– Мынау хат аяқсыз қалмауы керек, мұнда бір қауым елдің аманаты аяқ-асты етілген сыңайлы. Бізге үміт ар-тып, ақиқатын сұрап отыр. Махмет, сен барып, тексеріп қайт. Расталса, бү-гінгі санға көлемді мақала жазып үл-герт. Әңгіме осымен бітті! - деді. Бұл-тара алмадым. Бардым. Көктемгі уа-қыт, «УАЗ» машинасымен колхоз пар-тия ұйымының хатшысы, ауылдық ке-ңестің төрағасы бірге бөлімшеге бар-дық. Әуелі алдын ала хабарланып қой-са керек, бізге керек адамдар ауылда жоқ деген хабар алдым.
Мен газет тапсырмасымен, бір хат-тың ізімен келіп отырғанымды, оларға жолықпай кетпейтінімді айтып оты-рып алдым. Бәрі де ауылда екен. Кең-сеге жиналып, мен хатты оқып шық-қан соң, әрқайсының сөзін хатқа тізіп, қол қойдырдым. Сол күнгі газетке түні-мен жазып, «Бұрмалау» атты бір бет сын мақалам шықты. Ертеңіне аудан-ның екінші хатшысы газеттегі сын ма-қала бойынша маған қатты-қатты сөй-леп, жұмыстан кететінімді ескертті. Бақтығұл ағаның мені қорғап, партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің бас-шысын мен барған жерге жібертіп, қайта тексертіп, ақтап алғаны әлі есім-нен кетпейді. Сонда екінші хатшыға Бәкең:
– Қайта тексерт, қате жазса, тілші-мен бірге мені де жұмыстан босат, - дегенін естігендер айтты. Өзі «мен сүйдедім» демеді. Тек: «Сен сенімді ақтадың, батырдың ұрпағы екеніңді дәлелдедің!» - деп лекіте күлді. Мұн-дай шындық үшін шыр-пыр болған сәттері аз емес еді ағаның.
Журналистік қызметтің ыстығына күйіп, суығына тоңған отыз жылдан астам ғұмырымның жартысынан ас-тамы тамаша журналист, талантты жа-зушы Бақтығұл Ойшыбаев ағамның жанында өтті. Ол кездегі «Қызыл ту» газетінің бас редакторы болған Бақтығұл ағаның ел ішіндегі беделі биік болатын. Аудандық партия коми-тетінің бюро мүшесі болған Бәкеңді бірінші хатшылардың өзі ақылдасып, қасынан тастамай жүретінін көріп өс-тік. Ал осы ағаның қаламды мәңгілік серік етуінің сырына үңілсек, 1959 жы-лы Калмыков орта мектебін «жақсы» деген бағамен бітіргеннен соң аудан-дық «Ленин жолы» газетінде коррек-торлық жұмыстан бастапты. Коррек-тор газеттің басылып шыққанға дейінгі қатесінен арылтатын сауат иесі екені белгілі. Алғашқы мақалаларын осында жазып, қаламы қарымды тілші ағала-рынан үйреніп, бағасын алып жүріп, әуестіктен біржола кәсіпқой журналист болуға бел буады. 1961 жылы Алматы-дағы С. Киров атындағы Қазақ мемле-кеттік университетінің журналистика факультетіне құжат тапсырады. Журна-лист кадрларды даярлайтын жалғыз жоғары оқу орнында әрбір орынға бес үміткер түскен сынақтан өтіп, жолы бо-луы газет ұжымында тәрбиелегендігі мен жақсы мінездемесі ғана емес, бо-йын буған бұла таланттың да буырқа-нысы байқалғанын қырағы ұстаздары да аңғарған шығар. Бес жыл бойы Зейнолла Қабдолов, Бейсенбай Кенжебаев, Тауман Амандосов, Темірбек Қожекеев сияқты марқасқа ғалымдардан дәріс алып, білім тереңі-нен маржан сүзіп, қабілеттің қайнары-нан мейір қандырған Бәкең де қасиетті қалам иесі болып қалыптасты. Бас-шым бола жүріп, қатар құрбыдай сыр-ласатын қарапайым мінезді ағадан өзі туралы айтуды жиі сұрайтынмын. Ол кісі бәлсініп, бұлданбай-ақ лекіте күліп алып баяндаудан жалыққан емес. Ұс-таздарын ұлағаттай отырып, терең бі-лім алуының сырын, студенттік өмірдің қиын да қызықты кезеңдерін, ақын-жазушылармен араласқанын айтып, аузымызды аштырып қоятын. Уни-верситеттің қабырғасында «Жас қа-лам» газетінің редколлегия мүшесі бола жүріп, мақала, өлең, шағын әң-гімелерімен көзге түсе бастапты. Сту-дент