорым-ның қасынан Құран оқымай өтуге бол-майды дейді. Осы Қазірет ата қорымы-на әлі күнге дейін ауруына шипа ізде-ген жандар Қазақстанның әр түкпірінен келіп, Құран оқытып, түнеп кетіп жата-ды. Өзіміз тісіміз ауырған кезде ата бе-йітіне барып, Құран оқытып жазыла-мыз. Қазірет ата ұрпақтары біздің ауыл-да өмір сүріп жатыр. Айтмұхамбет қа-зіреттің баласы – Рақым. Оның баласы Махмет. Махметтің баласы – Серік. Қа-зірет атаның немересі Серік сүйегі шық-қан адамдарды емдейді. Қазірет ата-ның шөбересі Алтынбек туралы болған бір уақиғаны айта кетуді жөн көрдім.
Ол кезде Алтынбек 5 жасар бала екен. Қарашаның салқын бір күнінде Алтынбек әкесі Серікпен бірге орманға отын жинауға барыпты. Отын жинап болғаннан соң атқа кеткен бала орал-мапты. Әрі іздеп, бері іздеп таба алма-ған. Ауыл халқына хабар беріп, түнімен іздеп таба алмаған соң ауыл азаматта-ры орманда түнеп, таңға дейін баланы іздеумен болады. Бала бәрібір табыл-мапты. Бала ертеңіне күндізгі сағат 11-лерде табылыпты. Баладан «Қорықтың ба? Тоңдың ба?» деп сұраса, «Тоңба-дым, қорықпадым, ұйықтамадым» депті. “Түн жарық болды, бір қоян ал-дымнан шығып, секіріп ойнатты” дейді. “Қарным ашпады, маған нан сияқты бір нәрсе берді” дейді. Адам айтса, нан-ғысыз, бірақ бұл – шындық. Серік ағай-дың айтуынша, бұл қоян – шөбересін қорғап жүрген Қазірет атаның аруағы дейді. Бұл күнде Алтынбек – 20-ға кел-ген жас жігіт. Мен бұл әңгімені Серік аға-ның өз аузынан естіп, қайран қалдым.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Батыс Қазақстан об-лысының энциклопедиясы» Алматы, «Арыс» баспасы, 2002 жыл;
2. Ғалымов А. «Батыс Қазақстан облысының геогра-фиясы» Орал, 2003 жыл.
3. «Орал өңірі» газеті;
4. «Серпін» газеті;.