кезінде-ақ қазақтың қабырғалы қаламгерін қанат байлап ұшырып, тұ-сауын кескен «Лениншіл жас» газе-тінде жұмыс жасап, жастар өмірінен айшықты мақалалар жазып, арнаулы беттердің авторы болған қолтаңбасы қалды. Бақтығұлдың жазушылық қары-мын қалт жібермей қадағалап, қолдау көрсеткен жазушы ағалар да аз болма-ған. Аузы дуалы, мүйізі қарағайдай жа-зушылармен қатар тұрып, еркін тілде-сетін дәрежеге ерте ие болды. Соның дәлелі – Жазушылар одағының «Қазақ әдебиеті» газеті мен «Жұлдыз» журна-лында тырнақалды әңгімелері жиі жа-рияланып, қалың оқырманның назары-на ілікті. Жас талантты тап басып тани-тын маңдайалды жазушылардың ма-құлдауымен университет қабырғасын-да жүріп-ақ жас жазушылардың «Шұ-ғыла» деп аталатын жинағына алғаш-қы әңгімелері енгізілген. 1966 жылы оқу тәмамдалып, қолға күректей дип-лом алған Бақтығұл аға өзіне респуб-ликалық газет редакцияларының бірін-де немесе “Қазақ радиосында” жұмыс жасау жайлы ұсынысқа ие бола тұра, ауылдағы ата-анасы мен бауырларына қарайлап, елге оралуға шешім қабыл-дайды. Дипломмен елге келген жас маманның жолдамасына қоса жазушы-лық қарымын басылымдардан көріп жүрген облыс, аудан басшылары оны бірден Тайпақ аудандық «Ленин жолы» газеті редакторының орынбасары етіп тағайындаса, осы жұмыста өзін әр қы-рынан таныта білген Бәкең арада 3-4 жыл өткенде редактор болып шыға келді.
Қаламынан туған қуатты мақалалар маңызды мәселелерді шешіп, елді елең еткізіп қана қоймай, кейіпкерлерінің өмірінен көркем шығарма жасап, жазу-шылығына да жол ашты. «Алыстан кө-рінген от» атты повесі 1970 жылы «Жа-зушы» баспасынан кітап болып шықты.
Журналистік пен жазушылықты егіз қозыдай жарыстырып бастаған
Б. Ойшыбаев туған ауданымен көрші-лес Жымпиты ауданына 1973 жылы ау-дандық «Қызыл ту» газетіне редактор болып ауысты. Бұрын басшысынан бас-тап, тілшілеріне дейін журналист ма-ман болмаған газеттің беделді газет болуына бар ынтасымен үлес қосыпты. Нәтижесінде «Қызыл ту» газеті облыс-тық Журналистер одағы мен Баспа ісі жөніндегі комитеттің жүлделерін жиі иеленген кезі осы тұс болды. Оның бас-ты себебі университетте алған білімін өз қарамағындағы тілшілерге іс жүзін-де өнеге болып үйрететіндігінде еді. Тіл-шілерден гөрі Бәкеңнің жазған мақала-сы газеттің басым бөлігіне жарияланып жататын-ды. Аптасына үш рет жарық көретін газетте 15-теген қызметкер, баспаханада сонша адам газеттің әр са-нын кезекшіге тапсырмай, өзі түн күзе-тіп, демалмастан бірге жүруші еді. Ер-тесіне кезекші қызметкерлерге жарты күн демалыс берсе де, өзі жұмысқа ер-темен елдің алды болып келуден тан-ған жоқ-тын. Аудан орталығынан 2 қа-батты Баспасөз үйін салғызу үшін ми-нистрлікпен сөйлесіп, шешуі оның бе-делінің биік дәрежесін көрсетеді. Бар болғаны аудандық газеттің бас редак-торы болуынан емес, жазушы ретінде абыройлы болғандығынан болса керек. Ауыр қызмет, оған қоса жазушылық ша-быт тыным таптырмай, 1987 жылы ден-саулығы бұзылып, басшылық жұмысын қойып, көп жыл тілші болып, қаламын қолдан тастамай, журналисттік парызы-на адал болып өтті. Жазушылық қасиеті туралы айтар әңгіме аз емес. 1980 жы-лы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Қимас күндер» хикаят пен әңгімелер жинағы шықты. Осы кітапқа маған қол-таңба беріп тұрып, “Сенің де кітабың шығатынына сенемін, тілекшімін” деп жазды. 1983 жылы Жазушылар одағын ақын Жұбан Молдағалиев басқарып тұрған кезде мүшелікке қабылданды. Жымпитыда еш ауданда жоқ баспасөз үйін салдыруға еңбек сіңірді.
1992 жылы «Жазушы» баспасынан «Сүмбіленің салқыны», «Балауса» бас-пасынан «Жайықты жағалап жүгірген бала» атты кітаптары шығажақ екенін көңілге медеу тұтып жүретін. Оны кө-руге ғұмыры жетпеді. Ал ол кітаптар шы-ғып-шықпағанын мен де білмеймін.
2010 жылы мамырдың 14-і күні Жым-питыда журналист-жазушы Б. Ойшыбаев-тың туғанына 70 жыл толуын еске алуға арналған ерекше шара өткізілді. Ерек-ше шара болатыны – алғашқы шағын әңгімелер жинағымен-ақ жазушылар арасында беделге ие болып, қаламдас достар жинай алғандығы.
Астанадан – Алатаудың баурайын-дағы ақын-жазушылардың «астанасы» Алматыдан ҚР Жазушылар одағы бас-қармасының хатшысы Ж. Әшімжан бас-тап, халықаралық М. Шолохов атында-ғы сыйлықтың лауреаты, жазушы Сәбит Досанов, қоғам қайраткері, бел-гілі жазушы Смағұл Елубай, Қазақстан Жазушылар одағының БҚО филиалы-ның директоры, “Ақ Жайықтың ақ ша-ғаласы” атанған Ақұштап Бақтыгереева, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы Әнес Сарай, қазақ поэзиясының ақиығы Қайрат Жұмағалиев, Бәкеңнің универ-ситеттегі қандыкөйлек курстасы, қазақ телевизиясының ардагері Рабат Жәнібе-ковтердің арнайы келіп, ауылда тұрып, талантымен тәнті еткен қаламгердің шы-ғармашылығы туралы әрқайсысы тебіре-не сөйлеп, әңгіме, повестеріне жоғары баға беруі ел-жұртқа ерекше әсер етті.
Бақтығұлдың ұрпақтары, қаламдас, қанаттас достары жинақтап, баспадан шығарған «Өмір белестері» атты кө-лемді прозалық жинағы басылып шық-қаны қаламгерге деген шексіз құрмет болғаны анық. Бақтығұл шығармала-рының ерекшелігі сол. Кейіпкерлерінің прототипі өмірде бар жерлестері екені-нің куәсі болып жүрміз. Осы шараға қа-тысқандардың біразы жазушының ке-йіпкерлері екендігі де аңғарылды.
Бақтығұл аға аса адал, аңғал адам еді. Ол өзінің көркем шығармалары ға-на емес, газетке берілетін мақалалар-дың да хат ізімен зерттеліп барып, шын-дығын ашып жазуға аса мән беруші еді. Шындықты жазып, жазалануға қалған жас журналистерді қорғап, әділдігін дәлелдеуге әрқашан әзір еді. Бюролар-да тәртібі қаралған адамның әділдігі аңғарылса, арашаға түспей қалмайты-нын, сөйтіп өзі де қырын көздерге тап болатынын естіп жүрдік. Сырқаттанып жүрсе де, қаламына адал болды, қол-дау көрсету орнына пендешілікке ба-рып кінәлаушыларды, аяқтан шалушы-ларды көріп, кімнің дос, кімнің жәй па-сық пенде екенін де түйсініп, түсініп кеткені анық еді оның.
Бәкең зайыбы Мәнира апа екеуі тәрбиелі, тағылымды ұрпақ тәрбиелеп өсірді. Тұңғыш қызы Жанна республи-каның ең беделді газетінде қызмет іс-тесе, Гүлжамал Орал қаласында кітап-хана саласында еңбек етеді. Кемелбегі журналистік мамандық алып, телеком-муникация саласында лауазымды қыз-мет иесі, Еркінбегі мұнай саласының маманы екенін естіп, разы болып жүр-міз. Биыл ақпанда жазушы журналист Б. Ойшыбаевтың туғанына 75 жыл тол-ды. Жақсының ізі жоғалмай, жаңғырып жаңара түсетініне жұрт сенеді.
Судан таза, сүттен аппақ жүрегің,
Дарындылар мойындаған ірі едің,
Қаламдағы қарымыңды қызғанып,
Сені өмірден ерте әкетті бұл өлім.
Қысқа өмірде қалдыра алдың артта із,
Жазушылық қасиетің – көпке аңыз.
Азаматтық, адалдығың айрықша,
Жақсы ісіңді айтып жүрміз жатқа біз.
Сағындырып жарқын мінез,
дос кейпің,
Естеліктің елесінен хош дейсің.
Жазған дүниең жоқтатпайды өзіңді
Ол – екінші өміріңіз өшпейтін, - деп ойға оралған өлең жолымен, қаламгер-лікке тәрбиелеген ұстазым туралы ойымды түйіндеймін.